86
2-ТАРАУ
Саяси өзгерістер жаьандануға да ықпал етті. 1991 жылы Кеңес
Одағы ыдырағаннан кейін оның орнында пайда болған мемлекеттер
(Белоруссия мен Эстония сияқты), сондай-ақ саяси билігі тарапынан
(Польша мен Армения сияқты) шектеліп қалған елдер капиталистік
экономикалық жүйеге умтылды. Шикізат көздерін тауып, өнім өндіру
үшін басқа елдермен экономикалық, саяси және мәдени байланыстар
орнату қажет болды.
Кеңес Одағының ыдырауы, сонымен бірге мемлекеттерге халықара-
лық сауда кедергілері тудыратын саяси шиеленісті төмендетті. Енді Еу-
ропа елдері - Кеңес Одағынан құтылған кезде, олар Еуропалық Одақ (ЕО)
түріндегі континенттік үкіметке бірікті. Осы одақ көлемінде тауарлар,
жеке тұлғалар мен қызметтер арасындағы қатынастар бұрын-соңды бол-
маған еркіндікке ие болды. Польша дәрігерлері қазір Финляндиядан жоға-
ры ақы төленетін жұмыс орындарын іздей алады, фин дәрігерлері Шве-
цияда жұмыс істейді және швед дәрігерлерівиза немесе иммиграциялық
заңдарға алаңдамай, Ұлыбританиядан жұмыс іздей береді. Неміс зауыт-
тары өз өнімдерін Испанияға тасымалдап, сата алады, ал испан зауытта-
ры өз өнімдерін Грекияға аз құжаттармен немесе төлемақы тарифтерімен
жібереді. Сол сияқты 1994 жылы Канада, АҚШ және Мексика арасындағы
сауда кедергілерін азайту мақсатында - Солгүстік Американың еркін
сауда туралы келісімі (NAFTA) қабылданды. Соңғы кездегі экономикалық
құлдырау, кейбір елдерді өз фермерлері мен өндірушілерін қорғау үшін
сауда кедергілерін күшейтуге мәжбүрлегенімен, жаьандану қуатты
күш болып қала береді.
Жаьанданудың ықпалы
Жаьандану - аса қуатты күш. Ол әлем мәдениетіне, экономикасы
мен саясатына, сондай-ақ қоғам өмірінің барлық салаларына эсер
етуде.
Мәдени ықпал
Найробиде жастар америкалық хип-хогі музыканы тыңдап, «Pepsi»
ішеді. Нью-Йорк қаласының жастары Ямайка регги концерттеріне
барып, Гарри Поттер туралы кітаптарды оқиды. Үндістанда Голли
вуд фильмдері «Болливуд» (Бомбейде шығарылған) фильмдерімен
бәсекеге түседі. Мүның бәрі - мәдениеттің ғаламдық таралуына
мысалдар; себебі кинофильмдер, телевизиялық шоу, музыка, әде-
биет және басқа өнер туындылары барған сайын бүкіл әлемге тара-
лып, әлемдік қолданысқа түсуде.
Бұқаралық мәдениеттің осы элементтері көңіл көтеруді ғана
емес, мәдени құндылықтарды да қамтиды. Үндістан жасөспірімдері
америкалық фильмдерді көргенде, олар АҚШ-тағы соңғы сән үлгі-
сімен, музыкамен танысып қана қоймай, сонымен қатар дәстүрлі
үнділік тәжірибелерге, мысалы, ата-аналары келіскен некеге тұру,
әйелдердің бағынышты болуы, ата-аналар сөзіне мойынсүну және
отбасы жеке адамнан маңыздырақ деген сенімдерге күмән келтіре
бастайды. Осы себептен дүниежүзінде адамдардың көбі жаьан-
данудың адамдарға әсіресе балалардың мәдени қүндылықтарына
оң ықпал етеріне күмәнмен қарайды.
Экономикалық ықпал
Жаьандану, сондай-ақ тауарларды сатуға да, шығаруға да эконо-
микалық ықпалын тигізді. Әртүрлі елдерде өмір сүретін адамдар