ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
143
Үғы м дарды ң қрры ты нды сы
Негізгі және қосалқы топтар
Ерекш елік
Н егізгі топ тар
Қ осалқы топ тар
Көлемі
Шағын
Үлкен.
Қарым-қаты нас
Жеке, ж ақы н
Жеке емес, әлсіз.
Байланыс
Бетпе-бет
Тікелей емес: хабарламалар.
Ұзақтығы
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді.
Өзара ж а қ ы н д ы қ
Өте күш гі, бір-бірінё
беріледі
Әлсіз, бір адамга
бағы тталған.
Шешімдер
Дәстур мен адам и сезімге
негізделген
Ережелер мен рационалды
ойлауға негізделген.
Әлеуметтік
қуры лы м ы
Бейресми
Ресми: қызм ет дәрежесі,
кеңселер, ж иналы стар, т.с.с.
Негізгі м ақ сат
Экспрессивті
қаж еттіктерді
қанағаттанды ру:
эмоционалды қ қолдау
көрсету және әлеуметтік
и нтеграци ялау
И нструменталды қ
мақсаттарды орындау:
белгілі бір
тапсырмаларды
жүзеге асыру.
жерін ауыстырады, басқа адамға үйленеді немесе отбасынан жыраққа
көшіп кетіп жатады. Дәстүрлі негізгі топтардың рөлі төмендеуінің сал-
дарынан адамдар қазір қосалқы топтарға көбірек сенім арта бастады.
Топтағы өзара әрекет
Біздің өміріміздің көп бөлігі әртүрлі топтарда өтеді. Оларға жүмыс
топтарын, отбасылық топтарды және қатарластар тобын жатқызуға
болады. Сонымен бірге білім беру мекемелеріндегі пікірталас топтары
мен комитеттерді әр жерден кездестіре аламыз. Бірақ біз сол топтар-
I
Біз қатысатын топтардың көбінде
I негізгі және қосалқы топтардың
сипаттамалары аралас болып келеді.
Бастауыш сынып қосалқы топ болып
саналады, дегенмен мунда қалыптасқан
достықб, 12 тіпті 40 жылға дейін
созылады.
144
5-ТА РАУ
5.1-СЫЗБА. Коммуникация үлгілері
Коммуникация үлгісі дербес
қатысушылар мен басқа да факторларға
әсеретуі мүмкін. Әрбірфигурадағы
шеңберлер жеке тұлғаларды, ал
сызықтар коммуникация бағытын
білдіреді. Желінің барлық арнасының
үлгісі өзара әрекетке түсуге үлкен
мүмкіндік береді және қатысушылар
мәртебесінде айтарлықтай
айырмашылықтар болмаған кезде
жиі кездеседі. Керісінше, дөңгелектің
үлгісі, мысалы, бір адамның басқаларға
қарағанда мәртебесі мен әлеуеті жоғары
болған жағдайда жиі кездеседі
Дөңгелек
Т о п т а ғы ы н т ы м а қ т а с т ы қ -
топ мүшелерінің өзара қарым-
қатынасының жоғары деңгейімен,
өзара күшті сезімімен және бір-
біріне тәуелділігімен сипатталады.
дың қайсысына жататынымызға қарамастан, олардың қызметі сол
топ мүшелері арасындағы қарым-қатынастың сапасына байланыс-
ты. Бұл бөлімде шағын топтардағы өзара әрекеттерге эсер ететін кей-
бір маңызды факторлар қарастырылады. Өзара әрекеттесуге топтың
көлемі, адамдардың физикалық жақындығы, коммуникация үлгілері
және топ мүшелерінің ынтымағы эсер етеді.
Топтыңкөлемі
Көлемі жағынан ең шағын топ екі адамнан тұрады. Топтағы адамдар
саны уш, төртке жетіп және одан да көбейген сайын оның сипаты да
өзгереді. Топтың әрбір мүшесі өз пікірін бөлісіп, шешім қабылдауга
үлес қосады: 15 студенттен тұратын топ пен 500-ден астам студенттен
тұратын тоитың арасындағы айырмашылықты ойлап көріңіз. Көп
жағдайда үлкен топ үлкен мәселелерді шешіп, жауабын таба алады.
Үлкен топ көп идеяларды іске асырғанмен әрбір адамның топқа эсер
ету мүмкіндігі төмендейді. Топтың көлемі артқан сайын топ мүше-
лері арасындағы өзара іс-әрекет дербестігі, сондай-ақ олардың дара-
лығы мен жеке қанағаттанушылығы төмендей түседі.
Ton мүшелерінің физикалық жақындығы
Ton мүшелері физикалық тұрғыдан бір-біріне жақын болған сайын
олардың өзара әрекетке түсуі жиірек болады.
Бұл зертханадан тыс жер-
де де орын алады. Мәселен, дәрісханада сіз отырған қатардың шетінде
отыратын немесе сіз тұратын дәліздің аяғындағы бөлмеде тұратын
студенттен гөрі өзіңіздің жаныцызда отыратын немесе көрші бөлмеде
тұратын студентпен жақынырақ болуыңыз ықтимал.
Коммуникация үлгілері
Топтағы коммуникация үлгісі өзара әрекеттесуді жецілдетуі немесе, ке-
рісінше, оған кедергі келтіруі мүмкін. 5.1-сызбада бес адамнан тұратын
топтарға тән жалпы коммуникация үлгісі көрсетілген. Қатысушылар-
дың тең дәрежеде әрекет етуін қамтамасыз ететін коммуникация үлгі-
сі - желінің барлық арнасы. Коммуникацияның бұл үлгісінде әрбір адам
топтың әр мүшесімен бірдей қарым-қатынаста болады және олардың эр-
қайсысытоптың назарын өзіне аудара алады. Шеңбер бойына орналасқан
қарым-қатынас үлгісінде адамдардың тек екі жағындағы көршілерімен
ғана сөйлесуге мүмкіндігі бар. Байланыстың бұл үлгісі өзара әрекеткетү-
суді төмендетеді. Топтың жеке мүшесіне басқалардан артық мумкіндік
берілмейді. Байланыстың соңғы дөңгелектік үлгісінде басымдық тек бір
адамға беріледі. Мысалы, дәстүрлі дәрісханада студенттер бірінші кезек-
те басқа студенттермен емес, оқытушымен қатынаста болады.
Ынтымақтастық
Топтар өз мүшелерінің арасындағы ынтымақ, ауызбірлік деңгейімен
де ерекшеленеді. Бірікгірілген топ осы топқа қосылудың күшті сезім-
дерімен және топты бірге ұстайтын қарым-қатынас желісімен сипат
талады (Moody and White, 2003). Шағын топ мүшелері
басқа шағын топ
мүшелерімен жақсы байланыста болған жағдайда ынтымақтастық
күшті болады. Егер топ мүшелері бір-бірімен емес, топ басшысымен
көбірек қарым-қатынаста болса, онда ынтымақтастық әлсірей түседі.
Ton мүшелері өздерінің жетістікке жетуі топқа байланысты екенін
түсінген жағдайда топ өз мүшелеріне үлкен талап қоюы мүмкін. Мэ-
селен, ынтымагы күшті кейбір топтар өз мүшелерінің киім киісін