Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет47/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147

110
3-ТА РАУ
Арнайы мекемелер -  түбірімен 
қайта әлеуметтендіру мақсатында 
өмірдің барлық саласы қатаң 
бақыланатын орындар.
Қоғам  қайта  әлеуметтенуді  саналы  түрде  қолдануы  мүмкін. 
Адамдардың  мінез-құлқы  әлеуметтік  қиындықтар  тудырған  жағдай- 
да  (мысалы,  қылмыскерлер,  маскүнемдер  немесе  психикасы  бұзылған 
адамдар) қогам оларды бұрынғы өмірінен бас тартып, қалыпты шарттар- 
ды қабылдауға мәжбүрлеуі мүмкін.
Арнайы мекемелер
Жалпы,  адамның  өзін-өзі  бағалауын  түбегейлі  өзгерту  үшін  қоршаған 
ортаны түбегейлі  өзгерту қажеттігі туындайды.  Өмірі  бос  өтіп  жатқан 
жолдастарының  арасында  уақыт  өткізетін  жасөспірімнің  сенімдері 
мен  әрекеттерін  түбегейлі  өзгерту  үшін  аптасына  бір  рет  есірткінің 
зияны туралы  әңгімелесу өте аз. Яғни қайта  әлеуметтену процесінің 
алғашқы  қадамы  көбінесе  адамды  оның  бұрынғы  ортасынан  алшақ- 
татып,  арнайы  мекемелерде  оқшаулауды  талап  етеді.  Яғни  өмірдің 
барлық  саласын  түбегейлі  қайта  әлеуметтендіру  мақсатында  ол  ар­
найы мекемелерде қатал түрде бақылануы керек (Goffman, 1961а). Он- 
дай мекемелерге монастырьлар, түрмелер, лагерлер мен психикалық 
ауруханалар  жатады.  Осындай  мекемелерге  қамалғандар  өз  мәртебе- 
сінен,  әлеуметтік ұстанымдары  мен өзін-өзі  бағалауына негіз  болған 
қарым-қатынастардан  айырылады.  Тіпті  киім-кешегі  униформамен 
алмастырылады.  Сондай-ақ  түтқындар  күнделікті  күн  тәртібін  өз 
бетінше  реттей  алмайды.  Оның  орнына  қатаң  кестеге  сай  тәртіпті 
ұстануға мәжбүр  болады.  Сонымен қатар тұтқындардан өздерінің бү- 
рынғы көзқарастарын, құрбы-құрдастарының қүрамы мен мінез-құл- 
қындағы кемшіліктерді анықтау үшін өзін-өзі сынға алу талап етіледі. 
Арнайы  мекемелердің  күнделікті  қоғамнан  елеулі  айырмашылы- 
ғы  болатындықтан,  олар  қайта  әлеуметтену  кезінде  көбінесе тиімді 
бола  бермейді.  Мысалы,  1980-1990  жылдары  қылмыс жасағаны  үшін 
сотталған көптеген жастар «түзету лагерьлеріне» жіберілді. Осындай 
арнайы мекемелерде жастар кез келген сыртқы әсерден аластатылып, 
қатал кестеге сай күрделі жаттығулармен, ауыр физикалық еңбекпен 
айналысты,  есірткінің  зияны  туралы  кеңестер  алып,  білімдерін  же- 
тілдірді  (Anderson,  1998).  Оларды  билікке  құрметпен  қаратып,  өздері- 
нің бұрынғы түсініктерінен  арылту үшін шаштарын қырып тастады, 
қорлайтын  есімдер  берілді,  тіпті  олардың  түрме  қызметкерлерінің 
көзіне тік қарауына тыйым салынды.
Түзету  лагерлерінде  жүргізілген  зерттеу  көрсеткендей,  онда 
жастарға лагерь ережелеріне бағынуды үйреткен, алайда оларға қара- 
пайым  өмірге қайта  оралғаннан кейін қалай табысқа жетуге болаты- 
нын үйретпеген (MacKenzie, Wilson, Kider, 2001). Нәтижесінде, көптеген 
қоғамдар лагерьлерден бас тартып, жастарға  адамдармен зорлық-зом- 
былықсыз қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрететін бағдарламалар 
ашты.  Осы  бағдарламаларға  сәйкес  жастар  көбінесе  өз  үйлерінде  не­
месе  жетекшілік  ететін  үйлерде  бақылауда  болады.  Бұл  бағдарлама 
жастарды  қылмыстық  өмірден  алшақтатуға  көмектесетінін  жақсы 
дәлелдеп берді (Anne Е. Casey Foundation, 2009; Moore, 2009).
Бұл бізге не береді?
Әрқайсысымыз  бірегей,  жеке  биологиялық  қүрылымнан  тұратын, 
қабілетіміз,  тәжірибеміз  және  таңдауымыз  бар  жеке  тұлға  болып 
саналамыз.  Сонымен  бірге  бәріміз  де  әлеуметтік  түлғамыз.  Әлеумет- 
тену  арқылы  біз  талап  етілетін  мінез-құлық  пен  қүндылықтарды


ӘЛЕУМЕТТЕНУ
111
үйренеміз  және  көбінесе  бұл  мінез-құлық  пен  құндылықтарды 
өзіміздікі ретінде қабылдаймыз. Кейде әлеуметтену процесін анық 
байқауға  болады:  ата-анасы  бәлішті  рұқсатсыз  алып  жатқан  ба- 
ланың  қолын  қағып  жібереді;  дін  қызметшісі  күнәнің жазасы  бар 
екенін  уағыздайды;  бір  қыз  басқа  қызға  қалай  қыл.ымсуды  үйре- 
теді. Басқа кездері әлеуметтену процесі айқын көрінбейді; жай ғана 
өміріміздің  бір  бөлігі  ретінде  қабылданады.  Мысалы,  қарапайым 
америкалықтар  күн сайын бірнеше сағат теледидар көреді. Теледи- 
дар  көру арқылы  олар  «Қылмыс  орны  (C.S.I.)»  телесериалында  осы 
аптадағы  құрбандықты  кім  өлтіргенін  немесе  American  Idol  шоу 
бағдарламасының  осы  маусымдағы  жеңімпазы  кім  екенін  біліп 
қана  қоймай,  айналадағы  дүниені түсінудің жолдарын  меңгереді: 
осы  арқылы  зорлық-зомбылықтан  қорқуды  және  полицияға  сенім 
артуды,  табыс,  талант  және  атақты  бағалай  білуді,  байлықты  құр- 
меттеуді және тағы басқа құндылықтарды қадірлеуді үйренеді.
Қорытынды
1.  Әлеуметтену -  мәдениеттің  ережелері  мен  құн- 
дылықтарын үйрену процесі.
2.  Біз  іс-әрекеттеріміз  бен  көрген-түйгендеріміз- 
дің  қаншасы  биологиядан,  ал  қаншасы  әлеу- 
меттенудің әсерінен  екенін тап  басып  айта  ал- 
маймыз.
3.  Дегенмен тәрбиелеу мен  әлеуметтендіру болма- 
са  адамдар  (және  маймылдар)  қалыпты  әлеу- 
меттік мінез-құлықты дамыта алмайды.
4.  Құрылымдық  функцияшылдар  әлеуметтену 
мектептерде,  діни  мекемелерде,  отбасыларда 
және  басқа  жерлерде  жастарды  келіспеушілік- 
терден  немесе  ретсіз  әлеуметтік  өзгерістерден 
сақтай  отырып,  бір  мәдениетке  біріктіреді  деп 
тұжырымдайды.  Бүл тұрақты әлеуметтік жүйе- 
нің пайдасын түсіндіру үшін өте қолайлы.
5.  Конфликт  теориясы  әлеуметтендіру  биліктің 
теңдіксіз  үстем  құрылымын  қалай  күшейтеті- 
ніне  назар  аударады.  Бұл  әлеуметтенудің келіс-
Сыни ойлау
1.  Ұстаздардың 
студенттерден 
қандай 
мі- 
нез-құлықты күтетіні туралы ойланыңыз. Отба- 
сындағы  әлеуметтену  осы  талаптарға  сай  келе 
ме?  Сізге  қалай  көмектеседі  немесе  қиындығы 
бар  ма?  Қатарластарыңыздың  әлеуметтенуі  ту­
ралы не айтасыз?
2.  Баланың  әлеуметтену  барысында  үйренетін 
нәрселеріне  отбасының  әлеуметтік  деңгейі 
қалай  эсер  ететінін  және  эсер  ету  жолдарын
пеушіліктер  мен  әлеуметтік  өзгерістерге  жол 
бермей,  теңсіздікті  қайта  тудырып  отыраты- 
нын түсіну үшін өте маңызды.
6.  Символдық  интеракционизм  теориясы  басқа- 
лармен қарым-қатынасымызды сипаттау арқы- 
лы  және  өзгелердің  бізге  берген  сипаттамасы 
арқылы  өзіміз  жайлы түсінік қалыптастыруы- 
мызға  жол  ашады.  Бұл  теориямен  байланысы 
бар  ен,  маңызды  екі  түжырымдама  -   «өзіңді 
айнадан  көру»  және  «рөлге  ену»  тұжырымда- 
малары.
7. 
Әлеуметтенудің ең маңызды екі агенті -  отбасы 
мен  құрбы-құрдастар.  Әлеуметтенудің басқа да 
маңызды  агенттеріне  мектеп,  бұқаралық  ақпа- 
рат құралдары, дін және қауымдастық жатады.
8.  Әлеуметтену өмір бойы жүреді. Әлеуметтенудің 
маңызды  төрт түрі  -   алғашқы  әлеуметтену,  ал- 
дын  ала  әлеуметтену,  кәсіби  әлеумегтену және 
қайта әлеуметтену.
көрсетіңіз.  Қалада  туру  мен  ауылда  тұрудың 
әлеуметтенуге  қалай  эсер  етуі  мүмкін  екенін 
мысалдармен баяндаңыз.
3.  Бала  кезіңіздегі  ең  сүйікті  екі  телебағдарлама- 
ны есіңізге түсіріңіз, олар қандай құндылықтар- 
ды дәріптейтін еді? Осы бағдарламалар арқылы 
сол  құндылықтарды  үйрендіңіз  бе?  Неліктен 
үйрендіңіз  немесе  олардың  сізге  неліктен  эсер 
етпегенін қалай түсіндіресіз?


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау