Бағдарламасы Мазмҧны Бағдарламаның тӛлқұжаты



жүктеу 469,11 Kb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата16.02.2018
өлшемі469,11 Kb.
#9840
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 

ДДҰ  деректері  бойынша  адамның  денсаулығы  денсаулық  сақтау  жүйесіне  небәрі 



10%  тәуелді  және  50%  –  адамның  айналасындағылардың,  таңдау  құқығының,  ӛмір  сүру 

сапасы  мен  денсаулықты  нығайту  мүмкіндіктерінің  қолжетімділігінің  әсерімен 

қалыптасатын  ӛмір  салтына  тәуелді  екен.  Профилактика  ИЕА-мен  күрес  үшін  құны 

жағынан  ең  тиімді,  ұзақ  мерзімді  стратегияны  ұсынады.  Денсаулықты  нығайту 

мәселелеріндегі  ауызбірлік,  азаматтық  қоғамның  денсаулық  сақтау  мәселелерін  шешуге 

белсенді  қатысуы  ЭЫДҰ  елдерінің  денсаулықты  сақтау  жүйелерінің  басты 

ерекшеліктерінің бірі болып табылады. 

Қазақстанда  профилактикалық  жұмыс  мәселелері,  ИЕА  мәселелері  бойынша 

сектораралық  ӛзара  іс-қимыл  жасауға  күш  салуды  ӛсіру,  денсаулық  сақтау  ұйымдарының 

барлық  деңгейлерінде  медициналық  қызмет  сапасын  арттыруға  бағытталған  созылмалы 

ауруларды басқарудың арнайы бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бастапқы кезеңде 

тұр.   


 

2.  Денсаулық  сақтауға  бөлінген  қаражаттың  жалпы  көлемінде  МСАК-ті 

басымдықпен дамыту

 

ЭЫДҰ елдерінде МСАК пен стационарды қаржыландыру кӛлемдерінің арақатынасы 



34% - стационар және 61% - МСАК-ті құрайды. Халықаралық тәжірибе денсаулық сақтауға 

жұмсалатын  шығыстардың  кемінде  40%-ы  деңгейіндегі  қаржыландыру  кӛлемі  кезінде 

халықты  қажетті  қамтуға  және  МСАК  қызметін  тиімді  кӛрсетуге  қол  жеткізілетін 

дәлелдейді ПМСП. 

Қазақстанда  ТМККК  кӛрсетуге  жұмсалатын  қаражаттың  62%-ы  стационарлық 

секторға және тек 34%-ы ғана МСАК-ке жолданады.  

Халықаралық  сарапшылардың  бағалауы  бойынша  Қазақстанның  денсаулық  сақтау 

саласының әртүрлі буындары арасындағы «шектескен жерде» тиімсіздік аймағының негізгі 

бӛлігі–  арнайы  мамандар  жүктемесінің  ӛсуі,  негізсіз  емдеуге  жатқызудың  жоғары  үлесі, 

біріншілік  буын  жұмысының  нәтижелілігі  тӛмен  болғандықтан,  емханалар  мен 

стационарларда диагностикалық зерттеулердің қайталануы орналасқан. 

Елімізде  МСАК  рӛлін  кӛтеруге  қарамастан,  алғашқы  буындағы  медициналық 

қызметтер  кӛрсетуді  жақсартуда  кӛзге  кӛрінетін  алға  жылжулар  әлі  болған  жоқ.  Ӛзінің 

техникалық  және  кадрлық  жарақтандырылуы  бойынша  бұл  сектор  денсаулық  сақтау 

жүйесіндегі  орталық  буынға  айналып,  амбулаториялық  және  стационарлық  деңгейлердегі 

емдеу кезеңдерін ұтымды үлестіруді қамтамасыз ете алмады. 

Күшті  МСАК-тің  болуы  ЭЫДҰ  елдеріне  80%-ға  дейінгі  науқастардыӛз  деңгейінде 

ұстап тұруға мүмкіндік беріп, ол осылайша, барлық жүйенің үйлестірушісіне айналады. Ал 

біздің жүйеде негізгі жұмыс жасайтын құрылым стационарлық сектор болып қала береді. 

 

3. МСАК деңгейінде халықтың негізгі дәрілік заттарға барынша қолжетімділігі. 



 

Денсаулықты  күту  және  қолдаудағы  дәрі-дәрмектік  қамтамасыз  етудің  рӛлі 

айтарлықтай,  сол  себепті  де  ЭЫДҰ  елдерінде  дәрілік  заттар  сапасы  мен  қауіпсіздігі 

мәселесі ұлттық биологиялық қауіпсіздік деңгейіне дейін кӛтерілген.  

ЭЫДҰ  елдерінде  орташа  алғанда  дәрілік  қамтамасыз  етуді  қаржыландырудың 

жалпы  кӛлемінің  80%-ы  амбулаториялық  деңгейде  пациенттерді  дәрілік  заттармен 

қамтамасыз етуге жолданады.  

Дәрілік 


заттарға 

жұмсалатын 

мемлекеттік 

шығыстардың 

құрылымында 

амбулаториялық  дәрі-дәрмектік  қамсыздандырудың  үлесі  Қазақстанда  небәрі  55%-ды 

құрайды.  Амбулаториялық  деңгейде  дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  етудің  жеткіліксіздігі 

МСАК дамуын тежеп, стационарға шамадан тыс емдеуге жатқызуды ынталандырады.   

Бұл ретте, ЭЫДҰ-на мүше елдерде стационарлар шығыстарының жалпы кӛлеміндегі 

дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындардың үлесі 20%-дан аспайды. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл кӛрсеткіш 50%-ға дейін жетеді. 

 



 

Бұдан  басқа,  медициналық  ұйымдардың  дәлелденген  тиімділікті  бағалау  әдістерін 



жеткілікті  меңгермеуі,  дәрілік  формулярларға  экономикалық  және  клиникалық  тиімділігі 

тӛмен препараттарды қосып қою фактілері шынайы сұранысты кӛрсетпейтін дәрілік заттар 

тізімін  жасақтауға  алып  келеді.  Соңында,  медициналық  ұйымдарда  дәрілік  заттардың  бір 

түрлері бойынша тапшылық, басқа түрлері бойынша – профицит пайда болады.  

 

4. Еңбектің жоғары уәждемесі және медициналық персоналдың кәсібилігі.  

 

Қазақстанда  дәрігердің  айлық  орташа  номиналды  жалақысы  шамамен  125 000 

теңгені  құрайды, ол ЭЫДҰ елдеріндегі кӛрсеткіштен  16 еседей тӛмен (шамамен  2 000 000 

теңге).  Бұл  кәсіптің  беделінің  түсуіне  және  Қазақстанның  медицина  қызметкерлерінің 

еңбек уәждемесінің әлсіз болуына жағдай жасайды. 

Сондай-ақ  еңбекке  тӛленетін  ақының  оның  қарқындылығына  және  нәтижесіне, 

сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігіне тәуелділігінің әлсіздігін атап кӛрсету керек. 

Орта медициналық персоналдың кәсіби деңгейі әлі де болса ақсап жатыр, оған кінәлі 

оларды  үйрету  әдістерінің  ескіруі,  кәсіптің  беделінің  тӛмендігі  және  қанағаттанарлықсыз 

жалақы. 


Медицина ұйымдары мен персоналды еңбекті қарқынды етуге, қызметтердің ӛзіндік 

құнын  тӛмендетуге,  олардың  сапасын  арттыруға  уәждеу  деңгейі  әлі  де  болса  жеткіліксіз. 

Еңбекке  сараланған  ақы  тӛлеу  бос  қызмет  ставкалары  мен  сақталып  отырған  мамандар 

тапшылығының есебінен, әсіресе, ауылдық денсаулық сақтауда, жүргізіледі. 

Менеджерлер  дайындау  мәселесі  тӛмен  деңгейде  қалып  отыр,  ол  қызметтің 

тиімсіздігінің басты факторларының бірі болып табылады. Медициналық ұйымдар, саланы 

басқару  органдары  басшыларын  лауазымға  тағайындау  үміткерлердің  біліктілік 

деңгейлерін  және  оның  жүйені  басқару  қабілетін  ескерусіз  жүргізіледі.  Іс  жүзінде 

жергілікті  жерлердегі  менеджерлердің  50%-дайы  белгіленген  біліктілік  талаптарына  сай 

келмейді. 

 

5. Медицина ғылымының басымдығы. 

 

ЭЫДҰ  елдерінің  кӛршілігінде  жалпы  ІЖӚ  кӛлеміндегі  зерттеулер  мен 

әзірленімдерге  жұмсалатын  ішкі  шығындардың  үлесі  шамамен  3%-ды  құрайды. 

Қазақстанда,  ҒЗТКӘ  қаржыландыру  кӛлемінің  2000  жылдан  бастап  5  есеге  ӛскеніне 

қарамастан, ішкі шығындардың үлесі республикамыздың ІЖӚ-нің 0,26%-н құрады. 

Сондай-ақ  дамыған  елдерде  жеке  меншік  сектордың  ғылыми  зерттеулерге 

шығыстары  (60-70%)  мемлекеттік  шығындардан  асып  түсетінін  айтып  ӛту  керек. 

Қазақстанда әзірге ҒЗТКӘ қаржыландырудың мемлекеттік секторының рӛлі басым болатын 

инверсиялық құрылым сақталып отыр.  

 

6.  Денсаулық  сақтау  саласын  қаржыландырудың  жоғары  деңгейі  және  бірлескен 



қағидасы. 

 

ЭЫДҰ елдері бойынша денсаулық сақтауға жалпы шығыстар, орташа алғанда, 8%-ды 

құрайды.  

Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс жасауының тиімділігін қамтамасыз ету үшін ДДҰ 

дамыған мемлекеттерде бюджеттік қаржыландыру кезінде ІЖӚ-нің ең тӛменгі қажетті 6—

8%  үлкендігін  және  дамушы  елдерде  ІЖӚ-нің  кемінде  5%-н  бӛлуді  ұсынады.  Жоғарыда 

кӛрсетілгендей, Қазақстанның шығыстарының үлесі - небәрі 3,8%.  

 

 



7. Денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жеке шығыстардың төмен деңгейі.  

 

ЭЫДҰ елдерінде медициналық қызмет алуға жеке шығыстардың үлес салмағы 19,6%-



ды;  ЕО  -  16,3%-ды  құрайды.  Қаржыландырудың  ӛсуіне  және  медициналық  қызметке  ақы 

тӛлеудің  озық  әдістерін  енгізуге  қарамастан,  бұл  кӛрсеткіш  Қазақстанда  2014  жылы 

денсаулық  сақтау  саласына  бӛлінген  жалпы  шығыстардың  35,4%-н  құрады,  ДДҰ 

тұжырымы  бойынша,  халықтың  медициналық  қызмет  кӛрсетуге  шығыстарының  20%-дан 




жүктеу 469,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау