88
Тәлімгерлік пен коучинг бойынша модельдердің көпшілігі ұқсас алғышарттарға
негізделген, атап айтқанда тәлім алушы тұлға тиімділікпен және шығармашылықпен жұмыс
істеуге қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің түйінді рөлі – тәліптерге өз мүмкіндіктерін
пайдалануға көмектесу
деген ұстанымға негізделген (4-кесте).
4-кесте. Коучинг пен тәлімгерлік үдерістерін салыстырмалы талдау
Тәлімгерлік
Коучинг
• ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі қарым-
қатынас;
• тәліп үшін қажеттігіне қарай кездесу ұйымдастыру
арқылы бейресми сипатта өтуі мүмкін;
• кеңестер, ұсынымдар
мен қолдау ұзақ уақыт және
көп аспектілік негізде көрсетіледі;
• тәлімгер, әдетте, - тәжірибесі көбірек білікті
мұғалім, негізінен –
білім беру ұйымындағы ең
үлкені, ол білімін, тәжірибесін беріп, тәліпке бұған
дейін қолжетімсіз болып келген мүмкіндіктерге
«есік аша» алады;
• тәліптің қызметкер
ретінде және тұлға ретінде
өсуіне басты назар аударылады;
• кеңес алу мақсатын тәлімгер тарапынан келісу
және бағыттау арқылы тәлім алушы адам
белгілейді;
• тәлімгерлік
тәліптердің кәсіби дамуына
бағытталған.
• қарым-қатынас ұзақтығы алдын ала
белгіленеді;
• әдетте, құрылымдық сипатта болады;
кездесулер алдын ала жоспарланады;
• кездесулер қысқа мерзімді (кейде
уақыты
шектеулі) және дамудың нақты бағыттарына/
мәселелеріне бағытталған;
• коучте біршама практикалық тәжірибесінің
болуы міндетті емес;
• коучинг білім
алушыларда нақты дағдыны
қалыптастыруға бағытталған;
• басты назарда, әдетте, кәсіби/өндірістік
проблемаларды шешу;
• кеңес беру мақсаты нақты,
қысқа мерзімді
мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған;
• коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын
қарауға, нақты мәселелерді шешуге
бағытталған.
Тәлімгерлік үдерісі
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын
құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін
бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәліпке күрделі
тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік,
ортақтастық,
шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris & Garvey, 2005).
Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәліптің арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі
төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше
табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген
(Oxley, 2003).
Коучинг үдерісі
Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен
мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар.
Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен
және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін
жақсартуға көмектеседі.
Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын
дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік
алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген
нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және
жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін
дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ.