16
Халық денсаулығының ағымдағы жай-күйі мен инфекциялық емес аурулардың
болжамды ӛсімін ескере отырып, медициналық кӛмекті ұйымдастырудың интеграцияланған
үлгісін әзірлеу және кезең кезеңімен енгізу кӛзделіп отыр.
Бұл үлгінің шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде
медициналық кӛмектің толықтығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге
бағытталған интеграцияланған медициналық кӛмек беру қағидалары, тәртібі мен
стандарттары іске асырылатын болады.
Аталмыш үлгі бастапқы кезеңде (2020 жылға дейін) негізгі әлеуметтік мәні бар және
инфекциялық емес аурулардың 2 блогын қамтитын болады:
бірінші блок – негізгі инфекциялық емес аурулар:
жүрек-қан тамыр аурулары,
тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары,
онкологиялық аурулар.
Екінші блок – ел халқының демографиясына ықпал ететін аурулар:
жүкті әйелдердің, перинаталдық кезеңнің патологиялары,
негізгі балалар аурулары.
Әр блок бойынша халықаралық кәсіби ұйымдар ұсынған клиникалық нұсқаулықтар
мен хаттамалардың негізінде Іс-қимыл жоспарлары (Action Plan) әзіреленеді және оларды
іске асыру басталатын болады. олардың шеңберінде халық денсаулығының жоспарланып
отырған кӛрсеткіштері мен оларға қол жеткізу үшін қажетті маңызды іс-шаралар
анықталатын болады.
Бұл іс-шараларды іске асыру үшін мыналар:
1) денсаулық сақтау ұйымының барлық деңгейлері үшін дәлелді медицинаның
қағидаларына негізделген профилактикалаудың, диагностикалау мен емдеудің бірыңғай
клиникалық нұсқаулықтары мен хаттамалары;
2) денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті жарақтандыру стандарттары;
3) медицина қызметкерлеріне қойылатын ең тӛменгі біліктілік талаптары;
4) үлгі шеңберінде қолданылатын үдемелі қаржыландыру тетіктері;
5) іс-шараларды мониторингтеу, басқару және үйлестіру, соның ішінде АКТ
негізінде, технологиялары әзірленеді және енгізіледі.
Халық денсаулығына үлкен ауыртпалық түсіретін ауруларды ерте анықтау жӛніндегі
маңызды скринингтік бағдарламаларды одан әрі дамыту, сондай-ақ скринингтік
бағдарламаларды жүргізу, мониторингтеу және тиімділігін бағалау стандарттарын ұдайы
жетілдіріп отыру қамтамасыз етіледі.
Медициналық кӛмектің жоғары сапасын қамтамасыз ету және жарақаттанудан
болатын өлім-жітімді төмендету мақсатымен қамтамасыз етіледі:
оқыс оқиғалар, жарақаттар мен уланулар, соның ішінде жаппай сипаттағы, кезінде
кӛмекті дайындау және кӛрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу;
ТМККК шеңберінде кӛрсетілетін медициналық кӛмектің тұтастығын қамтамасыз ету
мақсатында, соның ішінде шетелден технологияларды трансферттеудің негізінде сирек,
орфандық аурулар кезінде, ал жекелеген жағдайларда шетелдік клиникаларға жолдау
арқылы, медициналық көмектің бірегей, қымбат түрлерін уақтылы ұсыну қамтамасыз
етілетін болады.
Туберкулезге, АИТВ/ЖИТС, психикалық және наркологиялық бұзылыстарға
шалдыққан науқастарға медициналық кӛмек кӛрсетудің озық, ӛзін тиімділігі жоғары
технологиялар ретінде танытқан технологияларды енгізу жалғасатын болады.
Тұрғындарды дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді жетілдіру, соның ішінде тегін
амбулаториялық дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді кезең кезеңімен кеңейту арқылы
жетілдіру бойынша одан әрі шаралар әзірленеді және енгізілетін болады.
17
Қызметтерді стандарттау, ұйымдардың инфрақұрылымын және медициналық
кӛмектің осы түрі үшін мамандарды жүйелі түрде дайындауды дамыту негізінде әртүрлі
патологиясы бар науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды белсенді дамыту
қамтамасыз етіледі. Бұл ретте осы саладағы жеке меншік сектор мен МЖӘ-ті дамытуды
мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары әзірленіп, енгізілетін болады.
Медициналық кӛмек кӛрсетудің интеграцияланған үлгісінің шеңберінде, МСАК
және әлеуметтік қорғау қызметімен ӛзара тығыз іс-қимыл негізінде
әртүрлі санаттағы
науқастарға ұзақ медициналық-әлеуметтік күтім (
longtermcare), паллиативтік көмек
және үй күтімі (homecare) қызметтері кӛрсету дамитын болады.
5.3. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
5.3.1. Медициналық кӛмекті стандарттау және сапасын басқару.
Медициналық ұйымдардағы барлық өндірістік үдерістерді стандарттаудың
негізінде сапаны басқару жүйесі медициналық кӛмектің сапасы мен қауіпсіздігін тиімді
арттыру үшін негіз болады.
Клиникалық үдерістерді стандарттау үшін ауруларды профилактикалаудың,
диагностикалаудың, емдеудің және пациенттерді оңалтудың отандық клиникалық
нұсқаулықтары мен хаттамалары жасалынып, халықаралық дәрежедегілері енгізілетін
болады.
Клиникалық тәжірибеде қолдану үшін клиникалық нұсқаулықтар мен хаттамаларды
бекіту арнайы құрылған сарапшылық консультативтік-кеңесуіш орган – Медициналық
қызметтердің сапасы жӛніндегі біріккен комиссиямен алқалы түрде жүзеге асырылатын
болады.
Сапа стандарттарын енгізу мен тиімділігін мониторингтеуді денсаулық сақтау
саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар, соның ішінде медицина
қызметкерлерін оқыту, медицина ұйымдарын қосымша жарақтандыру, медициналық
кӛмекті қаржыландыруды жақсарту жолымен қамтамасыз ететін болады.
Жергілікті сапаны басқару жүйесінің негізі медицина ұйымдарының ішкі аудит
қызметтері болады. Олардың қызметі қауіптерді басқарудың бірыңғай жүйесін енгізуге
және тәуелсіз медициналық сарапшылар институтын қатыстыра отырып клиникалы
үдерістердің тұрақты аудитін жүргізуге құрылған.
Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдерін енгізу
мақсатымен құпия аудитті қолдану негізінде ұлттық медициналық қателіктерді есепке
алу және талдау жүйесі енгізілетін болады.
Сонымен бірге, ішінара қылмыстық жауапкершіліктен әкімшілік және кәсіби
жауапкершілікке ӛтумен (медициналық қызметпен айналысуға лицензиясынан уақытша
немесе тұрақты түрде айыру) медициналық персоналдың жауапкершілік жүйесін қайта
қарау қажет болады.
Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен ілтипаттылығын қамтамасыз ету үшін,
жұртшылықты, білім беру ұйымдарын, кәсіби бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат
құралдарын кеңінен қатыстыра отырып, ұлттық медицина қызметкерлерінің медициналық
этикасы мен коммуникативтік дағдыларын дамыту бағдарламасы әзірленеді және
енгізіледі.
Жалпы, медицина қызметкерлері мен ұйымдарының қызметі мен нәтижелерінің
айқындығы қамтамасыз етілетін болады; денсаулық сақтау ұйымдары ӛндірістік қызмет
нәтижелерін БАҚ-да жариялауға міндетті болады. .
5.3.2. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мен лицензиялаудың дамуы.