Бағдарламасы Бағдарламаның Паспорты 3 Кіріспе 5



жүктеу 0,65 Mb.
бет11/12
Дата14.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#19420
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5.4. Адами капиталды дамыту


Кадрлар біліктілігі саласында Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін білім беру жүйесі ең үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес толығымен жаңартылатын болады. Жаңа білім беру деректер мен формулаларды жаттап алуға емес, ең алдымен ақпаратты талдау дағдылары мен креативті ойлаудың дамуына екпін қойып, цифрлық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін болады.

Орта,техникалық және кәсіптік, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру

Орта білім беруде жас ұрпақтың бойында шығармашылық қабілеттер мен сыни ойлауды дамыту мақсатында 2-ші сыныптан бастап «Бағдарламалау негіздері» пәні қадам бойынша енгізілетін болады. Сондай-ақ, 5-11 сыныптардың бағдарламалары, ең алдымен STEM-элементтердің (робототехника, виртуалды шындық, 3D-принтинг және басқалары) қосылуын ескере отырып, бағдарламалау тілдерін қайта қарау бөлігінде өзектендірілетін болады.

Дарынды жастарды дамыту және қолдау мақсатында робототехника мен бағдарламалау бойынша тұрақты хакатондар, олимпиадалар мен конкурстар, сондай-ақ түрлі үйірмелер жүргізілетін болады.

Бұл ретте жетілдіру және жаңа білімді игеру үшін жаңа цифрлық технологиялар бойынша тұрақты негізде мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру қамтамасыз етілетін болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында студенттердің ресурстар мен білімдерге қолжетімділігін арттыру бойынша орта білім берудегі сияқты шаралар (оның ішінде хакатондар, олимпиадалар, конкурстар және оларға дайындық инфрақұрылымы) жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, кәсіби стандарттар мен еңбек нарығының талаптары негізінде үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары өзектендірілетін болады. Жаңа үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары кодтау дағдыларын дамытуды есепке ала отырып, жобалау, әкімшіліктендіру және тестілеу саласында білімдері бар мамандарды дайындауға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды базалық цифрлық дағдыларға үйрету мақсатында «Информатика» пәні енгізілетін болады.

Қосымша АКТ қолдану жөнінде құзыреттер қарастырылған білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курстары жүргізілетін болады.

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында да кәсіби стандарттар мен еңбек нарығының талаптары негізінде барлық мамандықтар бойынша «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін енгізуді ескере отырып, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары өзектендірілетін болады.

Өндірісті талап етілген мамандармен қамтамасыз ету мақсатында АКТ саласындағы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны қайта қарастырылатын болады.

Индустрия мен білім беруді жақындастыру үшін еліміздің ЖОО оқу процесіне бюджеттен тыс қаражаттар есебінен еліміздің ЖОО базасында құзыреттілік орталықтарын ашу арқылы кәсіпорындар өкілдері тартылатын болады. Сонымен қоса, экономика салаларының АКТ жобаларының аясында кәсіпорындарда студенттерге арналған курстар өткізілетін ЖОО АКТ кафедралары ашылатын болады.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау)

Кадрларды қайта даярлау саласында жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде халықты, оның ішінде жұмыссыздарды талап етілген цифрлық дағдыларға оқытуды, қайта оқытуды жүргізетін болады. Сондай-ақ осы іс-шара орта және шағын бизнес өкілдерін қамтиды.

Қажетті дағдыларды алуға тілек білдірушілер үшін білім беру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ашық білім берудің ұлттық платформасы құрылады, ол ең алдымен, талап етілген инженерлік-техникалық бағыттар бойынша базалық дайындықты қамтамасыз ететін онлайн курстарды ұсынады, оған қазақстандық университеттерінің үздік профессорларының және өндіріс өкілдерінің үлкен ұжымдары тартылады.

Сонымен бірге, өмір бойы оқу тұжырымдамасын қолдана отырып, кәсіпорындар мамандықтардың коммуникативтік және техникалық дағдыларын күшейту арқылы мамандарға арналған корпоративтік оқытуды өткізетін болады.

Жалпы алғанда, Бағдарлама бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін оқу орындары мен кәсіпкерлер арасында өзара әрекеттесуді күшейтуге мүмкіндіктер ашатын болады.

5.5. Инновациялық экожүйені құру


2022 жылға қарай бұл бағытты табысты іске асуы мынаны білдіреді:

  1. Қазақстанда бастамашылық жасалған технологиялық-стартап жобалар санын және олардың капиталдандыру жиынтығын көбейту.

  2. Қазақстанда жылдам өсетін экожүйе қажеттіліктерін қамтамасыз ететін венчурлік капиталдың жеке меншік кәсіби саласының болуы.

  3. Қазақстандық стартаптардың халықаралық аренадағы «сәттілік тарихы», оның ішінде «экзиттер».

Ұзақ мерзімді перспективада мақсаттар Қазақстанда «алпауыт» және жоғары капиталдандыруы бар кішігірім компанияларды құру, сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасау болып табылады. Ол үшін қажетті институционалдық жағдайлар, сондай-ақ инновациялық қызметті ынталандыру шаралары, венчурлік қаржыландыру, технологиялық кәсіпкерлікті құру және дамыту шаралары жасалатын болады.

Жоспарланған инновациялық экожүйе экономиканың секторларын қайта құру драйвері болады. Өз кезегінде, ШОБ, өнеркәсіп кәсіпорындары, квазимемлекеттік сектор және мемлекет инновациялық қызметті қалыптастыру мен қолдаудың толық циклін алу үшін құрылған инновацияларға сұраныс тудырады.

Елде инновациялық экожүйені құрудың маңызды нәтижесі Қазақстанда шыққан технологиялардың үлесін арттыру болады.

Инновациялық даму алаңдарын қолдау

Бұл бастама бойынша негізгі серпінді іс-шара цифрлық экономика салаларын қолдау және дамыту бойынша іс-шаралар іске асырылатын ИТ - стартаптардың халықаралық технопаркін (Astana hub) іске қосу болып табылатын болады. Бұл үшін Astana hub-ты бүкіл Қазақстан мен ТМД-дан, сондай-ақ басқа елдерден де инновациялық қызметті тарту орнына айналдыруға қажетті реттеуіш жағдайлар ұйымдастырылады. Astana hub Израиль, Калифорния, Сингапур және Берлин сияқты халықаралық IT кластерлер жүйесіне енетін болады, және өзінің резиденттерін халықаралық нарыққа шығару үшін көпір болады.

Бұдан басқа, бастама инновациялық дамудың қолданыстағы инфрақұрылымы – Қазақстан Республикасының инкубаторлары мен акселераторларының сапасын жақсартуды, сондай-ақ заңнаманы бейімдеуді, оның ішінде стартаптар үшін қаржылық және салық жеңілдіктерін құруды және зияткерлік меншікті қорғауды жетілдіруді көздейді.

Технологиялық кәсіпкерлікті және стартап-мәдениет пен ҒЗТКЖ-ны дамыту

Барлық табысты инновациялық экожүйелер әлем үшін ашық және адами капитал үшін бәсекелеседі. Бағдарлама шеңберінде Қазақстанға технологиялық кәсіпкерлерді, ғалымдарды және басқа да білікті мамандарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Шетелдік кәсіпкерлер мен технологиялық мамандар – жергілікті стартаптардың экожүйесін дамыту үшін қажетті өзіне тән ноу-хаудың көзі болып табылады. Олардың тәжірибесі, сондай-ақ зерттеу мен әзірлеме, кәсіпкерлік, басқару технологиялары – шетелдік мамандар бөлісуге қабілетті барлық жетістіктері - стартаптардың жергілікті экожүйесін қалыптастыруды жеделдетуге көмектесе алады. Бұдан басқа олар мәдениет пен білімнің алуан түрлілігін қамтамасыз етеді, болашақта экожүйенің және де оның әрбір қатысушының бәсекелік басымдығы бола алар еді.

Шетелдік мамандарды және ғалымдарды тарту міндеті, бірінші кезекте, олардың жұмыс істеуі мен тұруына, қауіпсіздігіне және бәсекеге қабілетті сыйақыларына қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Ұзақ мерзімді жоспарда мұндай мамандарға өздерінің әзірлемелерін нақты пайдалану, елдің цифрлық экономикасын құруға қатысудың нәтижелілігінің куәліктері ұсынылатын болады.

Осыған байланысты e-residence (электрондық резиденттік) ұғымын енгізу мүмкіндігі қарастырылады, ол белгілі бір себептермен Қазақстан Республикасының резиденттігінен бас тартқан шетелдіктер үшін Қазақстан аумағында бизнесті жүргізуге мүмкіндік береді.

Шетелдік зияткерлік капиталды тартумен қатар, Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметінің сапалы жаңа деңгейге шығуы қамтамасыз етілетін болады. Ол үшін Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру тетіктерін әзірлеу, кәсіпкерлік мектептерін ашу, сондай-ақ ірі халықаралық IT-компанияларды өздерінің зерттеу орталықтарын ашуға тарту ұсынылады. Инновациялық қызмет іргелі және қолданбалы ғылымсыз мүмкін емес.

ҒЗТКЖ-ны дамыту үшін еліміздегі стартаптар және жетекші ЖОО арасында өзара әрекеттесу қамтамасыз етілетін болады. Осы мақсатта Үкімет жетекші ЖОО-мен бірлесіп стартап командалар алатын мақсатты ғылыми гранттарға тапсырыстарды белгілейді.

Бұдан басқа, мемлекет трансұлттық компаниялардың өз өнімдерін әзірлеуді шектеуді, сондай-ақ Қазақстан аумағында серпінді технологияларды сынақтан өткізуді ынталандыру үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етеді. Ол үшін технологиялық әзірлемелер бағытының қысқаша тізімі анықталатын болады және өз елдеріндегі қолданыстағы заңнаманы бұзу тәуекелінсіз әлемнің кез келген компаниясына бақыланатын ортада оларды тестілеуге заңнамалық мүмкіндік беріледі. Бұл механизм негізінен қаржылық технологияларда қолданылады, алайда оны басқа салаларға да таратуға болады.

Сонымен қатар осы бастаманың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті тегістей тарату. Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдаудан басқа табысты технологиялық кәсіпкерлер тарапынан стартаптарға арналған тәлімгерлік бағдарламалары және жетекші ЖОО студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту (Израиль мысалында) сияқты мақсатты механизмдер іске қосылатын болады. Бұл тәжірибені сонымен қатар тым ертерек кезеңге - мектепте де қолдануға болады.

Венчурлік қаржыландыруды тарту

Инновацияларды дамыту тағы бір қажетті шартты – венчурлік капиталдың мемлекеттік емес кәсіптік секторын құруды талап етеді. Венчурлік саланың дамуы стартап-компанияларды қаржыландыру үшін заңнамалық базаны бейімдеуді, оның ішінде жеке инвесторлардың қызметі реттейтін, венчурлік инвестициялар туралы Заңның жобасын әзірлеуді талап етеді.

Жеке венчурлік инвестицияларды дамыту және реттеумен қатар, Қазақстанға кәсіби венчурлік қорларды тарту бойынша шараларды әзірлеу және ендіру талап етіледі. Венчурлік қорларды үйлестіру және қолдау үшін «AstanaHub» технопаркі базасында бірлесіп инвестициялау қорын құру, ол бастапқы кезеңде жеке инвесторлар үшін тәуекелдердің төмендеуін қамтамасыз етеді. Кейіннен, Израильдің тәжірибесіне сәйкес бұл қордың рөлі азайып, жеке секторға жол ашады.

Сонымен қатар, мемлекеттік инвестициялар қайтарылатын және ақылы негізде жүзеге асырылады, ал венчурлық индустрия - бұл салынған 10 жобаның 1-2 -де табыс әкелуі мүмкін тәуекелділігі жоғары индустрия болып табылады. Сондықтан бірлескен инвестициялық қор коммерциялық емес ұйым түрінде квазимемлекеттік және жеке секторлар есебінен құрылады. Коммерциялық емес ұйымның мәртебесі ұйымға инвестицияланған қаражатты мақсатты пайдалануды қадағалауға мүмкіндік береді, алайда әрбір нақты инвестициялар бойынша кірістілікті талап етпей, тек инвестициялық портфельдің көрсеткіштерін тұтастай бағалайды.

Кәсіби қаржы ұйымдарынан басқа венчурлік қаржыландырумен Қазақстандағы ірі корпорациялар өздерінің корпоративтік венчурлік қорларын ұйымдастыру арқылы айналыса алады. Бұл тәжірибе көптеген жаһандық телекоммуникация операторларына, технологиялық компаниялар мен екінші деңгейдегі банктерге тән. Мемлекет бірлескен инвестициялар немесе басқа ынталандыру шаралары арқылы мұндай қорларды құруға жәрдемдесуі мүмкін.

Инновацияға деген сұранысты қалыптастыру

Жоспарланған инновациялық экожүйе экономика секторларының түрлендірудің драйвері болады. Өз кезегінде ШОБ, өнеркәсіп кәсіпорындар, квазимемлекеттік сектор және мемлекет инновациялық қызметті қалыптастыру мен қолдаудың толық циклін алу үшін құрылатын инновацияларға сұранысты тудырады.

Инновациялық даму шеңберінде бірлескен кәсіпкерлік (корпоративтік инновациялар және суперкластерлер) үшін жағдайлар жасалады, олардың шеңберінде жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік беретін басым технологиялар анықталатын болады. Басым технологиялар үшін қолайлы нормативтік-құқықтық орта қалыптастырылады және корпорациялар, оның ішінде трансұлттық компаниялар тартылады. Сондай-ақ басқа халықаралық инновациялық кластерлермен, оның ішінде ЕАЭО/ШЫҰ елдерінен және басқа елдермен серіктестік қатынастар орнатылады. Қазақстан бірлескен R&D қызметті жүзеге асыру үшін EUREKA қатысушы елдерімен ынтымақтастық орнатуы тиіс.

Корпоративтік инновацияларды дамыту мақсатында оқытулар мен семинарлар өткізу арқылы корпоративтік инновацияларды енгізуді қолдау үшін корпорациялардың басым тізбесі айқындалады. Осы корпорациялармен инновациялық процестерді жаңа деңгейге шығару үшін, оның ішінде корпоративтік венчурлік қорлар, стартаптармен (коллаборативті инновациялармен) ынтымақтастық және т.б. арқылы түрлі мүмкіндіктер талқыланады.

Сондай-ақ ірі компаниялардың инновациялық қызметін қолдауға және танымал етуге ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшін инновациялық процесте мемлекет ірі жеке және ұлттық компанияларды тартады:

1. Ірі компаниялардың айналасында инновациялық экожүйелерді құру үшін инновациялық жобаларды («коллаборативтік инновациялар») іске асыруға стартаптармен байланыс орнатуда жәрдемдесу.

2. Бейінді қызметте цифрлық технологияларды енгізу үшін ынталандырма құру.

Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру ел халқының өмір сүру сапасын арттыру бойынша Бағдарлама мақсатына қол жеткізуде өз үлесін қосады.




жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау