1
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мазмҧны
1. Бағдарламаның тӛлқұжаты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы жағдайды талдау
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және нәтижелерінің кӛрсеткіштері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары
және тиісті шаралар
6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
7. Қажетті ресурстар
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік
бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны
әзірлеуге жауапты
мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі
Бағдарламаны іске
асыруға жауапты
мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі, Астана және Алматы қалаларының,
облыстардың әкімдіктері
Бағдарламаның
мақсаты
Мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық
ӛркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың
тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.
Міндеттері
1
.
Санитариялық әл-ауқатты, қауіп факторларының
профилактикасын қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды насихаттау
мен саламатты ӛмір салтын ынталандыру негізінде халықтың
денсаулығын нығайту.
2. Халықтың мұқтаждығына бағытталған, интеграцияланған
денсаулық сақтау жүйесінің негізінде медициналық қызмет
2
кӛрсетудің қолжетімділігін, тұтастығы мен сапасын қамтамасыз ету
3. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, оның тиімділігін,
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы
мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ
жауапкершілігіне негізделген денсаулық сақтауды қаржыландыру
жүйесін құру
.
Іске асыру мерзімі
2016-2020 жылдар:
бірінші кезең: 2016-2018 жылдар
екінші кезең: 2019-2020 жылдар
Нысаналы
индикаторлар
2021 жылға қарай:
Қазақстан Республикасы халқының күтіліп отырған ӛмір сүру
ұзақтығының 73 жасқа дейін ұлғаюы;
ана ӛлім-жітімінің 2009 жылғы деңгейден 3 есеге тӛмендеуі;
нәресте ӛлім-жітімінің 2009 жылғы деңгейден 2 есеге тӛмендеуі;
Қазақстан Республикасы халқының жалпы ӛлім-жітімінің 2010
жылғы деңгейден 30%-ға тӛмендеуі;
туберкулезден болатын ӛлім-жітімінің 100 мың адамға шаққанда
3,8-ге дейін тӛмендеуі;-
15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының
таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстап тұру
Қаржыландыру
кӛздері мен кӛлемі
2016-2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық
және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да
қаражат қосымша бағытталатын болады. бағдарламаны іске асыруға
мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар __________
млн. теңгені құрайды.
Жылдар
бойынша
Барлығы
Республикалық
бюджет
Жергілікті
бюджет
Басқа да
кӛздер
2016 ж.
2017 ж.
2018 ж.
2019 ж.
2020 ж.
Барлығы:
Бағдарламаны қаржыландыру кӛлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тиісті қаржылық жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді
бекіту кезінде нақтыланатын болады.
КІРІСПЕ
Осы 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан
әрі – Мембағдарлама) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922
3
Жарлығын, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлыжол – болашаққа
жол» атты Қазақстан халқына жолдауын және «Бес институционалдық реформаны іске
асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында
әзірленген, денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған және 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» алдыңғы мемлекеттік
бағдарламаларының қисынды жалғасы болып табылады.
Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың
2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – 2005-2010 жылдарға арналған
мембағдарлама) негізгі шаралары саланың инфрақұрылымын құруға бағытталған болатын.
Бұл кезеңде республикада 500-ден астам жаңа денсаулық сақтау нысандары салынып, 4000-
нан астам аурухана мен емхана күрделі жӛндеуден ӛткізіліп, 75 миллиард теңгеден астам
сомаға заманауи құрал-жабдық сатып алынды.
Сонымен бірге мамандарды жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында
диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларына үйрету бойынша ауқымды шаралар
ӛткізілді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015
жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (
бұдан әрі
–
«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасы) негізгі міндеті салада қаржы ағындарын
басқарудың жаңа тетіктерін ендіру және денсаулық сақтау субъектілерінің экономикалық
орайластырылған амалдармен
ӛзара қарым-қатынастарымен жүйенің тиімділігіне қол
жеткізу болды.
Бұл тетіктердің катализаторы – пациенттердің дәрігер мен медициналық ұйымды
еркін таңдауын қамтамасыз етуді, медициналық қызмет кӛрсетудің бәсекелес ортасын
қалыптастыруды және әрбір емдеп жазылған пациент үшін Бірыңғай тӛлеуші арқылы
медициналық қызметке ақы тӛлеуді кӛздейтін Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін
(
бұдан әрі
– БҰДСЖ) ендіру болды.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде жүйенің кӛлденең және тік деңгейлері арасында
жаңа қарым-қатынас қалыптастырылып, ол, ең алдымен, шетелдік клиникалардан, әсіресе,
кардиохирургия және трансплантологияға жоғары технологиялар трансфертінің күрт
артуынан кӛрінді.
Елімізде қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізудің басты
зертханасына айналған, JCI халықаралық сапа сертификаттауынан сәтті ӛткен және бүгінгі
күннің ӛзінде Қазақстанның медициналық туризм орталығы ретінде танылып отырған
қуатты Ұлттық медициналық холдинг құрылды.
Жоғарыда сипатталған іске асырылған шаралар денсаулықтың нысаналы
кӛрсеткіштерін жақсартуға және даму саласындағы мыңжылдық даму мақсаттарының
жекелеген кӛрсеткіштеріне қол жеткізілді, атап айтқанда, бұл сәби мен бала ӛлім-жітімін
тӛмендетуге, ана ӛлім-жітімі мен туберкулезден болатын ӛлім-жітімді азайтуға беталысқа
қатысты.
2014 жылғы желтоқсанда Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің (
бұдан әрі
–
ХҚДБ) сарапшылары «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру нәтижелері
туралы есепті жариялады және, олардың пікірінше, оның 6 негізгі бағытын іске асыру
нәтижелері мынадай:
1) профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, әлеуметтік
маңызды негізгі аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды
жетілдіру – ӛте сәтті;
2) қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және
ведомствоаралық ӛзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру – айтарлықтай сәтті;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру – айтарлықтай сәтті;
4) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық кӛмекті
ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру – ӛте сәтті;