83
Көрсетілім
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды қалай
өлшеуге болады және т.б.);
• идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)
• зерделеу және талқылау мақсатында басқа оқушылармен жұмыстарын алмастыру
(мәселен, көркем жазу және тарихта т.б.);
• оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер).
Модельдеу
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну (мы-
салы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б.);
• оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін көрсету
(мәселен, көркем жазуда немесе тарихта т.б.);
• тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен сезімдерді
модельдеу үшін дыбыс пен бейнені пайдалану, математикалық модельдер ретінде
кестені пайдалану – «егер... болса, не болады?»).
Бағалау мен талдау
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен,
DVD-дискілер, аудиокассеталар,
белгілер, символдар, басқа тілдер);
• оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша
ақпарат іздеу);
• оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, көркем жазу бойынша ғылыми-
танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді пайдалану-
ын талдау және т.б.);
• балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін
неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің
жұмыстарын салыстыру, сызба немесе тізбек жасау, мәселен, музыкадағы дыбыс не-
месе математикадағы сандар және т.б.).
Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• балалардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн мен техно-
логия саласында әзірлеген жобалары);
• ақпарат алмасу (мысалы, PowerPoint таныстырылымы; мүгедек балаларға арналған
байланыс құралдары);
• балалар жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру (мәселен, көркем жазу бойынша
мәтінді редакциялау және т.б.);
• пікірлер мен ақпаратты қорыту, жалпылау (мәселен, балалар электронды пошта арқылы
басқа балаларға географиядан жергілікті экологиялық мәселе туралы хат жаза алады,
математикадан есеп шығарудың кезеңдерін қадамдап жазу).
Тестілеу және растау
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• «егер ... болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске
шығару үшін мәліметтерді жинау (мәселен, бір факторды өзгертудің әсерін салыстыру
үшін ғылыми деректерді тіркеуге арналған құрал-жабдықтарды пайдалану және т.б.);
84
• дерекқорды зерделеу (мәселен, бірқатар аКТ-ресурстарын пайдалана отырып,
географиядағы өзгерістердің қоршаған ортаға әсерін зерделеу, суреттердің көмегімен
өзгерістердің әсерін қадағалау);
• интерактивті оқу бағдарламасын пайдалану (мәселен, кейіннен тексеруге болатын жал-
пы қорытынды шығаруға көмектесетін математика саласындағы сандар тізбегін, ны-
сандар мен модельдер жасау және т.б.).
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Beauchamp, G. (2006). New technologies and ‘new teaching’, a process of evaluation [жаңа
технологиялар, “жаңаша оқыту”, эволюция үдерісі]. In R. Webb (Ed.),
Changing teaching
and learning in the primary school. Buckingham:
Open University Press
Becta. (2003).
Primary School: ICT and Standards. An analysis of National data from Ofsted and
QCA [Бастауыш мектеп: аКТ мен стандарттар. Ofsted және QCA ұлттық мәліметтерін
талдау]. Coventry: Becta
Birnbaum, I. (1990). The assessment of ICT capability [аКТ мүмкіндіктерінің бағасы].
Journal of
Computer Assisted Learning, 6, 88-99
Cox, S., & Graham, C. R. (2009). Diagramming TPCK in Practice: Using and elaborated model of the
TPCK framework to analye and depict teacher knowledge [Практикадағы ТПМБ диаграммасы:
мұғалімнің білімін талдау және бейнелеу үшін ТПМБ моделін пайдалану және әзірлеу].
TechTrends, 53 (5), 60-69.
Cox, M. J. (1997). The
effects of information technology on students’ motivation [Оқушыларды
ынталандырудағы ақпараттық технологияның әсері]. Coventry Council for Education
Technology.
Cox, M. J., & Webb, M. (Eds.). (2004
). A review of the research literature relating to ICT and
attainment [аКТ-мен байланысты ғылыми әдебиеттер мен жетістіктерге шолу]. Coventry,
Becta/London: DfES.
Kennewell, S., & Beauchamp, G. (2007). The features of interactive whiteboards and their influence
on learning [интерактивті тақталардың ерекшелігі және оның оқу үдерісіндегі әсері]
.
Learning, Media and Technology, 32 (3), 227-241.
Kennewell, S., Tanner, H., Jones, S., & Beauchamp, G. (2008). Analysing the use of interactive
technology to implement interactive teaching [интерактивті оқуды іске асыру үшін интерактивті
технологияларды пайдалануды талдау].
Journal of Computer Assisted Learning, 24 (1), 61-73
Koehler, M. J., Mishra, P., & Yahya, K. (2007). Tracing the development of teacher knowledge in
a design seminar: Integrating content, pedagogy and technology [Семинарда мұғалімдердің
білімін дамытуды қадағалау: мазмұнды, педагогика мен технологияны ықпалдастыру]
.
Computers & Education, 49 (3), 740-762.
Mishra, P., & Koehler, M. J. (2006). Technological pedagogical content knowledge: A framework for
teacher knowledge [Технологиялық және педагогикалық мазмұндық білім: мұғалім біліміне
арналған негіздер].
Teachers College Record, 108 (6), 1017-1054.
Shulman, L. S. (1986). Those who understand: Knowledge growth in teaching [Кім қалай түсінеді:
оқу үдерісіндегі білімнің өсуі].
Educational Researcher, 15 (2), 4-14.
Teaching and Learning Research Programme (TLRP) [Зерттеу бағдарламасындағы оқыту мен
оқу (ЗБОО)] Accessed November 2011 http://www.tlrp.org/findings/Schools%20Findings/
Schools%20Findings.html