Бағдарламасы алматы, 017 ж. 6М071700 «Жылу энергетикасы»



жүктеу 223,12 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі223,12 Kb.
#15289


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

ИНЖЕНЕРЛІК ФАКУЛЬТЕТІ 



 

«ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ АВТОМАТИКА» КАФЕДРАСЫ 

 

 

 



«Бекітемін» 

Оқу және оқу-әдістемелік 

жұмыстар жӛніндегі проректор 

_____________ А.У. Серікбаев 

«____» _________2017 ж. 

 

 



 

2017-2018 оқу жылындағы 

6М071700– «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша магистратураға  

қабылдау емтиханының  

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2017 ж. 

 

 



 

6М071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша  магистратураға 



қабылдау  емтиханының  бағдарламасы  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 

берудегі  кәсіби  оқыту  бағдарламалары  іске  асыратын  Білім  беруді 

ұйымдастырудағы оқуға қабылдау типтік ережелеріне сәйкес құрылған.   

 

 



 

Бағдарлама  «Энергия  үнемдеу  және  автоматика»  кафедрасының  2017 

жылдың «06» ақпан күнгі мәжілісінде талқыланды. Хаттама № 8 

 

 



 

 

Кафедра меңгерушісі ___________________ Шыныбай Ж. 



 

 

 



Инженерлік  факультетінің  оқу-әдістемелік  комиссиясында  қаралып, 

ұсынылған. Хаттама № 5, «15» ақпан 2017 ж. 

 

 

 



Факультеттің ОӘК тӛрағасы  _______________ Жетпейісов М.Т.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

МАЗМҰНЫ 



 

 

Түсіндірме жазба 



«Жылутехникасының теориялық негіздері» пәні 





«Жылу  энергетикада  және  жылу  технологияларда  энергияны 

үнемдеу»пәні 

 





«Қазандық қондырғылар және бу генераторлары» пәні 

10 


«Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар» пәні 

14 

 

Пәндер бойынша емтихан сұрақтары 



17 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

ТҤСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

 

6М071700  –  «Жылу  энергетикасы»  мамандығы  бойыншамагистратураға 



қабылдау  емтиханының  бағдарламасы  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 

берудегі  кәсіби  оқыту  бағдарламалары  іске  асыратын  Білім  беруді 

ұйымдастырудағы оқуға қабылдау типтік ережелеріне сәйкес құрылған. 

Қабылдау  емтиханының  бағдарламасының  мазмұны  5В071700  –  «Жылу 

энергетикасы»  мамандығы  бойыншабакалавриаттың  білім  беру  бағдарламасы 

негізінде құрастырылған.  

6М071700  –  «Жылу  энергетикасы»  мамандығы  бойыншамагистратураға 

оқуға  қабылданушы  ғылыми  танымның  дамуындағы  қазіргі  үрдістер  туралы, 

кәсіпорынды 

стратегиялық 

басқаруды 

ұйымдастыру, 

инновациялық 

менеджмент,  кӛшбасшылық  теориялары  туралы,  кері  байланыс  принципі 

туралы,  жалпыға  бірдей  және  объективті  заңға  сай,  техникалық,  экологиялық 

және  әлеуметтік  жағдайлар  кешенінің  кәсіптік  мәселелерін  шешуде  және 

есептің  маңыздылығын  қоюда,  мамандық  шеңберіндегі  орындалып  жатқан 

жұмыс жайлы отандық стандарттар туралы, қалпына келтіруші энергетикалық 

қорларды пайдалану және жылумен жабдықтауды орталықтандыруын жоюдың 

жаңа технологиялары мен әдістерд, ӛзінің мамандығы бойынша іргелі ғылыми 

және практикалық дайындықты ұштастыра білуі тиіс. 

Сондықтан  да  магистратураға  оқуға  түсу  үшін  мына  пәндер  бойынша 

қабылдау  емтиханы  тапсырылуы  тиіс:  «Жылутехникасының  теориялық 

негіздері»,  «Жылу  энергетикада  және  жылу  технологияларда  энергияны 

үнемдеу», 

«Қазандық 

қондырғылар 

және 

бу 


генераторлары» 

және«Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар»

Емтихан  сұрақтары  білім  берудің  барлық  тілдерінде  бір-біріне  сәйкес 

жасалған.  



 

 

 


 

1. «ЖЫЛУТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ 



 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 

 

Техникалық термодинамика.  

Техникалық  термодинамика  тапсырмалары  және  әдістері.  Негізгі 

түсініктер  және  анықтамалар.  Термодинамикалық  жүйе  және  жұмыс  денесі. 

Термодинамикалық параметрлер және күй теңдеуі. Тепе-теңдік күй және процес. 

Термодинамиканың негізгі заңдары. 

 

Термодинамиканың  бiрiншi  бастамасы.  Ішкі  энергия  күй  функциясы 



ретінде.  Термодинамикадағы  жұмыс.  Жылу.  Термодинамиканың  бірінші 

бастамасының  теңдеуі.  Энтальпия  түсінігі.  Ағындар  үшін  термодинамиканың 

бірінші бастамасы. Ағындар жұмысының түрлері. 

Идеал  газдардың  термодинамикалық  процестері.  Тепе-теңдік,  қайтымды 

процестер  түсінігі.  Айналымды  процестер  (циклдер).  Идеал  газ:  күй  теңдеуі 

және диаграмалары, негізгі заңдар. Идеал газдар қоспасы. Идеал газдың негізгі 

термодинамикалық  процестері,  процестің  жұмысы  және  жылуы,  идеал  газ 

күйіндегі заттың калориялық қасиетінің ӛзгеруін анықтау. 

Термодинамиканың  екiншi  бастамасы.Қайтымды  Карно  циклі,  жылулық 

ПӘК,  Карно  теоремасы.  Еркін  қайтымды  цикл,  энтропияны  күй  функциясы 

ретінде түсіну. Қайтымды және қайтымсыз процестердегі энтропияның ӛзгеруі. 

Оқшауланған  термодинамикалық  жүйенің  тепе-теңдік  шарты.  Күйдің 

термодинамикалық  ықтималдығы.  Термодинамиканың  екінші  бастамасының 

статикалық  мәні.  Сипаттамалық  функция.  Тұрақты  тепе-теңдік  шарты. 

Химиялық  потенциал.  Температураның  толық  газды  және  термодинамикалық 

шкаласы. Температураның практикалық термодинамикалық шкаласы. Пайдалы 

жұмыстың қайтымдылығы және ӛндірісі. Эксергия. 

Заттардың  термодинамикалық  қасиеттері.  Эндрюс  тәжірибесі.  Вандер-

Ваальс  изотермасы  және  теңдеуі.  Нақты  заттардың  рТ-,  р

-диаграммасы,  күй 



теңдеуі  мен  жылулық  коэффициенттер  және  кестелер.  Заттардың  калориялық 

қасиеттері. Фазалық тепе-теңдік және фазалық ауысымдар. Термодинамиканың  

дифференциал теңдеуі. Су және су буының термодинамикалық процестері. Hs6 

Ts-диаграммасы, ылғалды ауадағы процестер. 

Ағынның  термодинамикасы.  Адиабатты  ағып  шығу  процестері.  Дыбыс 

жылдамдығы, дыбыс жылдамдығы арқылы ӛту. Лаваля саптамасы. Су буының 

ағып шығуы. Бу мен газдарды араластыру және кедергілеу. 

Термодинамикалық  циклдер.  Сығымдығыштар.  Поршенді  сығымдағыш 

жұмысының  термодинамикалық  циклі  және  кӛрсеткіштік  диаграммасы. 

Сығымдау жұмысы. Газқұбырлы қондырғының және реактивті қозғалтқыштың 

ішкі  жану  қозғалтқышының  циклі.  Қозғалтқыштың  жылулық  ПӘК-і  және 

оларды арттыру жолдары. Ренкин циклі, жылулық ПӘК, оның будың бастапқы 

параметрлеріне,  будың  аралық  қыздыруына,  қоректік  судың  жаңғыртулық 

қыздырғышына  тәуелділігі.  Жылу  энергиясын  тікелей  электрге  айналдыру 

әдістері. 



 

Буэжекторлы, бусығымдағыш, ауалық және абсорбциялық салқындатқыш 



қондырғылардың 

циклі. 


Салқындатқыш 

коэффициенті, 

жылу 

тасымалдағыштардың және жылу сорғыларының жұмыс істеу қағидалары. 



