БЕКІТЕМІН ____________Н.Э. Пфейфер «___»___________200__ ж. Құрастырушы: доцент ___________ Темербаева Ж.А. «Дизайн және дизайн» кафедрасы
050421 «Дизайн» мамандығы студенттеріне арналған
Диплом алды практиканың жұмыс бағдарламасы
Бағдарлама 050421 «Дизайн» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыміндеттік ҚР 3.08.302 – 2006 Мемлекеттік міндетті білім стандартқа сәйкес жасалған.
Кафедра мәжілісінде қаралды
«__ » _________ 200__ ж. № __хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Темербаева Ж.А.
СҚ факультетінің ӘК мақұлдады
«___» __________ 200__ ж. №__хаттама
ӘК төрағасы ____________ Козионов В.А.
КЕЛІСІЛДІ:
СҚ факультетінің деканы _________ Кудерин М.К.
«___» ___________ 200__ ж.
ЖБжӘБ МАҚҰЛДАДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы ____________ Варакута А.А.
«___» ___________ 200__ ж.
Кіріспе
Практика ЖОО-да ең маңызды кезеңі болып табылады. Практика студенттердің теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, дизайн кәсібімен таныстырады.
Студенттердің диплом алды практикасы жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол өндірістерде, ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.
Диплом алды практика бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, университеттің оқу процесіндегі студенттердің теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, кәсіби және ұйымдастыру қызметтік қалыптастыру үшін жүргізіледі. Диплом алды практикасы дипломға шығар алдында ұйымдастырылады.
Практиканың мақсаты мен міндеттері
- дипломдық жобаның мазмұнына қарай жиналған материалдарды және олардың негізінде реферат дайындау ;
- практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрену;
- мамандық бойынша практикалық тәжірибемен дағдыларын қалыптастыру;
- өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әрекетінің мәселеллерін анықтап оларды диплом алды жағдайда шешу іскерлігін қалыптастыру.
Практиканың өтілу кезінде білу қажет:
а) диплом алды практикасы өтіп жатқан қала немесе басқа жердегі құрылыс болашағы мен тарихи даму ерекшеліктерін;
ә) құрылыс тарихын немесе нақты дизайн ескерткіштерінің, қазіргі заманғы құрылыстарын немесе ансамбльдерді қайта қалпына келтірілуі жеке ғимараттарда көрсетілген;
б) берілген дизайн ескерткіштері немесе ансамблінің дизайнтік- жоспарлау және көлемді- кеңістіктік еркшеліктерінің шешімін (бас жоспар шешімін, құрылыстың функционалды шешімін, дизайнтік пластигін және алдыңғы жақтың сәндік бөлігін және құрылыс интерьерлерін) бұрынғы кезеңдерінде алған білімі мен дағдыларына сүйену керек.
Істей білу қажет:
а) кескіндемеде, суретке түсіруде, суреттердің дизайн бейнесін ашып және көлемді- кеңістіктегі шешімдерін сараптау үшін қолдана білу;
ә) дизайнерлермен кездесудегі және саяхат кезіндегі әр кезеңдерді жазып отыруы тиіс;
б) дизайн өлшемдерінің түрлі тәсілдерін қолдану;
в) техникалық қауіпсіздік ережесін қатал сақтау керек:
г) кітапхана, мұражай және түрлі ұйымдардағы мұрағаттық деректермен, әдебиеттермен жұмыстарын жүргізу;
д) есеп беруде өзінің ойын тура және нақты, анық беру кажет, берілген жеке тапсырмадағы сұраққа нақты жауап беру;
Нақты затты көз алдына елестете білу:
Диплом алды практиканың бағдарламасына бакалаврды дайындаудың қорытынды кезеңін және дипломдық жұмысты (жобаны) сапалы орындауға қажетті сұрақтар кіреді.
Диплом алды практика кезінде студент тиісті практика базасына сәйкес кәсіби қызметі бойынша деректі материалдарын және дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша нақты мәліметтер жинақтау қажет. Практика нәтижесі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін пайдалынады және тиісті түрде рәсімделеді.
2. Практика мазмұны
Практикада сәтті жоспарланған әрі ең үлгілі отандық дизайн, тарихи-дизайн жоспары мен қазіргі заманға сай дизайн-жоспарлы және көлемдік-кеңістік шешімдер, әрі қаланың бас дизайнерлерімен, салынып жатқан ғимараттың жобаларының авторларымен, кездесу қажет. Практикада кезінде конспекті жазу қажет, әрі көргендерінің эскизін салып отыру керек.
Практиканы басқару және тәртібі
Диплом алды практиканы ұйымдастыру үшін шығарушы кафедраның міндеттері:
- дайындалатын мамандықтардың кәсібі бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорындар мен мекемелермен байланыс орнату;
- диплом алды практиканы өту туралы нақты кәсіпорындар мен мекемелермен келісім-шарт дайындау;
- студенттердің практиканы өту орындарын уақытылы дайындау;
- университеттен жетекшіні тағайындау;
- практикаға тапсырма дайындау;
- білім алушыларды практика бағдарламасымен және әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету;
- диплом алды практикасының өту барысын бақылау және есепке алу.
диплом алды практиканың мазмұны дипломдық жұмысының (жоба) тақырыбымен анықталады.
диплом алды практиканың бағдарламасына бакалаврды дайындаудың қорытынды кезеңін және дипломдық жұмысты (жобаны) сапалы орындауға қажетті сұрақтар кіру керек.
диплом алды практикаға және оның мазмұнына қойылатын талаптар мамандықтың МЖМБС-да және факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы ұсынған практика бағдарламасында белгіленеді.
диплом алды практиканы ұйымдастыру және жетекшілік ету жауапкершілігі шығарушы кафедраға жүктеледі.
Кафедра студетке практика туралы есеп беру барысында кәсіби білімін, іскерлігін, дағдыларын тереңдетіп меңгеруге байланысты жеке тапсырмаларды, арнайы тарауды қосуға ұсыныс жасайды.
4. Студент жұмысының мазмұны
Практика туралы жүргізілген кіріспе лекциядан кейін студент жазбаша түрде жеке тапсырма алады, онда екі сұрақ енгізілген: біріншісі жеке тарихи ескерткіштер мен дизайн ансамблдердің шығу тарихына байланысты мәселелер; екіншісі жеке дизайн ансамбльдері, тұрған алаптары немесе олардың орталықтарына қатысты мәселені қозғайды. Егер студент практикаға жүрер алдында СҒЗЖ бойынша кафедра оқытушысынан тапсырма алса, онда ол практика кезінде сол тапсырма бойынша ізденіп, деректер жинайды. Әр практикант жетекші ұйымдастырған қалаға және оның айналасын аралауға арналған барлық саяхаттарға қатысуы қажет және конспекті жазуы керек.
Әдебиеттер, баспа және жазбалар-материалын оқумен қатар, алдыңғы бет, кесіктер мен құрылыстың бас жоспарын, сызба жоспарларының көшірмесін түсіріп, дизайнтік ескерткіштің интерьері мен әсем үлгісінің сипатты бөлшектерін нобайлап отыру керек. Өлшеу жұмысы қажеті менөлшемін жетекші анықтайды.
Сурет және кескіндеме бойынша практика бейнелеу өнерінен дағдысын бекітіп, әрі қарай жетілдіруін қарастырады; дизайн объектілер мен қала кешендерінің қоршаған табиғаттың әр түрлі жарықтағы күйімен кеңістіктің бейнелі ұйымдасқанымен байланыстарын таниды.
Студенттермен орындалған түрлі тақырыптағы шығармашылық жұмыстар олардың ой -өрісін кеңейтеді - өнерге деген қызығушылықтарын оятып, өнердің дизайн кәсәбіндегі ролін біледі.
Практика жұмыстары мынадай бағытта жүргізіледі:
- кәсіби пәндер саласында теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту;
- мамандық бойынша практикалық тәжірибе мен дағдыларын қалыптастыру;
- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін қажетті материалдарды жинастыру және жүйелеу.
5. Диплом алдындағы практиканы қорытындылау және есеп беру формалары
Белгіленген мерзімде, пратика біткеннен кейін жеті күн ішінде, студент практика бағдарламасына сәйкес жазбаша есеп толтырады.
Практика өткен кәсіпорында (мекемеде) толтырылған практика есебі іс-сапар куәлігімен, күнделігімен және тағы басқа деректі материалдармен және құжаттармен бірге кафедраға тапсырылады
Практика жетекшісі есеп мазмұны және оның практика бағдарламасына сәйкестігі туралы пікір жазады. Пікірде студенттің мәліметтерді талдау іскерлігіне және қорытынды жасап шешім қабылдау қабілетіне баға беріледі. Сонымен қатар алынған білімі мен дағдыларын, белсенділігін т.б. атап өту қажет.
Есеп кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалады.
Практика төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін балдық-рейтинг жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар кему бойынша «А»-дан «D»-ға дейін, қанағаттанарлықсыз - «F»).
Толық кәсіби практика 100 балмен бағаланады, онын ішінде 70 балға дейін жетекшісі қояды, 30 балға дейін есеп қорғау барысында комиссия қояды.
Практика жетекшісінің есепке беретін балдарды бөлу үлгісі:
- практикаға қатысуы – 8-16;
- материал жинау – 15-30;
- есеп жазу – 10-20;
- тапсырманы уақытылы орындау – 2-4
Студенттің есепті қорғау нәтижесінде қойылатын балдарда бөлу үлгісі:
- есеп мазмұны – 3-6;
- жиналған материалдың сапасы – 9-18
- сұрақтарға жауап беру – 3-6.
Диплом алдындағы практика бойынша аттестаттау нәтижесі академиялық рейтинг ведомосына қойылады. Академиялық рейтинг ведомосы тіркеу офисына тапсырылады.
Қорғау нәтижелері бойынша есептерді қабылдау комиссияның төрағасы есеп береді және оны кафедра отырысында талқылайды.
Академиялық рейтинг ведомосының көшірмесі студенттерді диплом алдындағы практикасының аттестаттау нәтижесімен таныстыру үшін кафедраның ақпарат тақтасына ілінеді.
Диплом алдындағы практикадан студентпен алған «Ғ» бағасы (қанағаттанарлықсыз) академиялық қарыз болып есептеледі, оны жою үшін ақылы түрде практиканы қайтадан өту қажет.
Диплом алдындағы практика ұйымдастырып өткізуді жетілдіру мақсатында және оның тиімділігін жоғарлату үшін практиканың нәтижелері жыл сайын шығарушы кафедраның отырысында талқыланады.
Әдибиеттер тізімі
Негізгі:
Алехин А.Д. Живопись на пленэре – М.: Молодая гвардия, 1982, -15с.
Архипов А.И. О живописи на пленэре. Живопись человеческой фигуры. – Ярославаль, 2003, -34с.
Беда Г.В. Живопись: учеб. для студентов – М.: Просвещение, 1986, -192с.
Волков Н.Н. Композиция в живописи. – М.: Искусство, 1977
Волков Н.Н. Цвет в живописи. – М.: Искусство, 1984, -21с.
Кирцер Ю.М. Рисунок и живопись: практическое пособие. – М.: Высшая школа, 1988, - 270с.
Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство. Основы рисунка. – Обнинск: Титул, 1999,- 96с.
Қосымша:
Стасевич В.Н. Пейзаж. Картина и действительность. – М., 1981
Унковский А.А. Живопись: вопросы колорита. – М.: Просвещение, 1980, - 63с.
Достарыңызбен бөлісу: |