4
Кіріспе
БҰҰ Даму мәселелері жөнідегі тобы Қазақстанның 2015 жылдан кейінгі кезеңде жаһандық
тұрақты дамуының күн тәртібі бойынша ұлттық консультациялар өткізу үшін 50 елдің бірі
ретінде және Шығыс Еуропа мен ТМД елдері аймағында өзінің жаһандық көруін ұсынатын
7 елдің бірі болып табылатындықтан таңдап алды. Қазақстанда ұлттық консультациялар
2012 ж. қазаннан бастап 2013 ж. наурызға дейін, 2000 астам адамның қатысуымен болып
өтті. Іс-шаралардың көпшілігі Астана, Ақтау, Алматы және Қызылорда қалаларында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткізілді. Негізгі мақсат даму мәселелері
бойынша инклюзивті және жемісті талқылау өткізу және жаңа жаһандық күн тәртібіне
арналған ұсыныстарды келісу болатын. Жаппай қамту/инклюзивтік консультациялар қазіргі
бар шақыруларға теңгерімдік көрініс беру үшін негізгі шарт ретінде атап өтілді. Осы есеп,
мемлекеттік секторды, азаматтық қоғамды, жеке секторды, ғылыми ортаны, жастарды,
жергілікті қоғамдастықтарды және халықтың осал топтарын қоса алғанда, барлық мүдделі
тараптардың қатысуымен жасалған ашық процестің нәтижесі болып табылады. Бұл есепте
берілген идеялар мен ұсыныстар осындай ашық диалогтың негізгі нәтижесі болып
табылады.
Консультациялар МДМ қол жеткізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін көрсетіп
отыр, мұндағы тиісті міндеттер, соның ішінде денсаулық сақтау және экологиялық
тұрақтылық салаларындағы, сондай-ақ кедейлікті төмендетуге, білімге және гендерге
қатысты 2007 ж. белгіленген міндеттер орындалған жоқ. Іс жүзінде МДМ өзінің өзектілігін,
әсіресе өсіп келе жатқан теңсіздікті жеңуге ұмтылыс жағдайында сақтап отырғанымен
консультацияларға қатысушылардың барлығы келісті. Талқылау барысында көтерілген
шақыруларға әртүрлі топтарға жататын қатысушылар үн қосты, бірақ осы шақырулардың
басымдылықтарын белгілеу кезінде айырмашылықтар байқалды. Тұтастай алғанда, төрт
қалада өткізілген консультациялар барысында мынадай жалпы шақырулар анықталды:
1) қоршаған ортаны қорғау; 2) денсаулық; 3) бейбітшілік және қауіпсіздік. Дәл осылай
белсенді белгіленген басқа салалар мыналар болып табылады: инфрақұрылым, жасыл
экономика, еңбекпен айналысу, тиімді басқару, аймақтық даму, білім беру, гендер, мәдениет
және жастардың игілігі мен кәсіби дайындығына байланысты мәселелер.
ҮЕҰ мен азаматтық қоғамдастықты қоршаған ортаның жай-күйі, халықтың осал топтарын
қорғау және мемлекеттік тиімді басқару сияқты мәселелер көбірек толғандырған кезде
мемлекеттік органдардың өкілдері инфрақұрылым, жасыл экономика және денсаулық
мәселелерін белсенді көтерді. Консультацияларға қатысқан түрлі топтар денсаулық пен білім
беру мәселелеріне тең мән береді. Бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері мемлекеттік
органдар мен ҮЕҰ үшін маңызды болып табылады және халықтың осал топтары мен
жергілікті қоғамдастықтар үшін маңыздылық дәрежесі аз болып шықты. Осылайша, соңғы
екі топ басымдылық ретінде еңбекпен айналысу және аймақтық даму мәселелері екенін атап
көрсетті. Талқылау барысында жастарға, отбасына және мәдени құндылықтарға көп көңіл
бөлінгені қызық болды, бұл ретте қатысушылардың түрлі топтары біріңғай пікір ұстанды.
Басшылық комитетінің отырысы кезінде консультациялардың нәтижесі Үкімет күткендей
болып шықты. Керісінше, өткізілген консультациялардың қорытындысын күшейте түскен
қосымша коментарийлер ұсынылды.
Осы есепте берілген консультациялар нәтижелеріне негізделген және даму саласындағы
жаһандық шақыруларды ескеретін 2015 ж. кейінгі кезеңде дамудың жаһандық күн тәртібі
үшін ұсыныстар берілді. Қазақстанда көптеген консультацияларға қатысушылар қол
жеткізілмеген МДМ, сондай-ақ қосымша мақсаттар мен міндеттерді жаңа күн тәртібі қамтуы
тиіс деп есептейді. Мемлекеттік органдардың бірқатар өкілдерімен, сондай-ақ БҰҰ
тарапынан басшылықпен болған кездесулер болуы мүмкін жаңа күн тәртібінің құрылымын
5
алдын ала жасауға және ол барлық елдердің мүддесін көрсетуі үшін, оның мазмұнын
белгілеуге көмектесті. Кездесулердің нәтижелері бойынша жаңа күн тәртібінің мазмұнын
келесі негізгі мәселелер бойынша құру керек: 1) инклюзивтік әлеуметтік даму; 2) әділ
экономикалық даму; 3) тиімді басқару; 4) экологиялық тұрақтылық; 5) бейбітшілік және
қауіпсіздік. Осы негізгі бағыттар, тұрақты және әділ даму үшін сыни маңызды болып
табылатын және түрлі мүдделі тараптардың пікірін білдіретін шақырулардың кең спекторын
қамтиды.
Қазақстанда алынған сабақтар
Қазақстан өзімен Шығыс Еуропа мен ТМД аймақтарында дамудың бірегей мысалын
көрсетіп отыр. Еліміз екпінді экономикалық даму жолына түсті және 1999 ж. игіліктің шұғыл
өсуі кезеңінде табысқа ие болды. Қазақстан табысы орташа деңгейдегі, халықтың жан
басына шаққандағы ЖІӨ біртіндеп өсіп келе жатқан ел болып табылады. Біршама жоғары
әлеуметтік
көрсеткіштер
Қазақстанға
экономикалық
өсуге
шоғырлан
уға мүмкіндік берді. ЖІӨ шынайы есептеуде негізінен әлемдік рынокта мұнайға, металға
және бидайға бағаның өсуі есебінен 1999 ж. 2,74% бастап 2006 ж. 10,7% дейін шұғыл өсті.
2007 ж. бастап әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан өсу қарқынының бәсеңдеуі
байқалды және 2012 ж. ЖІӨ өсімі 5,5% құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ
8 есе өсті. 1998 ж. 1 500 АҚШ дол. бастап 2012 ж. 12 мың АҚШ дол. өсті
1
. Қазақстанның
бай мұнай-газ ресурстары елді дамудың ағымдағы деңгейіне шығаруға мүмкіндік берді.
Осыған қарамастан, ресурстарды пайдаланудан алынған кірісті ұлттық экономикаға одан әрі
инвестициялау үшін табысты ұлттық экономикаға инвестициялай алу елдің қолынан келуінің
арқасында қол жеткізілді.
Үкімет өзіне табиғи ресурстарға қатты байланысты болу
экономиканы сыртқы әсерлерге осал ететініне есеп береді, сондықтан экономиканы
әртараптандыру және өмір сүру деңгейін көтеру үшін әлеуметтік секторға салу қажеттігін
мойындайды. Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік даму көбінесе ұзақ мерзімді
экономикалық даму адам әлеуетін дамыту нәтижесінде табысты болатын екі жақты
қозғалысы бар жолды еске түсіреді.
Ұлттық деңгейде Мыңжылдық даму мақсаттарын іске асыруда айтарлықтай табыстарға қол
жетті. Ғаламдық мақсаттар Қазақстанға халықтың әл-ахуалын жақсарту үшін бірқатар
маңызды мәселелерге шоғырландыруға көмектесті және Қазақстанның тәжірибесі мықты
саяси ерік бар кезде қысқа мерзімнің өзінде маңызды табысқа қол жеткізуге болатынына куә
болды. Денсаулық саласындағы міндеттерге қол жеткізілмегеніне қарамастан, бала мен ана
өлімін төмендетуде белгілі бір прогресс бары байқалады, сондай-ақ жаңғырту көптеген басқа
салаларда да білінеді. Мемлекет шығынының маңызды бөлігі денсаулық сақтауға
жұмсалады. Сондай-ақ адам капиталын дамытуға қомақты инвестиция бағытталған, бұл
Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының кепілі болып табылады. Үкімет сол сияқты
тұрғындар арасында теңсіздікті барын және «қоғамдағы адамдардың әлі де болса моральдық
жай-күйі мен қоғамдық күтулеріне әсер ететін кейбір тепе-теңсіздіктерді» мойындайды
2
.
Елдің даму стратегиясы шектеріндегі мұндай мойындаулар даму процесін анағұрлым тиімді
түрде бағыттау және іске асыру үшін маңызды болып табылады.
2011 ж. адамның даму индексі бойынша Қазақстан 187 елдің арасында 69 орынға ие болды,
бұл еліміздің адамның даму индексі жоғары елдердің қатарына енуге мүмкіндік берді.
3
Қазіргі уақытта Қазақстандағы халықтың 5,3% табысы күн көру минимумынан аз, бұл ретте
1
«Қазақстан-2050» Ұлттық даму стратегиясы,
http://www.akorda.kz
(деректер ағымдағы бағалармен)
2
Сонда.
3
БҰҰДБ Адамның ғаламдық дамуы туралы жаһандық баяндамадан, 2012 ж.