Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет22/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

101
ҰОҚ ортасы
III. тақырып бойынша
жұмыс
6-25 минут
Ойын жағдаяты: «Үйде жалғыз».
Педагог ойын ойнауды ұсынады. Бала өзін үйде  
жалғызбын деп сезінеді. Сырттан келген бөтен адам
баланы есікті ашуға үгіттейді. Осындай рөлді ойын 
барысында қандай жағдайда да есікті ашуға болмайтынын 
түсіндіреді. 
Педагог балалардың есіне «Жеті лақ» ертегісін салып, 
қасқыр қалайша үйге кіргенін талқылауды ұсынады. 
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. 
–  Әркез үлкендер үйден кетер алдында балаларға не 
жайында ескертпе жасайды?
Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, үлкендер 
кетерде қандай ескертпелер айтатыны жайлы 
талқылайды. 
педагог ақпараты: Көпқабатты үйлердегі балкон немесе 
лоджия – демалуға арналған орын. Адамдар балконға 
шығып, таза ауа жұтады, айналаға қарайды. Кейбір 
балалар терезе немесе балконның жақтауына асылып, 
еңкейіп қараймын деп өз дене салмағымен жоғарыдан 
құлап кетуі мүмкін. 
Отбасындағы үлкендер балаларды қараусыз қалдырмай, 
кездейсоқ, қауіпті жағдайлар жайлы ескертіп отыруы 
керек. Адамға медициналық көмек қажет болған жағдайда 
жедел жәрдем шақырылады. 
Әліппе-дәптер
Жедел жәрдемнің нөмірі – 103. 
Кейбір тынымсыз балалар басын балкон торының
арасынан шығарамын деп, басы тордың арасына қысылып
қалуы мүмкін. Осындай және басқа кездейсоқ жағдайларда 
құтқару қызметіне жүгіну керек.
Құтқару қызметінің нөмірі – 112.
Қауіпсіздік ережелері:

Егер сен үйде жалғыз болсаң, ашық тұрған терезеге, 
балконның жақтауына асылып қарауға, орындыққа шығуға 
болмайды. Балконның торына басыңды тықпа. 

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда 
жедел жәрдемге (103) немесе арнайы құтқару қызметіне 
(112) хабарласу қажет. 
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
– Үйде тағы қандай қауіпті жағдайлар орын алуы мүмкін 
және тұрмыстық заттар мен жиһаздардың балалар үшін 
қандай қаупі бар? 
Балалардың жауаптары. Балалар Әліппе-дәптердегі 
суреттерді қарап, педагогпен бірге талқылайды. 
педагог ақпараты: Үлкен жиһаздар да қауіпті. Кейде 
балалар үстіңгі сөреден қажет затын алуға қолдары 
жетпегенде тартылып, бар салмағын салады. Шкаф 
баланың үстіне құлап кетуі мүмкін. Кейде балалар 
жасырынбақ ойнап жүріп тоңазытқыштың ішіне кіреді. 
Оның есігі бекітіліп қалса, ішінен ашылмайды. Оны 
тапқанша, балаға ауа жетіспей қалуы мүмкін. Кіржуғыш 
машинаның үстіне шығуға да болмайды. 
Әліппе-дәптер


102
– Ванна бөлмесі қауіпті болуы мүмкін бе?
педагог ақпараты: Ванна бөлмесінің қабырғалары, едені 
жылтыр  кафельмен  өңделген.  Ылғалды  еден  тайғанақ 
болуы  мүмкін.  Құлап  қалмас  үшін  еденге  кілемше  төсеу 
қажет. 
Ваннаның  іші  де  тайғанақ  болуы  мүмкін.  Сондықтан 
ваннаға төсейтін арнайы резеңке кілемшені қолдану қажет.
Кейде балалар ваннаның шүмегін жабуды ұмытып кетеді. 
Ваннаға  толған  су  еденге  ағып,  төмендегі  көрші  үйді  су 
басуы  мүмкін.  Сондай-ақ  ванна  бөлмесінде  тазалауға 
арналған тұрмыстық химия сақталады. Тұрмыстық химия 
адам ағзасына түссе, уландырады. 
Сондықтан  балаларға  өз  бетінше  тұрмыстық  химияны 
қолдануға тыйым салынады.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
–  Үйде  дәрі-дәрмек  қайда  сақталады?  Неге  дәріні  қауіпті 
дейміз? 
педагог  ақпараты:  Балалар  үйде  дәрі-дәрмек  салынған 
қорапты  қайда  сақтайтынын  біледі.  Бірақ  оған  рұқсатсыз 
тиісуге  болмайды.  Ауырған  кезде  дәріні  ережесін  сақтап 
мөлшермен  қабылдаса,  ем  болады.  Мөлшерсіз,  себепсіз 
ішкен дәрі уға айналады. Тіпті пайдалы дәрумендердің өзін 
қатаң мөлшермен қабылдау қажет. Жасыл дәрі, йод тәрізді 
жарақатқа арналған заттар жеке қорапта тұруы керек.
 
Әліппе-дәптер


103
Ата-ана  балаларына  жарақатты  тазалап,  таңу  жолдарын 
үйретуі тиіс. Балаға одан артығы керек емес. 
көптілділік: дәрі-дәрмек – лекарство – medicaments
IV. ұОҚ қорытындысы. 
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды. 
– Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықтыақпаратты білдіңдер? 
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын 
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. 
– Егер сендер үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережесін 
түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына 
жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын 
түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда 
баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің 
суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз 
болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 
2-сатысына салыңдар. 
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? 
Неліктен? 
 Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер


104
№10 
тАҚырыБы:  ҚАуіпСіздік  МектеБі.  
МеН ҮЙдеМіН 
Мектеп/Мұ: 
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:  
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар 
саны:
ұОҚ оқытылу 
мақсаттары
0.3.1.1. Үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу. 
0.3.1.2. Өрт пен газ қауіпсіздігі қызметінің байланыс нөмірлерін білу. 
Барлық балалар:
Үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсінеді. 
көпшілік балалар:
Байланыс нөмірлерін атайды: газ қызметі – 104, өрт сөндіру қызметі – 101, жедел 
жәрдем қызметі – 103, құтқару қызметі – 112. Үйдегі қауіпсіздік ережелері жайлы 
білімдерін қолданады. 
кейбір балалар:
Газ, электр құрылғыларын пайдалануды, балкондағы қауіпсіздік ережелерін, адам 
денсаулығы үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіреді.
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындайды. Ауызекі сөйлеу 
барысында белсенділік танытады.
көптілділік: отбасы – семья – family
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қауіпсіздік ережесі, газ қызметі, өрт 
қызметі, құлау, ток соғу. 
Пікір алмасу сұрақтары: 
Үтіктің қандай қаупі бар?


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау