Бағдарламасы бойынша қазақстандағЫ Ұлттық консультациялар 2013 жылғы мамыр қазақстандағы БҰҰ Елдік командасы



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет18/21
Дата31.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27877
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

37

3-бағыт: Экологиялық тұрақтылық                                                                                                   

 

Рио+20 Конференциясы Рио Конвенциясы мен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік 



конвенциясының (БҰҰ КӨНК), Биологиялық алуан түрлілік туралы конвенция (БАК)й және 

БҰҰ  шөлейттенумен  күрес  конвенциясы  (БҰҰ  ШКК)  мемлекеттік  міндеттемелерін 

орындауды    іске  асыру  арқылы  тұрақты  дамуға  қол  жеткізудің  маңыздылығын  атап  өтті. 

Бүгінгі  таңда  осы  міндеттемелерді  орындаудағы  прогрестік  жеткіліксіздігі  ғаламдық 

масштабта  байқалады.      Жаңа  күн  тәртібі  қолданылатын  күшке  сүйенуі  және  қоршаған 

ортаны  қорғаудың  маңыздылығын  атап  өтуі  тиіс.  Осыға  байланысты  осы  бағыттың 

шеңберінде  Қазақстан мынадай мәселелерді шешуге күш салуды ұсынады: 

·  Экологиялық және табиғи ресурстарды жоғалту; 

·  Табиғи  ресурстарды тиімді пайдалану; 

·  Қалдықтарды іске жарату және қайта өңдеу; 

·  Көміртегі шығарындыларын қысқарту.  

 

Мұнай  мен  газды  және  басқа  табиғи  ресурстарды  өндіру  болуы  мүмкін  апаттар  мен 



қоршаған  ортаға  тигізілетін  зиянды  болдырмау  мақсатында  техникалық  және  экологиялық 

стандарттарға  сәйкес  болуы  тиіс.  Жасыл  экономика  мемлекеттің  табиғи  ресурстарды 

тұрақты  және  неғұрлым  төмен  экологиялық  жағымсыздықтармен  және  энергия  өндіру  мен 

энергия үнемдеудің жоғары тиімділігімен басқару мүмкіндігін күшейтуге көмектеседі.  

 

Мұндай  мақсаттар  энергияның  баламалы  көздеріне  (көміртегі  ізі)  қол  жеткізуді  және 



энергияның  баламалы  көздеріне  көшу  тиімділігін  бағалауға  мүмкіндік  беретін  негізді, 

өлшемді, сандық анықтауға келетін көрсеткіштермен сүйемелденуі тиіс.  

 

Таза  ауыз  суға  қол  жеткізуге  қатысты  аяқталмай  қалған  жұмысты  жалғастыру  қажет.  Оның 



үстіне,  елдерде  мониторингті    жүзеге  асыру  және  берілетін  судың  сапа  стандартына 

сәйкестігін қамтамасыз ету үшін таза ауыз суды анықтауға қатысты әмбебап стандарттар өте 

қажет. Суға қол жеткізуді анық өлшеу қажет. Ауылдық халық қоныстанған жерлерде бір ғана 

су  сорғысының  болуының  әрбір  үй  шаруашылығында  судың  барынан  айырмашылығы 

болады.  Санитария  (тазалық)  әлі  де  болса  проблема  болып  табылады    және  техникалық  

стандарттар енгізуден көпті талап етеді. Көптеген мазмұнда санитария – бұл менталитет пен 

өмір  сүру  түрінің  мәселесі  және  мұнда  сала  аралық  тәсіл  талап  етіледі.  Ұлттық  

консультациялар  барысында  Қазақстанда  санитария  мәселесі  проблема  ретінде  өте  сирек 

жағдайда    көтерілді,  бірақ  қатысушылардан  сұраған  кезде  олар  бірауыздан  санитария 

саласын  елеулі түрде жақсарту керектігін айтты.  

 

Осы  мақсаттар  шеңберінде  түрлі  тараптардың  –  үкіметтің,  азаматтық  қоғамның,  жеке  



сектордың және жеке адамдардың жалпы жауапкершілігі мен міндеттерінің болуы керектігін 

қатап  айту  қажет.  Экологиялық  тұрақтылық  жөніндегі  міндеттер  денсаулық,  білім  беру, 

«жасыл»  жұмыс  орындары,  азық-түлік  қауіпсіздік  және    урбанизация  сияқты  әлеуметтік 

және  экономикалық  даму  аспектілерімен  тығыз  байланысты  болуы  тиіс.    Қазіргі  бар 

экологиялық  проблемалар  туралы  және  олар  әртүрлі  секторлармен  қалай  байланысатыны 

туралы  хабардарлықты  көтеру  мақсатында  барлық  мүдделі  тараптарды  тартумен  әлеуетті 

нығайту қажет болады.  

4-бағыт: Тиімді басқару 

 

Ұлттық    консультациялардың  нәтижелерінен  шыға  отырып  басқару  құрылымын  нығайту 

ісінде  келісілген  іс-әрекетке  қажеттілік  бар.  Мемлекеттік  сектордың  тиімділігінің  төмендігі 

даму процесін баяулататыны аталды. Қызмет көрсетуді жақсарту мүмкіндіктерін қамтамасыз 

ету  үшін,  сондай-ақ  халықаралық  міндеттемлер  мен  дамудың    ұлттық    стратегияларын 

орындау мақсатында қазіргі бар құрылымдар мен институттардағы кемшіліктерді жою үшін 




 

38

механизмдер мен стратегиялар қажет.  Бұдан басқа, тұрақты дамуға белсенді көшумен бірге 



мемлекеттік  институттар  іс-әрекеттің  кәдімгі  барысынан  инклюзивті  және  тұрақты 

бастамаларды  қолдауға  көшуге    шара  қолдануы  өте  маңызды.  Адам  әлеуетін  өсіру 

және/немесе  дамыту  барлық  секторлардағы  институционалдық  әлеуетті  нығайтудың 

маңызды  құрамдауышы  болуы  тиіс.  Бұдан  басқа,  өзгеру  көздері  ретінде  халықтың 

анағұрлым  қорғалмаған  топтарын  тартуды  қоса  алғанда,    азаматтық  қоғамның  қатысуын 

кеңейту  арқылы  даму  бастамаларын  іске  асыру  барысында  үкімет  пен  даму  саласындағы 

серіктестер  үшін  ашықтық  пен  есептілікті  қамтамасыз  етудің  әсерлі  тетіктерін  әзірлеу 

орынды деп саналады.   

 

Жаңа күн тәртібінің шеңберінде тиімді басқару сияқты бағыт мыналарға бағытталуы тиіс:  



·  Мемлекеттік  басқарудың  тиімділігі  және  мемлекеттік  қызметтерді  тиімді  және  

сапалы көрсету;  

·  Халықаралық  міндеттемелер  мен  конвенцияларды  орындау  бойынша  мониторинг 

жүргізу және есеп беру; 

·  Босқындардың,  мигранттар  мен  азаматтығы  жоқ  адамдарды  қоса  алғанда  адам 

құқығын сақтау және қорғау; 

·  Консультациялар  өткізу,  мемлекеттік  стратегиялар  мен  бағдарламалар  жасау  және 

жоспарлау  кезіндегі  инклюзивтік.  Үкімет,  азаматтық  қоғам  және  жеке  секторлар 

арасындағы  диалогты  ілгерілету,  соның  ішінде    мұндай  диалогтарға  жастар  мен 

маргиналдық топтарды қатыстыру.   

                                                                                                                                                                       

 5

-бағыт

: Бейбітшілік және қауіпсіздік 

 

Бейбітшілік  пен  қауіпсіздік  мәселелері  тіпті  бүгінде  саяси  және  экономикалық  тұрақты  ел 



болып  табылатын  Қазақстан  сияқты  елде  де  халықты  толғандырады.  Аймақтық  қауіпсіздік 

Орталық  Азияның  оңтүстігіндегі  тұрақсыздық  жағдайын,  сондай-ақ  орталықтандырылған 

аймақтардағы  әркелкі  дамуды  ескере  отырып  ерекше  алаңдауды  тудырып  отыр.  Көрші 

мемлекеттерде  этникалық  негіздегі  жуырда  болған  қақтығыстар,  лаңкестіктің  өсуі,  саяси 

жағдайды тұрақсыздыққа алып келетін даулар, діни экстремизм мен ғаламдық масштабтағы 

басқа зорлықтар бір де бір елге тұрақтылық кепілдігін бермейді.  Халықтың орын ауыстыруы 

келешекте  көп  тәртіпсіздік  әкеле  отырып  кейбір    орталықтандырылған  аймақтарда  қазіргі 

бар  нәзік  жағдайға  әсер  етуі  мүмкін  деген  қауіп  бар.  Сондықтан  жаңа    ғаламдық  күн 

тәртібінде    бүкіл  әлемдегі  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қолдау  ұсынылып  отырғанын  атап 

өту ұсынылады.  

 

Бейбітшілік  пен қауіпсіздікті қолдау БҰҰ мандатының негізінде жатқанын, және әуел баста 



БҰҰ  құруға  себеп  болғанын  ұмытпау  керек.  Жаңа  күн  тәртібі  БҰҰ  бейбітшілік  пен 

қауіпсіздікті тұрақты даму күн тәртібінің ортасына қоюға мүмкіндік береді.  Ол сол сияқты 

МДМ  күн  тәртібінен  шығарылып  тасталған  миллиондаған  адамдарды:  қашқындарды, 

қақтығыстар мен әскери әрекеттер аймағында болған адамдарды  қамтуға мүмкіндік береді. 

БҰҰ  адамзат  үшін  қойып  отырған  жаңа  мақсаттарда  бұл  жағдайда  БҰҰ  жұмысының 

гуманитарлық    аспектісі  көрінуі  тиіс.    Осы  бағыттар  шеңберіндегі  міндеттер    шекараны, 

қылмыс  пен  зорлықты,  қауіпсіздікті,  саяси  тұрақтылықты,  аймақтық  дауларды  және  т.б. 

басқару  мәселесіне  қатысты  болуы  және  қауіпсіздік  проблемасы  ғаламдану  және  қазіргі 

заман  әлемінің  қауіпсіз  болмауы  жағдайында  шын  мәнінде  өзекті  болып  отырғандықтан 

көптеген  елдер  үшін  өзекті  болуы  мүмкін.  Сондай-ақ  Қауіпсіздік  кеңесінің  әйелдер,  әлем 

және қауіпсіздік туралы қарарын тиімді орындауды қамтамасыз ету ұсынылады

 41


.  

                                                         

41

 

Қауіпсіздік кеңесінің 2000 ж. 31 қазанда қабылданған  әйелдер, әлем және қауіпсіздік туралы қарары 



(S/RES/1325) 

 



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау