Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18


-сурет - 2014 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы, %



жүктеу 8,13 Mb.
бет9/21
Дата07.12.2017
өлшемі8,13 Mb.
#3484
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
14-сурет - 2014 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы, %

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері негізінде есептелді.



Талданып отырған кезеңде облыста өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға нақты көлем индексінің 2012 жылы 147,4%-дан 2014 жылы 86,6%-ға дейін төмендеуі байқалады.

15-сурет - тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсіптері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі, %

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері негізінде есептелді.


2013 жылға қатысты қаржыландыру көздері бойынша бюджет қаражаты 2,7 есе (101,8 млрд.тг.) өсті, кәсіпорындардың меншікті қаражаты 1,1%-ға (332,0 млрд.тг.) өсті, банктердің несиелері және басқа қарыз қаражаттар 1,8 есеге төмендеді (92,4 млрд.тг.).

Саланың басымдылары кен өндріру өнеркәсібі мен карьерлерді өндіру (44,0%), өңдеу өнеркәсібі (17,0%), көлік және қоймалау (13,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар, өмір сүру және тамақтану бойынша қызметтер (6,7%) болып табылады. Облыстың инвестициялайтын аудандары болып Ақтөбе қ (172,1 млрд. теңге), Мұғалжар (120,1 млрд. теңге), Шалқар (65,4 млрд. теңге) және Байғанин (60,3 млрд. теңге) аудандары болып табылады (21-кесте).



21-кесте – 2012-2004 жылдар ішіндегі Ақтөбе облысы аудандары қимасында негізгі капиталға салылған инвестициялар дамуының динамикасы

Көрсеткіштер

2012

2013

2014

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

млн. теңге

%-дағы үлесі

млн. теңге

%-дағы үлесі

млн. теңге

%-дағы үлесі

Ақтөбе облысы

430 536,9

107,9

496 243,8

111,9

525 625,0

102,0

Ақтөбе қаласы

157 947,8

36,7

163 000,0

32,8

177 076,8

33,7

Алға ауданы

4 903,3

1,1

5 060,9

1,0

10 133,2

1,9

Әйтеке би ауданы

3 585,1

0,8

4 390,9

0,9

4 844,1

0,9

Байғанин ауданы

82 513,5

19,2

66 194,7

13,3

58 176,9

11,1

Ырғыз ауданы

2 145,6

0,5

1 763,5

0,3

2 298,2

0,4

Қарғалы ауданы

1 798,6

0,4

1 084,7

0,2

1 927,5

0,4

Мартөк ауданы

13 261,5

3,1

9 879,3

2,0

4 677,7

0,9

Мұғалжар ауданы

84 487,6

19,6

148 713,0

30,0

117 819,0

22,4

Ойыл ауданы

1 530,8

0,3

1 630,2

0,3

2 936,5

0,5

Темір ауданы

32 713,3

7,6

28 525,1

5,7

36 495,4

6,9

Қобда ауданы

5 766,2

1,3

1 423,3

0,3

10 328,2

2,0

Хромтау ауданы

29 982,6

7,0

22 242,5

4,5

28 486,5

5,4

Шалқар ауданы

9 900,9

2,3

42 335,2

8,5

70 425,0

13,4

Халықтың жеке басына шаққандағы инвестициялар, мың теңге

541,0

-

613,4

-

639,0

-

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен сыртқы инвестициялардың үлесі

43 851,8

10,2

20 095,8

4,0

170 744,4

32,5

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері негізінде есептелді.
Олардың үлесіне сәйкесінше 32,7%, 22,8%, 12,4% және 11,4% тиесілі. Өндірістің облыстың көлемінде Мұғалжар ауданындағы үлес 29,1%-ды, Ақтөбе қаласында - 19,9%-ды құрды. Минералдық немесе жанармай-энергетикалық шикізаттың болуы аудандардың инвестициялық тартымдылығының негізгі факторы болып табылады.

Облыс экономикасына салынатын отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және көлемін арттыру мақсатында «Atyrau Invest – 2014» халықаралық бизнес форумына қатысты. Ресейдің, ҚХР, Түркия, Польша және өзге де елдердің 40 астам инвесторлары мен бизнес өкілдері қатысқан «AKTOBE INVEST-2014» II халықаралық инвестициялық форумы өткізілді.


Инновациялар

Өндірісте қазіргі заманғы технологияларды қолдану деңгейі.

2014 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен 356 адам айналысты, олардың ішінде 230 адам маман-зерттеушілер болып табылады. Ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстарды орындаушы ғылым докторларының саны 29 адамды құрады, PhD филисофия докторларының саны – 1 адам, ғылым кандидаттарының саны – 78 адам және магистрлердің саны - 17 адам.



Респондеттердің саны 1144 кәсіпорынды құрды, оның ішінде өнімдер мен үдерістік инновациялар – 85. Өткен жылы олар арқылы 4,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2013 жылдың деңгейінен 46,3%-ға төмен. Іске асырылған инновациялық өнімнің көлемі 4,1 млрд. теңгені құрды, олардың ішіндегі экспорт - 1,4 млрд. теңге.



16-сурет – ҚР батыс макроөңіріндегі инновациялық белсенділіктің деңгейі

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.


Өнімдік, үдерістік, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 7,6%-ды, ал өнімдік және үдерістік инновациялар бойынша 4,7%-ды құрды. Инновациялар саласындағы ең жоғарғы белсенділік инновацияның барлық типі бойынша ірі кәсіпорындар арасында байқалды және 17,1%-ды (есеп берген 117 ірі кәсіпорынның 20-сы инновациялық қызметті жүзеге асырды) құрды.

Жаңа типтегі экономиканы қалыптастырудың жолы жаңа технологияларға салынған кең ауқымдағы инвестициялар болып табылады.

2013 жылы өнімдік және үдерістік инновациялар 46,4 млрд. теңгені құрды, бұл ретте кәсіпорындардың жеке қаражатының шығындары – 41,9 млрд. теңге, бұл инновациялық қызметті іске асыруға жұмсалған жалпы шығынның 90,4%-ын құрайды.

2014 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған ішкі шығындар өткен жылмен салыстырғанда 31,5%-ға ұлғайды және 735258,4 мың теңгені құрды. Ішкі шығындардың жалпы көлемінде қолданбалы зерттеулерге жұмсалған шығындардың үлесі – 91,9%-ды, іргелі зерттеулер – 1,9% және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер – 6,1%-ды құрды.

Тартылған қаражат есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ішкі шығындарды қаражаттандыру көздерінің құрамында – 29,7% ҒЗТКЖ, өз қаражатының есебінен – 70,3% қаржыландырылды.

Өңдеу өнеркәсібінде және қызметтер саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі өңірдің индустриялық-инновациялық саясатының негізгі мәні болып табылады.

Жергілікті мұнай кен орындарының табиғи және ілеспе газ шикізаты ретінде пайдаланылатын бірқатар газ-турбина электр станцияларын салу жобасы іске асыру кезеңінде. Атап айтқанда, Қандыағаш қаласында қуаттылығы 127 мегаватт болатын газ-турбина электр станциясының құрылысы. Сонымен бірге, Ақтөбе қаласында қуаттылығы 52 мегаватт болатын жылу электр станциясының, сондай-ақ Ақтөбе облысының аудандық орталықтары – Алға қаласында және Бадамша ауылында қуаттылығы 40 мегаватттан болатын екі электр станцияның құрылысы.

2014 жылдан бастап БЖК 2020 бағдарламасы және 2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту аясында мемлекеттік қолдаудың жаңа түрі іске асырылуда, жаңашылдығымен және түпнұсқалылығымен ерекшеленетін өз жаңа бизнес-идеяларын іске асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерліктің бастаушы субъектілері, жас кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер үшін инновациялық гранттар бөлу.

2014 жылы Бағдарламаның 7 қатысушысына 24,0 млн. теңге сомасына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін ақысыз гранттар берілді.

Барлық мақұлданған жобалар жүзеге асырылуы материалдарды, IT технологияларды және әдістерді пайдалану арқылы жаңа тауарлар мен қызметтерді алуға мүмкіндік беретін жаңашылдығымен ерекшеленеді.

Өңірдің жаңашылдарының инновациялық идеялары даму институттары тарапынан қолдау және қаржылық көмек алуда.

Сонымен, 2010 жылдан бастап «ҰТДА» АҚ-мен машина- және аспаптар жасау, мұнай-газ, экология және басқа салаларда 226,2 млн. теңге сомасына 7 жоба қолдау тапты және қаржыландырылды.

Қолдау тапқан жобалар бірегейлігімен ерекшеленеді, мәселен «Пневма-гидро-аккумулятор әсерін пайдаланумен тұтынушыны автономды түрде сумен жабдықтау үшін сукернеуіш құрылғыларының өндірісін құру» ( «РБН-Ақтөбе» ЖШС), «Пәтерлер мен үйлерге арналған ауаны шаң мен түтіннен тазалауға арналған “AirON” жүйесі» және т.б.

Жыл сайын Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасымен Ақтөбе облысы әкімдігінің және Ақтөбе қаласындағы «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорымен Ақтөбе қаласында «Aktobe startup» бизнес-жобаларының конкурсы жүргізіледі.

Бұл конкурс кәсіпкерлік қызметті дәріптеу, перспективалық жобаларды іріктеу мақсатында Алға, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Хромтау, Шалқар шағын қалаларын қоса алғанда, облыстың барлық аудандарының тұрғындары арасында жүргізіледі және ауылдық кәсіпкерлікті жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатында жасалады.

2014 жылы «Aktobe startup» жалпы инвестициялық қоры 30 млн. теңгені құрады (оның ішінде облыс Әкімдігі – 15,0 млн. тг. және «Алтын Қыран» ХҚҚ) және бұл қаражат конкурстың 15 жеңімпаздары арасында бөлінді.

2014 жылы инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстарды жүргізуге республикалық бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылы осы жұмыстарды аяқтау үшін тағы 1,2 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Химия, мұнай-газ, құрылыс, көлік салаларын дамытуға бағытталған Индустриялық аймақтың мамандандырылуы анықталды.


Сыртқы сауда


2014 жылы әлемнің барлық елдерімен сыртқы сауда айналымы 7085,56 млн. АҚШ долларын немесе 2013 жылға қарағанда 70,4%-ды құрды, оның ішінде: экспорт – 53778,9 млн. АҚШ доллары (69,1%), импорт – 1706,6 млн. АҚШ доллары (74,9%). Оң сальдо қалыптасты – 3672,3 млн. АҚШ доллары.

Ақтөбе облысы Қазақстанның сыртқы экономиалық қызметіне ірі қатысушылардың бірі болып табылады. Облыстың тауар айналымының меншікті салмағы 2014 жылы сыртқы сауданың жалпы республикалық көлемінде 5,9%-ды құрды.


22-кесте – 2011-2014 жылдар ішіндегі Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері, млн. АҚШ доллары

Кезең

Сыртқы сауда айналымы - барлығы

Экспорт

Импорт

2012 жылы

10914,5

8649,1

2265,4

- КО елдері

1507,2

563,5

943,7

- өзге елдер

9407,3

8085,6

1321,7

2013 жылы

10062,4

7784,0

2278,4

- КО елдері

1510,0

533,3

976,7

- өзге елдер

8552,4

7250,7

1301,8

2014 жылы

7085,5

5378,9

1706,6

- КО елдері

1262,3

460,8

801,5

- өзге елдер

5818,9

4918,1

905,1

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Әлемдік экономикадағы жағымсыз үдерістердің, Ресей Федерациясындағы дағдарыстың әсері және экономикалық санкциялардың енгізілуі, ресей рублінің девальвациясы да сыртқы сауда көлемдерінің төмендеуін шартталды.

Минералдық өнімдердің экспорт құрылымындағы үлесі – 70,8%-ды, металдар және олардан дайындалған бұйымдар – 25,3%-ды, қалған тауарлар –3,9%-ды құрды. Өнімнің негізгі сатып алушылары Қытай (40,6%), Италия (7,6%), Жапония (9,2%), КО елдері (8,6%), Австрия (5,5%), Нидерланды (9,0%) болып табылады.

Тауарлар топтарының барлық импорттың құрылымындағы үлесі: машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар – 34,7%-ды, металдар және олардан дайындалған бұйымдар – 12,0%-ды, азық-түлік тауарлары – 13,7%-ды, химия өнімдері – 20,5%-ды, минералды өнімдер – 15,8%-ды, қалған тауарлар – 3,3%-ды құрды. Өнімдердің негізгі импорттаушылары Қытай (29,1%), КО елдері (47,1%), Украина (4,4%), Германия (3,3%), АҚШ (3,2%) болып табылады.

Облыс химия өнеркәсібінде хорм тұздарының бірден-бір өндірушісі және экспорттаушысы болып табылады ей («АЗХС» АҚ).

Мынадай салаларда бірқатар ақтөбелік жоғары технологиялық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігі сақталып отыр: тамақ (сүт өнімдері, өсімдік майы, ІҚМ еті); машина жасау (мұнай құрал-жабдығы), аспап құрастыру (рентген аппараттары); құрылыс материалдарын өндіру (кеуекті бетон). Алайда, бүгінгі күні сыртқы нарыққа өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көпшілігінің экспортын ауқымды кеңейту шектелген.

Саны қазіргі уақытта 90-нан астам мемлекетті құрап отырған облыстың сауда-экономикалық әріптес елдерінің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді, оның ішінде ТМД елдері - 10, Еуропа - 32, Азия - 24, Америка -13, Африка -10, Австралия және Океания - 3 ел.



Сыртқы сауда айналымының географиялық бөлінісі елдердің жоғары үлесімен сипатталады: Қытай (53,2%), Нидерланды (9,8%), Италия (5,9%), Жапония (5,2%), Австрия (4,4%).



17-сурет – 2011-2014 жылдардағы Ақтөбе облысының өзара сауда жасасу динамикасы

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Қаржы министрлігі Кеден комитетінің деректері негізінде есептелген.


2011-2014 жылдары ішінде Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік (бұдан әрі – КО және БЭК) мүшелері елдерімен өзара саудада тауар айналым көлемі 1700,3 млн. АҚШ долларынан 1262,3 млн. АҚШ долларына дейін төмендеді немесе 2011 жылғы деңгейге қарағанда 25,8%, оның ішінде экспорт – 37,7%, импорт – 16,5%. Сыртқы саудаға қарағанда өзара сауда көлемінің меншікті салмағы 2014 жылы небары 17,8%-ды құрды.

2011-2014 жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасы экспортының жалпы көлемінде Ақтөбе облысының меншікті салмағы төмендеу үрдісімен сипатталады (18-сурет).





18-сурет2011-2014 жылдардағы ел экспорты және импорты көлемінде Ақтөбе облысының меншікті салмағы

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері негізінде есептелді.


Тауар айналымы көлемін арттыру үшін мыналар қажет:

  • рудаларды қайта өңдеудің жаңа технологияларын енгізу арқылы экспортталатын тауар топтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • никель-кобальт құрамында алтын бар рудалардың жаңа кен орындарын игеру;

  • катод мысы түрінде соңғы өнім ала отырып қышқылданған мыс рудаларын тереңдетілген қайта өңдеу бойынша өндірісті кеңейту;

  • шетел инвестицияларын тарту бойынша үйлестірілген қызметтің инвестициялық жобаларын іске асыру арқылы экспорттық әлеуетті сақтау және арттыру;

  • шетел инвестицияларын тарту, инновациялық идеяларды енгізу, инфрақұрылым жасау, өнеркәсіптік өнім өндірісінің өсуін қамтамасыз ету бойынша белсенді интеграциялық өзара іс-қимыл.


ЕЭО елдерімен ынтымақтастық

ЕЭО елдерінің экономикалық дамуының қазіргі кездегі деңгейі өңіраралық және шекаралық ынтымақтастықтың сандық қана емес, сонымен қатар сапалық көрсеткіштеріне де оң әсер етті.

Өз кезегінде капиталдардың өзара ену үдерісін ынталандыратын өңір кәсіпорындарының тікелей кооперацияаралық байланыстары нығайтылады. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы саны 1,5 есеге артқан және 250 құраған ресейлік және белорустық капиталдың қатысуымен кәсіпорын құруға ықпал етті (2010 жылы – 201).

Облыста 2012-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасын және 2009-2016 жылдарға арналған Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын (екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жол картасы) іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары белсенді түрде іске асырылуда.

Интеграциялық процестер өткізу нарығын кеңейтуге, ауқымды инвестициялар тартуға, әлемнің бәсекеге қабілетті елдері эеономикасының деңгейіне сәйкес келуге мүмкіндік береді.

Аумақтық-кеңістіктік дамыту


Ақтөбе облысы стратегиялық тұрғыдан ыңғайлы аймақта орналасқан. Орналасуы арқасында, облыс Батыс Қазақстанды республиканың басқа өңірлерімен байланыстырады.

Өңірлік көші-қон тартылыстың ашық көрінген орталықтардың болуы Ақтөбе облысының аумақтық-кеңістік құрылымының жағымды жағы болып табылады, оған Ақтөбе қаласынан басқа келесі аудандар мен қалалар жатады: Хромтау қ. және Қандыағаш қ., сонымен қатар Мұғалжар, Темір және Хромтау аудандары өсім полюстері жанында табысты геоэкономикалық аймақта орналасқан. Жалпы, Ақтөбе қ. тірек орталығымен бірге, тау-кен өнеркәсіптің динамикалығымен Мұғалжар, Темір, Хромтау аудандары өңір экономикасы үшін өсімнің маңызды полюстері бола алады.

Физика-географиялық жағдайлардан, экономикалық потенциалды орналастыруды және орын алған халықты орналастыру жүйесін есепке алумен, Ақтөбе облысы минералдық шикізатты және отын-энергетикалық ресурстарды алу және қайта өңдеу базасында шағын, орташа қалалар мен қала үлгісіндегі кенттер орналасқан аумақ ретінде сипатталады. Темір, Жем, Хромтау ққ. осындай қалалар болып есептеледі.

Аталған бөлім өзекті мәселелер мен келешекте орын алатын жағдайларды көрсетумен облыстық орталықтың, кіші және жеке қалалар мен ауыл аумақтарының аумақтық-кеңістік дамуын қарастырады. Облыстағы экологиялық жағдайға, сонымен қатар өзекті аспектілер мен бағыттар бойынша болашақтағы шараларға жасалынған жалпы шолу ұсынылады: ауаның, су және жер ресурстарының ластануы, ТҚҚ кәдеге жарату және орман қорының жағдайы.


Облыс орталығын дамыту (Ақтөбе қала агломерациясы)

Облыс халқының шоғырлануы әсіресе Ақтөбе қаласы шеңберінде жоғары (Ақтөбе қала агломерациясы) – облыстың барлық халқы 53,4%-ды құрайды. Облыстың солтүстік аумағында облыс бүкіл халқының 64,6%-дан астамы тұрады. 2015 жыл басына облыстық қала халқы – 510,6 мың адам, ауыл халқы – 311,9 мың адам. Тек Ақтөбе қ. облыстың барлық қала халқының 75,96%-дан астамы тұрады.

Жанындағы аймақтарды қамтумен Қандыағаш қ., Шалқар ауданымен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің аумағы, Мұғалжар ауданы аумағы едәуір қоныстанған ареалдар болып табылады. Салыстыру үшін Оңтүстік және ішінара Шығыс және Батыс аудандар аз қоныстандырылған. 13 әкімшілік-аумақтық бірліктен, олардың біреуіне, шаршы км-ге 186,0 адам келеді, ал басқа аудандардағы жоғары тығыздылық – 5,3 адам, төменгі тығыздылық - 1 шаршы км-ге 0,36 адам.

Ақтөбе облыстың негізгі өсім нүктесі және басты тірек қаласы болып табылады. Бұдан басқа, 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес Ақтөбе қала агломерациясы 2019 жылы халқы 622,7 мың адамға жетерлік «бірінші деңгейдегі» болашақ қалаға жатқызылған. 2020 жылға дейін Ақтөбе облысы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары 2013 жылғы 01 қарашадағы № 158 мәслихат шешімімен бекітілген. 2014 жылы Ақтөбе қ. бес тұрғын үй ауқымының детальді жоспарлану жобалары әзірленген. Ақтөбе агломерациясына жатқызылған елді мекендердің генералды пландарын әзірлеу жұмысын жалғастыру қажет.

Ақтөбе облысы аумағын қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешенді сызбасын құрастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Тірек, шекті жерлерге, сонымен қатар Ақтөбе агломерациясына енгізілген орындарға жататын 29 ауыл елді мекендерінің генералды пландарын құрастыру жұмысы басталған.

Ақтөбе агломерациясы аймағына 1,0-сағаттық көліктік қолжетімділік изохрон шегінде Ақтөбе облысының Алға, Қарғалы, Қобда, Мартөк, Хромтау аудандарында бір қатар ауылдық елді мекендер тартылады (Хромтау, Қандыағаш қаласы және басқалары).

Ақтөбе агломерациясының бәсекеге қабілеттілік басымдылығын есепке алатын болсақ, ұзақмерзімді келешекте дамыту бойынша келесі шаралар қабылданады:

өңірдің индустриалды-инновациялық орталығын келесі жолдар арқылы дамыту:

- металлургиялық, химиялық, өнеркәсіптік және құрылыс материалдары мен конструкциялар өндірісін дамытудың бұдан әрі қайта өңдеуді ұйымдастыру;

- өнімді өндіру және өнім сапасын бағалау жүйесін басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу;

- әрекеттегі өндірістерді технологиялық тұрғыдан қайта қаруландыру;

- Ақтөбе облысының жоғары технологиялары аймағына технопарк әрекетін қайта ұйымдастыру (сәйкесінше өндірістік алаңдармен, зертханалық құрал-жабдықпен);

- әрекеттегі және жаңа өндірістерді кадрлармен қамсыздандыратын ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын дамыту;

- индустриалды аймақты құру;

өңірдің көлік-логистикалық орталықтың келешегіне келесі жолдар арқылы жол салу:

- Ақтөбе-Хромтау-Қандыағаш «үштігіне» жедел темір жолды жер үстіндегі көлікті дамыту;

- Ақтөбе қаласында авиациялық орталықпен көлік-логистикалық орталықты құру;

- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін пайдалануға енгізу;



- «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Ақтөбе-Атырау» (615 км), «Ақтөбе-Орск» (161км), «Ақтөбе-Орал» автожолдарын реконструкциялау;

2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға, Агломерацияны дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын, «Нұрлы жол» бағдарламасын және басқа да бастамаларды орындауға Ақтөбе агломерациясының көлік, әлеуметтік және өмірді қамсыздандыру инфрақұрылымының дамуы әсер ету қажет. Ақтөбе агломерациясы дамуының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жобасын жүзеге асыру тұрғындар үшін өмір сүрудің ыңғайлы қалалық ортаны құрады.



Өңірдің шағын және моно қалаларын дамыту

Әрбір өңір дамуының жаңа кезеңін жүзеге асыру үшін Аумақтық-кеңістік дамудың болжам кестесі және 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасымен болашақтағы дамудың өсім нүктелері, негізгі бағыттары мен стратегиялары анықталған.

2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес Ақтөбе облысының қалалық әкімдіктерімен Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Шалқар және Ембі шағын қалаларының 2016-2020 жж. арналған кешенді даму жоспарлары әзірленген (әрі қарай - КДЖ).

Шағын қалалардың КДЖ жүзеге асыру үшін барлығы 24 млрд. 790 млн. 700 мың теңге қажет (барлық көздерден), қаржыландырудың негізгі көзі – Республикалық бюджет 16 054,7 млн. теңге (КДЖ іс-шараларының 65%-ы). Темір қаласында ғана 87 млн. теңге көлеміндегі қаражат 8,2 млн. және сәйкесінше 25,5 млн. теңге көлеміндегі жергілікті және республикалық бюджет шығынынан асады.

2014 жылғы желтоқсан айында 2015-2017 жж. арналған Хромтау жеке қаласының КДЖ бекітілді. КДЖ жүзеге асыру аясында Республикалық бюджеттен 4 131, 3 млн. теңге сұралады, Жергілікті бюджеттен 974,3 млн. теңге бөлінеді және өзіндік қаражаты 796 млн. теңгені құрайды.

Облыстың жеке және шағын қалаларында іс-шараларды жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, оқыту және біліктілікті арттыру арқылы жоғары білікті мамандардың санын арттыруға, өңделуші секторда өндірістің жаңа түрлерін меңгеруге, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде өңдеуші сектор үлесін арттыруға, импорттың орнын алмастыру бағдарламасын орындауға, сыртқы сауда айналымының экспорттық потенциалы мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді.



Қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы, әрекеттегі ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау және толық жөндеуден өткізу арқылы да жүргізіледі. 7 шағын және жеке облыс қалалары ішінен 2 қала экономикалық дамудың жоғары потенциалына ие және 3 қала экономикалық дамудың орташа потенциалына қол жеткізген, мұндай көзқарас 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес қалыптасқан.

23-кесте – Ақтөбе облысының шағын және жеке қалалары

Атауы

Статус

2014 ж. бас. хал. саны, мың адам

Мамандануы

(орналасуы)

Экономикалық даму потенциалы

Алға

шағын қала

19,9

ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеу (агломерация аймағы)

орташа

Жем

1,9




төмен

Қандыағаш

31,9

көлік торабы

жоғары

Темір

2,5




төмен

Шалқар

27,7

көлік торабы

орташа

Ембі

11,7

көлік торабы

орташа

Хромтау

жеке қала

25,2

тау-кен және өңдеуші өнеркәсібі

жоғары

Дерек көзі: 2020 дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы

Ауыл аумақтарының дамуы
ОблыстықАЕМ түгендеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірді дамыту министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 234/БД бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді анықтау әдістемесіне сәйкес облыстың 36 ауылы ішінен тірек ауылдық елді мекендердің тізбесі белгіленді (бұдан әрі - ТАЕМ). 22 ауылдық елді мекен дамудың төменді потенциалына ие елді мекен ретінде белгіленген.

Өңірлік және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде Ақтөбе облысы мамандануының бәсекеге қабілеттілігін қамсыздандыру мақсатында ауылдық аумақтардың өндірістік, инвестициялық және адам ресурстарын шоғырландыру ТАЕМ негізгі қызметі болып табылады.

2014 жылы 9 ауылдық елді мекеннің генералды жоспары әзірленген. 2 тірек ауылдық елді мекеннің генералды жоспарлары келісу кезеңінде (Жарқамыс к. және Байғаны ауданының Жарлы к.). Ырғыз к. генералды жоспарына түзетулер енгізіліп жатыр. Шалқар ауданында (Бегімбет, Бозой, Мөңке аа.) 3 тірек ауылдық елді мекеннің толық жете жоспарлау жобалары құрылған. 2015 жылы 9 ауылдық елді мекендердің генералды жоспарларын аяқтау қажет.

Өсімдік және мал шаруашылықтары ТАЕМ дамуының басымдық бағыты болып табылады. Көптеген жобалар Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы, «Агробизнес 2020» бағдарламалары бойынша және жеке, қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылады. Агроөнеркәсіптік саланы әрі қарай дамыту мақсатында аграрлық және мал шаруашылығы өнімін алғаш қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды орналастыру қажет. Көптеген ТАЕМ республикалық мақсаттағы автожолдар мен темір жолдар жанында орналасқан, сондықтан олар әрекеттегі транзиттік потенциалды пайдалана алады. Қазіргі таңда ауылдық елді мекендерді белсендіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.



Шекара маны сауданың дамуы

Ақтөбе облысының шекара жанындағы аумағы шекаралық аймақты, шекара маңындағы өзен, көл және басқа су қоймалар суларының қазақстандық бөлігін, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерін қамтиды. Шекара маңындағы ынтымақтастық мемлекетаралық қарым-қатынастардың жеке сұрақтарын шешуге көмектеседі, олардың ішінде аса жоғары деңгейде шешім қабылдауға әзірше мүмкін емес немесе шешім қабылдау қиынға соғатын сұрақтарды талқылауға жәрдемдеседі және тарихи тұрғыда қалыптасқан байланысты әрі қарай дамытуға ықпал жасайды.

Сауданың дамуы, инвестицияларды тарту, логистика және көлік, білім және мәдениет, өзара кәсіпорындар мен өндірістерді ұйымдастыру, ақпараттық ынтымақтастық, жаңа технологиялармен алмасу және басқа да салалар шекаралық ынтымақтастықтың салалары болып табылады.

Кеден одағының елдерімен жасалған өзара сауда 2014 жыл үшін 1,3 млрд. АҚШ долларын немесе 2013 жылмен салыстырғанда 84,4%-ды құраған, оның ішінде экспорт – 460,8 млн. АҚШ доллары (86,7%), импорт – 801,5 млн. АҚШ доллары (83,1%).

Ақтөбе облысының Ресей Федерациясымен (РФ) шекарасының ұзақтығы 1100 километрді құрайды. Қарғалы, Қобда, Мартөк, Хромтау, Әйтеке би аудандары шекара жанындағы аудандар болып табылады. РФ тарапынан Орынбор облысының келесі аудандары шекара жанындағы аудандар болып саналады: Ақбұлақ, Беляев, Қуандық, Домбаров, Светлин, Соль-Илецк. 2006 жылғы 12 қаңтарда РФ және ҚР арасындағы мемлекеттік шекара туралы шарт заңды күшіне енген. Бұл шарт арқасында белгілеу жұмыстардың қорытындылары бекітілді. Қазіргі кезде демаркациондық жұмыстар аяқталған.

«Сағаршын» өткізу автокөліктік бекеті ауданында Ақтөбе облысы мен Орынбор облысын қосатын бағыттағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін құрудың ірі инфрақұрылымдық жоспарын жүзеге асыру РФ және ҚР сыртқы экономикалық байланысын дамытуға едәуір қарқын береді.



Ақтөбе облысын аумақтық-кеңістікте дамыту перспективалары
Ақтөбе облысының аумақтық-кеңістікте дамыту бағыттары Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасына бағдарланатын болады (бұдан әрі – Болжамды схема).

Ақтөбе қаласы және өңірдің басқа қалалары келешекте индустриалды-сервистік экономикасы және жаңғыртылған қалалық ортасы бар табысты үйлесімді дамып жатқан өңірлік агломерациялық құрылымдарға көшуге бағытталады.

Қала агломерацияларының артықшылықтарын пайдалану үшін олардың қала сыртындағы аймақтарды қалыптастыру мен дамыту процестерін пайдалану үшін үлкен маңызы бар.

Сонымен бірге агломерация ядросы және еңбекке жұмылдыруды дамытудың маңызды шарты ретінде оның арасындағы шапшаң көлік қатынасының заманауи түрлері үлкен маңыз атқаратын болады.

Агломерациялық дамыту қалаларды дамытуды белсендету есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Аумақтық-кеңістіктік дамыту белгілі дәрежеде өңірлердегі көліктік-логистикалық инфрақұрылымға тәуелді. Сондықтан көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту өңірлік қимадағы «өсу нүктелерінде» негізгі жүк ағындарын тартуға және менеджмент пен терминалдық инфрақұрылым сапасын дамытуға бағдарланған көліктік-дистрибуциялық торапты дамытуды ұйғарады.

Үшбұрыш Ақтөбе-Хромтау-Қандыағаш Ақтөбе облысының негізгі тірегі болады, ал Шалқар қаласы субөңірлік сипаттағы тірек қаласы ретінде қарастырылады. Ақтөбе, Қандыағаш, Хромтау қалалары өзіндік демографиялық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени потенциалы бойынша үлкен дәрежеде ірі аумақтарға қызмет көрсету жөніндегі қызметті орындауға дайындалған және потенциалды ауданаралық орталықтармен және түрлі деңгейде қалыптасқан аумақ тірегінің едәуір маңызды байланыс элементтері болып табылады.

Ақтөбе хаб-қаласы Өскемен – Семей –Павлодар – Астана (Көкшетау, Петропавл) – Ақтөбе – Каспий теңізіне шығатын Орал (Атырау, Ақтау) солтүстік арқау есебінен Шығысты Батыспен қосатын, сонымен қатар халық саны 2020 жылға қарай сәйкесінше, 283,6 мың адамнан 321,8 мың адамға дейін, 291,3 мың адамнан 346,3 мың адамға дейін көбейетін Ақтөбеден Ақтауға жаңа жол салудың және Ақтөбеден Орал мен Атырауға жолдарды қайта құрудың арқауы болады.

«Орал – Каменка- Ресей Федерациясының шекарасы», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолдарын қайта құру бойынша жобалар жалпы батыс макроөңірдің дамуына және, қозғалыстың орташа жылдамдығының арттыруына, жол жүру уақытының қысқаруына байланысты өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығындарын қысқарту жолымен отандық тауарларды ресей нарықтарына экспорттауды ынталандыруға себептігін тигізетін болады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің құрылысын аяқтау Ақтөбе хабының транзиттік әлеуетін ашуға және батыс макроөңірдің екінші деңгейдегі қалаларды дамытуға әлеуетті түрткі болады.

Ақтобе хаб-қаласын дамыту қаланың әуе және жер көлігі көлік инфрақұрылымының кешенді дамытуын қажет етеді.

Келешекте Хромтау қаласы тау металлургия саласындағы өзінің ағымдағы мамандандыруын сақтайды. Бұған хромның ірі кен орнын игеру мүмкіндік береді.

Болашақта Алға қаласы химиялық өнеркәсіпте өзінің ағымдағы мамандандыруын күшейтеді, кальций қосылған соданы өндіруді ұйымдастыру қажет.

Жем қаласын мамандандырудың негізгі бағыты мұнай және газ шығару болып қалады. Тамақ өнеркәсібін дамыту қажет.

Темір қаласын дамытудың негізгі бағыттары келешекте ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу және азық-түлікті өндіру болады.

Шалқар қаласында келешекте ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу және азық-түлік өндіру одан әрі дамытылады.

Минералды судың бірегей көздерінің бар болуын есепке ала отырып, шөлмектелген суды шығару бойынша өндірістерді жасау қажет.

Құрылыс бағыттағы жұмысы тоқтатылған кәсіпорындардың базасында құрылыс индустриясын дамыту мүмкіндігі бар.

Жезқазган – Сексеуілді – Шалқар – Бейнеу теміржол тарауын пайдалануға енгізумен көлік пен логистиканың дамуы ұласады.

Келешекте Ембі қаласын мамандандырудың негізгі бағыты мұнай және газ шығару болып қалады. Тамақ өнеркәсібін дамыту қажет.

Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерін мамандандырудың басым саласы келешекте мал шаруашылығы болып қала береді. Мал шаруашылығындағы келешекті бағдарлары ет-сүт бағытындағы ірі қара мал өсіру, жылқы шаруашылығы, етті-майлы қой шаруашылығы, биязы жүнді қой шаруашылығы болады.

Өсімдік шаруашылығында егіс алаңдарын бидай, арпа, сұлы, бұршақ тұқымдастар, күнбағыс, сафлор, жемшөптік дақыл, картоп, көкөністер мен бақша дақылдарын өсіру үшін пайдалану жөн.




«Экономика» бағыты бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Мүмкіндіктері

  • Бай минералдық-шикізат базасы (хром, мыс, мыс-мырыш темір, никель, құрамында алтын бар, титан, алюминий рудалары, платина, вольфрам және молибден, тантал және ниобий);

  • Мұнай мен газ және минералдық шикізат қорларының болуы тау-кен өндіру өнеркәсібінің одан әрі дамуына негіз болады;

  • Әлемдік нарықтарға жеткізуде дамыған инфрақұрылым, жоғары транзиттік әлеует;

  • Ірі инвесторлардың болуы (CNPC, Sinopec, Лукойл, TETHYS Petroleum және т.б.);

  • Инвестициялар көлемі бойынша облыс Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана қ. кейін 4-орынға ие болды;

  • Қалыпты инвестициялық климат, инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі және негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқындары;

  • Химия өнеркәсібін дамытуда шикізат көздерінің болуы;

  • Қара мен түсті металлургия саласындағы үлкен экономикалық әлеует және медициналық пен мұнай жабдықтарын шығаруда инновациялық әлеует;

  • Машина жасауды дамытуда, металл бұйымдарын және құрылыс материалдарын шығаруда үлкен әлеует;




  • Облыстың авиациялық, темір жол және автомобиль магистральдары тоғысында ерекше географиялық орналасуы; тапсыру нарығын кеңейту және транзиттік әлеуетті арттыру

  • Металлургияны дамыту, құрылыс материалдарын шығару үшін бай минералдық-шикізат базасының болуы.

  • Отандық тауар өндірушілерін сыртқы экономикалық қолдау (кеден жеңілдіктері);

  • Жоғары қосылған құнмен өндірістік қуаттарды жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу.

  • ҮИИДМБ шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары (Индустрияландыру картасы, Өнімділік 2020, Экспорттаушы 2020 бағдарламалары);

  • ҮИИДМБ 2-бесжылдығы шеңберінде ең жаңа технологияларды пайдала отырып әлдеқайда жоғары бөліністі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;

  • Ақтөбе қ. – облыстың әкімшілік орталығы сервистік секторды және көлік-логистикалық хабты дамытудың жоғары деңгейімен Батыс макроөңіріндегі ең ірі қалалық агломерацияға айналады;

  • Тиімді дамыту үшін мұнай-газ саласын кластерлеу, қосалқы кәсіпорындарды арттыру;

  • Тағам және химия өнеркәсібін, көлік-логистикалық қызметтерді, құрылыс материалдарын шығаруды кластерлеу;

  • Жергілікті шикізатта жаңа энергия шығару қуаттарын салу, электр энергиясын жеткізу желілерін қалпына келтіру;

Әлсіз жақтары

Қауіптер

  • Өңір экономикасы дамуының көмірсутекті шикізат пен металлдарға бағалардың әлемдік конъюнктурасына жоғары тәуелділігі

  • Өнеркәсіптің дамуын шектейтін өсіп жатқан энергия тапшылығы және желілердегі шығындардың жоғары деңгейі;

  • Салалық теңгерімсіздік: өнеркәсіп құрамында тау-кен өндіру өнеркәсібінің жоғары үлесі (76,5%) (экономика осалдылығының өсуі, басқа секторларға және ЦДС дамуы үшін инвестициялардың төмен тартымдылығы, жұмыспен қамтуға әсерінің аздығы)

  • Облыстың әртараптандыру және инновациялық даму саясаты толық шамада іске асырылмаған, нәтижесінде экономика құрылымы шикізат бағытын сақтап қалды.

  • Өңірдің республикалық еңбек бөлінісінде тар мамандандырылуы, терең шикізат бағыты және өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлікті дамытуда жеткілікті ынталардың болмауы;

  • Автомобиль жолы жабындысының тозуы, жол жабындыларының, жасанды құрылыстар мен көпірлердің және ИКИ тасушы қабілетінің жоғалуы;

  • Қазіргі заманғы агротехнологиялардың әлсіз енгізілуі және қолжетімді бағаларда жоғары репродукцияла тұқымдармен жеткілікті дәрежеде қамтылмауы

  • Ауыл шаруашылық қалыптасулары техникалық паркінің моральдық және физикалық тозуы (90,6%);

  • ШОБ өкілдерінің салалық бөліністе инвестицияларды тарту бойынша шешім қабылдау процестеріне әлсіз тартылуы.

  • Кепілдік міндеттемелер бойынша жоғары талаптар ШОК көптеген субъектілері үшін кредиттеуге қолжетімділікті төмендетеді.

  • Экономиканың барлық секторларында білікті кәсіби кадрлар тапшылығы;

  • Әлемдік экономикаға интеграциялаумен байланысты өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;

  • Мұнай өндірісі көлемінің құлдырауы;

  • Мұнай қорлары кен орындарының тозуы;

  • Кен орындарда руда қорларының тозуы;

  • Әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы және металлдарға, негізінен, ферроқоспаларға, мыс рудасына және конценттарттарға бағалардың ауытқуы.

  • Технологиялық дамуда артта қалу және өңірлік экономиканың салалық сәйкессіздіктері салдарынан ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің артуы және шикізат экспортының жоғары үлесі;

  • «Батыс Еуропа және Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліздің құрылысын аяқтаумен байланысты құрылыс саласындағы көлемнің азаюы (облыс бойынша көлік дәлізінің 621 км);

  • Өңір экономикасының шикізат бағытының сақталуы;

  • Кәсіби білім беру жүйесіндегі сәйкессіздіктердің сақталуы еңбек ресурстарына сұранысты қанағаттандыруға кері әсер етеді;






«Экономика» бағыты бойынша проблемалар



Мұнай және газ өндіру проблемалары:

  • Мұнайға әлемдік деңгейдегі бағасының құлдырауы себебінен мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне әсері;

  • Қолданылып жатқан ұңғымалардың қабатындағы ауа қысымының өзгерісі мұнай өндірудің қиындауы және мұнай кен орындарының сарқылуы (АО «CNPC-Актобемунайгаз»);

  • Мұнай өндіруге «газ факторының» әсері үлкен. Мұнай кенін пайдалану кезінде ерітілген газ жағдайында ұңғымалар қабатындағы ауа қысымымының төмендеуі және газ факторының жоғарылауы жет қабатындағы энергеияның тиімсіз пайдалануына және мұнай өндірудің төмендеуіне әкеліп соғып отыр.

  • Мұнай компанияларының тапсырыстарының төмендеуі мұнайдың әлемдік бағасының өзгерісі әсерін тигізіп отыр.


Металлургия өнеркәсібінің проблемалары:

Қазіргі уақытта металлургия өнеркәсібі ферроқорытпалар өндірудің төмендеуі проблемасымен кездесті. Негізгі себебі жазғы кезеңде жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне, сондай-ақ трейдерлердің тапсырыстары бойынша жоғары көміртекті феррохромнан орташакөміртекті қорытатын пештерге ауыстыруға байланысты өндірістің уақытша тоқтауына байланысты. Бұл ретте «Қазхром» ТҰК» АҚ жаңа ферроқорытпа зауытын енгізу есебінен өндірісті арттыру бөлігіндегі үміттер ақталмады. Жаңа өндірісте 226,0 мың тонна көлемінде өнім өндіру жоспарланған болатын, іс жүзінде өндірілгені 6,2 мың тонна.



Сондай-ақ металдарға, атап айтқанда, ферроқорытпаларға, мыс кеніне және концентраттарға бағаның ауытқуы және дүниежүзілік нарықтардың тұрақсыздығы салаға теріс ықпал етеді.

Компаниялардың ағымдағы кен өндіру деңгейін одан әрі сақтап қалуы (4,4 млн. т) аса проблемалық болып көрінеді. Бұл карьер ресурстарының азаюына байланысты. «Қазхром» кәсіпорны үшін көбірек күрделі проблема білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып отыр.
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісінің проблемалары:

Жүйелік сипатқа ие кейбір теріс факторлар бар. Мысалы, дүниежүзілік мұнай нарығындағы жоғары бәсекелестік, едәуір ықпалды экспорттаушылардың болуы, өзіндік құнының жоғарылығы және Қазақстан Республикасында өндірілген мұнайдың ерекшеліктері.

Теріс факторлар қатарына, сонымен қатар, қорларын өндіру өте қиын болатын кен орындарының көп болуын, минералды-шикізатты базаның орнының толтырылмауын, қазақстандық компаниялар игеріп жатқан кен орындарындағы мұнай және газды өндірудің көлемі мен қорлардың аз үлесін, ішкі қайта өңдеумен салыстырғанда мұнайды экспорттаудың басым сипатқа ие болуын, геологиялық-барлау жұмыстарына инвестициялардың аса тартылмайтындығын жатқызуға болады.
Химия өнеркәсібінің проблемалары:

  • Еуропа елдерінде хром тұздарына сұраныстың төмендеуі және рубль бағамының төмендеуінен Ресейге жеткізулердің азаюы.

  • Химия саласында шикізатты өңдеудің дәрежесі төмен.

  • Олардың төлем қабілеттілігінің төмендігіне байланысты ауыл шаруашылығы өндірушілерінің минералдық химиялық тыңайтқыштарға сұранысының жоғары болмауы.

  • Өндірістің тиімділігін арттыруға кедергі жасайтын жабдықтың тозуы деңгейінің жоғары болуы.

  • Импорт бойынша келіп түсетін химикаттар тарапынан болатын артып келе жатқан бәсекелестік, отандық өнімдер өндірудің өзіндік құнының жоғары болуы.

  • Негізгі қорларды жаңарту коэффициентінің төмен болуы, одан арғы қайта жасау өнімдерін шығару үшін бірқатар базалық өндірістердің болмауы.


Өзге бейметалл минералды өнім өндірісінің
проблемалары:

Ірі объектілердің құрылысының аяқталуымен құрылыс материалдары өндірісін азайту болжанады.

«Георгиевский» кенішінен құмды-қиыршық тасты қоспаны өндіру және жеткізуге қарамастан, облыс қиыршық тасты, ұсақталған тасты, сондай-ақ портландцементті, қож цементін импорттайды. Ресейдің осы импорты қазақстандық өндірушілердің құрылыс материалдарының бәсекеге қабілеттілігіне елеулі әсер етеді. ҚР Статистика комитетінің деректеріне сәйкес 2014 жылы жұмыс тас, қиыршық тас, ұсақталған тас импортының көлемі 22,6 мың тоннаны құрды.


Агроөнеркәсіп кешенінің проблемалары:


  • өндірістік сипаттағы проблемалар: шикізаттың жетіспеушілігі, сапасының төмендігі мен қымбатшылығы, моральді және физикалық жағынан ескірген жабдықтар үлесінің жоғарылығы, өндірісте ескірген жабдықтадың пайдалануы бәсекеге қабілетті айын өнімдерді шығаруға мүмкіндік бермейді;

  • нарықтағы арзан және сапасы төмен импортың орын алуы өнімді өткізуге қатысты проблемаларға әкеп тірейді;

  • өсімдік шаруашылығы – заманауи агротехнологияларды ендірудің әлсіздігі, қолжетімді бағалар бойынша жоғары репродукциялы тұқымдармен жеткіліксіз түрде қамсыздандырылуы;

  • ауыл шаруашылық құрылым парктерінің техникалық тұрғыдан тозуы;

  • мал шаруашылығында – орташа және ірі өндірістерді дамытудың жетіспеушілігі, селекциялық-асыл тұқымды ірі аумақты жұмыстардың өткізілуін шектеу, қолда бар жайылымдарды мақсатсыз пайдалану, мал шаруашылығы үрдістерін механизациялаудың төменгі деңгейі;

  • өндірістік қуаттылық құрылғыларын қайта өңдеу және жүктелудің төменгі деңгейі;

  • ауыл шаруашылығындағы еңбекақының төменгі деңгейі, оның ішінде жас кадрлар еңбекақысы; аграрлық кадрларды даярлау бойынша гранттың жеткіліксіз бөлінуі (агрономдар, технологтар, ветеринарлық мамандар және т.б.), олардың жұмысқа орналасуы және шешілмеген әлеуметтік сұрақтардың бір қатары;

  • ауыл шаруашылығында өз мүмкіндіктерінде шектеулі кішігірім тауарды өндірушінің көп саны, осының салдарынан өндірістің төмендігі, сапалы өнімді өндіру үшін шикізат сапасының төмендігі;

  • ет, сүт және олардың қайта өңделу өнімдерін жеткізуші шетел елдерімен мөлшерлемелік емес реттеудің болуы азық-түлік өнімдерін импорттау жоғары үлесінің нәтижесі;

  • заманауи техникасы бар, азық-түлік өнімдерін шығару технологиясын меңгерген кәсіпорындардың төменгі үлесі;

  • азық-түлік өнеркәсіпте білікті технологтар кадрларының жетіспеушілігі, азық-түлік тауарлары мен қызметтерін өндіру саласында жеке бизнесті дамыту үшін әкімшілік шектеулердің болуы.

Шағын және орта бизнестің проблемалары:

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға екінші деңгейлі банктердің кредиттік қаражаттарына қол жетімділік төмен, себебі ауылдық жердегі мүліктің кепілдігңне банк несие бермейді.

Ауылдық жердегі тұырғындарға несие берудегі тепе-теңсіздікті және тосқауылдарды жою мақсатында ауылдағы ШОК субъектілерін қаржылық қолдау қажет және оператор ретінде «Қазпошта» АҚ-ның қызметін күшейту керек.

ШОК қсымша тосқауыл ретінде инженерлік коммуникацияға жақын оналасқан жер телімдерінің тапшылығы, инженерлік желілерді орналастырудың қымбатшылығы, келісім және рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеудің ұзақтығы (СЭС, экология, ТЖ және т.б. жобаларды келісу), шығарылатын өнімге сертификат алуға сәйкес зертханалардың жоқтығы, жаңадан іске қосылған объектілерге салықтық жеңілдіктердің жоқтығы және т.б.

Өңірдің еңбек нарығы компаниялардың білікті техникалық мамандарға (инженерлер, геологтар, механиктер және т.б.) деген мұқтаждылығын толықтай қанағаттандыра алмауы мүмкін. Жалпы, персоналды іріктеу және жалдау мәселесінде Ақтөбе облысының кәсіпкерлері келесідей қиындықтарға тап болады:

Білікті мамандардың жетіспеушілігі (48,1%);

Теория және практика арасындағы сәйкессіздік: жұмыс іздеушілерде қолданбалы білімнің жоқтығы (33%);

Жалақыға қойылатын жоғары талаптар (25%).

Өңір кәсіпорындарында жер телімдері және өндірістік ғимараттарды сатып алу және/немесе жалға алу кезінде белгілі бір қиындықтар туындайды.

Бюрократия фактілері және құжаттарды қарастыру мерзімінің ұзақтылығы барлық мемлекеттік органдармен жұмыс жасау кезінде байқалады: осылайша, әрбір бесінші кәсіпкер мемлекеттік органдармен жұмыс жасау барысында жоғарыда айтылған жағымсыз жайттармен кездескендігін растады. Жемқорлықтың таралуы және тексерістердің көп болу жағынан СЭС көш бастап тұр: сауалнамаға жауап берген әрбір сегізінші кәсіпкер қызметкерлермен әрекеттесу және тексеріс барысында жемқорлық және заңсыз төлемдерге талай кезіккенін растады.


Өңіраралық ынтымақтастықтағы проблемалары:

Өңіраралық ынтымақтастықтың төмен деңгейі ынтымақтастықтың мүмкін болатын артықшылықтарын шектейтін және шаруашылық субъектілер арасында өңіраралық байланысты орнатудағы шығындарды арттыратын төрт негізгі факторлардың жиынтығымен белгіленеді:



  • елдің негізгі экономикалық орталықтарының арасындағы маңызды қашықтық, ол көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуымен байланысып, өңіраралық тасымалдаудың жоғары көлік шығындарын негіздейді;

  • көптеген облысаралық шекаралар бойынша тауар алмасудың әлеуетін сын көзімен қысқартатын, іргелес өңірлердің көбінде экономикалық жағдайлар мен экономикалық мамандану құрылымы нашар сараланады;

  • жергілікті компанияларға (ең алдымен шағын және орта бизнес субъектілеріне) бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің басқа өңірлерінде нарықтарға шығу үшін өндіріс ауқымының тиімділігін пайдалануға мүмкіндік бермейтін, астаналық агломерациялардың шегінен тыс өңірлік нарықтардың шектеулі көлемі;

  • Қазақстандық экономиканың көптеген салаларының басты серіктес-елдермен (Қытай, ЕО елдері, Ресей мен Беларусь) төмен бәсекеге қабілеттілігі, ол тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың басты сегменттерінде импорттың басымдығын негіздейді және қазақстандық компанияларға ішкі нарықтың бар әлеуетін пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Инновациялар және инвестициялар проблемалары:

- Өңір үшін негізгі проблемалардың бірі жоғары энергия сыйымдылығы қалып отыр;

- ШОБ өкілдерінің салалық қимада инвестицияларды тарту бойынша шешім қабылдау үдерістеріне нашар тартылуы;

- Инвестициялардың негізгі реципиенттері бизнес болып табылады, ал инновациялық кәсіпкерлік, әдетте, шағын көлемдерімен ерекшеленеді;

- Ақтөбе облысы кәсіпорындарының негізгі қорларын және өндірістік қуаттарын тиімді пайдалануды көтеру проблемасы;

- инновациялық жобаларды іске асыру саласында ЖОО-лар мен облыстың ірі кәсіпорындарының салалық өзара әрекеттесуі жоқ;

- ірі кәсіпорындар мен инновациялық жобаларды әзірлеушілердің өзара әрекеттесуінің механизмі жолға қойылмаған;

- облыстың ірі кәсіпорындарының инновациялық жобаларды енгізуге тікелей мүдделілігі жоқ;

- инновацияларды енгізу мен дамыту саласында ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың төмен белсенділігі мен өңір инновацияларын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

- қажетті кадрларды даярлау және олармен қамтамасыз ету мәселесінде, оның ішінде жаңа техникалық мамандықтар бойынша, сондай-ақ іске асырылып жатқан инновациялық жобалар үшін ЖОО-лардың ірі кәсіпорындармен өзара әрекеттесуін толық қамтамасыз ету қажет;

- Ақтөбе облысында қолданыстағы инновациялық жүйе элементтері (технологиялық парк, ӘКК, даму институттары, инноваторлар және басқалар) шашыраңқы әрекет етеді, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элеменеттері арасында өзара байланыс жоқ.
Сыртқы сауда проблемалары:

- Ақтөбе облысының сыртқы саудасында басқа елдермен және ЕЭО елдерімен экспорттың төмендеуі байқалады;

- ЕЭО елдерімен импортталған тауарлық топтар көбейіп келеді;

- ел экспортының жалпы көлемінде Ақтөбе облысы экспортының үлесі төмендеп келеді (2011ж.-10,4%, 2014ж. – 6,7%);

- экспорт үлесінің төмендеуі негізгі экспортталатын тауарларға (мыс кені мен концентраттарына, хром тұздарына, мырыш кені мен концентраттарына, хром тұздарына және өзгелерге) Еуропа елдерінде сұраныстың төмендеуімен және рубль бағамының төмендеуі үшін Ресейге жеткізулердің азаюымен туындады;

- дүниежүзілік нарықтардың тұрақсыздығы мен металға, жеке алған ферроқорытпаларға, мыс кені мен концентраттарына бағаның ауытқуы металлургия өнеркәсібі экспортының дамуына негативті әсер етеді.



Аумақтық-кеңістіктік дамыту проблемалары:

Ақтөбе қаласы экономикалық даму үшін едәуір потенциалымен сипатталады, алайда тұрғын үй, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымының төменгі деңгейі мен сапасы байқалады. Бұл факторлар, сонымен қатар қаладағы экологиялық проблемалар агломерация дамуын тежеуші факторлар болып табылады.

Ақтөбе облысы үшін аудандар мен қалалардың даму деңгейі бойынша маңызды айырмашылықтар тән. Осылайша, заңды тұлғалардың шоғырлану коэффициенті облыс кәсіпорындарының бір жерде шоғырлануын бейнелейді. Ақтөбе қаласы шоғырланудың негізгі нүктесі болып табылады, онда облыс заңды тұлғаларының 76,7%-дан астам саны тіркелген. Жаңа өндірістік потенциал мен еңбек ресурстарының едәуір бөлігі Ақтөбе қала агломерацияда шоғырланады. Бұл өңір дамуының әртараптануына және Ақтөбе қала агломерация шегінен адам және өндірістік потенциалды пайдаланудың төменгі деңгейіне әкеледі.

Бұл аудандар тұрғындарының жоғары емес өмір деңгейі нысанында «тірек шеңберін» және инфрақұрылымына инвестициялардың жетіспеушілігін қалыптастырады, яғни іскерлік белсенділік төмендейді және облыс аудандарынан тұрғындардың көшуі орын алады.

Ақтөбе облысында 372 ауылдық елді мекен бар (бұдан әрі - АЕМ) – 12 ауданда және Ақтөбе қ. қала шетіндегі аймақта. Ауылдық жерлерден халықтың көшуі артып келеді және облыс халқының шоғырлануы тығыздылығы бойынша әртараптану өсуде (оңтүстік пен батыс – төменгі тығыздылық, солтүстік – жоғары тығыздылық).

2014 жылы Ақтөбе облысының мәслихаты 2018 жылға дейін барлық ТАЕМ Кешенді даму жоспарын бекітті (әрі қарай - КДЖ). КДЖ талдауы даму жолында облыстық ТАЕМ кездесетін жалпы өзекті мәселелер туралы бірнеше байқау жасауға мүмкіндік береді:



  • ауылдардың генералды жоспарлары жоқ, бұл ауылдық аумақтардың ретсіз салынуына және инженерлік коммуникациялардың жоқтығына әкеп соғады (кәріз, су құбыры және т.б.).

  • ауыл ішіндегі жолдар апаттық жағдайда. Көп жағдайда асфальттық жабынды мен жаяужол жоқтың қасы. Бұл өз алдына ауылдық елді мекендердің көз тартарлық қабілетін едәуір төмендетеді және олардың транзиттік потенциалын азайтады.

  • мемлекеттік мекемелердің көбісі толық жөндеу мен реконструкциялауды қажет етеді. Инженерлік желілер тозуының жоғары дәрежесі, сонымен қатар әлеуметтік маңызды мекемелердің қанағаттанарлықсыз жағдайы белгіленеді. Бұл өз кезегінде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын төмендетеді.




жүктеу 8,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау