Қоршаған ортаны қорғау бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
табиғат қорғау жобаларының іске асырылуы, қажетті зерттеулердің жүргізілуі және қоршаған орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсердің төмендеуі;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстардың ұлғаюы;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың құрылуы;
жергілікті экологиялық проблемаларды жою жөніндегі шаралардың әзірленуі.
Әлсіз тұстары:
қоршаған ортаның ағымдағы және тарихи ластануы;
су ресурстарының, бірінші кезекте ауыз судың болмауы, су көздерінің ластануы, тазарту құрылыстарының нашар жағдайы;
өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму бойынша өндірістік қуаттылықтардың болмауы.
Қатерлер:
атмосфераны, су қорын ластау көздері үшін тазарту құрылыстарын нашар жаңғыртқан жағдайда экологиялық ахуалдың шиеленісуі;
теңіздің жағалау аймағындағы су басқан мұнай ұңғымалары, сондай-ақ оффшорлық жұмыстарды жүргізу кезінде мұнай төгілуден болуы мүмкін апаттар Каспий теңізінің экожүйесіне жүктеме түсіреді және әлемде аналогы жоқ бірегей су қоймасының биологиялық әртүрлілігіне қауіп төндіреді;
Каспий маңы тау-кен металлургия комбинаты: химия тау-кен металлургия зауыты, күкірт қышқылы зауыты және азот-түк зауыты қызметінің нәтижесінде пайда болған, химия тау-кен металлургия өндірсінің пайдаланылмайтын қатты қалдықтарын қоймалау және сақтау ретінде қолданылған қалдықтар қоймасы экологиялық қауіп төндіреді.
Мүмкіндіктер:
туристік қызметтерге сұраныстың өсуі, курортты демалыстың, экологиялық туризмнің тартымдылығын арттыру, туристік саланың материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін төлемақылар мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың үйлесімділігін қамтамасыз ету актуалды табиғат қорғау іс-шараларының: тазарту құрылыстарын жаңғыртудың, су қорғау аймақтарын, жолақтарын және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу бойынша іс-шаралар өткізудің, ұйымдастырылмаған қоқыс тастаумен ластанған, ауыл шаруашылығында және өзге мақсатта пайдалануға жарамды жерлерді қалпына келтірудің қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластау көлемдеріне бақылауды арттыру. Мониторингілік бақылаулар үшін стационарлық экологиялық алаңшалар санының артуы шаруашылық етуші субъектілердің техногендік қызметтеріне жедел ден қою есебінен қоршаған орта сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек;
облыстың қоршаған ортаны жақсартумен айналысатын мемлекеттік мекемелері мен ЖШС-терінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту;
Ақтау қаласында ҚТҚ-ды қайта өңдейтін зауыт және облыстың ірі елді мекендерінде ҚТҚ полигондарын салу.
2.2.4.4. Жер ресурстары
Маңғыстау облысының жалпы ауданы 16564,2 мың гектардың ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5134,7 мың гектарды, елді мекендердің жерлері 993,7 мың гектарды, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, және өзге ауыл шаруашылғы мақсатындағы емес жерлер 276,0 мың гектарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер 223,7 мың гектарды, орман қорының жерлері 241,6 мың гектарды, босалқы жерлер 9694,5 мың гектарды құрайды.
Ақтау қаласы жерлерінің жалпы ауданы 29,8 мың гектарды, Жаңаөзен қаласы жерлерінің жалпы ауданы 51,6 мың гектарды, Мұнайлы ауданы жерлерінің жалпы ауданы 492,2 мың гектарды, Бейнеу ауданы жерлерінің жалпы ауданы 4052,0 мың гектарды, Қарақия ауданы жерлерінің жалпы ауданы 6483,6 мың гектарды, Маңғыстау ауданы жерлерінің жалпы ауданы 4602,2 мың гектарды, Түпқараған ауданы жерлерінің жалпы ауданы 29,8 мың гектарды құрайды.
Облыс аумағы пайдаланылатын алқаптар кесінінде негізінен жалпы ауданы 12654,2 мың гектарды, егістік жер 0,5 мың гектарды, тыңайған жер 0,3 мың гектарды, пішендік жер 0,3 мың гектарды, көпжылдық екпе ағаштар 0,6 мың гектарды құрайтын жайылымдық алқаптарды қамтиды.
Тексеру мен түгендеу нәтижесінде 2011-2013 жылдары мемлекеттің меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3871,2 мың гектар жер, оның ішінде 2011 жылы 3 174 200 гектар, 2012 жылы 696 900 гектар және 2013 жылы 50 гектар жер қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы айналымына 2012 жылы 50,0 мың гектар, 2012 жылы 105,9 мың гектар және 2012 жылы 28,5 мың гектар жер тартылды.
Осылайша, қазіргі кезде жалпы ауданы 184,4 мың гектар болатын жер 187 жер учаскесі айналымға тартылды. 2015 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 25,0 мың гектар жерді тарту жоспарлануда.
Қайтарылған жерлердің жалпы ауданында ауыл шаруашылығы айналымына тартылғаны, мың гектармен
Облыс бойынша
|
Мемлекеттік меншікке қайтарылды
|
Ауыл шаруашылығы айналымына тартылды
|
Оның ішінде
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
3871,2
|
184,4
|
саны
|
ауданы
|
саны
|
ауданы
|
саны
|
ауданы
|
52
|
50,0
|
100
|
105,9
|
35
|
28,5
|
Жер ресурстары бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
босалқы жерлердің үлкен ауданы, 2014 жылы 9694,5 гектар, бұл – облыстың барлық аумағының жартысынан астамын құрайды (58%);
ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігі;
мал шаруашылығын, әсіресе үйірлік ат шаруашылығы мен келелік түйе шаруашылығын дамытуға арналған жайылымдардың болуы;
Әлсіз тұстары:
ауыр табиғи-климаттық жағдайлар;
ашық су көздерінің жоқтығы;
суландыру көздерінің көпшілігінің (құдықтар, ұңғымалар) қанағаттанарлықсыз жағдайы.
Мүмкіндіктер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукциондар мен конкурстар, оның ішінде электрондыө конкурстар арқылы беру жолымен жер пайдаланушылардың санын арттыру;
жерасты суларының кен орындары бар аудандарда орналасқан жерлерде көкөніс шаруашылығын ішінара дамыту.
Қатерлер:
жауын-шашынның (қуаңшылық), топырақ жабынын мұз басуы (жұт), күшті аяздар сияқты табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділік.
2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау
Мемлекеттік қызметтер.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының қабылдануына абйланысты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді бақылау мен олардың сапасы жақсарды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша бағалау жүргізіледі.
2014 жылы 132 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бағалау жүргізіліп (2012 жылы – 77, 2013 жылы – 127), нәтижесінде облыс өңірлер арасында 8-орын алды (2012 жылы – 16-орын, 2012 жылы – 12-орын).
Өңірлер арасындағы сегізінші орынға қарамастан, облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметі 2014 жылы 54,37 балл болған бағалау көрсеткішімен «төмен тиімді қызмет» деп бағаланды (2012 жылы – 3317 балл, 2013 жылы – 2817). Бұл –мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) «электрондық үкімет» порталы арқылы балама негізде көрсететін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың төменгі үлесімен байланысты (өтініштердің жалпы санының 6,7%-ы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 19,7%).
2012-2014 жылдардағы кезеңде мемлекеттік органдардың қызметтерді көрсету қызметін бағалау әдіснамасына оңтайландыру жүргізілді. Бірқатар критерийлерге қойылатын талаптар арттырылды. Мәселен, бағалау критерийлерінің саны 8-ден (2012 жылы) 3-ке дейін (2014 жылы төмендетілді). Жергілікті атқарушы органдар көрсететін электронды форматта көрсететін мемлекеттік қызметтерінің саны 2014 жылы 9653-ке дейін артты (2012 жылы – 109, 2013 жылы – 3506).
«Е-әкімдік», «Е-собес», «Еңбек нарығы», «Әлеуметтік көмек» кіріктірілген жүйелерін және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған кіріктірілген ақпараттық жүйені тексеру және оларды қолдану бойынша оқыту мақсатында, аудандар мен қалалардың әкімдіктерінде көшпелі кеңестер өткізілді.
«Е-лицензиялау» мемлекеттік базасы» ақпаратық жүйесін дамыту аясында, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2015 жылдан бастап, кейіннен пайдалану үшін мемлекеттік органдардың пайдаланушыларын осы функциолдармен жұмыс жасау бойынша оқыту жүргізілуде.
Заңды іске асыру шеңберінде «Сандж зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры елдің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуде.
Мониторингтің негізгі мақсаты көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушілердің көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасына, қолжетімділігіне және көрсету рәсімдеріне қанағаттану деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі проблемалық мәселелерді айқындау болып табылады.
Зерттеулер нәтижесінде 2014 жылы халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 76% құрады (2013 жылы – 54%). 2015 жылы халықтың қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейінің 78%-ға дейін артуы күтілуде.
Қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерінің бұзылуы 2014 жылы 44-ке дейін төмендеді (2012 жылы – 214 бұзушылық, 2013 жылы 105). 2015 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылық саны 42-ге дейін немесе 2014 жылмен салыстырғанда 5%-ға төмендеуі күтілуде.
Жағдайдың жақсаруына қарамастан, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтың алдын алу және «электрондық үкімет» порталы және ХҚКО арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған өтінішдерді өңдеудің уақытылығы проблемалық мәселелер болып қала беруде.
Мықты тұстары:
облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрылымдау, штат санын оңтайландыру;
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту;
әлеуметтік маңызды қызметтерді электронды форматқа көшіру.
Әлсіз тұстары:
мемлекеттік қызмет персоналының кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі;
іріктеу және конкурстық рәсімдерден өту кезінде кадрларды бағалау жүйесінің жеткіліксіздігі;
ынталандыру және карьералық өсу жүйесінің жетік болмауы;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер сапасын мониторингілеу және бағалау жүйесін тұжырымдаудың жетіспеушілігі.
Қатерлер:
мемлекеттік қызметтің жоғары тартымдылығының жетіспеушілігі, еңбекақының төмен деңгейі, жеткіліксіз әлеуметтік қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметшілерге қатысты еңбек заңнамасының бұзылуы (нормаға келмейтін жұмыс күні, демалыс күндеріндегі ақы төленбейтін жұмыс, заңсыз жұмыстан шығару және т.б.):
халық пен азаматтық қоғам институттарын стратегиялық құжаттарды әзірлеуге тарту және облысты басқару және дамыту бойынша шешімдерді қабылдау кезінде пікірлерді есепке алу деңгейінің төмендігі;
Мүмкіндіктер:
жаңа кадрлық технологияларды енгізу;
әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді Үкіметтің веб-ресурстары мен облыс әкімінің порталы арқылы беру үдерісінің қолжетімілігі мен тиімділігін арттыру.
2.3. Орта мерзімді перспективадағы аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, шектейтін факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
Өңір экономикасының құрылымы әлі де көміртегі шикізаттың өндірісіне негізделген. Облыстық экономикалық кеңістігінің сапасы негізінен Ақтау урбандалу аймағында жақсарып келеді: халықтың тығыздығы, жолдардың тығыздығы және елді мекендердің байланыстылығы өсуде. Тұтастай алғанда, өңірдің кеңістіктік-құрылымдық дамуының әркелкілігі азаймауда. Денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында оң динамика байқалып, өңірдің ірі корпорацияларының әлеуметтік әріптестігі және мемлекеттің коммерциялық емес ұйымдарымен әріптестігі дамуда.
Өңір дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы, негізгі проблемаларды, тәуекелдерді, шектейтін факторларды, бәсекелестік артықшылықтарды және мүмкіндіктерді айқындайтын SWOT талдауда көрінеді.
Мықты тұстары:
Маңғыстау облысы пайдалы қазбаларға бай, олардың незізгісі – мұнай мен газ. Сонай-ақ, облыстың жер қойнауы фосфорит, көмір, марганец, түрлі тұздар, ұлутас, минералдық сулар қорларына да бай;
облыс орташа республикалық деңгейден асып түсетін халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі бойынша 4-орынды алады;
өңірді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі, кейіннен қайта өңдеу және экспортқа бағдарланған өнім шығару арқылы көмірсутегі шикізатын өндіруді арттыру болып табылады;
құрылыс индустриясындағы оң өсу қарқындары;
өңдеуші өнеркәсіптің мұнай-газ секторына бағдарланған бірқатар салаларының – машина жасаудың, металлургияның, құрылыс саласының қосылған құны жоғары өнім өндіру бойынша дамуға оң беталысы;
қолайлы географиялық орналасуы және облыс аумағы арқылы «Оңтүстік-Солтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің өтуі салдарынан айтарлықтай транзиттік әлеуетінің болуы;
тарихи мұрасы, сондай-ақ тартымды көркем демалыс аймақтары бар болғандықтан, өңір айтарлықтай туристік-рекреативтік әлеуетке ие;
облыс бойынша халық имиграциясының жоғары деңгейі байқалады, келушілердің көпшілігі Қазақстанның өзге өңірлерінен жұмыс және лайықты еңбекақы іздеп келгендіктен, бұл – экономиканың орнықты оң дамуын көрсетеді.
Әлсіз тұстары:
аса құрғақ қатал континентті климат. Аумағының көпшілік бөлігін құба топырақтарда бұталы өсімдіктер аралас өскен жусанды-сортаңды шөл алып жатыр, олардың бетінде ішінара өсімдік өте сирек өсетін сорлар, тақыр тәріздес сортаңдар мен құмдар тараған, бұл ауыр шаруашылғын жүргізуге қолайсыз.
тұрақты өзендер желісінің жоқтығынан облыста су ресурстарының тапшылығы байқалады;
туризм объектілерінің ескіруі, кейбір стационарлық кәсіпорындарының жұмыс істемеуі немесе қайта құру кезеңінде, көптеген демалу орындарының инфрақұрылымының жоқтығы, онда күнделікті демалушыларға қажетті жағдай жасалмауы;
облыс аумағына арақатынастаоблыс халқының салыстырмалы аз саны (облыстар мен республкалық маңызы бар қалалар тізімінде 16-орын) мен еңбек ресурстарының жетіспеушілігі байқалады;
облыста білікті еңбек ресурстарының тапшылығы байқалады және біліктілігі төмен оралмандардың көптеп келуінің есебінен әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі орын алуда;
ауылдық жердегі жұмыссыздық деңгейі орташа облыстық деңгейден асып түседі;
облыс экономикасының шикізатқа, дәлірек айтқанда мұнай-газ өнеркәсібіне тәуелділігінің жоғары болуы;
өңірдің өңдеуші өнеркәсібі салаларының көпшілігі үшін шикізат базасының әлсіздігі;
облыста ішкі тұтыну нарқы көлемінің шектеулі болуы және өндірілген өнімді сыртқы нарыққа шығару логистикасының әлсіз дамуы;
облыстың көліктік объектілерінің инфрақұрылымының әлсіз дамуы, бірқатар аумақтың инфрақұрылымының төмен деңгейде қамтамасыз етілуі, Түпқараған ауданында, Қарақия ауданының шекаралық аумақтарында теміржол жоқ;
көптеген автомобильдік транзиттік жолдардың халықаралық және ішкі стандарттарға сай болмауы.
әлеуметтік инфрақұрылым дамуының әлсіздігі және бұл сапаға инвестицияның төмен болуы;
аудандардың деңгейінде үкіметтік емес секторлардың төмен даму деңгейі.
Қатерлер:
кен орындары игерілетін жерлердегі экологиялық жағдайдың нашарлауы. Техногенді факторлар әсерінен жер және табиғат ресурстарының тозуы;
білікті кадрлар тапшылығынан еңбек өнімділігінің төмендеуі;
әлеуметтік инфрақұрылымының төмен болғандықтан облысқа тұрғындар иммиграциясы деңгейінің төмендеуі;
қалалық және ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейлері арасындағы алшақтық;
облыстың мұнай-газ ресурстары түгесілген жағдайда, облыс экономикасының шикізат шығаруға бағытталушығы салдарынан экономикалық дағдарыс қаупі сақталуда;
«Оңтүстік-Солтүстік» және ТРАСЕКА ХКД-нің қазақстандық учаскелерінің жай дамуына байланысты транзиттік әлеуеттің бәсекелестік қабілетінің жоғалуы;
облыста көлік және байланыс инфрақұрылымы дамуының жетіспеушілігінен инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі және Солтүстік Каспий жобасының 2-ші кезеңін жүзеге асырудың шегерілуіне байланысты шетелдік инвесторлардың кете бастауы;
азық-түлік тауарларының және оларды өндіруге арналған шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты облыстағы азық-түлік қауіпсіздігінің қатері;
өңірге жалған діндердің кіру және таралу мүмкіндігі;
инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қанағатсыздық жағдайынан өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
АЭС құрылысы жобасының шегерілуіне байланысты электр қуатының тапшылығының болуы.
Бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіндіктер:
қолда бар табиғи-шикізат ресурстарының негізінде, мына кластерлерді –мұнай-газ саласын, құрылыс индустриясын, туризмді кешенді дамыту мүмкіндігі;
көлік және логистика, туризм және өңдеу өнеркәсібі – машина жасау, металлургия, мұнай химиясы, құрылыс индустриясы саласындағы жүйе құраушы жобаларды іске асыру есебінен ЖҚҚ-ды ұлғайта отырып ЖӨӨ құрылымын оңтайландыру;
облыс қалаларының урбандалу, Ақтау агломерациясының даму перспективалары;
экономиканың басым және тауашалық салаларында жаңа өндірістерді дамытуға байланысты жұмыспен қамту санын арттыру;
өңірдің транзиттік жүк және адам тасымалдау ағымын жандандыру арқылы өңір кірістерінің айтарлықтай өсіру;
облысты «Оңтүстік-Солтүстік» ХКД-нің стратегиялық көліктік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаскесі ретінде дамыту;
өндірістік логистика және технологиялық аутсорсинг, оның ішінде трансұлттық өндіріс негізінде өңдеу өнеркәсібінің салаларында өндірістер құру перспективалары;
«МАЭК- Қазатомөнеркәсіп» ЖШС негізінде АЭС салу;
ауыл шаруашылығындағы өндірістің, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытудағы инновациялық тәсілдер – жылыжайлық өсімдік шаруашылығы, облыс аумағында жем-шөп өндіру негізінде ауыл шаруашылығындағы өндірістің өсу перспективалары;
ауыл шаруашылығының инфрақұрылымын дамыту (сауда-дайындау, өңдеу, көлік, қаржы);
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға, экологиялық жағдайды жақсартуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту – әлеуметтік әріптестік.
2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту «Бизнестің жол картасы – 2020», «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», «Моноқалаларды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» сияқты басым мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде.
«Моноқалаларды дамыту бағдарламасының» аясындағы іс-шараларды іске асыруға, Жаңаөзен қаласы үшін 2013 жылы 930,5 млн. теңге бағытталды. Теңге, Қызылсай ауылдарының аяқталмаған учаскелерінде инженерлік желілер салу; қаланың қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу; Жаңаөзен қаласының Көктем шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді абаттандыру сияқты 3 жобаны іске асыру аяқталды.
Жаңаөзен қаласы үшін 2014 жылы 1425,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1290,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 134,9 млн. теңге (оның ішінде, 104,0 млн. теңге «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты) бөлінді.
Бұдан басқа, Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырылуда. Оны іске асыруға 2012 жылы 14,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,9 млрд. теңге жергілікті бюджеттен 2,5 млрд.теңге және өзге де қаражат көздерінен 4,5 млрд. теңге бағытталды. Әлеуметтік маңызы бар мына объектілердің: 200 пәтерлік коммуналдық екі тұрғын үйдің; Қызылсай және Теңге ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың; «Бостандық» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның; Қызылсай және Теңге ауылдарындағы мәдениет үйлерінің; «Шаңырақ» шағын ауданындағы жедел басқару орталығының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында, «Рахат-2» шағын ауданын сумен жабдықтау жүйесін (2-3 кезек); Жаңаөзен қаласына іргелес жатқан елді мекендердің аяқталмаған учаскелеріің инженерлік желілерін (газбен, сумен жабдықтау); қалалық суару жүйесіне айдау үшін сорғы станциясынан келген кәріздік тазартылған суды сақтау үшін ТБР-5000м3 салу; Жаңаөзен қаласының және Теңге, Қызылсай ауылдарының жұмыс жасап тұрған сумен жабдықтау және газбен жабдықтау желілерін ауыстыру; жылу желілерін қайта құрылымдау және кеңейту жобалары іске асырылды.
Жаңаөзен қаласында 5 спорттық және 5 ойнайтын аулалық алаңқай салынып, 2 мектеп ауласы жайластырылды. 3000 орындық орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізілді.
Қалаішілік жолдарды салу және күрделі жөндеу (9,2 км), «Ақсу» шағын ауданындағы «Адайдың алпыс батыры» аллеясын, Бейбітшілік және Достық көшелерін, «Самал» шағын ауданының Маңғыстау, Қашаған, Сарбөпеев, және 17 маусым көшелерін және Қ. Сәтпаев көшесін абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды. 72 көпқабатты тұрғын үйдің алды сырланды. 16 объект 2013 жылға өтпелі болып табылады, тағы да 8 объектінің құрылысы басталмақ.
Кешенді жоспарды іске асыруға 2014 жылы 9,8 млрд. теңге жалпы сомасында, оның ішінде республикалық бюдждеттен – 5,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,5 млрд. теңге, өзге қаражат көздерінен – 1,3 млрд. теңге бөлінді.
Жоспар аясында қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму комбинатының құрылысы; 6 шығар жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. 8 жобаны іске асыру: «Мерей» шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектептің құрылысы; бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау мен кеңейту; «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ құбырын тарту және автоматтандырылған газ бөлу жүйесiн салу; «Кендірлі» курортты демалыс аймағын салу; КТҚ салу (1-кезек); әскери қалашық салу; Жаңаөзен қаласында әскери комиссариаттың ғимаратын салу; ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік екі тұрғын үй салу жалғасуда.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында облыстың қалаларындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 2013 жылы 2130,6 млн. теңге бағытталды. Осы қаражаттың есебінен трансформаторлық қосалқы станцияларды қайта құрылымдау, Ақтау қаласында жылумен жабдықтаудың магистралды желілерін, Жаңаөзен қаласында жарықтандыру желілерін салу және қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Осы бағдарлама бойынша 2014 жылы Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 "Аққу" шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде.
3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ПАЙЫМЫ
Маңғыстау облысы көмірсутегі шикізатын өндіру және терең қайта өндіру, жоғары қосылған құны бар құрылыс индустриясын дамыту, тартымды туристік аймақ имиджін қалыптастыру, аумақтық инфрақұрылымды жаңғырту және Қазақстанның батысындағы халықаралық көлік дәлізін жетілдіру негізінде өмір сүру сапасының деңгейі тұрақты өсетін және қолайлы бизнес-ортасы бар өңір болады.
Маңғыстау облысының негізгі стратегиялық даму мақсаты халықтың әл-ауқаты мен өқмір сүру сапасының деңгейін көтеру болып табылады. Оны көтеру, өңірдің жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін салаларын дамыту есебінен жүзеге асырылмақ.
Облыс экономикасын дамытудың негізгі басым бағыттары: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (мұнай-газ өндіру, мұнай-газ сервисі), транзиттік әлеуетті дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясын, туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы)болып айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |