Бағдарламасы Мазмҧны Бағдарламаның тӛлқұжаты



жүктеу 469,11 Kb.
Pdf просмотр
бет6/14
Дата16.02.2018
өлшемі469,11 Kb.
#9840
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

12 

 

Сектораралық  ӛзара  іс-қимыл  аурулардың  туындауының  қауіп  факторларын 



тӛмендетуді нысанаға алып, мыналарға бағытталған кешенді шараларды қарастырады: 

халықтың сауаттылық деңгейін, соның ішінде  саламатты  ӛмір салтын жүргізу және 

қалыптастыру мәселелеріндегі сауаттылық деңгейін кӛтеру; 

алкогольді, шылымды, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуды тӛмендету; 

салауатты теңгерілген тамақтану; 

дене шынықтырумен және спортпен ұдайы шұғылданушылар санының ӛсуі; 

жол-кӛлік оқиғаларын тӛмендету; 

білім  беру  және  денсаулық  сақтау  жүйесіне  психологиялық  қызметтерді  енгізумен 

қауіпсіз балалық шақ, кәмелетке толу және егделікті қамтамасыз ету; 

қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау; 

халықтың ауруға шалдығу жағдайына және оларды тӛмендету бойынша іс-шаралар 

әзірлеуге ықпалына жасалатын мониторинг деректерін ескере отырып, ауаның, судың және 

топырақтың ластануын азайту, шу деңгейін тӛмендету. 

 

Сектораралық  ӛзара  іс-қимылды  дамыту  шеңберінде  басқарудың  барлық 



деңгейлерінде, соның ішінде осы Мембағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін басқа да 

мемлекеттік  және  салалық  бағдарламалармен,  ӛңірлер  мен  салалардың  стратегиялық  даму 

жоспарларымен  интеграциясы  арқылы,  халық  денсаулығын  қорғау  мен  нығайтудың 

келісілген саясатын жүргізу қамтамасыз етілетін болады. 

Мемлекеттік  органдарды,  азаматтық  қоғамды,  бизнесті  және  жұмыс  берушілерді, 

бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  коммуникацияларды,  ғылыми  және  білім  беру 

институттарын  кең  ауқымда  қатыстырудың  негізінде,  халық  денсаулығын  сақтауға 

бағытталған сектораралық және ведомствоаралық ӛзара іс-қимыл іс-шараларын жоспарлау, 

қаржыландыру,  іске  асыру  және  мониторингтеудің  тиімді  әдістері  әзірленетін  және 

ендірілетін болады. 

 

Басқа  секторлармен  бірлескен  жұмыстың  шеңберінде  халық  денсаулығына  ықпал 



ететін қауіп факторларын мониторингтеу мен басқарудың біртұтас ведомствоаралық жүйесі 

құрылады.

 

 

Бұдан  басқа,  жергілікті  атқарушы  органдармен  бірлесе  отырып,  денсаулықты 



нығайту  жӛніндегі  бағдарламаларды  іске  асыру  үшін  халықпен,  әсіресе,  жастармен, 

ұйымдасқан  ұжымдармен,  білім  беру  мекемелерімен  ӛзара  іс-қимыл  жасау  тетіктерін 

енгізуді кӛздейтін, әлеуметтік жұмылдыру бойынша кешенді шаралар әзірленетін және іске 

асырылатын болады.

 

 

Сектораралық  ӛзара  іс-қимылдың  басым  міндеті  ана  мен  баланы  қорғау  бойынша 



кешенді  шараларды  іске  асыру,  соның  ішінде  балалар  жарақаттанушылығын  тӛмендету; 

балалар мен жастардың менталдық және репродуктивті денсаулығын нығайту болады.   

 

Сектораралық  ӛзара  іс-қимылдың  шеңберінде  халықты  қолжетімді,  сапалы  және 



қауіпсіз  тұрғын  үймен,  толыққанды  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  қызметтерімен 

(сумен  қамтамасыз  ету  және  су  шығару,  канализация,  тұрмыстық  қалдықтары  жою,  жылу 

және  энергиямен  қамтамасыз  ету  және  т.б)  қамсыздандыруға  бағытталған  кешенді 

шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажет.

 

Қоршаған  орта  факторларының  халық  денсаулығына  зиянды  әсерін  тӛмендетуге 



бағытталған  іс-шараларды  іске  асыру,  соның  ішінде  ауаның,  топырақтың  және  табиғи  су 

қоймаларының ластануымен күрес жалғастырылады. 

 

ҚДСЖ  МСАК  ұйымдарымен,  жергілікті  атқарушы  органдармен  және  жұмыс 



берушілермен  бірлесіп,  адамның  жұмыс  орнындағы  денсаулығын  қорғау,  қазіргі  заманғы 

стандарттар мен озық технологиялар трансфертінің негізінде кәсіптік сырқаттармен күресу, 

кәсіптік  патология  кезінде  медициналық  кӛмектің  қолжетімділігі  мен  сапасын  арттыру 

жӛніндегі кешенді тәсілдерді әзірлейтін және енгізетін болады. 

 



13 

 

Сектораралық  ӛзара  іс-қимылдың  ең  маңызды  міндеттерінің  бірі  тәни  белсенділік 



пен спортпен айналысуды насихаттауды ынталандыруды  қоса алғанда, ұтымды тамақтану, 

саламатты  және  қауіпсіз  ӛмір  салтын  ұстану  үшін  жағдай  және  әділ  мүмкіндіктер  жасау 

болмақ.   

 

 



  

5.2. МСАК-ТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚПЕН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІНДДЕ 

БАРЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЦИЕНТТІҢ 

МҦҚТАЖДЫҚТАРЫ АЙНАЛАСЫНА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. 

5.2.1.МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамыту 

 

МСАК-ті одан әрі дамыту алғашқы буындағы әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік 



бағытталған, қолжетімді және ұйымдасқан кӛмекті қалыптастыруға бағытталған шараларды 

тереңдетуді кӛздейді. 

Алғашқы  медициналық  кӛмектің  әмбебаптығы  қызмет  кӛрсетудің  отбасылық 

қағидасына  кезең  кезеңімен  ӛтудің  есебінен  қамтамасыз  етілетін  болады.  Қызмет 

кӛрсетудің  отбасылық  қағидасы  ағзаның  әрбір  жастық  кезеңдегі  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  профилактикаға  баса  назар  аударумен,  ӛмір  бойына  адамның  денсаулығына 

бақылау жасауды кӛздейді.     

 

Отбасылық  қызмет  кӛрсету  қағидасын  бірінші  кезеңде  (2020  жылға  дейін),  нақты 



ӛңірдің  кадрлық  жарақтандырылуына  қарай,  жалпы  тәжірибе  дәрігерлері  (ЖТД) 

және/немесе  қазір  жұмыс  істеп  жатқан  учаскелік  дәрігерлерден  (терапевтер,  педиатрлар, 

гинекологтар) тұратын жасақталған мульти-тәртіптік командалар жүзеге асыратын болады. 

жалпы  тәжірибе  дәрігерлерімен  қамсыздандырылу  мен  олардың  құзыреттерінің  ӛсу 

шамасына қарай, олар мульти-тәртіптік командаларды алмастыратын болады.  

Әрі  қарай  даму  үдерісінде  –  ЖТД  тек  емханалардың  ғана  емес,  стационарлардың  да 

бейінді мамандары үшін емдеу үдерісінің үйлестірушілері болады. 

 

Сонымен  бірге,  кадрлық  жарақтандырылуы  жеткілікті,  халық  кӛп  қоныстанған 



ӛңірлерде  терапевтік  және  педиатрлық  учаскелерді  сақтап  қалу  мүмкіндігі  қаралатын 

болады. 


Медициналық  кӛмек  кӛрсетудің  сабақтастығын  қамтамасыз  ету  мақсатымен  МСАК-

тің  денсаулық  сақтаудың  басқа  да  деңгейлерімен  және  қызметтерімен  толық 

интеграциялануы  қамтамасыз  етілетін  болады.  мәселен,  МСАК  мамандары  бейінді 

мамандардың  қызметтерін  қоса  алғанда,  медициналық  кӛмек  кӛрсетуді,  стационарға 

жолдауды  үйлестіретін  болады,  сондай-ақ  саланың  барлық  қызметтерінің  медициналық 

кӛмекті  уақтылы  және  толық  кӛрсетуіне  мониторинг  жүргізеді  және  қажет  кезінде 

пациенттердің  мүддесін  білдіруші  және  қорғаушы  рӛлінде  болады.  ЖТД,  ауруды 

профилактикалауды,  диагностикалауды,  емдеуді,  оңалтуды  және,  қажеттілігіне  қарай, 

паллиативтік  кӛмек  пен  күтім  жасауды  (бағдарлау)  қоса  алғанда,  пациенттерге  үздіксіз 

бақылау жүргізеді.     

Мамандандырылған  және  бейінді  амбулаториялық  қызметтер  (соның  ішінде 

психиатриялық, наркологиялық,  туберкулезге  қарсы, онкологиялық және т.б)  жұмысының 

МСАК  ұйымдарымен тығыз  ӛзара байланысы жүзеге асырылатын болады. оны іске асыру 

үшін  медициналық  кӛмек  кӛрсету  және  оның  сабақтастығын  қамтамасыз  етудің  тиісті 

стандарттары,  қағидалары  мен  тәртібі,  сондай-ақ  оны  қаржыландыру  әдістері  (мысалы, 

медициналық  кӛмектің  кейбір  түрлеріне  байланыстырылған  тарифтер)  әзірленетін  және 

енгізілетін болады.  

Барлық  деңгейде  диагностикалаудың,  емдеудің, оңалтудың  және  пациенттерге  күтім 

жасаудың  бірыңғай  хаттамаларын,  МСАК  қызметкерлерінің  орталық  үйлестірушілік 

рӛлінің  негізінде  бірыңғай  мониторингтеу  мен  қаржыландыру  тетіктерін  қолдануды 

білдіретін  кейбір  созылмалы  ауруларды  интеграцияланған  басқару  қағидасы  енгізілетін 

болады.   

 

 



жүктеу 469,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау