Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18



жүктеу 8,13 Mb.
бет7/21
Дата07.12.2017
өлшемі8,13 Mb.
#3484
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Шағын және орта бизнес, сауда


Облыс экономикасы дамуының басым бағыты шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бұдан әрі - ШОК) облыс бойынша 2014 жылы 63 843 бірлікті құрады, ол 2013 жылдың деңгейінен (57 972 бірлік) 10,1 %-ға және 2012 жылдың деңгейінен (52 019 бірлік) 22,7 %-ға жоғары.

Ұйымдастыру-құқықтық нысан бөлінісінде ШОК субъектілерімен шығарылған өнімнің ең жоғары үлесі заңды тұлғаларға тиесілі (орташа есеппен 2012-2014 жылдары – 83,8 %). ШФҚ ШОК субъектілерімен шығарылған өнімнің жалпы көлемінің орта есеппен 6,5 %-ын, ЖП 9,7 %-ын шығарады.

2012 жылы белсенді ШОК субъектілерінің саны 36 168 бірлікті, 2013 жылы 39 328 бірлікті құрады (2012 жылдың деңгейінен 8,7 %-ға жоғары). 2014 жылы белсенді ШОК субъектілерінің саны 2013 жылдың деңгейіне қатысты 4,8 %-ға артты және 41 237 бірлікті құрады. Бұл ретте, белсенді ШОК субъектілерінің саны 2014 жылы 2012 жылдың деңгейіне қатысты 5 096 бірлікке немесе 14,0 %-ға артты.

Жалпы тіркелген субъектілер санында белсенді ШОК субъектілерінің үлесі 2014 жылы 64,6 %-ды құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 3,2 %-ға және 2012 жылдың деңгейінен 4,9 %-ға аз. Аталған серпін 2014 жылы тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санының артуымен байланысты.

Ұйымдастыру-құқықтық нысан бөлінісінде ШОК құрылымында белсенді субъектілердің ең жоғары үлесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі (орта есеппен 2012-2014 жылдары – 78,6 %). Белсенді ШОК субъектілерінің жалпы санынан ШФҚ орта есеппен 10,9 %-ды, заңды тұлғалар 10,5 %-ды құрайды.

ШОК саласында жұмыс істейтіндер саны 2012 жылы 103 300 адамды құрады. 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте 113 146 адам жұмыс істеген, ол 2012 жылдың деңгейінен 9,5 %-ға артық. 2014 жылы жұмыс істейтіндер саны 128 456 адамды құрады. Аталған көрсеткіш 2012 жылдың деңгейінен 24,3 %-ға немесе 25 156 адамға және 2013 жылдың деңгейінен 13,5 %-ға немесе 15 310 адамға жоғары.

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 2013 жылы 396,7 млрд. теңгені құрады, ол 2012 жылдың деңгейінен 1,1 %-ға артық (2012 жылы - 392,4 млрд. теңге). 2014 жылдың нәтижелері бойынша ШОК субъектілерімен шығарылатын өнім көлемі 2013 жылдың деңгейіне қатысты 40,2 %-ға, 2012 жылдың көлеміне қатысты 41,8 %-ға артты және 556,3 млрд. теңгені құрады.

Оперативтік статистикалық деректер бойынша жалпы өңірлік өнімде (бұдан әрі - ЖӨӨ) ШОК үлесі 2014 жылдың нәтижелері бойынша 17 %-ды құрады. Бұл ретте 2012 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ-де ШОК үлесі 2,9%-ға (14,1) және 2013 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ-де ШОК 3,5%-ға артты. Басқа өңірлермен салыстырғанда 2014 жылы аталған көрсеткіш бойынша облыс республика бойынша 12-позицияға ие болды.


15-кесте Өңірде ШОК негізгі даму көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны

бірлік

52 019

57 972

63843

Белсенді ШОК субъектілерінің саны

бірлік

36 168

39 328

41 237

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санында белсенді субъектілер үлесі

%

69,5

67,8

69,5

ШОК-та жұмыс істейтіндер саны

адам

103 300

113 146

128 456

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы

млн. теңге

392 403

396 741

556 354

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» (бұдан әрі – БЖК-2020) бағдарламасы іске асырылып жатыр.

БЖК-2020 іске асыру үшін Ақтөбе облысына 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 9,9 млрд. теңге бөлінген.

2012 – 2014 жылдары БЖК-2020 шеңберінде 294 жоба ескерілген, 41 кредит бойынша ішінара кепілдендіру ұсынылған, 17 грант бөлінген (16-кесте).



16-кесте – Құралдар бөлінісінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау алған жобалар саны


Қолдау құралдары

2012

2013

2014

Субсидиялау

115

83

96

Кепілдендіру

13

7

21

Гранттар

-

12

5

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

40

5

5

2012-2014 жылдары БЖК-2020 бойынша шараларды іске асыру нәтижесінде 9,0 мыңнан астам жұмыс орны сақталды және 3,1 мыңнан астам қосымша жұмыс орны ашылды.

2011 жылдан бастап БЖК-2020 шеңберінде «Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау» 4-бағыты іске асырылып жатыр (17-кесте).

17-кесте – Құрамдауыштар бөлінісінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде оқып шыққан қатысушылар саны


Қолдау құралдары

2012

2013

2014

Бизнес кеңесші 1

763

908

909

Бизнес кеңесші 2

-

-

265

Топ-менеджментке оқыту

5

17

15

Іскерлік байланыстар

16

35

38

Жас кәсіпкер мектебі

-

-

60

Аға сеньорлар

-

3

3

«Бизнес кеңесші» құрамдауышы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шеңберінде 2012-2014 жылдары 2 845 кәсіпкер, «Топ-менеджментке оқыту» құрамдауышы шеңберінде 37 ШОК жетекшісі, «Іскерлік байланыстар» құрамдауышы шеңберінде 89 кәсіпкер (оның ішінде, 23 кәсіпкер шетелде тағылымнамадан өтті), «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша 60 адам, «Аға сеньорлар» бағыты бойынша 6 адам оқып шықты.




Сауда

Сауда саласында соңғы жылдары шашыраңқы ұйымдасқан нарықтарды қысқарту, бөлшек сауда желілерін ірілендіру, ірі бөлшек сауда желілері арасындағы бәсекелестіктің өршуі, сондай-ақ, бөлшек сауда желісін жергілікті тауар өндірушілерінің өнімімен қамтамасыз ету секілді маңызды құрылымдық өзгерістер бақылануда.

Арнайы дүкендер, супер- және гипермаркеттер, сауда орталықтарының желісі дамып келеді, бұл тауарлар мен қызметтердің, оның ішінде қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және қаржы қызметтерінің едәуір кең сұрыпталымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, тауарлар мен қызметтер сапасына кепілдік беруге жол ашады.

Облыс бойынша сауда нүктелерінің желісі 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін 5 686 бірлік құраса, сауда алаңдарының саны 495 251 ш. м.құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (430 252 ш.м.). салыстырғанда 15,1%-ға ұлғайды.

«Анвар», «Дина», «Олжа», «Дастархан», «Сапа-Маркет» сияқты супер және гипермаркеттер, әмбебап дүкендер және «МЕТРО Кэш энд Керри» көтерме сауда орталығы, сондай-ақ ағымдағы жылы наурыз айында енгізілген «CityShopingCenter» сауда кешенінің сауда желілері белсенді дамуда. Бұл желілер облыс халқының 60%-дан артығын қамтиды. Сауда желісінің көтерме дүкендері қалалар мен облыстың барлық сауда нүктелерінің 90%-ға жуығына қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта 2 сауда объектісінің құрылысы жүріп жатыр: 2015 жылдың 3-тоқсанында аяқтау жоспарланып отырған «Анвар» ауданы 8000 ш.м. (азық-түлік тауарлары) гипермаркеті және «Дина» г/м ауданы 16 мың ш.м.(құрылыс материалдары).

2016 жылы ауданы 10 000 ш.м. «Үздік шешім» ЖШС және ауданы 30 000 ш.м. «ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік-логистикалық орталықтарын салу жоспарлануда. Сондай-ақ «НұрСити» шағын ауданында «Дина» (5,0 мың ш.м.) және «Батыс» шағын ауданында «Анвар» (1,0 мың ш.м.) супермаркеттері.

2015 жылдың басында облыста 7,1 мың сауда орны бар 45 сауда базары тіркелген, соның ішінде 7 коммуналдық шағын базар мен «Табыс» коммуналдық базарын қоса алғанда Ақтөбе қаласындағы 28 сауда базары.

Нарықтарды бөлу келесі ретпен қалыптасты: нарықтар типтері бойынша жабық (жалпы саннан 44,4%), тауарлық мамандануы бойынша – әмбебап (35,5%), сату түрлері бойынша – бөлшек (95,5%) нарықтар басым.

Базарларды заманауи форматқа көшіру мақсатында нарықтарды жаңарту жүгізілуде. Сонымен 2014 жылы бұрын ашық сөрелерден сауда жасалған 214 сауда орны бар, ауданы 2,8 мың ш.м. сауда алаңы бар 4 қабатты «Алтай» жабық базары қатарға қосылды. Орталық базар аумағында ауданы 5,5 мың ш.м., 600 сауда орны бар «Достық» жаңа ашық павильоны пайдалануға енгізілді. Сондай-ақ «Шығыс» және «Орталық» базарларын жаңарту жүргізілуде.

Облыстың бөлшек сауда айналымы 2014 жыл ішінде 389,7 млрд. теңгені құрады және 2013 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 6,7%-ға өсті.

Тұтыну нарығының соңғы 5 жылдағы бөлшек сауда айналымының динамикасы тұрақты өсу үрдісіне ие (2010ж. – 205,0 млрд.т.; 2011ж. – 244,1 млрд.т.; 2012ж. – 324,8млрд.т.; 2013ж. – 387,3 млрд.т.).

2015 жылдың соңғы 8 айында бөлшек сауда көлемі 266,2 млрд. теңге құрады немесе 2014 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда, 2,7% ұлғайды (Ақтөбе қ. - 253,8 млр.тг., өсім 2,5%). Сонымен бірге сауда кәсіпорындарының және секторларының өлшемділігі бойынша а.ж. 8 айында - 64,3% (171,2 млрд. теңге) шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, 16,1% - ірі, 5,5% - орта кәсіпорындар және 14,1% - нарықтардағы сауда алады.

Азық-түлік тауарлары бөлшек сауданың жалпы көлемінде 45%-ды құрайды, азық-түліктік емес тауарларға 55% тиесілі.



Көтерме сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 607,8 млрд. теңгені құрады немесе 2013 ж. сәйкесінше кезеңіне 5,6% ұлғайды. Жылдар бойынша тауар айналымынгың көлемдері (2010ж.- 296,9 млрд. т., 2011ж.- 709,5млрд.т., 2012ж.- 558,5 млрд.т., 2013 ж. – 430,3 млрд. т.).

2015 жылдың 8 айы ішінде көтерме сауда көлемі 333,4 млрд. теңге немесе өткен жылдың сәйкесінше деңгейіне 96,6% құрады.

Азық-түліктік нарыққа реттеуші әсерді және азық-түліктік қамтамасыз ету үшін облыста әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің тауарлық интервенциясын жүргізетін Тұрақтандырушы қоры құрылды. Осы қордың ресурстарын қалыптастыру үшін 2015 жылы «АзияАгроХолдинг» ЖШС компаниясы Ақтөбе қ. «Пригородное» ЖШС-мен 1000 тонна көлемінде картоп, 50 т. сәбіз, 120 т. орамжапырақ, 25 т. қызылша және Жамбыл облысының «Ниет» ШҚ-нан 240 т. пияз сатып алуға фьючерстік шарт жасаты. А.ж. 1 қарашасына дейін көкөніс салу аяқталады. Бүгінде облыстың Тұрақтандырушы қорының қоймасында 3 тамақ өнімінің түрі бар: 106 тонна – қант, 50 тоннадан күріш пен жарма.

Тұрақтандырушы қордың ресурсын толықтыру мақсатында маусымаралық кезеңде тұрақтандырушы қорға азық-түліктік тауарларды салу көлемін ұлғайту бойынша баға комиссиясы жүргізілді, соның ішінде: картоп - 300 тонна, өсімдік майы - 100 тонна, 1 сұрыпты ұн - 500 тоннаға дейін. Қазіргі уақытта әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде және сатып алу бағалары анықталуда.


Өңіраралық ынтымақтастық


Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайларында экспорттық нарық конъюнктурасының айтарлықтау нашарлауын және сыртқы қаржы ресурстарына қолжетімділікті қысқару жағдайында, шикізат емес салалардың даму әлеуетін максималды пайдалануға және шикізат ресурстарын өңдеудің тереңділігін арттыруға негізделген өңіраралық байланыстарды күшейту экономикасы шикізат ресурсына негізделген елдерде экономикалық өсуді қолдаудың маңызды тетігі болып табылады. Бұл жағдайларда өңіраралық ынтымақтастықты дамыту елдің, жеке алғанда Ақтөбе облысының экономикалық дамуына маңызды үлес қосуға қабілетті, ал бұндай ынтымақтастықты қолдау облыстың экономикалық саясатының маңызды басымдықтарының бірі болуы тиіс.

Индустриялдық-инновациялық экономикада өңіраралық ынтымақтастықты тереңдету өңірлерді экономикалық дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ғана жасамайды, бірақ экономиканы жаңғырту және елдің әлеуеміттік бағдарламаларын шешу үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Облыс ел ішінде 6 облыспен, сондай-ақ РФ облысымен шекаралас орналасқан. Ауыл шаруашылық, өңдеу өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі өнімін өндіруді дамыту және кеңейту, инфрақұрылымның болуы экспорттық әлеуетті өсіруге мүмкіндік береді және өңіраралық экономикалық байланысты дамыту үшін алғышарттар болып табылады.

2013 жылдың қорытындылары бойынша Ақтөбе облысының Қазақстан Республикасының өзге өңірлерімен көтерме сауда жасасудың көлемі 40 084 млн. теңгені құрды.

ҚР өзге өңірлерінен Ақтөбе облысына әкелімдердің көлемі 31 996,3 млн. теңгені құрды. Әкелінетін өнім ассортиментіне көкөністер, химия өнеркәсібіне арналған минералды шикізат, азық-түлік, алкогольды ішімдіктер, алкогольды емес ішімдіктер, мұнай өнімдері, тұрмыстық химия, фармацевтикалық дәрі-дәрмектер, резеңке және пластмасс бұйымдар, сантехника және т.б. кіреді.

Әкелінетін өнімнің негізгі бөлігі Алматы облысынан. Әкелімдердің құрылысындағы оның үлесі 65,3%-ды құрайды. Облыс Ақтөбе облысына химия өнеркәсібін және тыңайтқыштарды және т.б. өндіруге арналған минералды шикізатты, азық-түлік, алкогольды және алкогольды емес ішімдіктер, қағаздан жасалған бұйымдар, мұнай өнімдері, тұрмыстық химия, резеңке және пластмасс бұйымдарын әкеледі.

Жақын орналасуы және мамандандырудың ұқсастығы Маңғыстау облысымен тығыз өңіраралық қатынастарды орнатуға септігін тигізді. Әкелінетін өнімнің жалпы көлемінен оның үлесіне 12,4% келеді. Облыс Ақтөбе облысына мұнай өңдеу өнімдерін, оның ішінде ұшқын тұтандырумен, құрамында 0,013 г/л аспайтын қорғасын, сондай-ақ газойли бар қозғалтқыштарға арналған моторлы бензинді (айырып шығару температурасы - 30-220 Цельсий градусы) жеткізеді.

Ақтөбе облысының әкелімдері құрылымындағы Қарағанды облысының үлесі 5,6%-ды құрайды. Қарағанды облысының фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары Ақтөбе облысына фармацевтикалық дәрі-дәрмекті жеткізеді.


28-кесте – Ақтөбе облысына өзге өңірлерден жеткізілетін тауарлардың негізгі түрлері

Өңір

Тауарлардың атауы 

Ақмола

Минералды және газдалған тәттілендірілмеген және хош иістелмеген су

Алматы

Тамақ өнімі, ауыл шаруашылық өнім, сусындар, оның ішінде алкогольды, химия өнімдері

Атырау

Ұшқын тұтандырумен, құрамында 0,013 г/л аспайтын қорғасын, сондай-ақ газойли бар қозғалтқыштарға арналған моторлы бензин (айырып шығару температурасы - 30-220 Цельсий градусы)

Газойли (дизельдік жанармай)

Қарағанды

Фармацевтика

Маңғыстау

Ұшқын тұтандырумен, құрамында 0,013 г/л аспайтын қорғасын бар қозғалтқыштарға арналған моторлы бензин (айырып шығару температурасы - 30-220 Цельсий градусы)

Газойли (дизельдік жанармай)

Павлодар

Ұшқын тұтандырумен, құрамында 0,013 г/л аспайтын қорғасын бар қозғалтқыштарға арналған моторлы бензин (айырып шығару температурасы - 30-220 Цельсий градусы)

Газойли (дизельдік жанармай)

ШҚО

Ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік өнімі, киім-кешек

Алматы

Ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік өнімі, киім-кешек және аяқ киім, электр құралдары

Мәлімет көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорынның есебі – 1 Вт (қосымша)». ҚР ҰЭМ Статистика комитеті

9-сурет – Ақтөбе облысында ҚР резидент-заңды тұлғаларынан сатып алынған тауарлардың көтерме сауданың құрылымы

Мәлімет көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорындардың есебі – 1 Вт (қосымша)» бюллетень деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті


Облыс Қазақстан Республикасының 10 өңіріне белсенді тауар жеткізеді. Облыстың өңіраралық тауарайналымындағы негізгі әріптестері Алматы қаласы болып табылады. Ақтөбе облысының шығару құрылымындағы оның үлесі 76%-дан астам құрайды. Жеткізілетін өнімнің негізгі түрлері шикі мұнай болып табылады (шығару құрылымында 50%).

Облыстың Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарымен және Астана қаласымен сауда қатынастары ретке келтірілген. Осы өңірлердің үлесіне Ақтөбе облысынан шығарылатын барлық өнімнің 20%-нан астамы тиесілі. Шығарылатын өнімнің негізгі ассортименті алкогольды ішімдіктер, өсімдік майлары және құрылыс материалдары.



Сондай-ақ Ақтөбе облысы Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына химия өнеркәсібі өнімін, мұнай өнімін және алкогольды ішімдіктерді жеткізеді. Алайда олардың көлемдері шамалы және Ақтөбе облысының шығару құрылымында шамамен 3,2%-ды құрайды.


10-суретАқтөбе облысынан ҚР өңірлеріне тауарларды шығару

Мәлімет көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорындардың есебі – 1 Вт (қосымша)» бюллетень деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті


39-кесте – Қазақстан Республикасының өзге өңірлеріне шығарылатын тауарлардың негізгі түрлері

Өңір

Тауарлардың атауы 

БҚО

Фосфидтер; карбидтер; гидридтер; нитридтер; азидтер; силицидтержәне боридтер

Жамбыл

Арақ, химиялық құрамының өзгеруісіз тазартылған күнбағыс майы және оның фракциялары, коньяк

Қарағанды

Ұшқын тұтандырумен, құрамында 0,013 г/л аспайтын қорғасын, сондай-ақ газойли бар қозғалтқыштарға арналған моторлы бензин (айырып шығару температурасы - 30-220 Цельсий градусы)

Қостанай

Арақ, химиялық құрамының өзгеруісіз тазартылған күнбағыс майы және оның фракциялары

Қызылорда

Ликер-арақ өнімі; химиялық құрамының өзгеруісіз тазартылған өзге май және оның фракциялары; аралас өсімдік майлары және өзге өсімдік майлары

ОҚО

Арақ

ШҚО

Өңделген сұйық сүт, диагностикалық реагенттер және өзге фармацевтикалық дәрі-дәрмектер

Астана қ.

Қойылтылмаған немесе тәттілендірілмеген майлылығы 6%-дан астам кілегей, кірпіштер, блоктар, плиталар және тас кремнезем ұнтағынан немесе топырақтан жасалған өзге керамика бұйымдары, соқалар (плиталар, панельдер, қуыс брикеттер, цилиндерлер, құбырларды қоса алғанда)

Алматы қ.

Битум минералдарынан алынған мұнайды қоса алғанда шикі мұнай (көмірсутектердің табиғи қоспасы), диагностикалық реагенттер және өзге фармацевтикалық дәрі-дәрмектер

Мәлімет көзі: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорындардың есебі – 1 Вт (қосымша)» бюллетень деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
Өңіраралық инвестициялық ынтымақтастық

2014 жылы Ақтөбе облысының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінің экономикасына 1 945 млн. теңге инвестициялады. Өзге өңірлердің экономикасына бағытталған негізгі капиталға жұмсалған 80% инвестиция көршілес Батыс Қазақстан облысының үлесіне тиесілі. Өңір Астана қаласының экономикасына белсенді инвестициялайды, 2014 жылы оның үлесі 12%-ды құрды. Сондай-ақ өңір Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының экономикаларына инвестициялайды. Ақтөбе облысының сыртқы инвестицияларының құрылымындағы олардың үлесі 8%-ды құрайды.




11-сурет2014 ж. ҚР-ның өзге өңірлерінің экономикаларына бағытталған Ақтөбе облысының негізгі капиталына жұмсалған инвестициялардың құрылымындағы өңірлердің үлесі

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы


Сонымен қатар Ақтөбе облысының экономикасына Қазақстан Республикасының бірқатар өңірі белсенді инвестициялайды. 2014 жылы Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының 8 өңіріне 30 722,6 млн. теңге инвестициялады.

20-кесте - ҚР өзге өңірлерінен Ақтөбе облысына негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (мемлекеттік бюджеттің қаражатын қоспағанда), мың теңге

Өңір

Сома, мың теңге

Меншікті салмағы, %

Алматы

245

0,0

Атырау

2 971 007

9,7

Батыс Қазақстан

772 470

2,5

Қостанай

38 116

0,1

Маңғыстау

64 845

0,2

Шығыс Қазақстан

26 274

0,1

Астана қаласы

18 591 576

60,5

Алматы қаласы

8 258 058

26,9

Барлығы:

30 722 591

100

Мәлімет көзі: Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы
Ақтөбе облысының экономикасына жұмсалған инвестициялардың 87%-дан астамы Астана және Алматы қалаларына тиесілі. 2014 жылы осы қалалар 13 424,8 млн. теңге инвестициялады.

Сонымен бірге Ақтөбе облысына Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары инвестициялады. Алайда, олардың көлемі шамалы және 12,6%-дықұрайды.




12-сурет – 2014 жылы Ақтөбе облысының негізгі капиталына жұмсалған инвестициялар құрылымындағы өңірлердің үлесі

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені. ҚР инвестициялық қызмет туралы


Өңіраралық ынтымақтастықтың белсенділігі экономиканың базалық секторлары негізінде дамиды. Ақтөбе обылысында сүт өңдеу бойынша бірнеше кәсіпорын бар, олардың жұмыс бастылығы 44 % құрайды, батыс өңірге РФ импорттың келу фактін ескере отырып, батыс өңірінде, жеке алғанда Маңғыстау және Атырау облыстарында нарықтық үлесті көбейту үшін, кәсіпорындардың қуатын көбейту керек. Және де көкөніс қоймасының үлесін көбейту және ауыл шаруашылық өнімдерді тамшылап суаруды дамыту керек, ол ішкі нарықты, солай өңірдің климаттық жағдайларына байланысты, онда осы тауарлардың тапшылығы байқалатын көршілес нарықты қамтуға мүмкіндік береді.

Және де облыстың көпшілік бөлігінде топырақтың құнарлығы көкөністер мен картоп өсіруге мүмкіндік береді, ол тапшылықты қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, онда көкністер импортының үлесі 99,8% құрайтын Маңғыстау облысында өңіраралық экономикалық байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Облыста жекілікті шикізат базасы бар. Барлау жұмыстары жүргізілді және мына кен орындары бойынша келесі шикізат саны бекітілді: Кенжалы (бор) – 259,1 млн.тонна, Сыр-Ирек (мергель) – 135,1 млн.тонна, Кенжалы (балшық) – 21,1 млн.тонна, Өтесай (диатомит) – 27,7 млн.тонна, ол ішкі нарықты, сондай-ақ тапшылығы жоғары көршілес өңірлерді (Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазхром» ТҰК ферроқорытпа зауытын пайдалануға енгізумен оның жобалық қуаты – жылына 440 мың тонна ферро-хромды құрайды. Жобаны іске асыру өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және тауарлық жоғары көміртекті феррохромды шығаруды көбейтуге мүмкіндік береді. Республиканың жоғары көміртекті феррохромды шығару бойынша экспорттық әлеуеті 16 пайызға, Ақтөбе облысында – 46 пайызға көбейеді. Бұл Павлодар облысымен өңіраралық экономикалық байланысты күшейтуге (Ақсу ферроқорытпа зауытына шикізатты жеткізуді көбейтуге) мүмкіндік береді.

Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің газды жентек күкіртті, газды және тазартылған мұнайды жеткізуге мүмкіндігі бар. Және де көршілес шекара маңындағы өңірлерге газды жеткізу жүзеге асырылады. Қуаты жылына 6 млрд. текшеметр газ, газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегінің құрылысын іске асырумен оңтүстік өңірлерді, біздің елдің бірнеше облыстарын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыста елде аналогы жоқ медициналық маңыздағы әртүрлі рентген диагностикалық жабдықтарды өндірумен айналысатын "Ақтөбрентген" АҚ қызмет етеді. Өнім елдің барлық өңірлерінің медициналық мекемелеріне жетікізіледі.



Қазақстандық экспортерлардың қажеттілігін қанағаттандыру және транзиттік әлеуетті іске асыру үшін, жүк базасын қалыптастыруға әсер ету мүмкіндігі болуы және жүк жіберушілермен тура диалог жүргізу үшін, Ақтөбе агломерациясының шеңберінде көліктік-логистикалық орталықтардың пәрменді желісін құру қажет. Бұл ретте трансконтиненталдық дәліздердің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін, сауда ағымдарының пайда болу және өтеу орындарында, солай кері жүк ағымының көліктік-логистикалық инфрақұрылым объектілеріне тура ие болу, серіктестік және альянстар арқылы қалыптастыруда қатысуы аса маңызды.

жүктеу 8,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау