Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет57/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   147

ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
131
Үғы м дарды ң қоры ты нды сы
Себептің екі түрі
Әлемде  саяси  идеологи ян ы ң   оң ш ы л  ж әне  солш ы л  экстрем истері  өз  мақ- 
саттарына ж ету  ү ш ін   терроризм ді  п ай д ал а н ы п   келеді.  Қолға  түскен  жағ- 
дайда олар ж а л п ы  қоғам да дұры с емес деп са н ал а ты н  әрекеттерге не үш ін 
барғанын ай ты н , түсіндіреді.  Бұл  себептер а қ т а л у  ж әне  негіздеу деген екі 
формада болады.
Стратегия
А н ы қтам асы
М ы салы
Ақталу
Әрекеттің дұрыс еместігін 
мойындау, бірақ оны 
бақы лау қолы ңы здаи 
келмегенін айты п ақталу.
«П сихикалық дертке 
ш алды ққанм ы н, сондықтан 
істеген ісім нің дүрыс еместігін 
түсінбедім.»
«Осыған қатыс деп санамды 
улап тастады (немесе 
бопсалады).»
Негіздеу
Істеген эрекетім теріс 
болып көрінуі мүм кін, 
бірақ мұны  бұдан да 
жогары м оральды қ игілік 
үш ін жасадым.
«Кісі олтіру - күнә, бірақ елді 
қорғау үш ін оны өлтіруге 
мәжбүр болдым, себебі мен -  
нағыз патриотпын.»
қ ай та д а н   185 л и т р  ж еле д ай ы н д ау ы м   керек... М ұның ты м  оғаш  ж ағд ай  
екенін тусін ем ін , бірақ Jell-О болм аса бізде ж ары с өтпей қ ал ад ы , жарыс 
болмаса  ақш а да ж и н а л м а й д ы  (Troop, 2007).
Бұл сияқты ақталу мен негіздеулер -  болған оқиға  мен  болмақ 
оқиғаның арасындағы айырмашылықтың тігісін жатқызу үшін сөз 
арқылы жасайтын іс-әрекеттер. Жұрт біз айтқан  себептерді қабыл- 
даса,  онда  біздің  қоғамдық  мәртебеміз  де,  қадір-қасиетіміз  де  сол 
қалпы қалады, басқалармен қарым-қатынасымызды әрі қарай жал- 
ғастыра береміз. «Концепцияның тұжырымы:  себептің екі түрі» де­
ген бөлімде  екі вербалды  (ауызша  айтылатын)  стратегияны салыс- 
тырамыз.
ЫҚЫЛАСҚА БӨЛЕНУ. Қадір-қасиетімізді сақтау үшін өзгелердің айып- 
тауына ұшырамау өз алдына, әрбір жасаған жақсы ісіміз үшін өзге- 
лердің  ықыласына  бөленіп  отыруды  қалаймыз  (Guadagno,  Cialdini, 
2007). Оның бір жолы -  өзімізді мәртебесі жоғары адамдармен, іс-ша- 
ралармен  байланыстыру.  Бұл -  өзіміз танысқан  атақты студенттің 
атынсөзарасындақыстырыпқалуданбастапжеңімпазкоманданың 
бейсболкасынкиіпжүру.президенттіңқолықойылғансуретіналып, 
оны  қабырғаға  іліп  қою,  саяси  шараға  көмек  ақша  жинаған  кезде 
1 мың доллар қосу сияқты түрлі әдістерді қамтиды.
Біреудің  ықыласына  бөлену  үшін  орынды  әрекет  ету  қажет. 
Мақтану  -   орынсыз  қылық  болып  саналады  әрі  адамның  абыро- 
йын  арттырудың  орнына  одан  сайын  төмендетіп  жіберуі  мүмкін. 
Мұндағы  басты  қулық -   басқалардан  мақтау  күтпеген  сияқтанып 
өзіңнің артықшылықтарыңды  бипаздап жеткізу.  Мәселен,  егер  ем- 
тиханда  үздік  нәтиже  көрсетсеңіз:  «Жолым  болып,  бестік  баға  ал- 
дым», -  деп өзіңізді төмендетуге тырысасыз.


132
4 -ТА РА У
Case Study: әсерді басқару және 
үйсіз балалар
Әсерді басқаруды түсінудің ең жақсы тәсілдерінің бірі -  мәртебесі өте 
төмен,  Гоффмин  (1961)  «болмысы  бұзылғандар»  деп  атаған  адамдар- 
дың бет-әлпетіне көз  салу. Бұлардың қатарына кісі  зорлағандар,  сат- 
қындар,  жарадан  бет-аузы  бүжырланған  адамдар  жатады.  Болмысы 
бүлінген адамдар қадір-қасиетін қалай сақтайды? Басқалардың бага- 
лауына қаншалық эсер етеді?
Сан-Францискода  қаңғыбас  балалар  арасында  жүргізілген  зерт- 
теу осы жалғыз сұраққа жауап іздеді. Энн Рошель есімді ғалым қаңғы- 
бас балаларды апарып тастайтын орталықтарда ерікті ретінде жұмыс 
істеп,  төрт  жыл  бойы  олардың  іс-әрекеттерін  бақылап,  әңгімелерін 
тыңдаған,  балалармен  ресми  және  бейресми  жағдайда  сөйлескен 
(Roschelle & Kaufmann, 2004).
Рошель  сөйлескен  балалар  өздерінің  бұзылған  болмыстары  ту- 
ралы  жақсы  білетін  болып  шықты.  Олар  жергілікті  басылымдар- 
дың  «қаңғыбас  балалар»  мәселесін  жиі  көтеріп  тұратынынан  да, 
саясаткерлердің  «қаланы  қаңғыбастардан  тазартамын»  деп  уәде  бе- 
ріп, дауыс жинайтынынан да  хабардар  екен.  Балалардың бірі:  «Бізді 
жүрттың  бәрі жек көреді,  себебі  қаңғыбастар  қоғамды  кері  тартады. 
Егер  бұл  ел  шынымен  керемет  болса, мүнда  біз  сияқты  балалар  бол- 
мас еді», -  деп жауап берген (Roschelle & Kaufmann, 2004, 30). Сонда бүл 
балалар  қадір-қасиетін қалай сақтайды,  басқалардың өздері туралы 
көзқарасына қалай эсер етуге тырысады?
Рошель мен оның әріптесі, екінші автор Питер Кауфман балалар- 
дың бейімделу және қарсы түру сияқты  екі стратегияны қолданаты- 
нын аңғарады. Бейімделу түрлі формада журуі мүмкін. Балалар өзде- 
рінің  адам  ретінде  қадірі  бар  екенін  сезіну үшін  еріктілермен  және

Өзгелер сияқты, панасызжастар 
I   дабасқалардыңәсерінбасқаруға 
тырысады. Мына жігіт сүйкімді ит тауып 
алып, оған қамқорлық көрсету арқылы 
басқаларды да оны жақсы көруге 
шақырады.


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
133
басқа  қаңғыбас  балалармен  достасады.  Олар  сондай-ақ  мүмкіндігін- 
ше қалыпты  балаларға  ұқсап  бағуға,  солар  сияқты  киім  киіп,  солар 
сияқты  сөйлеуге,  жүріп-тұруға  тырысқан.  Мәселен,  олар  қайырым- 
дылық көмек  ретінде  келген  киімдердің  арасынан жылы  пальтоны 
емес, ең сәнді пальтоны таңдаған. Өздерінің қаңғыбастығын жасыру 
үшін  сөздерін  де  ойланып  сөйлеген.  Олар  қаңғыбастарға  қарайтын 
өлеуметтік қызметкерлерді «тәтем» деп, ал үйсіздер жиналатын орта- 
лық қызметкерлерін  «достарым»  деп  атаған.  Үш  төсектен  кейін  жат- 
қан достарын «үш үйден кейін түратын көршім» деп сипаттаған.
Сондай-ақ  қаңғыбас  балалар,  қарсы  күресу  жолымен  де  өз  бол- 
мыстарын қорғаған. Біріншіден, олар басқа балаларды қорқыту үшін 
«гангстер»  киімдерін  киіп,  солар  сияқты  әрекет  еткен.  Екіншіден, 
олар жыныстық  мінез-құлық  пен  көзқарас  жағынан  өз  жастарынан 
тым ересек болып көрінуге тырысқан және сол саладағы «жеңістерін» 
айтып мақтануға құмар болтан. Сонымен бірге олар өздерінен де көп 
құқай көретін көше кезбелерін қатты сынап, өздерінің қогамдық мәр- 
гебесін көтеріп қалуға күш салған.
Р о зи т а :
 Ана сасы қ  қ а ң ғ ы б а с қ а  қ а р а ң ы з . Қ а н д а й  ж и ір к е н іш т і. Неге д у ш қ а  
түспеген?
Д ж а л и с а :
  Ия,  о лард ы   бізбен  бірге Х а м и л т о н н ы ң  іш ін е  к ір гізб е ге н ін е   қуа- 
ны п тұ р м ы н .
Р о зи т а :
  Ш ы н ы м ен   де,  олар  б ізд ің   за т ы м ы з д ы   ұ р л а п ,  м а ң а й д ы   с асы ты п  
ж іберер еді!
Д ж а л и с а :
 Әлде үн ем і мае болы п  ж ү р ер  ме еді? (Roschelle & K aufm an, 2004, 37) 
Розита,  Джалиса  және  басқа  балалар  көп  кемсітілетіндердің  қа- 
сында өздерін зор санап, мақтанып қалды.
Жалпы  алғанда,  әсерді басқару стратегиясының  арқасында  қаң- 
ғыбас балалар өзгелердің алдында өздерін аз да болса жақсы сезінді.
Бұл бізге не береді?
1950  жылдары  құрылымдық-функциялық  теория  әлеуметтанудағы 
басым  бағыт  болды.  Ол  мінез-құлықты  анықтайгын  институттық 
нормалардың  күшіне  баса  назар  аударды.  Алайда  1960  жылдардан 
бастап әлеуметтанушылар құрылымдық-функциялық теория өмірге 
келмей  тұрғанда  адамдар  өздерінің  іс-әрекетін  жақсырақ  бақылай- 
тын дегенді айта бастады.
Содан  бері  ғалымдар  әлеуметтік  мінез-құлықтың тәртіпке  сүйе- 
нудің емес, өзара келісімнің арқасында қалыптасатынын және адам- 
дардың  қоғамдық  қысымға  бағынудың  орнына  оған  қарсы  тұруға 
бейім екенін көбірек қарастыруға көшті (Weitz, 2001).  Бұл өзгеріс күн- 
делікті  өмірдегі  әлеуметтануда  тана  емес,  сонымен  қатар  аурухана, 
кәсіпкерлік, мектеп және тағы  басқа үлкен үжымдардың күнделікті 
өмірінде де байқала бастады (мәселен, Jurik, Cavender, & Cowgill, 2009; 
Bettie, 2003). Дегенмен бұл -  ереженің ешқандай салмағы жоқ дегенді 
білдірмейді.  Шындығында,  ережелердің ықпалы  өте  күшті,  әрі  келі- 
сімге келудің де өз шегі бар. Әр актордың кел ісімге келу қабілеті оның 
ресурстар мен билікке қол жеткізе алуына байланысты. Ал бұл екеуі 
де  әлеуметтік  құрылымға  тікелей  тәуелді.  Қорыта  айтсақ,  біздің  мі- 
нез-құлқымыз, бір жағынан, өзгелермен келісу арқылы, екінші жағы- 
нан, сыртқы күштердің ықпалының нәтижесінде қалыптасады.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау