Б іл ім ж ә н е д ін
Тарау тағылымы
Осы тарауды оқығаннан
кейін студенттер:
дін мен білімнің
әлеуметтік
тұрақтылық пен өзгерістерге
ықпалын, құрылымдық-
функциялық
сын мен эр
институттың конфликтологиялык,
теориясын түсінеді;
білім мен теңсіздіктің
арақатынасын, сондай-ақ
оның элиталық сәбақтастық
түжырымдамасы тұрғысынан
түсіндірілуін талқылайды;
АҚШ мемлекеттік білім
жүйесінің сапасын арттыру
стратегиясы ретінде
бақылаудың, тестілеудің
және мектептің таңдалуын
саралайды, сондай-ақ білім
алудағы теңсіздікті азайтудың
ықтимал кедергілерін
талдайды;
колледжге кім қатынайтынын
және оның әлеуметтік-
экономикалық, тағы басқа
нәтижелерін түсінеді;
■ шіркеуге мүше болу, оған
қатынау қағидаларымен
танысып, АҚШ-тағы
діндарлықтың өзгеруі,
сонымен бірге АҚШ-та
және бүкіл әлемде діни
фундаментализмнің өсуі
себептерін пайымдайды;
Я
шіркеулердің, секталардың
және жаңа діни қозғалыс-
тардың (ЖДҚ) үкімет пен дін
арасындағы шиеленісті шешу
тәсілін түсініп, адамдар мен
топтардың әрқайсысына тән
белгілерді сипаттайды;
И адамдардың діндарлығы мен
шіркеуге баруының салдарын,
сондай-ақ америкалықтардың
өмір салтын нығайтудағы
азаматтық діннің
маңыздылығын талқылайды.
•
ц
і
И
336
12-ТАРАУ
Білім - ресми оқу жүйесіне
жауапты институт.
Білім және діни институттары
Бұл тарауда білім және діни институттары қарастырылады. Екеуі
де кез келген елдің негізгі құрамдас бөліктері болып саналады,
сонымен бірге қоғам мен адамға ықпалы зор. Америкалықтардың
көпшілігіне осы құрылымдар тікелей эсер етеді: АҚШ азаматтары
тегіс мектепке барады және басым көпшілігі дінді ұстанады. Тіп-
ті мектепке бармаған, діни сенімі болмаған күннің өзінде осы екі
қүрылымның тәртібімен және қүндылықтарымен бетпе-бет келіп
отырады.
Білім беруге қатысты
теориялық көзқарастар
Кең мағынада алғанда, білім беру - ресми оқу жүйесіне жауапты
әлеуметтік құрылым институты. Ең тұрақты және етене таныс ин-
ституттардың бірі. АҚШ-тағы әрбір он адамның үшеуінің білім сала-
сына оқушы ретінде болсын, қызметкер ретінде болсын қатысы бар.
Бұрынғы оқушылар, ата-аналар немесе салық төлеушілер - барлығы
белгілі бір деңгейде білім саласына араласады.
Бұл институт қандай мақсат көздейді? Кім пайда табады? Қүры-
лымдық-функционализм және конфликт теориялары бұл сұрақтарға
екі түрлі жауап ұсынады.
Құрылымдық-функциялық теория:
білім функциялары
Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау
үшін құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байла-
нысты. Қүрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім
беру жүйесі көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған.
Білім саласы функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру,
жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және біртіндеп жақсы
жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету.
О қ ы т у ж ә н е б іл ім беру
Мектептің айқын мақсаты - білім беру мен дағдыны қалыптас-
тыру. Мектепте оқуға, жазуға және санауға уйренеміз. Тәуелсіз-
дік жолындағы Америка соғысының себебін түсініп, жасушаның
құрылымын зерттейміз. Осылайша, мектеп әр үрпақтың өкілдері
қоғамның үздіксіз тіршілігі үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне
кепіл болады.
Ә леум етте ну
Мектеп жастарды заман ағымына лайықты әлеумеггендіру арқылы
қоғамның мейлінше қалыпгы қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар
тәртіпке, тіл алғыштыққа, ауызбірлікке және ұқыптылыққа ерекше
мән береді. Сонымен қатар мектеп оқушыларды өз мәдениетіне сай
ойлауға, дәстүрді қүрметтеуге және ережелерді үстануға үйретеді.
АҚШ мектебінде ағылшын тілінде оқып, жазуды үйренеміз. «Аза-