10
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА
ҚОЛ ЖЕТКIЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИIСТI ШАРАЛАР
Іске асырудың негізгі бағыттары:
5.1. Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;
5.2. МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізіндде барлық денсаулық сақтау
қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;
5.3. Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
5.4. Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;
5.5. Ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның
қаржылық тұрақтылығын арттыру;
5.6. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;
5.7. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан
әрі дамытуды қамтамасыз ету;
5.1.
ХАЛЫҚ
ДЕНСАУЛЫҒЫН
САУҚТАУДЫҢ
НЕГІЗІ
РЕТІНДЕ
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ
5.1.1. Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды санитариялық және
эпидемиологиялық қадағалау функцияларын интеграциялау жолымен қоғамдық денсаулық
сақтау қызметін құру, саламатты тамақтануды насихаттау және саламатты ӛмір салтын
ынталандыру.
Халық денсаулығын нығайту және қорғау тек тиісті стратегияларды дамытуды және
тіршілік етудің әртүрлі секторларындағы ресурстарды жұмылдыруды ғана емес,
мемлекеттің, жұртшылықтың және халықтың осы бағыттағы қызметін интеграциялауды
қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді институционалдық негіз жасауды талап етеді.
Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі
дамытудың негізі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті және саламатты ӛмір салтын
қалыптастыру қызметінің интеграциясы және тамақтануды ұтымды етудің негізінде
қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін (ҚДСЖ) құру болмақ.
ҚДСЖ негізгі функциялары мыналар болмақ:
халықтың хабардар болуын және оны қоршаған ортаның әртүрлі факторларының,
дұрыс емес тамақтанудың және мінез-құлықтық қауіптердің зиянды әсерін
профилактикалау және тӛмендету жӛніндегі іс-шараларға тартуды арттыру;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен инфекциялық және негізгі
әлеуметтік мәні бар инфекциялық емес ауруларды, соның ішінде психикалық саулықтың
бұзылыстары мен жарақаттанушылықты бақылауды қамтитын мониторингті қамтамасыз
ету;
ел халықының денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған сектораралық ӛзара
іс-қимылды қамтамасыз ету, үйлестіру және кеңейту;
денсаулықты қорғау және эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың
және басқа да құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету;
популяциялық (ұлттық) және ӛңірлік деңгейлерде аурулардың дамуын ұзақ
мерзімдік үлгілеу және болжаудың халықаралық жүйелерін енгізу.
11
Қызмет халықты ӛмір бойына гигиеналық және эпидемияға қарсы дағдыларға
үйрету үшін білім беру алаңы және санитариялық заңнаманың талаптарына сәйкес кіші
және орта бизнесті зерделеу және жүргізу жӛніндегі консультативтік-ұйымдастырушылық
орталық болады.
ҚДСЖ қызметі МСАК, тиісті ғылыми-зерттеу ұйымдары және бағдарламаларымен
тығыз байланыста болады.
ҚДСЖ қызметінің маңызды мақсаттарының бірі тамақтануды ұтымды ету мен
саламатты ӛмір салтын ынталандыру, санитариялық, репродуктивті және дене мәдениетін
дамыту, дұрыс тамақтануды насихаттаудың негізінде халықтың ӛз денсаулығы үшін
жауапкершілігін арттыру болмақ. Бұл азаматтарды ақпараттандыру және ағарту,
персоналдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде олардың
мүмкіндіктерін кеңейту жӛніндегі іс-шаралармен қамтамасыз етіледі.
Бұл үшін мінез-құ лықтық психология және экономика саласындағы ғылыми
негізделген әзірленімдердің негізінде, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен заманауи
әлеуметтік медиа-ресурстар мен желілерді белсенді түрде тарта отырып, әлеуметтік
маркетингтің инновациялық технологиялары ендірілетін болады.
Бұл ретте ИЕА-мен күрес ИЕА профилактикасы және олармен күрес жӛніндегі 2013-
2020 жылдарға арналған Жаһандық іс-қимыл жоспарына, Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының (ДДҰ) Шеңберлік конвенциясы мен Шылым шегуге қарсы күрес жӛніндегі
еуропалық стратегияға, ДДҰ тағам ӛнімдері мен тамақтану саласындағы 2015–2020
жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес халықаралық апробацияланған
технологиялардың негізінде жүргізілетін болады.
ҚДСЖ екінші маңызды міндеті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен
бақылаудың тиімділігін арттыру, аса қауіпті инфекциялардың, туберкулездің,
АИТВ/ЖИТС-ның таралауына қарсы күресу және салдарларын азайту бойынша әрі
қарайғы шараларды іске асыру болмақ. Мониторланатын инфекциялардың тізбесін қайта
қарау және инфекциялық емес сырқаттардың тізбесін айқындау эпидемиологиялық ахуалды
ескере отырып, тұрақты негізде жүргізілетін болады.
ДДҰ
ұсынымдарына
сәйкес
еліміздегі
бала
және
ересек
халықтың
иммунопрофилактикасы жӛніндегі бүкіл жұмысты ұйымдастыру және үйлестірудің
негізінде инфекциялық ауруларды профилактикалау мәселелеріне айрықша назар
аударылатын болады
.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тағы бір міндеті әлем елдеріндегі қайта
туындайтын аса қауіпті инфекцияларға перманентті мониторинг жасау және елімізге аса
қауіпті инфекциялар мен қауіпті жүктердің әкелінуіне және таралуына жол бермеуге
бағытталған, республика шекаралары мен аумағын санитариялық қорғау жӛніндегі іс-
шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, ҚДСЖ мектепке дейінгі
және орта оқу орындарындағы бала және жасӛспірім тұрғындардың тамақтану сапасына
ерекше бақылау жасауды жүзеге асыратын болады.
Халықтың санитариялық, эпидемиологиялық, радиациялық және химиялық
қауіпсіздігінің ақпараттық және реттеуші негіздері қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі орташа мерзімдік кезеңде халық
денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық ӛзара іс-қимылдың
институционалдық негізі болады.
5.1.2.
Адам денсаулығының әлеуметтік детерминанттарының әсеріне бағытталған
сектораралық ӛзара іс-қимылды дамыту