Химиялық 

термодинамиканың 

және 

қайтымсыз 



процестер 

термодинамикасының  негізі.  Химиялық  реакция  түрлері,  реакция  қозғалысы 

және тепе-теңдігі.Химиялық реакция жылдамдығы, Аррениус заңы. Қайтымсыз 

процесстер  термодинамикасының  әдістері,  диссипативті  функиця  үшін  жалпы 

ӛрнек, жылуӛткізгіштік теориясы. 

 

Жылумаңызалмасу

Негізгі  ережелер,  пәні  және  жылумаңызтасымал  теориясының  әдістері. 

Жылу  тасымал  түрлері.  Жылумаңызтасымал  процесінің  сандық  сипаттамасы. 

Жылу және маңыз тасымалының дифференциал теңдеуі. 

Жылуӛткізгіштік.  Температуралық  ӛріс  және  температура  градиенті. 

Фурье  заңы.  Жылуӛткізгіштік  коэффициенті.  Жылуӛткізгіштіктің  жылулық 

ағыны.  Жылуӛткізгіштіктің  жылулық  кедергісі  мен  оның  физикалық  және 

геометриялық  құрамы.  Жылулық  кедергінің  геометриялық  факторы. 

Жылуӛткізгіштіктің  дифференциал  теңдеуі.  Стационарлы  процестердегі 

жылуды 


жылуӛткізгіштікпен 

беру. 


Әртүрлі 

пішіндегі 

дененің 

жылуӛткізгіштігінің температуралық ӛрісі және жылулық ағыны. Стационарлы 

емесжылуӛткізгіштік.Жылуӛткізгіш  коэффициенті.  Жылуберу  коэффициенті. 

Биокритериі.  Ұқсастық  теориясы  және  жылуӛткізгіштік  есептерін  шешудің 

жуықтау әдістері. 

Біртекті ортадағы ағынды жылуалмасу. Ағынды жылуалмасу  теориясын 

анқтау  және  жалпы  түсінік.  Ағынды  жылуалмасу  есептері.  Ағынды 

жылуалмасудың  дифференциал  теңдеуі.Гидродинамикалық  және  жылу 

шекаралық  қабаттар.  Ұқсастық  теориясы  және  ағынды  жылуалмасу  ӛлшем 

бірлігін талдау. Ұқсастық критериі және шарттықтық теңдеулері. Ағынды жылу 

алмасу  сипаттамасын  есептеу  және ӛлшеу.  Ретті  ағыстағы  жылуалмасу.  Ретсіз 

ағынды  жылуалмасу  теориясының  негіздері.  Ретті  ағынның  ретсізге  ауысуы. 

Дененің  мәжбүрлі  ағыстауы  кезіндегі  жылуберу.  Құбырлар  мен  арналардағы 

мәжбүрлі ағысындағы жылуберу. Құбырлар шоғыры мен құбырдағы ішкі ағысы 

кезіндегі жылу беру. Еркін және аралас ағындық жағдайында жылу беру. 

Жылу  ӛту.  Жылу  ӛту  формуласы  және  қабырғалар  температурасы. 

Әртүрлі  пішіндегі  дененің  жылу  ӛту  коэффициенті.  Жылу  ӛтуді  қарқындату 

жолдары. 

Химиялық түрлендірудегі және фазалық ауысымдағы жылумаңызалмасу.  

Таза  будың  шықтануы  кезіндегі  жылуалмасу.  Жылуалмасудың  ерекшеліктері. 

Таза  будың  қабыршықты  шықтануы  кезіндегі  жылуберу.  Жылуалмасу 

құрылымы  және  будың  тамшылық  шықтануы  кезіндегі  жылу  берудің 

теориялық  және  тәжірибелік  мәндері.  Сұйқтың  қайнау  кезіндегі  жылу  беруі. 

Кӛпіршіктің  түзілуінің  минималды  радиусы  және  жұмысы.  Температуралық 

тегеуріннің  және  кӛпіршіктің  ажырауы  мен  ӛсуінің,  түзілуінің  минималды 

радиусының жылу  беруге әсері. Сұйық қайнауының кӛпіршектен қабыршақты 




 

режимге  ӛтуі.  Еркін  қозғалыс  жағдайында  сұйықтың  кӛпіршікті  қайнауы 



кезінде  жылу  беру.  Құбырларда  мәжбүрлі  қозғалу  жағдайында  сұйықтың 

кӛпіршікті  қайнауы  кезінде  жылу  беру.  Жылу  құбырлары  туралы  түсінік. 

Химиялық түрлендіру кезіндегі және екі құраушы ортадағы жылумаңызалмасу. 

Диффузия заңы және түрлері, құрылымы. Стефанов ағыны. Жылу және маңыз 

беру.  Маңыз  беру  теңдеуі.  Маңыз  берудің  шарттықтық  және  дифференциал 

теңдеуінің  жүйесі.  Үштік  ұқсастық.  Бугаз  қоспасындағы  будың  шықтануы 

кезіндегі  жылумаңызалмасу.  Сұйықтың  бугазды  ортаға  булануы  кезіндегі 

жылумаңызалмасу. Химиялық түрлену кезіндегі жылумаңызалмасу. 

Сәулеленумен  жылуалмасу.  Сәулеленудің  негізгі  заңдары.  Сәулелік 

жылуалмасуды  зерттеу  әдістері.  Сәулелік  ағындардың  қасиеті  және  сәуле 

бӛлетін  денелер  жүйесінің  геометриялық  сипаттамасы.  Дене  мен  қабық 

арасындағы  сәулеленумен  жылуалмасу.  Тегіспараллелді  беттер  арасындағы 

сәулелік жылуалмасу. Газдардың сәулелену және жұтылу ерекшеліктері. Жану 

ӛнімдерінің жылулық сәулелерін есептеу. Жалынның жылулық сәуле бӛлуі. 

Жылуалмасу 

құралдары. 

Жылуалмасу 

құралдарының 

түрлері. 

Жылуалмасу құралдарының жылулық есебі. 



 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

Негiзгi: 

1  Драганов Б.Х.,  Кузнецов А.В.,  Рудобашта С.П. Теплотехника  и  применение 

теплотывсельскомхозяйстве. - М.: Агропромиздат, 1990. 

1  Теплотехника А.П. Баскаков, Б.В. Берт, ОК. Витт и др. - 2-е изд., перераб. - 

М.:Энергоатомиздат, 1991. 

2  Захаров А.А. Применение тепла в сельском хозяйстве. - М.: Колос. 1980. 

3  Захаров  А.А.  Практикум  по  применению  теплоты  в  сельском  хозяйстве.  -

М.:Агропромиздат, 1985. 

4  Қуатбеков 

М.К., 


Ақымбеков 

Е.К. 


Техникалық 

термодинамика.-

Алматы.:Рауан, 1995. 

5  Қуатбеков М.К., Ақымбеков Е.К. Жылутехникасыкурсыныңесептержинағы.-

Алматы.: Рауан, 1995. 

8 Теплотехника: // Под ред. В.Н.Лукнина — М.: Высшая школа, 2002. 

9.  Кабашев  Р.А.,Кадырбаев  А.К.,  Кекилбаев  А.М.  Жылу  техникасы.-

Алматы.:Баспа, 2008. 

10.Саркынов Е. Гидравлика және жылу техникасы.-Алматы.; Агроуниверситет, 

2008. 


 

Қосымша: 

1.  Драганов  Б.Х.,  Есин  В.В.,  Зуев  В.П.  Применение  теплоты  в  сельском 

хозяйстве. - Киев:Высшая школа, 1990. 

2.  Щегалев  М.М.,  Гусев  Ю.Л..  Иванова  МС.  Котельные  установки.  - 

М.:Стройиздат, 1972. 

6. Р. А. Амерханов, Б. Х. Драганов. Теплотехника.- М: Энергоатомиздат, 2006. 



 


 

2. «ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАДА ЖӘНЕ ЖЫЛУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДА 



ЭНЕРГИЯНЫ ҤНЕМДЕУ»ПӘНІ 

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе.  Әлемнің  және  Қазақстанның  энергоресурстармен  қамтамасыз 

етілуі. 

Энергия үнемділік. Энергия үнемділігін арттыру. Органикалық отындар. 

Қазақстанның энергоресурс қорыЖаңартылған энергия кӛзінің түрлері 

Энергия үнемдеудің негізгі түсініктері мен жалпы терминдері.

 

Энергияны  үнемдеу  саласындағы  терминдер.  Энергияны  пассивті 



үнемдеу.  Жаңа  жүйені  енгізу  және  ӛзгерістер  болған  жағдайда  энергияны 

үнемдеу. Жылу сораптары және жүйенің жылытқыш жылусораптары. 

Қазақстан  Республикасының  энергия  үнемдеуші    саясатының  құқықтық 

негізі. 


Қазақстан 

Республикасының 

бағдарламасы. 

Энергия 


үнемдеу 

саласындағы  саясат.  Энергияны  үнемдеу  зерттеулері.  «Энергия  үнемдеу 

туралы» заңы. 

Энергия үнемдеудің шекті әдісі. 

Энергия  үнемдеу  мәселесі.  Жылутехнология.  Шекті  энергия  үнемдеу 

әдісі. Энергия үнемдеу шаралары. 

Отын-энергетикалық кешенінде энергияны үнемдеу.  

Қазақстан  энергия  кӛздері.  Энергетикалық  қауіпсіздігі.  Ӛнеркәсібіпте 

энергияны  үнемдеу.  Қазіргі  уақыттарда  ЖЭС  пенЖЭО-лар.  Энергетикалық 

ресурстарды қолдану тиімділігін арттыру. 

Ӛнеркәсіп салаларында энергияны үнемдеу. 

Отын-энергетикалық  кешен.  Ӛнеркәсіпте  энергтикалық  ресурстарды 

қолдану  тиімділігі.  Түсті  металургиядағы  маңызды  энергия  үнемдеудің 

бағыттары. Ӛнеркәсіптің салаларында энергияны үнемдеу. 

Жылу технологияда энергияны үнемдеу. 

Жылу мен электр энергия. Жылыту жүйелері. Жылытуы бар кӛп қабатты 

панелдерді қолдану. Жылыту жүйелері мен аспаптарын жетілдіру. 

Қалдықсыз  технологиялар  мен  екінші  энергетикалық  ресурстарды 

қолдану. 

Энергоүнемдеу  мақсатында  конденсат  жинау.  Гидрокедергісі  бар 

конденсат.  Конденсат  әкеткіштер.  Болашағы  бар  екінші  ретті  энергоқордың 

кӛздері.Екінші энергетикалық ресурстардың типтері. 

Энергияны үнемдеудегі энергия аудиті.  

Энергоаудиттің 

негізгі 

тапсырамлары. 

Энегоресурстарды 

тұтынушыларды  зерттеу  түрлері.  Энергетикалық  тексерістер.  Экспресс  – 

тексеру. Энергия аудитінің міндеті. 

Ӛнеркәсіп кәсіпорындарының энергия аудитінің әдістемесі. 




 

Энергоаудит  тапсырамлары  мен  энегоресурстарды  тұтынушыларды 



зерттеу  түрлері.  Тереңдетілген  энергоаудит.  Екінші  деңгейлі  энергоаудит. 

Энергоаудиттің нормативті базасы. 

Жылу технологиялық қондырғының аудиті. 

Кәсіпорындағы  энергия  тасығышы.  Жылу  технологиялық  қондырғының 

модернизациясы.  Қондырғының  тез  моральды  тозуы.Қондырғылар  мен 

жүйелерде 

технологиялық 

қолайлы 


жағдайлар. 

Қондырғылардың 

эксплуатациялық қолайлы жағдайлар. 

Дәстүрлі емес энергия кӛздері

 

Дәстүрлі  емес  және  қайталанатын  энергия  кӛздері.  Дәстүрлі  және 



дәстүрлі емес энергия кӛздері; энергия кӛздерінің ресурстары және қорлары;  

Дәстүрлі емес энергия кӛздерін қолдану

 

Күн энергетикасы. Күн энергиясын қолдану. Күн энергиясын түрлендіру 



процестерінің 

физикалықнегіздері. 

Күн 

энергетикалыққондырғылары. 



Коллекторлардың  түрлері;  олардың  жұмыс  ережелері  және  есептеу  әдістері. 

Селекциялық қабыршықтар. Жылуды аккумуляциялау.  

Энергоресурстарды 

қолданудинамикасы 

және 

энергетикалық 



шаруашылыкты дамыту 

Энергетиканың 

экологиялық 

проблемалары; 

азамзаттық 

энергетикалықмұқтажын  ӛтеудегі  дәстүрлі  емес  энергия  кӛздерінің  орыны. 

Дәстүрлі емес энергетиканыңдаму болашағы және мәселелері.  

Күндік жылумен жабдықтау жүйелері. 

Күн  электр  станциялары.  Жел  энергетикасы.  Жел  энергиясын 

түрлендірудің 

резервтері 

және 


ережелері. 

Биоэнергетика. 

Геотермалдықэнергетика. 

 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

Негізгі: 

1.  Сибикин  Ю.Д.,  Сибикин  М.Ю.  Технология  энергосбережения.  -  М.: 

Форум, 2006. – 352 с. 

2.  Дукенбаев  К.  Энергетика  Казахстана.  Условия  и  механизмы  ее 

устойчивого развития. - Алматы,2004. - 604 с. 

3.  Табунщиков  Ю.А.,  Бродач  М.М.,  Шилкин  Н.В.  Энергоэффективные 

здания. - М: АВОК-ПРЕСС, 2003. - 200 с. 

4.  Дукенбаев  К.,  Нурикен  Е.  Энергетика  Казахстана  (технический 

аспект).-Алматы, 2001.- 312 с. 

5.  Стерман  Л.С. Тепловые  и атомные электрические станции.-  М.: МЭИ, 

2000.  -  408с.б.Журнал  «Энергетика  и  топливные  ресурсы  Казахстана»,  2001-

2007 гг.  

6. 

Степанов  B.C.  Потенциал  и  резервы  энергосбережения  в 



промышленности. - Новосибирск: СОАН, 1990. – 245 с. 


 

7.  Энергосбережение  в  системах  теплоснабжения,  вентиляции  и 



кондиционирования  воздуха.  Справочное  пособие.  –  М.:  Стройиздат,  1990.  – 

624 с. 


8.  Системы  солнечного  тепло-  и  хладоснабжения  /  Под  ред.  Э.В. 

Сарницкого. - М: Стройиздат, 1990. - 328с. 

9.  Ю.Твайделл  Дж,  Уэйр  А.  Возобновляемые  источники  энергии.  -  М.: 

Энергоатомиздат, 1990. - 392с. 

 

Қосымша: 

1. П.Ключников  А.  Д.  Энергетика  теплотехнологии  и  вопросы 

энергосбережения. - М: Энергоатомиздат, 1986. – 128 с. 

2. Куперман  Л.И.  Вторичные  энергоресурсы  и  энерготехнологическое 

комбинирование в промышленности. - Киев: ВШ, 1986. - 302 с. 

3. Борисова  Н.Г.  Энергосбережение  в  теплоэнергетике  и  теплотехнике: 

Учебное пособие. - Алматы: АИЭС, 2006. – 119 с. 

4. Борисова  Н.Г.  Энергосбережение  и  использование  нетрадиционных 

источников энергии: Конспект лекций. - Алматы: АИЭС, 2003. – 76 с. 

5. Борисова  Н.Г.  Энергосбережение  и  нетрадиционные  источники 

энергии.  Тестовые  задания  для  текущего  и  итогового  контроля.  -  Алматы: 

АИЭС, 1999. – 34 с. 



 

 

 

 


10 

 

3. «ҚАЗАНДЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ БУ ГЕНЕРАТОРЛАРЫ» ПӘНІ 



 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 

 

«Қазандық  қондырғылар  және  бу  генераторлары»  пәнінің  мақсаты, 

міндеті,  кӛлемі  және  мазмұны.  Қазандық  қондырғының  электр  энергиясын 

және  жылуды  ӛндіру  жүйесіндегі  атқаратын  ролі.  Қазандық  қондырғыларды 

жіктеу.  Атомдык  электр  станцияларының  бу  генераторлары.  Альтернативті 

энергия кӛздері. 

Бу 

қазаныңың 



технологиялық 

сызбасы. 

Құрама 

энергия 


қондырғылары.Бу  ӛндірудің  технологиялық  ұулбасы.  Қазipri  бу  қазаныңың 

құрылымдық  сұлбасы,  қыздыру  беттерінің  құрастырылу  сипаты,  беттерде 

ӛтетін  процестерді  сипаттау.  Дағыралы  және  тура  ағынды  қазандар 

сұлбаларының  айырмашылығы.  Тең  тартымды  және  үстеме  үрлеуі  бар 

қазандардың  жұмысы.  Бу  қазандарының  нeгізгі  сипаттамалары.  Бугаздық 

қондырғылардың  пайдаланғыш  типтегі  бу  генераторлары;  су  ысытушы  және 

бу-су  ысытушы  қазандар;  жоғарғы  және  тӛменгі  тегеурінді,  тура  әсерлi  және 

жылутасығышы  су  емес  қазандары;  шығар  газдармен  жұмыс  жасайтын 

қазандар;  технологиялық  ӛнімнің  жылуын  колданатын  қазандар;  энергия 

технологиялық агрегаттар, құрылымдық ерекшеліктері. 

Отынның  техникалық  сипатгамалары  және  оларды  қазанда  пайдалану 

тиімділігі. 

Отын  түрлері  және  құрамы.  Отынның  жану  жылуы  және  келтірілген 

сипаттамалары.  Қатты,  сұйық  және  газ  отындардың  негізгі  қасиеттepi  және 

техникалық  сипаттамалары.  Отынды  жағу  тәсілдері.  Қатты  отынды  жағуга 

дайындау. Тоаймақ дайындау жүйелері. Kӛмip ұнтақтайтын диірмендер, жұмыс 

қағидасы,  құрылымдары  және  қолдану  аймақтары.  Тозаң  дайындау 

жүйелерінің басқа элементтерінің құрылымы, жұмыс қағидасы, міндеті. Kӛмip 

тозаңының  сипаттамалары.  Табиғи  газды  және  мазутты  жағуга  дайындау 

сүлбелері. 

Отынның  жануы.  Тотықтырғыш.  Жану  құбылысының  заттық  теңестігі. 

Ауа мен жану ӛнімдерінің кӛлемдері. Ауа артыктығын анықтау. Ауа мен жану 

ӛнімдерінің энтальпиясы. Қазандық қондырғының жылулық теңестігі. Отынды 

пайдалану  тиімділігі.  Қазандағы  жылу  шығындарының  сипаттамалары. 

Қазандық қондырғының пайдалы әсер коэффициент. 

Жану теориясының жалпы сұрақтары. 

Жанудың  химиялық  реакцияларының  кинетикасы.  Отынның  біртекті 

және  әртекті  жануы.  Химиялық  реакциялардың  жылдамдығы  және  жану 

жылдамдығының  әртурлі  физика-химиялық  шамаларға  тәуелділігі.  Аррениус 

заңы. Тізбекті реакциялар. Жанғыш қоспалардың ӛздігінен тұтану және тұтату 

процестері.  Қатты  отынның  ӛзіндік  тұтануы.  Тұтанудың  концентрациялық 

шекаралары. 

Заттың  және  жылудың  ағынмен  берілуі.  Турбуленттік.  Диффузия  мен 

жылу  берілудің  жану  құбылыстарының  интенсивтілігіне  әcepi.  Изотермиялық 




11 

 

және изотермиялық емес турбулентті ағын. Жанғыш қоспалардағы жалынның 



таралуы.  Жалынның  таралуының  тіке  жылдамдығы.  Жалынның  таралу  шегi. 

Жалынның турбулентті таралуы. 

Сұйық және газ тәрізді отынды жағу. 

Біртекті  газ  қоспасының  жануы.  Ламинарлы  және  турбулентті 

диффузиялық  жану.  Жанудың  тұрақтануы.  Сұйық  отынның  жануы.  Тамшы 

отынның жануы. Сұйық отынды тозаңдату. Сұйық және газ тәрізді отындарды 

жағатын  ошақтар  мен  оттық  қондырғылары.  Жануды  үдету  әдістері.  Мазут 

және  газ  тәрізді  отындарды  жағатын  ошақтардың  құрылымына  койылатын 

талаптар. Сұйық және газ тәрізді отынды жағудың тиімділігі мен сенімділігін 

арттыру  үшін  газ-мазутты  оттық  пен  мазут  бүркігіштерінің  құрылымына 

койылатын  талаптар.  Газды  және  мазутты  жагардағы  ескершетш  техникалық 

қауіпсіздік ережелері. 

Бу генераторының ошағында кӛмip тозаңды жалынның жануы. 

Кӛмір  бӛлшегінің  жануы,  бӛлшектердің  жану  механизмі.  Кӛмір 

бӛлшектерінің  жанып  біту  жылдамдығына  әсер  ететін  керсеткіштер.  Катты 

бӛлшектің  диффузиялық,  аралық  және  кинетикалық  жану  аймақтары.  Кӛмір 

тозаңының  жалында  жануы.  Бу  генераторының  ошағында  кӛмір  тозаңды 

жалынның  тұтануын  және  жануын  удетуге  әсер  ететін  себептер.  Тӛмен 

реакциялы кӛмірдің жануының орнықтылану және тұрақтану шарттары. 

Қазандық қондырғыдағы жылуалмасу. 

Ошақ  камерасындағы  жылуалмасу.  Ошақтағы  толық  жылу  бӛлiну. 

Жанудың  теориялық  адиабатты  температурасы.  Ошақ  қалқандарының 

жылулық  сипаттамалары.  Қазан  ошағындағы  сәулелік  жылу  алмасуды 

ұқсастық  теория  негізінде  есептеу.  Ошақты  аймақтык  есептеу.  Ошақ 

камерасынан  шығардағы  газдар  температурасын  таддау.  Жартылай  сәулелік 

қыздыру  беттеріндегі  жылуалмасу.  Қазандыктың  газ  жолдарындағы  сәулелік 

және  конвективті  жылуалмасу.  Газ  жолы  бойынша  қыздыру  беттерін 

орналастырудың  онтайлы  тізбектілігі,  құбыр  металының  жұмыс  сенімділік 

шарттары  бойынша  шектеулер.  Конвективті  қыздыру  беттеріндегі  газ  және 

жұмыстық  дене  жылдамдыктарын  таңдау.  Буды  аса  қыздырғыштар, 

құрылмалары және үйлестіру. Аса қызған будың температурасын реттеу. 

Тӛмен  температуралы  қыздыру  беттері.  Сулық  үнемдегіштер.  Ауа 

қыздырғыштар.  Тӛмен  температуралы  қыздыру  беттерін  есептегендегі 

теңдеулер жүйесі. Жылу ӛту коэффициенті. 

Бу қазандарын жылулық есептеу және үйлестіру. 

Газ  жолының  тіремелі  есептік  температуралары.  Қыздыру  беттері 

арасындағы  жылукабылдауды  бӛлу  қағидасы.  Бу  қазаныңың  жылулық 

сызбасын  салу.  Қазанды  жылулық  есептеу.  Жылулық  есептеудің  eceптepi. 

Қазанды құрылмалық және тексерулік жылулық есептеу. Бу қазандарын ЭЕМ-

мен  жылулық  есептеудің  тізбектілігі.  Бу  қазаның  үйлестіру.  Жеке  қыздыру 

беттерін үйлестіру. 



12 

 

Бу қазандарының құрылымы. 



Энергетикалық  бу  қазандары.  Энергоблоктарға  арналған  табиғи 

айналмалы  бар  қазандары.  Екібастұз  кӛмірін  жағуга  арналған  қазандық 

қондырғылар.  Ықшамды  бу  қазандары.  Арнайы  қазандык  қондырғылар.  Бу 

қазандарының даму болашағы. Қазан құрылымына койылатын технологиялық 

талаптар.  Бу  қазандары  элементтерінің  бepiктiri  және  металдары.  Беріктікті 

есептеу. Қазандықтық қаңқасы, қаптамасы және жылулық окшаулануы. 

Тұйық гидравликалық жүйенің гидродинамикасы. 

Табиғи  циркуляцияның  заңдылықтары.  Қозғаушы  және  кажетті 

тегеуріндер.  Контурдын  буқұрамдас  бӛлігінің  және  кайнау  нүктесінің  биікттн 

анықтау.  Табиғи  айналымды  есептеудің  мақсаты.  Қарапайым  айналым 

контурын  есептеудің  әдістемесі.  Контурдың  сенімділігін  бағалау.  Сенімділік 

белгілері.  Айналымның  толық  диаграммасы.  Айналымның  токтауы  және  кepi 

жүруі. 

Табиғи 


айналымды 

контурдың 

сенімді 

жұмысын 


қамтамасыздандыратын шарттар. 

Ашық  гидравликалық  жүйенің  гидродинамикасы.  Бу  қазандарының  су 

тәртібі. 

Ашық 


гидравликалық 

жүйелердің 

жіктелуі. 

Кӛлбеу 


жәнетікқұбырлардағы  ағынның  гидравликалық  тұрақтылығы.  Жылулық 

жайма,  гидродинамикалық  жайма.  Иіртүтік  сипаттамасы.  Жұмыстық  орта 

қозғалысының  тұрақтылығы.  Ағынның  толкуы.  Параллель  қосылған 

құбырлардың жылугидравликалық жаймасы. Жайма коэффициенттерін есептеп 

анықтау.  Жылулық  және  гидравликалық  жайманың  тура  ағындык 

қазандыктардың 

сенімділігіне 

әcepi. 


Жұмыстык 

ортаның 


epiкciз 

қозғалысындағы  бу  қазаныңыд  гидравликалық  есептеулері.  Тура  ағынды 

қазандардың сенімділігін бағалау. 

Бұрқылдау процесінің заңдылықтары.  

Бутазалағыш  қондырғылар.  Қоректік  судың  ластануы  және  олардың 

қондырғылар жұмысына әcepi.  

Қоспалардың  ерігіштігі.  Қоспаларды  циклден  шығару  жолдары.  Тура 

ағынды қазандардың сулық режимі. Дағыралы қазандардың сулық режимі. Таза 

бу алу жолдары. 

Отынды жағудың экологиялық мәселелері 

Түтін газдарының улы заттары және сыртқы ортаны зиянды тозаңданған 

газ  шығуларынан  қорғау.  Түтін  газдарындағы  шекті  рұқсат  етілген 

концентрациялар (ШРК және ШРШ). Түтін газдарындағы NO

x

 және SO



x

. Түтін 


газдарындағы  улы  компонентгердің  концентрациясын  едәуір  тӛмендеуін 

қамтамасыздандыратын ошақтық және жану қондырғыларының құрылымы. 

 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

Негiзгi: 

1. Нұрекен  Е.  Жылу  электр  стансалардың  қазандық  кондырғылары:  Оқу 

құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2007 – 270 б. 



13 

 

2. Нұрекен  Е.  Жылу  электр  стансалардың  қазандық  кондырғылары: 



Мысалдар мен есептер. – Алматы: АЭжБИ, 2008 – 113 б. 

3. Нұрекен  Е.  Қазандық  қондырғылары  және  бу  ӛндіргіштер.  Пәндік 

жобаға әдістемелк нұсқаулар. 1-бӛлім. – Алматы: АЭжБИ, 1999. – 32 б. 

4. Нұрекен  Е.  Қазандық  қондырғылары  және  бу  ӛндіргіштер.  Пәндік 

жобаға әдістемелк нұсқаулар. 2-бӛлім. – Алматы: АЭжБИ, 2004. – 50 б. 

5. Энергетикалық,  қазандық,  қондырғылардың  сипатгамалары  мен 

сызбалары.  Пәндік  жобаға  әдістемелк  нұсқаулар.  –  Алматы:  АЭЖБИ,  2004.  – 

246 б. 


6. Жылу  электр  стансалардың  қазандық  кондырғылары.  Зерттеулік 

жұмыстарды  орындауға  арналған  әдістемелк  нұсқаулар,  –  Алматы:  АЭЖБИ, 

2005. – 26 б. 

7. Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций: 

Учебник для вузов. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с. 

8. Ковалев А.П и др. Парогенераторы. – М.: Энергоатомиздат, 1985. – 376 

с. 

9. Сидельковский 



JI.H., 

Юренев 


В.Н. 

Котельные 

установки 

промышленных предприятий. – М.: Энергоатомиздат, 1988. – 528 с. 

10. Липов 

Ю.М., 


Третьяков 

Ю.М. 


Котельные 

установки 

и 

парогенераторы.  –  Москва-Ижевск:  НИЦ  «Регулярная  и  хаотическая 



динамика», 2003, – 592 с. 

 

Қосымша: 

1. Основы 

современной 

энергетики. 

Часть 


1. 

Современная 

теплоэнергетика: – М.: Изд-во МЭИ, 2002. – 368 с. 

2. Дукенбаев  К.Д.,  Нурекен  Е.  Энергетика  Казахстана  (технический 

аспект). – Алматы, 2001. – 312 с. 

3. Тепловой  расчет  котельных  агрегатов  (Нормативный  метод).  – 

М.:Энергия, 1973 . – 296 с. 

4. Липов Ю.М. и др. Компоновка и тепловой расчет парового котла. – М.: 

Энергоатомиздат, 1988. – 208 с. 

5. Безгрепгнов А.Н. и др. Расчет паровых котлов в примерах и задачах. – 

М: Энергоатомиздат, 1991. – 240 с. 

6. Липов  Ю.М,  Тепловой  расчет  парового  котла.  –  Ижевск:  НИЦ: 

«Регулярная и хаотичекая динамика» 2001. 

7. Тепловые  схемы  котлов/А.А.  Паршин  и  др.  –  М.:  Машиностроение, 

1987, – 224 с. 

8. Проектирование  топок  с  твердым  шлакоудалением/Под  ред.  Ю.Л. 

Маршака и В.В.Митора. – М.:ВТИ-ЦКТИ, 1981. – 115 с. 

9. Назмеев 

Ю.Г.,  Мингалева  Г.Р.  Системы  тогтливоподачи  и 

пылеприготовления ТЭС. Справочное пособие. – М.МЭИ, – 480 с. 



 

 

 



 


14 

 

4. «СЫҒЫМДАҒЫШТАР МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР» ПӘНІ



 

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 

 

Сорғылар,  желдеткіштер,  сығымдаушы  қондырғылар,  бу  және  газ 

турбиналары  туралы  жалпы  мәліметтер  және  олардың  жылу  мен  электр 

энергетика  ӛнеркәсібі  және  ӛндірістік  орындарындагы  мәні.  Сығымдағыштар 

мен  жылулык  қозғалткыштардың  техникалық  деңгейі  және  оларга  койылатын 

талаптар.  Сыгымдағыштар  мен  жылулық  қозғалтқыштардың  қысқаша  даму 

тарихы. 

Сығымдағыштар. 

Сығымдағыштардың  түрлері.  Кӛлемдік  және  кинетикалық  әрекерттегі 

машиналар.  Машинаның  сұйықты  және  газды  беруте  арналған  негізгі 

параметрлері  (беру,  тегеурін,  қысым,  қуат).  Кӛлемдік  түрдегі  қысымдагыш 

(поршенді,  диафрагмалы,  роторлы).  Кӛлемдік  түрдегі  сыгымдағыштардың 

артьщшылықтары  мен  кемшіліктері,  негізгі  сипаттамалары,  қүрылысы  және 

жұмыс  істеу  қағидасы.  Динамикалық  түрдегі  сығымдағыштар  (қалақшалы, 

құйынды, дискті). Динамикальщ түрдегі сығымдағыштардың артықшылықтары 

мен  кемшіліктері,  негізгі  сипаттамалары,  құрылысы  және  жұмыс  істеу 

қағидасы.  Ортадан  тепкіш  машиналардың  негізгі  тендеулері.  Ортадан  тепкіш 

машиналардьщ  әмбебап  сипаттамалары.  Жүйедегі  жұмысы,  берудің  реттелуі. 

Ағыншалы  құрылғылар.  Ағыншалы  құрылғылардың  артықшылықтары  мен 

кемшіліктері, негізгі сипаттамалары, құрылымы мен жұмыс істеу қағидалары . 

Кӛлемдік  түрдегі  сығымдагыштар.  Кинетикалық  түрдегі  сығымдағыштар. 

Қалақшалы  машиналармен  салыстырганда  бӛлек  турдегі  машиналардьщ 

артықшылықтары  мен  кемшіліктері.  Кӛлемдік  турдегі  машиналар  мен 

турбосынымдағыштардың  сұлбасы.  Сығымдағыштардың  жүйедегі  жұмысы. 

Помпаждардың әсері. Помпаждарға қарсы әдістер. 

Жылулық қозғалтқыштар.  

Жылуқозғалтқыштардың  түрлері.  Іштей  және  сырттай  жанатын 

қозғалтқьнптардың  диклі.  Ротациялық  жылулық  қозғалтқыштардың  түрлері. 

Машиналардың негізгі типтерінің құрылымдық ерекшеліктері және физикалық 

әрекет қагидасы. Ӛндірістік орындарында технологиялық жүйелерде жылульщ 

қозғалтқыштарды пайдалану аймагы. Бу және газ турбиналары. Газ турбиналы 

қондырғылары  менбу  турбинақондырғыларының  циклдерін  салыстыру. 

Олардың бірге қолданылу мүмкіндіктері. 

Турбомашиналардың теориясы мен құрылымы. 

Турбомашиналардың  жұмыстық  дене  ағындарының  теңдеуі.  Дыбыс 

жылдамдығының  теңдеулері.  Ажырамас  теңдеулері.  Энергия  мен  импульстің 

сақталу  теңдеулері.  Шығындары  мен  жылдамдықгардың  теңдеулері. 

Турбинадағы  энергияны  түрлендіру  теңдеулері.  Турбиналардың  жылулық 

процестерінің  сатылары.  Сүлбелері,  осьтік  турбина  сатыларының  жұмыс істеу 

принциптерімен  құрылымымен танысу. Қалақты машиналардың ағындарының 

киниматикасы  мен  үшбүрыштык  жылдамдықтары.  Күш,  калаққа  әсер  етуі. 



15 

 

Турбиналық  және  сорғылық  Л.Эйлер  теңдеуі.  Қалакты  машиналарға  арналған 



Н.Е.Жуковскийдің теоремасы. Турбиналардың сатылай энергетикалык балансы 

мен  куаты.  Қалактарының  сатылары,  оның  КПД-  сы  мен  сипаттамалық 

коэффициентіне  тәуелді.  КПД-  ның  ішкі  байланыстары  турбинаның  валымен 

сатыларына тәуелді. Турбина сатыларының негізгі жылулық есептелуі. 

Кӛп сатылы бу турбиналары.  

Кӛп сатылы турбиналар түсында жылдамдығының энергиясын пайдалану 

мәселелері.  Рато-Целли,  Парсонс  және  Кертис  турбиналары.  Турбинаның 

шектік қуаты туралы түсінік. Кӛпцилиндрлі турбиналар. Жоғарғы, орташа және 

тӛменгі  қысымдагы  цилиндрлі  құбырдың  жасау  құрылымы.  Кӛп  сатылы 

турбиналардың  жұмыс  істеу  процессі.  Заманауи  бу  турбиналарының 

құрылымы.  Турбинаның  жылулық  және  электр  энергиясын  аралас  пайдалану. 

Бу  турбинасьШың  қысымға  қарсы  Р  және  ПР  типттері.  Жылуфизикалық 

турбиналардың  конденсаторы  мен  буды  жіберуін  реттеу.  Бутарату 

турбиналарының  жүйесі.  Турбомашиналардың  лабиринттік  нығымдауы. 

Турбинаның  статоры  мен  ротор  бӛлшектерің  құрылымы.  Турбиналардың 

тіректері мен тәртіптерінің құрылымы. 

Газотурбиналары және бугаз қондырғылары.  

Газотурбиналары  және  бугаз  қондырғылары.  Қарапайым  ГТҚ-дың 

құрылымы  және  жылулық  циклы.  ГТҚ  және  БГҚ  құрылымдық  сүлбесі.  Бір 

валдық  ГТҚ-дың  жылулық,  шығар  газдардың  регенерациялық  есептелуі. 

Жылулық  қажеттіліктеріне  сай  ГТҚ-дың  пайдалануы.  БГҚ-ды  пайдаланудың 

экономикалық  эффективтілігі.  Газ  турбиналардьщ  құрлымдары  мен  ГТҚ-дың 

элементтері. 

 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

Негізгі: 

1. Нагнетатели  и  тепловыс  двигатели  /В.  М.  Черкасский.  -  М.: 

Энергоатомиздат, 1997. - 384 с. 

2. Черкасский  В.М.  и  др.  Насосы,  вентиляторы,  компрессоры.-  М: 

Энергоатомиздат, 1984. - 414 с. 

3. Поляков  В.В., Скворцов Л.С. Насосы и  вентиляторы.  -  М.:Стройиздат, 

1990. - 336 с. 

4. Паровые  и  газовые  турбины.  Под  ред. Костюка  А.С.  и  Фролова  В.В.  - 

М: Энергоатомиздат, 2008.- 350 с. 

5. Цанев  С.В.,  Буров  В.Д.,  Ремезов  А.Н.  Газотурбинные  и  парогазовые 

установки тепловых электростанций- М.: Издательство МЭИ, 2002. - 584 с. 

6. Трухний  А.  Д.,  Ломакин  Б.В.  Теплофикационные  паровые  турбины  и 

турбоустановки - М.: Издательство МЭИ, 2008. - 540 с. 

Қосымша әдебиеттер 

7. Тепловые  и  атомные  электростанции:  Справочник/  Под  общ.  ред.  чл.- 

корр. РАН А.В.Клименко и проф. В.М.Зорина.  - 3-е изд. перераб. и доп.  - М.: 

Издательство МЭИ, 2003 - 645. 




16 

 

8. Шегляев А. В. Паровые турбины. - М.: Энергия, 1993. - 357 с. 



9. Мусабеков  Р.А.  Сығымдағьпіггар  мен  бу  турбиналары:  Оқу  кұралы.  - 

Алматы: АЭжБИ. 2005.-84 бет. 

10. 

Бақытжанов И.Б. Бу және газ турбиналары: Оқу құралы. - Алматы: 



АЭжБИ. 2008.-83 бет. 

 

 

 


17 

 

ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 



«ЖЫЛУТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ

 

 

Техникалық термодинамика 

1. Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық процесс. Теңдесулі және 

теңдесулі емес процесстер. 

2.  Күй  параметрлері  және  олардың  ӛлшем  бірліктері.  Күйдің  термиялық 

теңдеулері. 

3. Идеалдық газ. Идеалды газ заңдары. 

4. Энергияның сақталу және түрлену заңдары. 

5. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңының 

теңдеулері. 

6. Жылу және жұмыс. Ішкі энергия. 

7. Изохорный процесс. Графики процесса, формулы. 

8. Фазалық ӛтулер. Фазалық рV – диаграмма. 

9. Изобаралық процесс. Процесстің графиктері және формулалары. 

10.  Айнымалы  процесстер.  Карно  циклы.  Карно  теоремасы.  Циклдың 

термиялық ПӘК. 

11. Су буы. Қауыпты нүкте. Заттың қауіпті параметрлері. 

12. Балқу және сублимация. 

13. Су буы. Құрғақ дәрежесі. 

14. Ылғалды ауа. Ауаның ылғалды құрамы. 

15.  Шық  нүктесі.  Ылғалды  ауаның  тығыздығы.  Ылғалды  ауаның 

энтальпиясы. Ылғалды ауаның Id – диаграммасы. 

16. Идеалды газдардың энтальпиясы. 

17. Изотермиялық процесс. Процесстің графиктері, формулалары. 

18. Универсалды газ тұрақтысы неге тең? Идеалды газ дегеніміз не? 

19. Ылғалды ауаның анықтамасы. 

20.  Қоспалар.  Идеалды  газдардың  қоспалары.  Парциалдық  қысым, 

Дальтон заңы. 

21. Адиабаттық процесс. Процесстің графиктері, формалары. 

22. р, υ – координаторларындағы жұмыстың графикалық сызбасын, құру, 

жұмыс  неге  тәуелді,  жылу  электр  станцияларында,  іштен  жану 

қозғалтқыштарындағы жұмысшы денені атаңыз. 

23.  Қандай  температуралық  шкалалар  қолданылады  және  олардың 

арасындағы қатынастар. 

24. Күй теңдеуі (Клайперон теңдеуі, Менделеев – Клайперон теңдеуі). 

25.  Газдардың  жылу  сыйымдылығы,  меншікті  кӛлемдік  жылу 

сыйымдылық, меншікті массалық жылу сыйымдылық, меншікті мольдік жылу 

сыйымдылық анықтамасы.  

 

Жылумаңызалмасу 

1. Жылу ӛткізгіш процесстері үшін бірмәнділік шарттары. 



18 

 

2.  Станционарлық  режим  кезеңіндегі  бірқабатты  және  жазық  қабырға 



арқылы жылу ӛткізгіштік. 

3. Бірқабатты және кӛпқабатты қабырға арқылы жылу берілісі. 

4. Жылудың ішкі кӛздерінің болуы кезіндегі жылу ӛткізгіштік. 

5. Конфективтік жылу алмасу және Ньютон-Рихман теңдеуі. 

6. Еркін және еріксіз конвекция. 

7. Кӛпіршелі қайнау кезіндегі жылуалмасу. 

8. Конфективтік масса алмасу. Негізгі түсініктер және анықтамалар. 

9.  Екі  компонентті  ортадағы  жылу  –  және  маңыз  алмасудың  жалпы 

жағдайлары, диффузия түрлері және Фик заңы. 

10. Ұқсас критерийі және олардың ұсынылуы. 

11. Жылу сәулелерінің заңдары. 

12. Қабатшалық конденсация кезіндегі жылу берілісі. 

13. Жылу алмастырғыш аппараттары. 

14. Ағудың ламинарлық және турбуленттік режимдері. 

15. Күрделіжылуалмасу. Күрделі жылу алмасу. 

16. Гидродинамикалық және жылу қабаттары. 

17.  Жылу  тасымалдағыштарының  қозғалу  сұлбасы  және  су 

эквиваленттері. 

18.  Жылу  алмастырғыш  аппараттарындағы  температуралардың  орташа 

айырмасы және оны есептеу тәсілдері. 

19.  Ағудың  үлкен  жылдамдығы  кезіндегі  жылу  берілісі.  Адиабаттық 

температура, кенет тежеу туралы түсініктер. 

20. Тамшы конденсация кезіндегі жылу берілісі. 

21.  Жылу  ӛткізгіштік  есептерін  есептеудің  келтірілген  тәсілдері: 

графикалық тәсіл; ұқсас тәсіл.  

22.  Температуралық  ӛрістердің  түрлері,  изотермиялық  бет,  температура 

градиенті. 

23. Жылу ағыны және оның тығыздығы, Фурье заңы. 

24. Кез-келген денелер үшін жылу ӛткізгіштік коэффициенті. 

25.  Бірқабатты  және  кӛпқабатты  цилиндрлік  қабырғалар  арқылы  жылу 

берілісі. 

 

 



19 

 

«ЖЫЛУ  ЭНЕРГЕТИКАДА  ЖӘНЕ  ЖЫЛУ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДА 



ЭНЕРГИЯНЫ ҤНЕМДЕУ»ПӘНІ 

 

1.  Қазақстан 

Республикасының  отынды-энергетикалық  кешенінің 

жағдайы  және  энергетика  дамуының  энергияны  сақтау  жолы.  Қазақстан 

Республикасының жаңа энергетикалық жүйесінің сипаттамасы. 

2.  2020  жылғы  дейінгі  қазақстандық  энергетика  дамуының  мүмкіндік 

жолдары. 2020 жылға дейінгі отындық энергетика дамуының энергияны сақтау 

жолына ӛту стратегиясы. 

3.  Қазақстан Республикасының энергетикалық стратегиясындағы ЭЖДК 

маңызы. 


4.  Жел энергиясын пайдалану. 

5.  Күн энергиясы. 

6.  Биоэнергетика. 

7.  Гидроэнергетика. 

8.  Геотермальдік энергияны пайдалану. 

9.  Жылу  сорғыш  қондырғылары,  жұмыс  принципі,  олардың  пайдалану 

перспективалары және мүмкіндіктері. 

10. Ӛндірісте  энергияны  сақтау.  (Қара  мателлургия.  Аллюминийлі 

ӛнеркәсіп. Мыс балқу ӛнеркәсібі). 

11. Машина құрылысы және металл ӛндірісінде энегияны сақтау. 

12. Коммуналдық шаруашылықта энергияны сақтау. 

13. Энергияны 

сақтаудың 

активті 


және 

пассивті 

тәсілдерінің 

ерекшеліктері неде? 

14. Энергияны сақтау түсінігі дегеніміз не? Энергияны тура және жанама 

үнемдеу дегеніміз не? 

15. Отынның  жану  жылуы  дегеніміз  не?  Жану  жылуының  таңдалуы 

отынды пайдалану тиімділігіне қалай әсер етеді? 

16. Энергетикалық қалдықтар дегеніміз не? 

17. Екіншіретті энергоқорлар. Олардың түрлерін атаңыз. 

18. Шығатын 

газдардың 

жылуын 

пайдаланудың 



технологиялық 

сұлбалары. 

19. Шығатын 

газдардың 

жылуын 

пайдаланудың 



энергетикалық 

сұлбалары. 

20. Шығатын  газдардың  жылуын  пайдаланудың  аралас  сұлбасы.  Жылу 

регенерациясы дегеніміз не? 

21. Энергияны  сақтаудағы  жылу  алмастырғыш  аппараттарының  маңызы 

қандай? 


22. Ренгенеративтік  жылу  алмастырғыш  аппараттарын  қолданудың 

артықшылықтары және кемшіліктері. 

23. Энергияны пайдалануды талдау үшін қандай қосымша критерийлерді 

қолданады? 

24. Шығатын 

газдардың 

жылуын 

пайдаланудың 



энергетикалық 

сұлбалары. 




20 

 

25. Ядерлік синтез энергиясын пайдалану. 



26. Энергияның түрлерін атаңыз, олардың сапасы қалай бағаланады? 

27. Шығатын газдардың жылуын пайдаланудың аралас сұлбасы. 

28. Жылу ренгенерациясы дегеніміз не? 

29. Энергияны сақтаудағы жылу алмасу аппараттарының рӛлі. 

30. Рекуперативті 

жылу 


алмастырғыш 

аппараттардың 

қолдану 

артықшылықтары және кемшіліктері. 

31. Рекупеторлар  есептерінің  түрлері.  Рекупеторларды  есептеу  кезінде 

пайдаланатын теңдеулер. 

32. Ӛндірістік кәсіпорындардың халық шаруашылығы мен энергетикалық 

шаруашылығының отын-энергетикалық жүйесінің құрылымы. 

33. Металургиялық  завод  мысалындағы  жылу  техникалық  ӛндірістің 

құрылымы. 

34. Жоғары  температуралы  жылу  технологиялық  қондырғылардың 

(пештер) энергетикалық сипаттамалары. 

35. Домен ӛндірісінің энергетикалық сипаттамасы. 

36. Болат балқытуӛндірісінің энергетикалық сипаттамасы. 

37. Қыздыру пештерінің энергетикалық сипаттамасы. 

38. Жоғары  температуралы  жылу  технологиялық  қондырғылардың 

энергоэкономикалық сипаттамасы. 

39. Жоғары  температуралы  жылу  технологиялық  қондырғылар  мен 

үрдістердің материалдық және жылулық теңгерілімі. 

40. Жоғары  температуралы  жылу  технологияда  регенеративті  жылу 

қолдану. 

41. Жоғары температуралы жылу технологияда жылуды ашық қолдану. 

42. Жылу  пайдалану  қондырғыларының  жіктелуі.  Үздіксіз  жұмыс 

жасайтын  рекуперативті  жылу  алмастырғыштардың  құрылымдық  және 

жылулық есебі. 

43. Периодты  жұмыс  жасайтын  регенеративті  аппараттар,  құрылымдық 

ерекшеліктері мен жылулық есебі. 

44. Үздіксіз  және  периодты  жұмыс  жасайтын  рекуперативті  жылу 

алмастырғыштар:  жіктелуі,  құрылымдық  ерекшеліктері,  периодты  жұмыс 

жасайтын жылу алмастырғыштардың жылулық есебі 

45. Қайнайтын  қабатты  жылу  алмастыру  аппараттары:  құрылымы  мен 

жылулық есебі. 

46. Араластырғышты жылу алмастырғыштар, олардың жылулық есебі. 

47. Кептіру 

қондырғылары,  жіктелуі,  құрылымдық  ерекшеліктері. 

Конвективті кептіргіштің есебі. 

48. Ӛнеркәсіптік суыту жүйесі мен жылу трансформациясы. 

49. Ауа баптау жүйесі, олардың сызбасы мен h-d диаграммасы. 

50. Аудандық  қазандықтың  жылулық  сызбасы,  олардың  техника-

экономикалық сипаттамасы, есептеу тәсілі. 

 

 

 



21 

 

«ҚАЗАНДЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ БУ ГЕНЕРАТОРЛАРЫ» ПӘНІ



 

 

1.  Қазан агрегатының жылу балансы. 

2.  Жылыту орнының жылулық сұлбасы және жұмысы. 

3.  Барабандық қазандағы үздіксіз үрлеу. 

4.  Барабандық қазандардағы периодтық үрлеу. 

5.  Қыздырудың буланғыш конвективті бетіндегі жылуалмасу. 

6.  Табиғи және жасанды тартылысы бар қазандар. 

7.  Қыздырудың қандай  беттері бу  қазанында  жартылай рационалды  деп 

аталады. Қазанның қыздыру бетінің абразивті тежеуі дегеніміз не? 

8.  Бу қазанының циркуляциялық контуры дегеніміз не? 

9.  Бу генераторларындағы бейнелер (экрандар). 

10. Сепарациондық құрылғылардың түрлері. 

11. Қазақстанның жаңа энергетикасындағы бу қазандарының ролі. 

12. Электростанциялардың 

газ 

тәрізді 


қалдықтарында 

қандай 


құруастырушылар адам үшін қауіпсіз болып табылады. 

13. Сатылы булану. Қазандық суды үрлеу. 

14. Күлді шлак жойылудың жүйелері. 

15. Барабанды бу қазандары. 

16. Қазан агрегаттарының қызу беттерінің ластануы. 

17. Қазанның қызу бетінің абразивті ескіруі. 

18. Қазан-унтилизаторлары. 

19. Тура нүктелі бу қазандары. 

20. Бу қазанының брутто – ПӘК және нетто – ПӘК.  

21. Қазандық қондырғылардағы жылу шығындары. 

22. Табиғи айналымы бар қазанның сұлбасы. 

23. Бу  ӛндірісінің  технологиялық  сұлбасы.  Бу  қазандарының  негізгі 

сипаттамалары. 

24. Кӛп еселі-еріксіз циркуляциясы бар қазанның сұлбасы. 

25. Қатты отынды жағу тәсілдері. Шаң дайындаужүйелері. 

26. Шаң дайындау сұлбалары. 

27. Экономайзерлер. Ауа жылтқыштар. 

28. Қызудың тӛменгі температуралық беттерін тұтастыру. 

29. Бу  пайда  болатын  беттердің  жылу  қабылдауы  және  олардың 

тұтастырылуы. 

30. Қатты және сұйық шлак жойылуы бар камералық жанғыштар. 

31. Шығу газдарымен жылудың жоғалуы.  

32. Қазан қондырғысының жылулық теңгерілімі, қазанның қайту 

теңгерілімі бойынша П.Ә.К. 

33. Қатты отынды жағуға дайындау, кӛмір уатқыш құрылғы. 

34. Газ тәріздес отынды жағуға дайындау. 

35. Сұйық отынды жағуға дайындау. 

36. Кӛмір тозаңының сипаттамасы, ұнтақтаудың оптималды қалыңдығы. 

37. Ауа шығыны мен жану ӛнімінің кӛлемі. 



22 

 

38. Жану камерасындағы жылу алмасу, жану камерасының геометриялық 



және оптикалық сипаттамасы. 

39. Жану 

камерасындағыжылу 

алмасудың 

негізгі 

аналитикалық 

байланысы. 

40. Қыздырудың жартылай радиациялық бетіндегі жылу алмасу. 

41. Қыздыру бетінің геометриялық сипаттамасы, газдардың және 

жұмвстық денелердің  жылдамдығы. 

42. Жылу беріліс коэффициенті. 

43. Қазандық қондырғының жылулық сызбасы. 

44. Табиғи айналым контурының гидродинамикасы. 

45. Айналым тәртібінің сенімділігі. 

46. Қыздыру бетіндегі жылулық және гидравликалық теңсіздігі. 

47. Тура ағынды қазандардың гидродинамикасы. 

48. Бу қазандарының сулық тәртібі, судағы қоспалардың қазандағы 

әрекеті. 

49. Тамшылы шығынға әсер етуші факторлар, тамшылы шығынмен күрес 

тәсілдері. 

50. Барабанды қазандарда қақсыз тәртіпті ұйымдастыру, сатылы булану. 

 

 



23 

 

«СЫҒЫМДАҒЫШТАР МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР» ПӘНІ 



 

1.  Сығымдағыштардың жіктелуі мен сипаттамалары. 

2.  Сығымдағыштардың негізгі параметрлері. 

3.  Сорғының сору биіктігі. 

4.  Сығымдағыштардың жұмысы кезіндегі помпаж. Болдырмау 

шаралары. 

5.  Жүйенің ағындық сипаттамалары. 

6.  Кӛлемдік сығымдағыштар. Жіктелуі мен жұмыс істеу принципі. 

7.  Поршенді сығымдағыштар. Жұмыс істеу принципі. Түрлері. 

8.  Поршенді сығымдағыштардың негізгі параметрлері. Поршенді 

сығымдағыштарды таңдау. 

9.  Поршенді сығымдағыштардың кемшіліктері мен артықшылықтары. 

10. Диафрагмалы сығымдағыштардың құрылымы мен жұмыс істеу 

принципі. 

11. Диафрагмалы сығымдағыштардың негізгі параметрлері. Диафрагмалы 

сығымдағыштарды таңдау. 

12. Плунжерлі сығымдағыштардың құрылымы мен жұмыс істеу 

принципі. 

13. Плунжерлі сығымдағыштардың негізгі параметрлері. Плунжерлі 

сығымдағыштарды таңдау. 

14. Роторлы сығымдағыштардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі. 

15. Роторлы сығымдағыштардың негізгі параметрлері. 

16. Динамикалық сығымдағыштардың жұмыстық сипаттамасының 

графикалық кескіні. 

17. Кӛп сатылы ортадан тепкіш сығымдағыштар. Жұмыс істеу принципі. 

Кемшіліктері мен артықшылықтары. 

18. Ортадан тепкіш сығымдағыштардың жұмысының сипаттамасы. 

19. Ортадан тепкіш машиналардың негізгі теңдеулері. 

20. Ортадан тепкіш машиналардың әмбебап сипаттамасы. 

21. Ортадан тепкіш сығымдағыштардың берілісін реттеу тәсілдері. 

22. Сығымдағыштарды параллел және тізбектей қосу. 

23. Құйынды сығымдағыштардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі. 

24. Дискалы сығымдағыштардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі. 

25. Ағынды аппараттың құрылымы мен жұмыс істеу принципі. 

26. Кӛлемді типті компрессорлар. құрылымы мен жұмыс істеу принципі. 

27. Сатылы ортадан тепкіш компрессордағы газды сығудағы жылулық 

процес. 

28. Ортадан тепкіш типті компрессордың жұмысын сипаттайтын негізгі 

теңдеу. 

29. Остік компрессордың сатысындағы газды сығудағы жылулық процес. 

30. Ағынды компрессордың құрылымы мен жұмыс істеу принципі. 

31. Жылулық қозғалтқыштар. Жіктелуі. Қолданылу аумағы. 

32. Бу турбинасының жіктелуі. 

33. Барабандық қазандағы үздіксіз үрлеу. 




24 

 

34. Бу турбиналарының геометриялық және режімдік сипаттамалары. 



35. Саптамалардағы энергия ағынын түрлендіру. Ағудың нақты процессі. 

36. Турбиналық сатының реакциялық дәрежесі. 

37. Жұмысшы қалақшалар профилінің тиімді түрі. Сатыдағы реакцияның 

болуы кезіндегі тиімділік. 

38. Қалақшалардағы 

энергияның  шығын  коэффициенті  ξ  және 

жылдамдық коэффициенті ψ. 

39. Турбиналық сатының жылдамдық үшбұрыштары. 

40. Жылу диаграммасының сатысындағы ұлғаю процессін құру. 

41. Жылдамдық сатысы бар турбиналар. 

42. Кӛп  сатылы  турбиналар.  Кӛп  сатылы  турбиналар  жұмысының 

ерекшеліктері. 

43. Қажетті қуатты қамтамасыз ету үшін ауыспалы режімдер 

44. Турбинадағы 

жылу  процессіне  қуат  реттелуінің  кез-келген 

тәсілдерінің әсері. 

45. Сатыдағы  реакциялар  дәрежесінің  ӛзгеруі.  Айнымалы  режімдер 

кезіндегі ПӘК ӛзгеруі. 

46. Бу  параметрлерінің  ӛзгеруі  кезіндегі  бу  турбиналық  агрегаттың 

айнымалы режімдері. 

47. Қуатты 

конденсациялық  турбиналардың  соңғы  сатыларының 

орындалуының құрылыстық ерекшеліктері. 

48. Газотурбиналық  қондырғылар.  Газотурбиналық  қондырғылардың 

негізгі артықшылықтары және кемшіліктері. 

49. ГТҚ идеалды циклы. ГТҚ нақты циклы. 

50. Бу турбинасының конденсациондық қондырғысы. 

 

 

 

Қабылдау  емтиханының  бағдарламасы  «Энергия  үнемдеу  және 

автоматика» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, мақұлданды. №8 хаттама, 

«06» ақпан 2017 жыл.

 

 

 



 

«Энергия үнемдеу және автоматика»  

кафедрасының меңгерушісі            

                              Ж.Шыныбай 



 

 

жүктеу 223,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау