Бағдарламасы ақтау, 015 жыл мазмұны өңірдің әлеуметтік саласын талдау 46



жүктеу 3,34 Mb.
бет1/17
Дата15.05.2018
өлшемі3,34 Mb.
#13677
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Маңғыстау облыстық мәслихатының

2015 жылғы ____ желтоқсандағы

№ _____ шешіміне қосымша



МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақтау, 2015 жыл

МАЗМҰНЫ


2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау 46

2.2.4. Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау 100


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтары.

Өңірдің негізгі сипаттама-лары

Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 165,6 мың шаршы километрге тең (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %-ы). Облыс халқы 2015 жылдың 1 шілдесіне 616,0 мың адамды құрады (ел халқының 3,5%-ы). 2014 жылда 2278,7 млрд. теңге сомасына жалпы өнірлік өнім өндірілді – республикадағы 5-орын. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі бойынша облыс 4-орынды алады. Өнеркәсіптің негізгі саласы мұнай-газ өндіру болып табылады.

Бағыттары

Экономика.

Әлеуметтік сала.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.

Инфрақұрылым.

Экология және жер ресурстары.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.



Мақсаттары

Экономиканың тұрақты өсуін, экономиканың тұрақты өсуін, халықтың әл-ауқатын көтеруді, қосылған құны жоғары дайын өнімді сыртқы рыногқа жылжытуды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру.

Индустрияландыру бағдарламаларын тиімді іске асыру, өңдеу өнеркәсібінің перспективалы салаларын дамытуды қамтамасыз ету, электр энергиясына қажеттілікті қамтамасыз ету, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай құру.

Мұнай-газ саласын тиімді дамыту арқылы өңір экономикасының тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.

Маңғыстау облысының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту.

Өңірде өндіріс құру арқылы құн-салмақ коэффициенті төмен дәрі-дәрмектер жеткізу бойынша шығындарды азайту.

Өндіріс көлемін одан әрі дамыту және арттыру, химия өнімдерін экспорттау үшін жағдай жасау.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесін арттыру.

Қосылған құны жоғары дайын металл бұйымдарын шығару.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесін арттыру.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі рыног тұтынушыларын қанағаттандыруға жеткілікті көлемде өндіру негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту, жалпы өңірлік өнім құрылымындағы сауда саласының үлесін арттыру.

Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, капитал салу үшін жағдай жасау.

Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Облыс халқының денсаулығын жақсарту.

Маңғыстау облысы халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту.

Облыстағы мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту және одан әрі әйгілеу.



Маңғыстау облысында бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын және туристік секторды дамыту.

Мемлекеттік және жастар саясатының тиімділігін арттыру, мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру.



Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде көшелер мен өзге қоғамдық орындарда қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту.

Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу мақсатымен инфокоммуникация саласын дамытудың жағдайлары мен тетіктерін құру.

Өңірде тұрғын үй салуды, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Маңғыстау облысының дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру.

Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметінің тиімділігін арттырудың сенімділігі.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына негіз құру, ауылдық тұрғындар тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің мейлінше жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи кешеннiң жаңғыру әлеуетін сақтау және қоғамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

Мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жақсарту.

Міндеттер

ЖӨӨ-нің тұрақты өсуін және инфляциялық үдерістерді тұрақтандыруды қамтамасыз ету.

Өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамыту.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту.

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құралымдарын шығару бойынша өндірістік қуаттылықтарды құру және дамыту.

Дәрі-дәрмек құралдарының жаңа өндірісін құру.

Металлургия өнімінің жалпы көлемін арттыру.

Жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің жалпы көлемін арттыру.

АӨК өнімдерін өндіруді тұрақты өсіру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өңір экономикасының инновациялық, өндірістік және өзге де салаларында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Ынтымақтастықты, капитал салуды нығайту және дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал, жағдай құру.

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру.

Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынайы берілуін ынталандыру.

Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту, әлеуметтік маңызы бар аурулардың ауыртпалығын азайту.

Халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына қол жеткізу.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтердің тиімділігін күшейту.

Облыс азаматтарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту.

Туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету.

Өңірде жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстылықпен күрестің тиімділігін көтеру.

Телекоммуникация мен байланысты және компьютерлік сауаттылықты дамыту.

Халықтың барлық жігі үшін тұрғын үй салу және пайдалануға беру.

Толыққанды көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, халықтың көлік қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Кондоминиум объектілерін басқару органдарының тұрғын үй қорын нормативті пайдалануды өз бетімен қамтамасыз етуі.

Ауыл халқына әлеуметтік қызметтерді берудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру.

Табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану арқылы қоғамның тыныс-тіршілігі үшін тұрақты экологиялық жағдайды және қолайлы ортаны қамтамасыз ету.

Өсiмдiк және жануар әлемін сақтау, жерлерді оңтайлы пайдалану.

Жергілікті атқарушы билік қызметінің тиімділігін көтеру.

Іске асыру кезеңдері


1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі және дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру;

2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру және облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз қалыптастыру.



Нысаналы индиктор-лар

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %-бен: 2011 жылы – 99,7%, 2012 жылы – 101,1%, 2013 жылы – 105,2%, 2014 жылы – 105,5%, 2015 жылы – 102,6%.

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі: 2011 жылы – 99,8%, 2012 жылы – 101,3%, 2013 жылы – 101,4%, 2014 жылы – 102,1%, 2015 жылы – 100%.

Өңдеу өнеркәсібінің өнімін шығарудың нақты көлем индексі: 2011 жылы – 112,1%, 2012 жылы – 84,9%, 2013 жылы – 110,1%, 2014 жылы – 115%, 2015 жылы – 101%.

Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылық көрсеткіші: 2013 жылы – мың АҚШ долларына 2,2 мэт, 2014 жылы – мың АҚШ долларына 4,0 мэт, 2015 жылы – мың АҚШ долларына 2,61 мэт.

Өткен жылға қарағанда, мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны: 2011 жылы – 95,7%, 2012 жылы – 99,3%, 2013 жылы – 102,4%, 2014 жылы – 102,2%, 2015 жылы – 102,5%.

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінің НКИ: 2011 жылы – 109%, 2012 жылы – 89,3%, 2013 жылы – 132,3%, 2014 жылы – 125%, 2015 жылы – 126%.

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 88,5%, 2012 жылы – 80,1%, 2013 жылы – 101,5%, 2014 жылы – 176%, 2015 жылы – 115%.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің НКИ: 2011 жылы – 750%, 2012 жылы – 172,9%, 2013 жылы – 98,5%, 2014 жылы – 60%, 2015 жылы – 258%.

Фармацевтика саласындағы еңбек өнімділігі: 2015 жылы – 26,1%.

Химия өнеркәсібі өнімдерінің НКИ: 2011 жылы – 134,6%, 2012 жылы – 73,5%, 2013 жылы – 114,7%, 2014 жылы – 130%, 2015 жылы – 114%.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың НКИ: 2012 жылы – 157,8%, 2013 жылы – 77,5%, 2014 жылы – 112%, 2015 жылы – 115%.

Химия саласындағы еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 133%, 2012 жылы – 69,5%, 2013 жылы – 112,2%, 2014 жылы – 128%, 2015 жылы – 110%.

Химия өнеркәсібінің өнімін экспорттау: 2012 жылы – 6170,5 (мың АҚШ доллары), 2013 жылы – 13241 (мың АҚШ доллары), 2014 жылы – 28316 (мың АҚШ доллары), 2015 жылы – 31092 (мың АҚШ доллары).

Машина жасау саласының НКИ: 2011 жылы – 124,8%, 2012 жылы – 77,9%, 2013 жылы – 116,7%, 2014 жылы – 118%, 2015 жылы – 118,5%.

Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 111,5%, 2012 жылы – 81,0%, 2013 жылы – 73,6%, 2014 жылы – 110%, 2015 жылы – 112%.

Металлургия өнеркәсібінің НКИ: 2011 жылы – 134,7%, 2012 жылы – 77,2%, 2013 жылы – 49,7%, 2014 жылы – 105,3%, 2015 жылы – 107%.

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісінің НКИ: 2011 жылы – 69,5%, 2012 жылы – 69%, 2013 жылы – 215,9%, 2014 жылы – 70%, 2015 жылы – 105%.

Металлургия өнеркәсібінің өнімін экспорттау: 2012 жылы – 19041 (мың АҚШ доллары), 2013 жылы – 1145,3 (мың АҚШ доллары), 2014 жылы – 5000 (мың АҚШ доллары), 2015 жылы – 25000 (мың АҚШ доллары).

Металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 166,3%, 2012 жылы – 113,0%, 2013 жылы – 158,9%, 2014 жылы – 78%, 2015 жылы – 110%.

Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің НКИ: 2011 жылы – 83,8%, 2012 жылы – 126,3%, 2013 жылы – 93,4%, 2014 жылы – 110%, 2015 жылы – 110,5%.

Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 135,5%, 2012 жылы – 106,6%, 2013 жылы – 125,6%, 2014 жылы – 80%, 2015 жылы – 105%.

Ауыл шаруашалығы өнімін өндірудің (көрсетілетін қызметтерін) НКИ: 2011 жылы – 119,5%, 2012 жылы – 95,9%, 2013 жылы – 96,6%, 2014 жылы – 101%, 2015 жылы – 100,3%.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымының НКИ: 2011 жылы – 75,7%, 2012 жылы – 90,3%, 2013 жылы – 93,5%, 2014 жылы – 107%, 2015 жылы – 107,5%.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі: 2011 жылы – 108,7%, 2012 жылы – 107,9%, 2013 жылы – 122,8%, 2014 жылы – 104,8%, 2015 жылы – 105%.

Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша): 2014 жылы – 1283484,9 млн. теңге, 2015 жылы – 763284,7 млн. теңге.

Жалпы өңірлік өнімдегі нақты көлемге инвестициялардың үлесі: 2011 жылы – 21%, 2012 жылы – 24%, 2013 жылы – 23%, 2014 жылы – 23,7%, 2015 жылы – 24,5%.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі: 2011 жылы – 1,1%, 2012 жылы – 1,6%, 2013 жылы – 2,4%, 2014 жылы –3,4%, 2015 жылы – 7,2%.

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту: 2011 жылы – 60,7%, 2012 жылы – 63,4%, 2013 жылы – 67,9%, 2014 жылы – 68,1%, 2015 жылы – 76,3%.

Мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі:

жаратылыстану-математика пәндері: 2011 жылы – 45,8%, 2012 жылы – 64,13%, 2013 жылы – 64,15%, 2014 жылы – 64,14%, 2015 жылы – 64,15%.

қоғамдық-гуманитарлық пәндер: 2015 жылы – 65,05%.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы: 2015 жылы – 24%.

Өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының төмендеуі: 2015 жылы – 33%.

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training): 2011 жылы – 12,6%, 2012 жылы – 16,6%, 2013 жылы – 13,0%, 2014 жылы – 10,2%, 2015 жылы – 9,0%.

Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі: 2011 жылы – 53%, 2012 жылы – 58%, 2013 жылы – 56%, 2014 жылы – 59%, 2015 жылы – 55%.

Халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы: 2011 жылы – 70,46, 2012 жылы – 7046, 2013 жылы – 71,5, 2014 жылы – 71,5, 2015 жылы – 72,55.

Жұмыссыздық деңгейі: 2011 жылы – 5,8%, 2012 жылы – 5,7%, 2013 жылы – 5,4%, 2014 жылы – 5,4%, 2015 жылы – 5,3%.

Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі: 2011 жылы – 10,4%, 2012 жылы – 3,7%, 2013 жылы –2,6%, 2014 жылы – 2,5%, 2015 жылы – 2,9%.

1000 жұмыскерге шаққанда, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны: 2014 жылы – 0,4%, 2015 жылы – 0,26%.

Жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі: 2013 жылы – 7,4%, 2014 жылы – 8,2%, 2015 жылы – 8,1%.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде): 2011 жылы – 100%, 2012 жылы – 100%, 2013 жылы – 100%, 2014 жылы – 100%, 2015 жылы – 100%.

Шетел жұмыс күшін тартушы заңды тұлғалардың құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетел жұмыс күшін тартуға квота бойынша): 2013 жылы – 79,4%, 2014 жылы – 82,7%, 2015 жылы – 82,8%.

Облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны (бірлік): 2014 жылы – 1897, 2015 жылы – 1903.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту: 2011 жылы – 17,8%, 2012 жылы – 18,9%, 2013 жылы – 19,5%, 2014 жылы – 21,2%, 2015 жылы – 23%.

Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны:

резиденттер (адам): 2011 жылы – 102800, 2012 жылы – 144617, 2013 жылы – 147136, 2014 жылы – 144616, 2015 жылы – 146785.

резиденттер емес (адам): 2011 жылы – 43833, 2012 жылы – 32835, 2013 жылы – 29162, 2014 жылы – 29870, 2015 жылы – 30772.

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі: 2011 жылы – 70%, 2012 жылы – 86,7%, 2013 жылы – 85%, 2014 жылы – 90%, 2015 жылы – 92%.

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты оң бағалайтын халық үлесінің ұлғаюы: 2011 жылы – 53%, 2012 жылы – 54%, 2013 жылы – 55%, 2014 жылы – 56%, 2015 жылы – 57%.

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы (бұрын ДБК болған): 2014 жылы – 29,2%, 2015 жылы – 12%.

Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету: 2015 жылы – 4,9%.

Жергілікті маңызы бар тасқындар мен су басулар, көшкіндер, жер сілкінулер, селдер, өрттерден болған адам шығынын төмендету: 2015 жылы – 19.

Байланыс қызметінің нақты көлемінің индексі: 2015 жылы – 131,2%.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі: 2011 жылы – 100,6%, 2012 жылы – 85,9%, 2013 жылы – 100,2%, 2014 жылы – 102,2%, 2015 жылы – 100,2%.

Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі: 2011 жылы – 59%, 2012 жылы – 64%, 2013 жылы – 67%, 2014 жылы – 77%, 2015 жылы – 84%.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі: 2011 жылы – 56%, 2012 жылы – 57%, 2013 жылы – 60%, 2014 жылы – 60%, 2015 жылы – 62,85%.

Су бұру қызметтеріне қолжетімділігі бар халықтың үлесі: 2011 жылы – 35,7%, 2012 жылы – 36,5%, 2013 жылы – 38%, 2014 жылы – 40,25%, 2015 жылы – 47,25%.

Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі:

Жылумен жабдықтау: 2015 жылы – 2,15%

Сумен жабдықтау: 2015 жылы – 0,21%

Су бұру: 2015 жылы – 2,28%

Газбен жабдықтау: 2015 жылы – 2,5%

Электрмен жабдықтау: 2015 жылы – 21,3%

Нормативтік пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум объектілерінің үлесін ұлғайту: 2015 жылы – 22,7%.

Стационарлық көздерден шығатын анықталған зиянды заттарды азайту: 2014 жылы – 35,6%, 2015 жылы –31%.

Мемлекеттік орман қорының орманды алқаптарының алаңы (мың га): 2014 жылы – 122,4%, 2015 жылы – 122,4%.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту: 2012 жылы – 0,58%, 2013 жылы – 2,1%, 2014 жылы – 0,55%, 2015 жылы – 0,5%.

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру: 2013 жылы – 54%, 2014 жылы – 76%, 2015 жылы – 78%.

Қаржылан-дыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты, қарыз қаражат.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 65639,2 млн. теңге;

2012 жыл – 99391,5 млн. теңге;

2013 жыл – 93721,5 млн. теңге;

2014 жыл – 57652,5 млн. теңге;

2015 жыл – 50402,03 млн. теңге.

Барлығы: 366806,3 млн. теңге.




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсерін бағалау
2.1.1. Географиялық орналасуы

Облыс 1973 жылы құрылды және Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстік-шығыста – Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батыста теңіз бойымен – Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстікте – Түрікменстанмен және шығыста – Өзбекстанмен шектеседі.

Облыстың аумағы 165,6 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %, 14 өңірлердің ішінде – 7-орын). Облыс халқы 2015 жылғы 1 шілдеге 616,0 мың адамды немесе Қазақстанның бүкіл халқының 3,5%-ын құрады. Облыс бойынша орташа алғанда халық тығыздығы (аумақтың 1 шаршы километріне) 3,7 адамды құрайды. Облыс орталығы – Каспий теңізіндегі порт болып табылатын және 1963 жылы құрылған Ақтау қаласы. Қалада 2015 жылғы 1 шілдеге 185 мың адам немесе облыстың бүкіл халқының 30%-ы тұрады. Ақтау қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 2 413 км.

Облыста облыстық маңызы бар 2 қала (Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы), 5 ауылдық аудан (Форт-Шевченко шағын қаласын қоса алғанда), 44 ауылдық округ (61 ауылдық елді мекен) орналасқан.

Облыс Каспий өңірінің мультиұлттық жүйесіне шығатын Қазақстан Республикасының шекара бойындағы облысы ретінде қуатты транзиттік, көлік-логистикалық және халықаралық маңызы бар инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие.

Облыс аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағының елдерімен қосатын ТРАСЕКА және «Солтүстік- Оңтүстік» екі халықаралық көлік дәлізі өтеді.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның туристік көзге көрінерлік орындарының үштен бір бөлігі Маңғыстау облысында орналасқан.

Облыстың Каспий теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге жақындауын қамтамасыз етеді.

Көлік логистикасы және туризм облыстың маңызды бәсекеге қабілетті басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.
2.1.2. Маңғыстау облысының ресурстық әлеуеті

Облыстағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мұнай мен газ болып табылады. Бүгінге Маңғыстау облысының аумағында 75-тен астам мұнай мен газ кен орындары белгілі. Облыс бойынша мұнайдың геологиялық қорлары 2840,0 млн. тоннаны құрайды. Жалпы шығарылатын мұнай қоры – 578,0 млн. тонна, ілеспе газ қоры – 34,6 млрд. тонна текше метр, табиғи газ қоры 171 млрд. текше метр, конденсат қоры – 8,0 млн. тонна. Олардың ішінде 39 кен орны игерілуде. Жинақталған мұнай өндірілуі – 629 млн.тонна.

Ірі мұнай кен орындары:

- Өзен – геологиялық қоры шамамен 730 млн. тонна;

- Жетібай – шамамен 279 млн. тонна;

- Қаламқас – 523 млн. тоннадан астам;

- Қаражанбас – 270 млн. тонна;

- Солтүстік Бозашы – 305 млн. тонна.

Сондай-ақ, облыстың жер қойнауы фосфорит (3 млн. тонна), көмір (42 млн. тонна) (теңгерімнен тысқары қорлар), марганец (38 млн. тонна), әр түрлі тұздар (4,8 млн. тонна), әктас-ұлутас (261752,0 мың текше метр), минералды су (тәулігіне 3,54 мың текше метр), уран (38 млн. тонна) қорларына бай.
2.1.3. Өңірлік банк институттарының сипаттамасы

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 24 банктің филиалы, 94 ақша айырбастау пункті жұмыс істейді. Бұдан басқа, банк операцияларының жекелеген түрлерін Қазынашылықтың 7 бөлімшесі, зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың 8 филиалының бөлімшесі, «Ломбард» «Ломбардист» ЖШС филиалдарының 6 бөлімшесі, «БТА Ипотека» ААҚ өкілдігі және «Қазпошта» АҚ филиалдары жүзеге асырады.

Екінші деңгейдегі банктердің берген кредиттерінің көлемі 2014 жылы 16,0 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайды (12,0 млрд. теңге). Жеке және заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі 260, млрд. теңгеге жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге ұлғайды.

Кредиттік салымдардың көлемі 2014 жылы 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 1,3 есеге ұлғайып, 23,8 млрд. теңгені құрады.

Облыста 2 микрокредит ұйымы: «Каспий» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның филиалы белсенді жұмыс істейді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағытының аясында кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың барлығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның шотына аударылды. Осы қор (меншікті қаражатын есепке алғанда), сондай-ақ «Каспий» МҚҰ» ЖШС арқылы 2014 жылда 945 млн. теңге сомасына барлығы 283 микрокредит беріліп, 418 жұмыс орны құрылды (2013 жылда – 557,7 млн. теңге, 2012 жылда – 611,0 млн. теңге, 2011 жылда – 306,0 млн. теңге).
2.1.4. Қазақстанның дамуындағы Маңғыстау облысының орны

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы «Қазақстан–2030» Стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізінде және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2012 жылғы 1640,1 млрд. теңгеден 2014 жылы 2278,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. ЖӨӨ-нің нақты өсуі (НКИ) 2014 жылда 104% (2012 жылда – 101,1%, 2013 жылда – 105,2%) құрады.

2014 жылғы тиімділікке бағалау жүргізу кезінде, ЖӨӨ НКИ бойынша алдын ала деректер алынды (100,8%). Нақтыланған статистикалық деректер бойынша 2014 жылдағы ЖӨӨ НКИ 104% құрады (жоспар – 105,5%). Жоспарланған индикаторға қол жеткізе алмау, мұнайға арналған әлемдік бағаның төмендеуіне орай, облыстың ЖӨӨ-дегі үлесі 50%-дан астам құрайтын кен өндіру өнеркәсібіндегі қарқындардың төмендеуіне байланысты болды. Тиісінше, мұнай-газ саласындағы және мұнай-газ секторына бағдарланған басқа қызметтер саласындағы сервистік қызметтердің көлемі төмендеді.

Маңғыстау облысының жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) үлесі 5,7% құрайды.

ЖӨӨ-нің нақты көлем индексі 2014 жылы салалар кесінінде өнеркәсіпте – 103,8%, құрылыста – 108,1%, көлік пен қоймалауда – 106,8% құрады. ЖӨӨ өсу қарқынының 2013 жылмен салыстырғанда төмендеуі саудада (98,5%), ауыл шаруашылығында (97,5%) байқалады.

Ауыл шаруашылығының үлесі 2012 жылғы 0,3%-дан 2013 жылы 0,5%-ға, тиісінше көлік пен қоймалаудың үлесі 4,8%-дан 7,3%-ға, өзге де қызметтердің үлесі 27,6%-дан 30,4%-ға дейін артты. Өнеркәсіптің үлесі 2012 жылғы 56,6%-дан 2014 жылы 52,1%-ға, тиісінше көтерме және бөлшек сауданың үлесі 3,7%-дан 3,6%-ға, құрылыстың үлесі – 7,0%-дан 6,2%-ға дейін азайды.

Облыстың өнеркәсібі республика ЖІӨ-нің жалпы көлемінде айтарлықтай үлеске ие – 52,1%, ал осымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі болмашы ғана – 1%-дан кем болып отыр.

Маңғыстау облысы өнеркәсіптік өндіріс үлесі бойынша елде 2-орын алады (13,2%). Өнеркәсіптік өндірісі негізінен ұлттық кен өндіру өнеркәсібінде үлесі 23% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінен тұрады. Осы салада ірі және орта кәсіпорындардың саны біршама көп.

Өңдеу өнеркәсібі металлургия мен дайын метал бұйымдарының өндірісінен, машина жасаудан және химия өнеркәсібінен тұрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2013 жылғы 3301,9 мың теңгеден 2014 жылы 3815,9 мың теңгеге дейін ұлғайды, бұл – республика өңірлері арасындағы төртінші орын (ҚР бойынша орташа – 2258,1 мың теңге).

Облыс әлемнің 101 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде 41 елмен экспорттық операцияларды, 99 елмен импорттық операцияларды жүзеге асырады. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылғы 8 667 млн. АҚШ долларынан 2014 жылы 10 187,7 млн. долларға дейін немесе 17,5%-ға ұлғайды. Тауарларды экспорттау 2012 жылғы 8 098,9 млн. АҚШ долларынан 2014 жылы 9 673,7 млн. АҚШ долларына дейін немесе 1,2 есеге ұлғайды.

2014 жылы өңделген өнім экспортының 2012 жылмен салыстырғанда 5 есе, 92,3 млн. АҚШ долларынан 463,4 млн. АҚШ долларынан дейін өскені тіркелді (жүзбелі бұрғылау платформаларының, мұнай дистиляттарының есебінен). Өңделген тауарлардың облыстың жалпы экспортындағы үлес салмағы 5% немесе 463,4 млн. АҚШ долларын құрап, 3,5 есеге артты.

Сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 3 млрд. АҚШ долларын, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 52,4%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 2,7 млрд. АҚШ долларын (54,2%-ға төмендеді), импорт – 331,7 млн. АҚШ долларын (2,2%-ға өсті) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 2,3 млрд. АҚШ доллары болып қалыптасты.

Маңғыстау облысы республикалық бюджеттің доноры болып табылады және жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 2013 жылы – 24,6 млрд. теңгені, 2014 жылға арналған жоспар – 10,1 млрд. теңгені, 2015 жылға арналған жоспар – 16 млрд. теңгені құрады.


жүктеу 3,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау