Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет145/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147

ОТБАСЫ
333
аиатынан кейін автокөлігіңізді ауыстыру үшін, жедел қарызға ақша 
іздесеңіз немесе ауырып қалып, бірнеше апта бойы күтім қажет бол- 
са, жақын туысыңыздан көмек сұрайтыныңыз анық.
Отбасының жеке  адамдар  мен  қоғамға  беретін  артықшылығын 
ескерсек, отбасын қолдау және оған соққы болып тиетін кейбір  кем- 
шіліктерді  азайтуға  тырысудың  маңыздылығы  айқыыдалады.  Бүл 
мақсатты  іске асыру қиын емес.  Қазіргі ажырасу,  заңға қарсы шығу, 
баласыз  өмір  сүру  және  тұрмыстағы  зорлық-зомбылықтың  қарқын 
алуы  тәрізді  жайсыздықтарға  қарамастан,  отбасында  әлі  де  дұрыс 
бағдар  бар:  ана мен баланың арасындағы қатынастың үзілмеуі, қай- 
тадан  отбасын  құрудың  жиілігі,  өзінің  туған  және  өгей  балаларын 
шын  көңілмен  жақсы  көретін  өгей  әкелердің  көбеюі  және  қартай- 
ғанда  балаларының  қамқорлығын  көріп  отырған  ата-әжелер.  Отба- 
сы мүшелерінің талабын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік 
саясат барлығымыз үшін зор пайда әкелуі мүмкін.
Қорытынды
1. 
Неке  және  отбасы  -   қоғамдағы  ең  негізгі 
ұжымдар.  Бұл  ұжымдар  қоғам  атаулыда  ор- 
тақ  қажеттіліктерге  -   мысалы,  жыныстық 
мінез-қүлықты реттеуге, көбеюге, балаларды 
күтуге  және  әлеуметтендіруге  -   жауап  бе- 
реді-
2.  Отбасы  түрлеріне  кеңейтілген  отбасы,  нук- 
леар  отбасы және аралас отбасы жатады.  Нук- 
леар отбасылар қазір көп емес.
3.  Ажырасудыц  жиілеуі  және  жұмыс  күшінде 
әйелдер  үлесінің  артуы,  балалық  шақтың 
әлеуметтік  құрылымына  күрделі  өзгерістер 
әкелді.  Қазір  АҚШ-та  көптеген  балалар  күн- 
дізгі  балабақшаға  барады  немесе  жалғызбас- 
ты әкесімен не анасымен бірге өмір сүреді.
4.  Ересек  өмірге  өту  кезеңі  қазір  ұзарып  кетті. 
Өйткені бүгінгі жастар ұзағырақ оқиды, жай 
үйленеді және жұмысты да ұзақ іздейді.
5.  Жұбайын  таңдау  махаббатқа  байланысты, 
сондай-ақ  үқсастық,  гомогамия  және  оргақ 
құндылықтар да эсер етеді. Қазіргі таңда ара­
лас  некелер  әсіресе  жоғары  білімді  адамдар 
арасында кең тараған.
6.  Балалары  кешірек  бөлек  шығатындықтан 
және  экономикалық  себептерге  байланысты 
қайта оралатындықтан орта жастағы ерлі-за- 
йыптылардың  үйлері  бос  қалмайтын  болды. 
Сонымен  қатар  орта  жастағылар  ата-анала- 
рын  өз  қолдарына  алады  немесе  бала-шаға- 
сымен туған үйіне қайтадан көшіп барады.
7.  Әйелдердің  жұмысбасты  болуы,  отбасын- 
дағы  рөлдердің  күрделі  өзгерісіне  алып  кел- 
ді.  Қазір  америкалықтардың басым  бөлігі ер-
лі-зайыптылар  үй  шаруасын  бөлісе  атқаруы 
керек  деи  санағанымен,  үштен  екі  бөлігі  әлі 
де әйелдердің мойнында.
8.  Әкелердің  бала  бағуда  үлесі  артқанымен, 
олар  күнделікті  күйбең  тірлікке  жауапкер- 
шіліктен  гөрі  уақытты,  негізінен,  ойнаумен 
өткізеді. Өгей ата-ана  болу өте қиын, өйткені 
ересек  адамдар  да,  олардың  балалары  да  өз- 
дерін  қалай  ұстау  керектігін  көбіне  біле  бер- 
мейді.
9.  Азаматтық  некені  енді  кез  келген  жастағы 
жұптар  таңдай  алады.  Үйленбей  бірге  тура- 
тын  жұптардың  көбі  ақырында  некеге  оты- 
рады,  бірақ  бір  бөлігі  кейінге  қалдыруға 
келіседі.  Үйленудің  үлес  салмағы  азайып, 
азаматтық неке мен ажырасудың артуы неке 
институтының  ыдырай  бастағанын  біл- 
діреді.
10.  Бала  тууды  кейінге  қалдыратын  немесе  мүл- 
де баласыз өмірді таңдайтын әйелдер көбейіп 
барады.  Қазіргі  таңда  АҚШ-та  туған  балалар- 
дың  41  пайызы  некесіз  дүниеге  келген.  Ал 
жасөспірімдер  жүктілігі  кедейлікке,  қолже- 
тімді  сақтану жолдарының жоқтығына және 
өмірлік  мақсатты  айқындай  алмауға  байла­
нысты болып отыр.
11.  Жалғызбасты  ана  болу  бұрынғыдай  ұят  деп 
саналмағандықтан,  асырап  алуға  бала  табу 
қиындады.  Жалғызбасты  аналар  некесіз  бала 
туғаны  үшін  масқараланса  және  мемлекет 
тарапынан  қолдау  таппаса,  жетімдер  көбейе 
бермек. Асырап алу көбінесе өгей әке-шешелер 
үшін де, балалар үшін де сәтті болады.


334
11-ТАРАУ
12.  Бұрынғыға  қарағанда,  қазіргі  ерлі-зайыпты- 
лар  экономикалық  қысымның  күштілігінен 
бір-бірін сирек көрді.
13.  АҚШ-та  балалар  мен  әйелдерге  қатысты  зор- 
лық-зомбылық  анағұрлым  кец  таралған.  Гомо- 
сексуал  не  гетеросексуал  жұп  болсын  ерлердің 
өмірлік серіктерін ұрып-соғуы әйелдерге қараған- 
да жиірек, дегенмен соцғы 20 жылда зорлау жайт- 
тары  азайған.  Тұрмыстағы  зорлық-зомбылық 
жұптардың  өз  өмірін  және  жұбайларының  әре- 
кеттерін бақылай алмай қалғанын сезінуінен бо-
Сыни ойлау
1.  Нуклеар  отбасылар  қандай  функция  атқара- 
ды?  Нуклеар  отбасылардың  негізгі  дисфунк- 
циялары  қандай?  Кеңейтілген  және  аралас 
огбасылардың  артықшылықтары  мен  кемші- 
ліктері неде?
2.  Өзіңіздің  (немесе  маңайыңыздағы  біреудіц) 
жұбайын  таңдау  барысын  талдаңыз.  Ұқса- 
стық,  гомогамия,  эндогамия  және  сырт  кел- 
беттің  қаншалықты  әсері  болған  не  болмаға- 
нын  көрсетіңіз.  Ата-аналардың  рөлі  қандай 
болды?
лады.  Олар өздерін жұбайларының өміріне бақы- 
лау жасауга құқылы санайды.
14.  Зерттеушілердің  багамдауынша,  алғашқы  не- 
келердің  40-50  пайызы  ажырасумен  аяқтала- 
ды.  Ажырасу  факторларына  жұптардың  жас 
мөлшері,  ата-анасыныц  ажырасқандығы,  не- 
кеге  дейін  балалы  болуы,  білімі  және  нәсілі 
кіреді.  Мұндай  тенденциялардың  көбінің  не- 
гізінде  некедегілердің  экономикалық  тәуел- 
сіздігі жатыр.
3.  Карт  ата-анасына  немесе  ата-әжесіне  қамқор- 
лық  көрсетіп  отырған  таныстарыңыз  бар  ма? 
Қалай ойлайсыз, неге бүл жауапкершілікті от- 
басының  басқа  мүшесі  емес,  осы  адам  өз  мой- 
нына  алды?  Бұл жерде қандай жеке қасиет қа- 
тыстырылған және нендей сипат дәріптеледі?
4.  Қанша  балаңыз  болғанын  қалайсыз?  Қандай 
артықшылықтары  мен  кемшіліктері  болады 
деп ойлайсыз? Өз жұбыңызбен бала тәрбиесін 
қалай және қандай негізде бөлісуіңіз керек?


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау