Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет59/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   147

ТОПТАР,  ЖЕЛІЛЕР  ЖӘНЕ  ҰЙЫМДАР
137
кетсе де оны бірлесіп алып отырған. Демек, героинді бөлісу тек эконо- 
микалық шешім болған жоқ, олар сол арқылы достық пен әлеуметтік 
байланыс орнатуды көздеген.
Қатысушы тараптар бірдеңе  алып қала алатын айырбас қарым- 
қатынас  қана  өміршең  болады.  Дегенмен  оның  өтемі  бірдей  болуы 
міндетті  емес,  бірдей  бола  да  бермейді.  Оның  үстіне,  қатысушы  та- 
раптардың  ықпал-куші  де  әркелкі.  Бағалы  ресурстарға  көбірек  ба- 
қылау орнататын адамның билігі де үнемі күшті болады. Айталық, 
футбол  командасының  капитаны  (немесе  бандының  басшысы)  үмі- 
ті тым аз болса да «қыздар менімен жақсы  қарым-қатынаста болғы- 
сы келеді» деп ойлайды, яғни басқа  балама мүлде жоқ болған кезде 
ғапа тең емес қарым-қатынас орнауы мүмкін (Molm 2003; Stolte, Fine 
& Cook, 2001).
Ынтымақтасу
Ортақ  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  бірлесе  жұмыс  істеуді  ынтымақ- 
тасу дейміз. Айырбас деген -  алыс-беріс, яғни «мен саған бердім, енді сен 
маған бер» деген  қағидаға  сүйенеді. Ал  ынтымақтасу -  ортақ  мақсатқа 
жету үшін  бірлесе  жұмыс  істейтін  адамдар тобының  бірлесуі,  яғни  ко- 
мандалықжұмыс. Мәселен, көше қиылысындағы «жол бер» деген белгіні 
алайық. Біз мүндай белгіні көргенде жылдам өтіп кетуге тырыспаймыз, 
себебі  кезекпен  өтсек  қана  жылдам  әрі  қауіпсіз  болатынын  түсінеміз. 
Ұзаққа созылатын қарым-қатынастардың көбінде ынтымақтасу элемент- 
тері  болады.  Ерлі-зайыптылар  балаларды  өсіру  мақсатында,  ал  оқушы- 
лар мұғалімді алдау үшін ынтымақтасады.
Сондай-ақ  ынтымақтасу  бұдан  да  кеңірек  қоғамдық  деңгейде 
жұмыс  істейді.  Көршілер  үйдің  жанынан  биік  ғимарат  салғызбау 
үшін күресте ынтымақтасады,  ал  бүкіл  ел  тұрғындары мүқтаж жан- 
дар медициналық қызмет ала  алуы үшін салықты көтеруге  келіседі. 
Адамдар  ортақ  қатер  төнгенде,  өздерінің жеке  экономикалық мүдде- 
лерін қорғау керек болғанда немесе сол қауыммен арадағы байланыс- 
ты сезінгенде ынтымақтасуға бейім тұрады (Van Vugt & Snyder, 2002).
Бәсеке
Кейде  адамдар  айырбас  немесе  ынтымақтасу  арқылы  мақсаттарына 
жете  алмайды.  Егер  менің ұйықтағым  келсе,  ал  сіз даңғырлатып  му­
зыка  ойнағыңыз  келсе  немесе  екеуіміз  бірдей  жұмыс  істегіміз  келсе 
біреуіміз  мақсатымызға  жете  алмаймыз.  Мұндай жағдайда 
б э с е к е
 не 
к о н ф л и к т
 туындайды.
Бәсеке -  ортақ ережелермен реттелетін қат ресурстар үшін күрес- 
тің  кез  келген  түрі.  Ережеде  әдетте  қандай  жағдайда  жеңістің  әділ 
болатыны,  жеңіліске көну керектігі айтылады.  Нормалар  сақталмай, 
ережелердің бұзылғаны анықталғанда бәсеке конфликтіге ұласады.
Бәсекенің  оң  нәтижелерінің  бірі -   адамдарды  жетістікке  жетуге 
ынталандырып,  шабытын  арттыруы.  Бұл,  сонымен  қатар  кісіні  күй- 
зеліске душар  етіп,  ынтымақты  әлсіретіп,  әлеуметтік теңсіздік туды- 
рады (бұл туралы 7-9-бөлімдерде айтылады).
Бәсеке  көбіне  өзгеріске  алып  келетіндікген  тұрақтылықты  қа- 
лайтын топтар  бәсекені болдырмайтындай күрделі  ережелер  ойлап 
табады.  Әсіресе  достар  мен  ерлі-зайыптылар  сияқты  бейресми  топ- 
тардағы  бәсеке  қиын  жағдайда  жүреді.  Жолдастығын  сақтап  қал- 
ғысы  келетін достар  қүны  жоғары  нәрселер  үшін  бәсекеге  түспейді. 
Олар компьютер  ойынындағы ұпай үшін жарысқанымен бір-бірінің
әлеуметтану және 
сіз
Қыз бен жігіттің кездесуі кезінде 
де өзара алмасу нормасы жұмыс 
істейді. Егер сіз жігіт ретінде 
қызды мейрамханаға шақырсаңыз 
я киноға апарсаңыз ол да сізге 
ілтипат білдіріп, ерніңізден сүюі 
немесе басқа бір жақсы әрекет 
жасауы керек деп ойлайсыз. Егер 
сіз қыздыц орнында болсаңыз 
жігітке қарыздар болып қалғандай 
сезініп, өзіңізге үнамайтын 
әрекеттер жасап, оған алғыс айта 
бастауыңыз мүмкін. Кімнің кімге, 
не үшін қарыздар екендігіне 
келіспеген жағдайда жігіт пен 
қыздың арасына сызат түсіп, 
бір-біріне ренжіп, ұрсысуы, тіпті 
зорлауға дейін баруы ықтимал.
Ы н т ы м а қ т а с у  -  ад ам д а р д ы ң  ортақ 
м а қ с а т т а р ға  ж е т у  ү ш ін  бірлесе 
ж ұ м ы с істеуі.
Бәсеке 
-  қ а т  ресурстар ж о л ы н д ағы  
о р т а қ  ер еж е л ер м ен  р е т т е л е т ін  
күрес.


138
5-ТА РА У

Қатресурстарүшінкүрес(мәселен, 
I   балаларарасындағыойыншық 
үшін талас), әділ ойынныңережелерін 
айқындайтын нормаларға сүйенбеген 
жағдайда конфликт туындайды.
әйелдері  үшін  бәсекелеспейді.  Сол  сияқты  ерлі-зайыптылар  да  бала- 
ның  өзіне деген  махаббаты  үшін  бәсекелеспейді,  себебі  мүндай  бәсе- 
кенің некеге кесірі тиетінін біледі.
Конфликт
Қат ресурстар үшін күрес ортақ ережелермен реттелмеген болса, онда 
конфликт  шығады.  Ешқандай тактикаға  тыйым  салынбағандықтан 
кез  келген жағдай  болуы  мүмкін,  яғни  бір  тарап  екінші  тарапты жа- 
рақаттауға, бейтараптандыруға тіпті жойып жіберуге тырысуы ықти- 
мал. Бұл шиеленіс ынтымаққа емес, бөлшектенуге жетелейді.
Солай  бола  тұра  бөтен  адамдармен  келіспеушілік топтың  бірлігін 
нығайтады.  Ұлы  державалардың  я  бандылардың  арасында  шиеленіс 
болып тұрса  да  «ортақ жауға  қарсы жұмылу»  топ  мүшелерін  өз  арала- 
рындағы қызғаныш пен дүрдараздықты ұмытып, бірлесе жүмыс істеуге 
жүмылдырады.  Ұлттан  бастап  мектепке  дейінгі  аралықтағы  топтарда 
«сыртқы жаумен» соғыс ішкі қақтығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.
Конфликт - қат ресурстар 
жолындағы ортақ ережелермен 
реттелмейтін күрес; мұнда 
бір тарап екіншісін жойып 
жіберуді, жарақаттауды не 
бейтараптандыруды көздеуі 
мүмкін.
Ton - ортақ әлеуметтік құрылым 
негізінде әрекеттесетін және бір- 
біріне тәуелділігін мойындайтын 
екі немесе одан көп адамдардың 
қосындысы.
Топтар
Әлеуметтік  әрекегтестіктің көп  түрі топтар  арасында  жүреді.  Ton де- 
геніміз -  екі  немесе одан да  көп адамдардың қосындысы.  Топтың екі 
ерекшелігі бар:
1) оның мүшелері мәртебелердің, рөлдердің және нормалардың ортақ 
әлеуметтікқұрылымында өзара әрекеткетүседі; 2) оныңмүшелері бір-бірі- 
не тәуелді екенін мойындайды. Топтар үлкен немесе кіші, ресми немесе 
бейресми болуы мүмкін. Қос ғашықты да, студенттік клуб мүшелерін де, 
Toyota компаниясы қызметкерлерін де топтарға жатқызуға болады.
Топтың  ерекшелігі  басқа топпен  салыстырғанда  білінеді.  Бір  жа- 
тақхана тұрғындары, таз кісілер, венгерлер деген сияқты бірдей ерек- 
шелігі бар адамдарды топтардың қатарына жатқыза алмаймыз, себебі 
олар  бірін-бірі үнемі көрмейді,  бір-бірімен жиі  араласпайды.  Автобус - 
тың  ішінде,  яки  кинотеатрда  уақытша  жинала  қалған  халықты  да 
топқа жатқыза  алмаймыз,  себебі олар бір-біріне тәуелді емес.  Оларда 
ортақ нормалар бар болғанымен (мәселен, «қасыңдағы адамға тесіліп


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау