11
3-бөлім
Қауіпсіздік
ережелері
Бөлімше 3.2.
Көшедегі
қауіпсіздік
0.3.2.2. Таныс емес аялдамада
өзін-өзі ұстау ережесін түсіну.
12
Қауіпсіздік мектебі.
Мен көшедемін
1
3-бөлім
Қауіпсіздік
ережелері
Бөлімше 3.2.
Көшедегі
қауіпсіздік
0.3.2.2. Таныс емес жағдайда
өзін-өзі ұстау ережесін түсіну.
13
Қауіпсіздік мектебі.
Бейтаныс адамдармен
тілдесу ережесі
1
4-тоқсан
3-бөлім
Қауіпсіздік
ережелері
Бөлімше 3.3.
Табиғаттағы
қауіпсіздік
0.3.3.1. Ауа райының өзгеру
жағдайына сәйкес қауіпсіздік
ережесін білу.
14
Қауіпсіздік мектебі.
Табиғи апат
1
3-бөлім
Қауіпсіздік
ережелері
Бөлімше 3.3.
Табиғаттағы
қауіпсіздік
0.3.3.2. Жәндіктер және
жануарлармен қарым-
қатынастағы қауіпсіздік
ережесін білу және қолдану.
15
Қауіпсіздік мектебі.
Қауіпті жануарлар
1
3-бөлім
Қауіпсіздік
ережелері
Бөлімше 3.3.
Табиғаттағы
қауіпсіздік
0.3.3.3. Өсімдіктер және улы
жидектермен қауіпсіздік
ережесін білу және қолдану.
16
Қауіпсіздік мектебі.
Табиғатта өзін дұрыс
ұстау
1
12
ҚыСҚАМерзіМді ЖОСпАр
№ 1
тАҚырыБы: АдАМ
деНеСі
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ұОҚ оқытылу мақсаты:
0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.
Барлық балалар:
Адамның дене мүшелерін және кейбір ішкі ағзаларды атайды.
көпшілік балалар:
Дене мүшелері және ішкі ағзалардың күтімі жайлы алған білімдерін
қолданады.
кейбір балалар:
Дене мүшелері және ішкі ағзалардың күтімі жайлы түсіндіреді.
13
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Адамдардың өзара айырмашылығы мен ұқсастығын сипаттай алады. Ауызекі
сөйлеуде белсенділік танытады.
көптілділік:
адам – человек – human
жүрек – сердце – heart
дене мүшелері – части тела – parts of the body
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: адамның денесі, дене мүшелері,
жүрек, қантамырлар, жүрек қағысы, өкпе, тыныс алу, оттегі, көмірқышқыл
газы, ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек, ми, жүйке, жүйке жүйесі.
Пікір алмасу сұрақтары:
Біз бірдейміз бе, әлде әртүрліміз бе?
Жүрек біздің ағзамызда қандай орын алады?
Жүрек мықты болу үшін не істеу керек?
Адам өмірі тыныс алуға тәуелді ме?
Ас қорыту жүйесіне адам ағзасының қайсысы қатысады?
Адамның барлық ағзасын кім немесе не басқарады?
Ми үшін не қауіпті?
Өткен ұОҚ алған білім
Адамның дене мүшелері жайлы қарапайым түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
14
і. дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-1 минут
іі. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
2-5 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
«Сәлем, досым!» ойыны
Балалар дөңгелене тұрып, алдымен
бір-бірімен, содан кейін педагогпен
амандасады. Балалар бір минут ішінде
үлгергендерінше барлық балалардың қолдарын
алып, «Сәлем, досым!» – деп сәлемдесіп
шығуы тиіс.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Денсаулық дегеніміз не? Ауру адам мен сау адамның
айырмашылығы бар ма?
Балалар өз ойларымен бөліседі.
Дені сау адам – еш жері ауырмайтын адам. Ол жақсы
көреді және естиді. Оның қолдары мықты әрі шымыр,
оның көңіл күйі жақсы. Ол әрқашан көтеріңкі көңіл
күйде, тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш және өз қалауымен
балабақшаға немесе жұмысқа барады.
Дене мүшелерінің, ішкі ағзаларының бірінің ауруы
себепті адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі
бәсеңсиді, сондықтан олардың еш нәрсеге зауқы
болмайды.
Қорытынды: Ендеше, «Денсаулық – зор байлық» деп
халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды,
адамдар бір-біріне ең бірінші денсаулық тілейтінінің
себебі, міне, осында.
Көңілді музыка
әуені
15
ұОҚ ортасы
III. тақырып бойынша
жұмыс
6-25 минут
(Ж, ұ) проблемалық сұрақ:
– Мен кіммін? Мен – адаммын. Менің басқа адамға
ұқсастығым мен айырмашылығым қандай? Біз ұқсаспыз
ба, әртүрліміз бе?
Балалар бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары
мен ұқсастықтары барын атайды, бір-бірінен қандай
өзгешеліктері барын талқылайды.
Қорытынды: Адам бір-бірінен көзінің, терісінің,
шашының түсімен, мұрнының, басының пішінімен,
бойының ұзындығымен және т.б. ерекшеленеді.
Әр адам қайталанбас, бірегей жаратылыс, бірақ оларды
бір нәрсе біріктіреді, ол – адам денесінің құрылысы.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
Балалар адамның дене құрылысымен танысады. Ол
түрлі бөліктерден тұратыны, әрқайсысының өзінің атауы
болатыны туралы қорытындыға келеді: бас, мойын, дене,
қол, аяқ. Баста – көз, мұрын, ауыз, құлақ, шаш бар. Әр
қолда бес саусақтан және аяқта бес башпайдан болады.
Сонымен қатар адамның ішкі ағзасы бар. Сендер қандай
ағзаны білесіңдер? Атап беріңдер.
көптілділік:
адам – человек – human
жүрек – сердце – heart
дене мүшелері – части тела – parts of the body
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Адам не үшін өз организмі жайлы білуі керек, ол бұл
түсінігін қалай қолдана алады?
Достарыңызбен бөлісу: |