Жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім және ғылым
Жоғары оқу орнының саясаты халықаралық білім стандарттарына сәйкестендіретін, ғылым мен өндірісті біріктіретін, жоғары мектептің тәжірбие-нысаналық және интеллектуалдық әлеуетін күшейтумен, республика экономикасының барлық салалары үшін бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды дайындаудың кәсіби шарттарымен міндетті түрде қамтамасыз етумен анықталады.
Қазақстанның жоғары мектебі дүние жүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру кеңістігіне енуге ұмтылуы керек. Алға қойған мақсаттарға жету механизімі Болондық процестің өлшемдерін орындау болып табылады. Олар үш деңгейлі жүйеден тұрады: білім берудің несиелік технологиясы, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, сонымен қатар жоғары білім сапасына бақылау.
Астана қаласында әлемдік деңгейдегі «Назарбаев Университеті» сияқты беделді жоғары оқу орнын ашу отандық инженер-технологиялық және ғылыми кадрларды дайындаудың сапалылығын және қазіргі кездегі ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
«Назарбаев Интеллектуалдық мектеп», мектепке дейінгі және орта білім оқу бағдарламалары университет бағдарламаларымен сабақтастығын қамтамасыз ететін болады.
Білім беру процесін және оның құрамын қатаң тәртіпте белгілейтін республикада мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарты жұмыс істеуде. Кеңес үкіметінің жоғары мектебінен қалған мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының (одан әрі – МЖМБС) құрылымы экономикадағы болып жатқан өзгерістерге ойдағыдай жауап қайтара алмайды.
Қазіргі кезде оқу бағдарламалары мазмұнын анықтауда жоғары оқу орындарының академиялық бостандығы кеңейтілген: бакалавриат 40%-дан 50% дейін, магистратура 50% -дан 60% -ға дейін компонент бойынша таңдау өсті.
Жұмыс берушілердің көпшілігі жоғары оқу орындары түлектерінің, мамандардың сапасы қанағаттандырмайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен және экономикалық қажеттіліктерге сәйкес бола бермейді.
Қазақстандағы барлық жоғары білім жүйесін қамтитын негізгі жабық фактор болып сыбайлас жемқорлық болып табылады. Бұл факторды түбегейлі жою бойынша нақты шаралар қолданбай жоғары білім саясаты тиімді іске аспайды.
Жоғары оқу орындарын кадрлық қамтамасыз етуде келеңсіз жағдайлар орын алуда: профессорлық-оқытушылық жүйесін дайындайтын корпустың жоқтығы, қоса атқарушылық бойынша жұмыстың кең қолданылуы, сыбайлас жемқорлық орын алуда.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жаңартылмайды. Гуманитарлық мамандық және техникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарындағы кітапхана қорларын жаңарту нормалары орындалмауда. Көп пәндер бойынша оқулықтар дайындалмауда, тіпті кейбреулері аз таралыммен басылуда. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қорлары жекелеген сипатта орын алуда. Жоғары мектептің материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету бойынша барлық бар нормативтер ғылыми және әдістемелік негізде болуы шарт.
Студенттердің академиялық ұтқырлығы өсуде. Республикадағы жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары оқуда, шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық «Болашақ» стипендиаттары әлемнің 27 елінде оқуда.
Қазіргі кезде білім беру қызметін қаржыландырудың қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмі жеткіліксіз.
Осыған байланысты несиелік білім беру жүйесі жоғары білім алуға мүмкіндіктің және одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Ғылым саласында ұзақ уақыт бойы қарастырылмаған бірқатар өзекті мәселелер орын алуда. Зертханалар жабдықтары мен материалдық-техникалық базасының ескіруі сапалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді. Конструкторлық бюро мен жобалық институт санының жеткіліксіздігі өндірістегі трансферт технологияларын бәсеңдетеді. Ғылымның дамуына тартылған кадрлардың қартайюы байқалуда, жастарды тарту үшін жағдай жасалмауда.
Ғылымды басқару жүйесін одан әрі жетілдіру қажет. Ғылымның ең басты мәселелерінің бірі қаржыландыру деңгейінің төмендігі. Ғылымға жеке меншік секторын тарту ІЖӨ-нің 0,22% құраса (бюджеттің қаржыландыру үлесі ШЖӨ-нің 0,13% құрайды), ал сәйкесінше АҚШ – 2,84%, Финляндияда — 4,0%, Ресейде — 1,2%.
Ғалымның мәртебесі төмен болып қалуда, ал бұл талантты жастарды ғылымға тартуға кері әсерін тигізуде.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындары зерттеулер жүргізуге қарағанда білім беру қызметіне қарай ұйымдастырылған. Зерттеу қызметтеріне қатысу бойынша университеттер үшін мыналар мүмкін болып табылады: университеттер жаныннан зерттеу зертханаларын ашу, зерттеу қызметтері нәтижелерін коммерциализациялау, гранттар негізінде зерттеу жобаларын қаржыландыру.
Ғылым саласындағы басқару принципі орталықтандырылатын және нарыққа бағытталатын болады. Ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастық дамитын болады, жаңа технологиялардың дамуын және олардың қолдануын қамтамасыз ететін тетік жасалды.
Міндетті түрде өмір бойы оқуға көңіл бөлу қажет.
Білім беру жүйесінің одан әрі жетілдірілуі және келешекте сапасының еуропалық деңгейге дейін жеткізуі бойынша жұмыс осы бағдарламада жалғастырлатын болады.
IV . Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Басты мақсаты:
білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адамзат капиталын дамыту.
Бағдарлама мақсаттары:
қаржыландыруды жетілдіру
білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру
білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін және олардың өзара байланысын арттыру
үздік білім беру ресурстары мен технологияларына оқушылардың, мұғалімдердің бірдей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім сапасын жақсарту мен басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз ету, олардың мектепке даярлығы үшін әр түрлі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына балалардың теңдей қолжетімділігі
12-жылдық мектепте интеллектуалдылықты, Қазақстан Республикасының рухани және дене жағынан дамыған азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін өмірде жетістікті қамтамасыз ететін оның білім алу қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін адамзат бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту
индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес ТжКБ жүйесін жетілдіру
тұлғалық қажеттілік пен елдің индустриалды-инновациялық даму міндеті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын жоғары білім сапасының деңгейін жетілдіру
Мақсатты индикаторлар :
орта білім ұйымдарында 100% жан басы қаржыландыруды енгізу
мұғалімдердің орта еңбек ақыларының деңгейі экономикадағы орташа еңбек ақы деңгейіне дейін жеткізілетін болады
мұғалімдердің 70% ваучерлік қаржыландыру бойынша біліктілігін арттырады
білім беру ұйымдарының 90% -да Қамқоршылық кеңестер құрылған
орта білім беру ұйымдарының 90% -да электрондық оқу жүйесі қолданылуда
ұйымдастырылған мектепке дейінгі біліммен балалардың 100% қамтылған
12 жылдық мектепке толық көшу 2020 жылы іске асырылады
тәуелсіз тестілеудің нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін мектеп түлектерінің шектік деңгейден өте алмау үлесі 22,2% -дан 10% -ға дейін төмендейді
мектептерде «Өзін-өзі тану» адамның рухани-адамгершілік бағдарламасы 100% іске асуда
PISA, TIMSS, PIRLS, TIMSS, ADVANCED, ICILS, TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу
жұмыс берушілер қауымдастығында бірінші реттен біліктілігін тәуелсіз бағалаудан өткен ТжКБ түлектерінің үлесі 80%
жұмыс берушілер қауымдастығында бірінші реттен біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі 60%
жоғары оқу орындары түлектерін еңбекпен қамту ЖОО-ны бітіргенен кейін бірінші жылда – 80% дейін жетті
Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісін өңдеу және оны білім беру ұйымдарына енгізу
білім беру менеджментін жетілдіру
педагог мамандығының беделін көтеру
оқу процесін автоматтарндыруды енгізу
мектепке дейінгі ұйымдардың санын арттыру
12 жылдыққа көшуді іске асыру
шағын жинақты мектеп мәселелерін шешу
мектептерде инклюзивтік білімді жетілдіру
еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету
елдің индустриалды-инновациялық даму жобасын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларымен қамтамасыз ету
жоғары білім жүйесінің еуропалық аймаққа кіруін қамтамасыз ету
білім және ғылымның үйлесімділігін қамтамасыз ету, интеллектуалдық меншік өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдай жасау
Міндеттерге жету келесі индикаторлармен өлшенетін болады:
магистр дәрежесі бар жоғары мектеп педагогтарының үлесі – 10 %;
оқыту кезінде ағылшын тілін қолданатын педагогтардың үлесі - 30%;
жаңа технологияларды зерделеу үшін өндірістік кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өткен ТжКБ ұйымдарының инженер-педагогикалық кадрлар үлесі –5 % жыл сайын;
елімізде біліктілік арттыру және қайта даярлаудан өткен ЖОО-лардың ППҚ-ның үлесі - 5 % жыл сайын;
ЖОО-ларда корпаративті басқару принциптерін енгізу - 65 %;
оқытуда ИКТ-ны пайдалану бойынша біліктілік арттырудан өткен педагогтардың үлесі, 2015 жылы олардың жалпы санының 90 %-ын құрайды;
1 компьютердегі оқушының саны – 1;
Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардан мектепке дейінгі шағын орталықтар үлесі – 52,7 %;
топтың жалпы толымдылығының орташа көрсеткіші – 24 адам;
балабақшалар жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі- 13 %;
ведомстволық және мемлекеттіктік балабақшалардың үлесі - %;
мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша бейіндік мектептердің үлесі – 16,5 %;
мектептердің жалпы санынан жаңа модификациялы кабинеттері (химия, биология, физика, лингафондық және мультимедиалық кабинеттер) бар мектептердің үлесі – 100 %;
мектептердің жалпы санынан апатты жағдайдағы мектептердің үлесі-1%;
оқушы орнының тапшылығы – 30 мың;
мектепке және мектептен үйлеріне сапалы және ыңғайлы тасумен қамтылған тасымалға мұқтаж оқушылардың үлесі (мұқтаж балалардың жалпы санынан) - 100%;
ресурстық орталықтар саны – 160;
мүмкіндігі шектеулі балалалардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесі - 50 %;
табысы аз отбасы балаларының санынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгендерінің үлесі – 100 %;
мамандықтардың жалпы санынан кәсіптік стандарттармен қамтамасыз етілген мамандықтардың үлесі - 90 %;
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында тәжірибеден өту үшін орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі – 90 %;
білім алушылардың жалпы санынан жұмыс берушілер қаражаты есебінен оқып жатқан білім алушылардың үлесі – 1,8 %;
техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған 14-24 жасар жастардың үлесі – 28,7 %;
ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу құрылғыларымен жабдықталған оқу орындарының үлесі - 90 %;
магистрлар даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-лардың үлесі – 85 %;
PhD докторларын даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-лардың үлесі – 22 %;
Қазақстан Республикасында кредиттік оқыту технологиясы бойынша кредиттерді ауыстырудың еуропалық үлгісі (ESTC) бойынша есептеу балдар жүйесін енгізген ЖОО-лардың үлесі – 100 %;
шетелдік ЖОО-лармен екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асырған ЖОО-лардың үлесі – 70 %;
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының 90 %-ы магистратурада, докторантурада оқуда, ғылыми тағылымдамада жүр;
ғылыми зерттеулер нәтижесін өнеркәсіпке трансферттеу негізінде білім мен ғылдымды кіріктендіру жолымен инновациялық қызмет атқарып жатқан инновациялық университеттерді құру - 20%;
жатақханадағы орынға мұқтаж студенттердің жалпы санынан жатақханамен қамтамасыз етілгендерінің үлесі – 85 %;
Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапханаға қол жетімділігі бар ЖОО-лардың үлесі – 100 %;
Мамандықтар бойынша МЖМБС-да ЖОО-лардың академиялық бостандығын кеңейту- 70 %;
танылған агенттіктерде халықаралық мамандандырылған және институционалды аккредиттеуден өткен ЖОО-лардың үлесі – 14 %;
жоғары білікті мамандар мен жас ғалымдарды даярлайтын «Назарбаев университеті» жұмыс істейді;
халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен ЖОО-лардың үлесі – 65 %;
техникалық ЖОО-лардың жалпы санынан инновациялық құрылым, ғылыми зертхана, технопарктер, орталықтар құрған ЖОО-лардың үлесі - 50%;
Бағдарламаны іске асырудың мақсатына, мақсатты индикаторларына, міндеттері мен нәтижелердің көрсеткіштеріне Білім және ғылым министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау, байланыс және ақпарат, индустрия және жаңа технология, туризм және спорт, мәдениет министрліктерімен, ҮИИД-ң салалық министрліктерімен, жергілікті атқару органдарымен, Жұмыс берушілер ассоциациясымен, «Атамекен» одағымен бірлесе отырып жететін болады.
V. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойған
мақсаттарына жету жолдары және тиісті іс-шаралары
Білім беруді дамыту мына бағыттарда іске асырылатын болады:
білім беруді қаржыландыру
білім беру менеджменті
педагог мәртебесі
«e-learning» электрондық оқыту
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
орта білім
техникалық және кәсіптік білім
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Білім беру жүйесін қаржыландыру
Мақсаты: Қаржыландыруды жетілдіру
Мақсатты индикатор: білімді қаржыландыру 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге арттырылды.
Қаржыландыруды жетілдіру мақсатында:
жан басына шаққанда қаржыландыру әдістемесін әзірлеу және білім беру ұйымдарына оны енгізу;
оқытуға арналған мемлекеттік жеке кредит беру жүйесін дамыту жоспарлануда.
Білім беру жүйесін қаржыландырудың жаңа тетіктері білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Жан басына шаққанда қаржыландыру әдістемесін әзірлеу және білім беру ұйымдарына оны енгізу
Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу орта білім беруде мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады.
2011 жылы бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру әдістемесі әзірленетін және халықтың әртүрлі жіктері үшін сапалы білімге қолжетімділігін артыруға ықпал ететін болады.
Жан басына қаржыландыру бірінші кезеңде жоғары мектептер үшін жүзеге асырылады. 2013 жылы жалпы орта білім берудің жан басына қаржыландыру жүйесі 4 жоғары мектептің (Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, және Қостанай облыстары) базасында сынақтан өткізіледі. Бұл үшін жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша мынадай нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленеді: Жоғары мектеп туралы ереже, Жоғары мектептер қызметінің ережесі, Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және бөлу тәртібі.
Негізгі және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру жоғары мектепте алынған тәжірибенің негізінде енгізілетін болады.
2015 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жан басына қаржыландыру негізінде нысаналы трансферттер арқылы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Жергілікті өкімет билігі әртүрлі меншік нысандарындағы провайдерлерден конкурстық негізде қызметтерді сатып алудың әкімшісі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ҮИИД-нің (үдемелі индустриялды инновациялық даму) 12 саласы бойынша бір маманды даярлауға арналған шығындардың нормалары бекітіледі:
2011 жылы – Ақмола облысында жанбасына қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылатын;
2012 жылдан бастап ТжКБ-ны жан басына шаққанда қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
Одан басқа 2015 жылға қарай жұмыс берушілер, жер қойнауын пайдаланушылар қаражаттарын тарту және шоғырландыру үшін ТжКБ-ны қолдаудың 16 өңірлік қоры құрылатын болады.
Сонымен қатар, инвесторларға білім беру саласында салықтық жеңілдіктер қарастырылатын болады.
Оқуға арналған мемлекеттік жеке кредит беру жүйесін дамыту
Жоғары білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік білім берудің жинақ жүйесін (МБЖЖ) құру арқылы білім беру қызметін қаржыландырудың мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру жоспарлануда.
Білім беру кредитін беру жүйесі екінші деңгейлі банк арқылы «Қаржы орталығы» АҚ-тың нысаналы салымдары есебінен жүзеге асырылады.
Гранттың баламасы немесе екінші деңгейлі банктер беретін оқуға арналған кредит бойынша кепілдік ретінде халықтың жеке меншік жинағы есебінен оларға арналған және мемлекетті қолдау үшін жоғары, техникалық және кәсіптік білімге қолжетімділікті қамтамасыз ететін МБЖЖ құрылады.
МБЖЖ «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ жинақ сызбасы бойынша жұмыс жасайды.
Ата-ана Қормен баланы оқытуға жинақтау қоры туралы шарт жасайды. Белгіленген мерзім бойы тиянақталған көлемде ай сайын қаржы енгізіп отырады. Шарт аяқталған соң жинақталған ақшадан оқыту төлемі үшін қажетті сома оқу орнының шотына аударылады. Оқудың жетпеген сомасын кредит есебінде ең төменгі пайыздық ставкада Қор төлейді.
Халықтың жинақтық білім беру салымдарына Қор қайта қаржыландыру ставкасы бойынша сыйақы аударады. Осы ретте, қаражатты жинақтау кезеңінде мемлекет жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы аудару түрінде салымшыны көтермелейтін болады.
Екінші деңгейлі банктер арқылы «Қаржы орталығы» АҚ нысаналы салымдар есебінен білім беру кредиттерін беру жүйесін құру:
-пайыздық ставкаларды төмендету арқылы білім беру кредиттерін алуға қолжетімділікті арттыруға;
-заем алушының міндеттемелерін орындауға байланысты серіктес банктердің қатерлерін төмендетуге;
-жаңа серіктес банктерді тарту арқылы білім беру кредиттерінің рыногында бәсекеге қабілетті ортаны құруға мүмкіндік береді.
Педагог мәртебесі
Мақсаты: Жоғары білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру.
Мақсатты индикаторлар:
Педагогтің орташа жалақысы экономикадағы орташа жалақыға жетеді
Педагогтердің 70%-ы ваучерлік қаржыландыру принципі бойынша біліктілігін арттырудан өтеді.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету
педагог кәсібінің беделін арттыру
кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру
Білім сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған педагогтермен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі әдістер арқылы білім алушыларға береді.
Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету
2011 жылдан бастап:
«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде ТжКБ және ЖОО-лар үшін ағылшын тілінің педкадрларын даярлау қамтамасыз етілетін болады;
Көптілді білімі бар педагог кадрларды даярлау базалық пән циклінде шет тілі бойынша кредиттер көлемін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін Үлгілік оқу бағдарламаларына үш тілде сабақ беретін педагогтерді даярлау бөлігіне өзгерістер енгізіледі;
Педагогтерді, оның ішінде шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – шжм) үшін даярлау бағдарламасы, педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-ларда (Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Семей мемлекеттік педагогикалық институты) жоғары мектеп үшін мұғалімдерді мақсатқа сай даярлауға (екі дипломды білім бойынша кадрлар даярлау, мысалы, математика-физика-информатика) арналған мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру магистрінің бағдарламасы жетілдіріледі;
Жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру бағдарламасы жаңартылады және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру қамтамасыз етіледі.
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтында (бұдан әрі – БЖ БАРИ), облыстық біліктілікті арттыру институттарында (бұдан әрі – облБАИ), 5 өңірлік біліктілікті арттыру орталығында (Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты) жүзеге асырылады. 2011 жылы 70,2 мың адам, 2015 жылға қарай -72,6 мың адам, 2020 жылға қарай - 73,7 мың адам біліктілікті арттырудан өтеді.
Осы ретте, барлық педагогтер 12 жылдық білім беру технологиясы және бейіндік оқыту бойынша біліктіліктерін арттырудан өтеді.
Даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастырудың қашықтықтан оқытуын қамтамасыз ету мақсатында интерактивтік жабдықтармен жарықталады.
Жылсайын мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс 10%-ға арттырылады. Оның ішінде мына мамандар үшін:
мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды кіріктірілген оқыту (инклюзивті);
даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;
білім беру бағдарламаларын іске асыру (жылсайын 18000 адам).
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мыналар:
жылсайын 1000 педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдары мен кәсіпорындарының базасында өндірістік оқыту шеберлерінің аралас кәсіптерді меңгеруі;
шетелде 144 өндірістік оқыту шебері мен арнайы пәндер оқытушыларының біліктілігін арттыру;
жылсайын 500 арнайы пәндердің оқытушылары мен әлеуметтік әріптестіктер есебінен кәсіпорындарда 250 өндіріс шеберлерін тағылымдамадан өткізу;
жыл сайын оқу орындарының 350 басшы қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырылады.
Басым бағыттар бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындармен ЖОО-лардың көпжақты бірігулері мақсатында ПОҚ-тың шетелде жылсайын 100 адамға дейін біліктілігін арттыру ұйымдастырылады.
Біліктілікті арттыру жан басына қаржыландыру және біліктілікті арттыру нысанын, мазмұнын, мерзімдерін педагогтердің таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін оқыту процесін ұйымдастырудың модульдік жинақтау принциптеріне негізделген ваучерлік жүйе бойынша өткізіледі.
2012 жылы Астана, Алматы, Павлодар қалаларында ваучерлік жүйенің сынақтан өткізу жүзеге асырылатын болады, көшу – 2013 жылдан бастап.
Педгог кәсібінің беделін арттыру:
Педагог кәсібінің беделін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.
2013 жылдан бастап мектепке дейінгі және орта білім берудің педагог қызметкерлеріне біліктілік санаты үшін төленетін қосымша ақының мөлшері арттырылатын болады.
Педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2015 жылы экономикадағы орташа республикалық жалақының деңгейіне жеткізіледі.
2016 жылдан бастап:
Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (G-10-нан G-8-ге дейін) өзгерістер енгізу арқылы өндірістік оқыту шеберлерінің жалақыларын арттыру қарастырылады;
Педагог магистрлер үшін шағын жинақты мектептердегі жұмысына, педагог қызметкердің жоғары нәтижесіне еңбекке ақы төлеу нормативтері жетілдіріледі;
қазіргі қосымша ақылар мен үстеме ақылардың мөлшерлері қайта қаралады. Жыл сайынғы еңбек демалысына берілетін сауықтыру жәрдемақысы бір лауазымдық жалақыдан екі лауазымдық жалақыға көбейтіледі;
мемлекеттік бюджеттен және жұмыс берушілер қаражаттарынан төлемдерді қоса қаржыландыру бөлігінде зейнетақы қорын қалыптастыру тетігі жетілдіріледі;
жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |