Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет51/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126

112
•  әріптестерінің кәсіби дағдылары мен олардың өзіне деген сенімін дамыту.
Соңғы  өлшем  мұғалімдердің  өздеріне  көшбасшылық  рөлін  алуға  ынтасының  болуына 
қатысты. 
Қорытындылай  келе,  көшбасшы-мұғалімдер  қызметінің  6  бағытын  айқындауға  болады. 
Бұл: 
•  мұғалімдік  тәжірибені  жалғастыру  және  оқытудағы  өзінің  ептілігі  мен  дағдыларын 
жақсарту; 
•  оқыту тәжірибелерін өзара бағалауды ұйымдастыру және оған басшылық ету;
•  оқу бағдарламасын әзірлеу/дамыту жөнінде біліммен қамтамасыз ету;
•  мектеп деңгейінде шешім қабылдауға қатысу;
•  мектеп қызметкерлерін оқыту мен дамыту қызметіне басшылық ету;
•  басқа  мұғалімдерді  іс-қимылдарды  бірлесіп  жоспарлауға,  рефлексияға  және  зерттеу 
жұмысына тарту.
6. Мұғалімдер көшбасшылығының салдарлары
Мұғалімнің көшбасшылығы оқытуға байланысты, әрі кәсіби дамудың қуатты тәсілі болып 
табылады. Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, 
мектеп  пен  сыныпта  өзгеріс  енгізуге  оң  әсер  етеді.  Сондай-ақ  мұғалімдер  мектепте  кәсіби 
шешім  қабылдауға  қатыстырылған  жағдайда  көшбасшылықтың  бұл  түрі  мектеп  жүйесін 
жетілдіруге ықпал ете алатындығы туралы тұжырым жасауға болады. 
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Вarth, R. S. (1999). The Teacher Leader [Мұғалім-көшбасшы]. Providence, RI, The Rhode Island 
Foundation.
Beane, J. A. (1998). Reclaiming a Democratic Purpose for Education [Білім берудегі демократиялық 
мақсаттарды жандандыру]. Educational Leadership, 56 (2), 8-11.
Gronn, P. (2000). Distributed Properties: A New Architechure for Leadership [Бөлініс сипаттары; 
көшбасшылықтың жаңа үлгісі]. Educational Management and Administration, 28 (3), 317-38.
Harris,  A.  (2002).  School  Improvement:  What’s  in  it  for  Schools  [Мектептерді  жетілдіру:  Бұл 
мектепке не береді]? London: Falmer Press.
Harris, A, & Chapman, C. (2001). Democratic Leadership for School Improvement in Challenging 
Contexts  [Қиын  жағдайда  мектепті  дамытуға  арналған  демократиялық  көшбасшылық]. 
A  paper  presented  at  the  International  Congress  on  School  Effectiveness  and  Improvement, 
Copenhagen.
Little,  J.  W.  (1995).  Contested  Ground:  The  Basis  of  Teacher  Leadership  in  Two  Restructuring 
High  Schools  [Қарама-қарсы  көзқарастар:  қайта  құрылатын  екі  мектептердегі  мұғалім 
көшбасшылығына арналған негіз]. The Elementary School Journal, 96 (1), 47-63.
Silns, H., & Mulford, B. (2002). Leadership and School Results Second International Handbook 
of Educational Leadership and Administration  [Білім  беру  және  әкімдеу  саласындағы 
көшбасшылық жөніндегі екінші халықаралық нұсқаулықтағы көшбасшылық және мектеп 
табыстылығы туралы есеп]. Kluwer Press.


113
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Дэвид Фрост,
Кембридж университеті, Білім беру факультеті
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы
Бағдарламаның  авторлары  ұсынып  отырған  оқытуды  басқару  және  көшбасшылық 
тұжырымдамасы мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оларды өзгеріс енгізу 
тәжірибесіне, бірлескен кәсіби білім құруларына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда 
ғана  көруге  болады  деген  ұстанымға  негізделеді.  Ол  педагогикалық  жүйе  сәтті  болу  үшін, 
оқыту мектептің барлық деңгейінде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді, 
мұғалімдерді  және  де  мектеп  жүйесінде  жұмыс  істейтін  қосымша  қызметкерлерді  түгел 
қамту  керек  деген  көзқарасқа  сүйенеді.  Бағдарлама  аясында  оқытудағы  көшбасшылық 
тұжырымдамасы  Дэвид  Фрост  пен  Кембридж  университеті  қолдау  көрсеткен  Хертс  Кэм 
Нетворк  қоғамдастығы  және  «Мұғалім  көшбасшылығы»  халықаралық  жобасы  аясындағы 
қызметке  негіз  болған  мұғалім  жүргізетін  дамыту  жұмысымен  тығыз  байланысты  болып 
келеді.
Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ аса күрделі әлеуеттерінің бірі болып 
табылады. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, өйткені оның барысында жұмыста 
әртүрлі  қиындықтар  мен  келіспеушіліктер  туындап  жатуы  ықтимал.  Мұғалім  ретінде, 
біз  өзімізге  әрекет  етуге,  басқаруға,  шешім  қабылдауға  жеткілікті  билік  пен  өкілеттіктер 
берілмегендігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-
ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық 
беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. 
Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан 
ойлануды меңгере аламыз.


114
Заманауи түсінік
Тиімділігі  жоғары  және  үнемі  жетілдіріліп  отыратын  мектептер  оқушыны  оқыту  мен 
оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленеді. 
Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер 
өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында 
оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне 
бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, 
мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары 
мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың 
және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. 
Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын 
іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және 
дамытуға басымдық беру қажет.
Бөлінген  көшбасшылық  дамып  келе  жатқан  құбылыс,  оның  алты  түрін  атап  көрсетуге 
болады:
Жай  бөлініс:  персоналдың  олар  үшін  белгіленген  рөлдер/лауазымдық  нұсқаулықтар 
шегінде  жұмыс  істеуінен  күтілетін  нәтижені  меңзейді.  жай  бөлініс  үдерісінің  барлық 
қызметкерлер  үшін  жоғары  дәрежелі  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуде  артықшылығы  мол. 
Маңайдағылар өздерінің қайда екенін біледі. жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін 
қажетті талап болуы мүмкін.
Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді 
және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп 
тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Стратегиялық  бөлініс:  Мектепті  жетілдіруге  бағытталған  нақты  мақсатқа  ұмтылу  – 
стратегиялық  бөліністің  өзіндік  ерекшелігі  болып  табылады.  Бұл  бөліністі  біз,  мысалы, 
мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара 
шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан 
үлесі тұрғысынан қарастырылады.
Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде 
кәсіби  дамуға  бағдарланған  стратегиялық  сипатқа  да  ие.  Себебі  өздеріне  көшбасшылық 
тән  екендігін  көрсете  алған  мұғалімдерге  жауапкершілік  те  көп  жүктеледі.  Мұғалімдер 
өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін 
жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.
Бастамашылық  бөлініс:  Бұндай  бөлініс  кезінде  көшбасшылық  мұғалімдерге  бөлініп 
берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан 
оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері 
бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына 
алып,  өздері  ықпал  ететін  аймақ  ауқымын  кеңейтеді,  кейде  бұл  үдеріс  басшылықтың 
қатысуынсыз да болып жатады.
Мәдени бөлініс: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге баса назар аударылады. 
Көшбасшылық  нақты  қызмет  саласында  және  жекелеген  адамдардың  бастамасы  бойынша 
жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай 
басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан 
дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің 
бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты:
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау);
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-
қатынас);
Құзыреттілік  (басқалармен  өзара  қарым-қатынас  барысында  күтілетін  нәтижеге  қол 
жеткізе білу);


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау