Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Техникалық пайдалану ережелері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



жүктеу 1,03 Mb.
бет6/9
Дата25.11.2017
өлшемі1,03 Mb.
#1713
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Станса блокировкасы


Станса блокировкасы мыналарды қамтамасыз етуі керек:

Станса кезекшісінің бақылауымен пойыздарды қабылдап және жөнелтуге қосымда маршрутты, станса ішіндегі маршруттарды дайындау;

Бағыттама мен сигналдардың өзара тұйықталу, әр түрлі қосымдарда басқарады.

Станса ішінде пойыздар жүрісін реттеп, маршруттарды бақылайды, әр түрлі қосымдардан басқару, стансалық блакировка деп атайды.

Стансадағы СОБ құрылғылары бағыттама мен сигналдарды басқару үшін қажет және бағыттама бірікпегенде немесе дұрыс қойылмағанда сигналдарды ашуды болдырмау, өзара қатынастарын қамтамасыз етеді, ал сигналды ашқан соң, пойыз жүретін бағыттамаларды ауыстыруға болмайды.

Станса ішінде пойыздардың жүрісі мен маневр қозғалыстары белгілі бір бағытта ғана жүргізіледі, оның құрамына белгілі бір жағдайдағы жолдар мен бағыттамалар кіреді. Бір уақытта пойызды жіберуге болмайтын маршрутты, сәйкес емес маршрут деп атайды.

Маршрутты стансаның СОБ құрылғыларының көмегімен дайындайды, олар екі топқа бөлінеді:


  • қолмен басқаратын құрылғылар бағыттамалар мен сигналдар, - бағыттама мен сигналдардың кілтпен байланысуы, маршруттық-бақылау құрылғылары;

  • орталықтандырылған механикалық бағыттамалар мен сигналдар және стансалық блакировка, электірлі орталықтандырылған бағыттамалар мен сигналдар (ЭО), дөңесті автоматты орталық (ДАО) және диспетчерлік орталық (ДО).

Бағыттамалардың, сигналдар мен маршруттардың өзара байланысуы ерекше кесте түрінде дайындалады. Дайындалатын маршрутты кестеде дөңгелетіп, ал сәйкес емес маршрутты – қисық айқаспамен көрсетеді. Әрбір маршрутқа сәйкес бағыттама мен сигналдардың жағдайы анықталынады.

Кілтенуіне байланысты пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтау үшін, бағыттама бұрмалары бақылау құлыптарымен жабдықталады. Әрбір бағыттамаға түрлі серия бойынша екі құлып салынады: біріншісі тік жолда тұйықталуына (+), екіншісі – қапталдағы жолға – (-). Жабылған құлыптан ғана кілті алуға болады, бағыттама үшкілігі реліс рамасына толық қабысқанда ғана бағыттама тұйықталады.

Маршруттық-бақылау құрылғыларын (МБҚ) кіші стансаларда бағыттаманы қолмен басқаруда қолданады. Олар кілт құрылғыларына қатысты, бағыттама мен сигналдарды және стансалық блакировкаларды білдіреді, станса кезекшісі арақашықтықты тексеріп, дайындалған бағыттама маршрутарының тұйықталуын, және сәйкес сигналдарды ашуға рұқсат береді.

Барлық жүйеде, станса блакировкасын станса кезекшісі бағыттама қосымынан қабылдап-жөнелту және станса ішіндегі маршруттардың дұрыс дайындалғандығын тексеріп отырады (беретін немесе маневрлық). Маршрутты дұрыс дайындағанда бағыттама қосымының кезекшісі, арнайы рұқсат қағазынсыз сигналды аша алмайды. Егер бағыттама бір қосымда дұрыс қойылмаса, құрылғының өзара тұйықталуы станса блокировкасында сигналды ашуға рұқсат етпейді. Станса блокировкасының аппараты сәйкес емес маршрутта пойызға сигналды ашпайды.


Темір жол көлігіндегі байланыс

Пойыздар жүрісін басқаруға және темір жол бөлімшесіндегі желі жұмыстары әр түрлі байланыспен жабдықталған: телефонмен, телеграфпен және радио байланысы.

Егер телефонмен немесе телеграфпен жіберетін және қабылдайтын байланыстар өзара ауамен немесе сым желілерімен байланысады, мұндай байланысты желілік байланыс деп атайды. Телефон байланысы екі сым арқылы жүргізіледі, ал телеграф — бір сым тізбегімен жерді кері желі ретінде пайдаланады. Сымсыз байланыстарға радио және радиорелелі байланыстар жатады, телефон және теле­граф байланыстары радио толқынының көмегімен жүргізіледі.

Темір жолда негізгі байланыс құрылғыларына телефон желісі мен телеграф байланыстары жатады. Желі байланыстары мәніне қарай былай бөлінеді жалпы қызметтік, темір жолдағы барлық қызметкерлер қолданатын, және арнайы, пойыздар жүрісін шұғыл басқаруға және тасымалдауды ұйымдастыруға арналған. Жалпы қызметтік байланысқа мыналар кіреді:

жергілікті (телефон) — бір бекеттегі, әр түрлі қызмет жұмыскерлерінің қызмет бойынша сөйлесуіне;

станса аралық (телефон және телеграф) — станса телімінің арасындағы жұмыскерлердің байланысуына. Бір телім арасынан жол байланысында сөйлесу үшін жол басқармалары мен бөлімдеріне коммутатор арқылы шығуды ұйымдастырады;

жолдық (телефон және телеграф) — ірі стансаларда тасымалдау бөлімшелерінің жұмыскерлерінің байланысуына, сондай-ақ, ірі стансалардың байланысуына;

магистральді (телефон жәнеи телеграф) — көлік және коммуникация Министірлігінің тасымалдау бөлімшелерімен байланысы. Арнайы байланыс түрімен, белгіленген категориядағы жұмыскерлердің қолдануы үшін:

пойыз диспетчері — өз теліміндегі пойыз диспетчерінің станса кезекшісімен қызметтік сөйлесуі. Станса кезекшісінен басқа, маневр диспетчерімен және оператормен, локомотив депосының кезекшісімен, локомотив бригадасының ауысатын қосымымен, тартым стансаларымен, сондай-ақ, энергодиспетчерімен және локомотив диспетчерімен байланыстырады. Дис­петчерлік орталықтың, аралық стансаларында станса кезекшісі болмаса, пойыз диспетчерінің теле­фон байланысы қосылуына рұқсат етіледі, станса бастығының пәтерінде, электромеханик пен СОБ электромонтерінде орнатылады. Мұндай телефондарды пойыз диспетчері арнайы құралдармен сөйлесу уақытында ғана қосады;

станса ішіндегі пойыз байланысы (телефон немесе телеграф) — пойыз жүрісі туралы шектескен станса кезекшлерінің қызметтік сөйлесулері;

аралық — жол жұмыстарының басшылары телефонмен қызметтік сөйлесулер жүргізеді, аралықтағы СОБ электромеханигі және байланыс желілері, аралықты шектейтін станса кезекшісімен сөйлеседі. Бұл байланысты аралықта тұрған пойыз бригадасы да қолданады. Элект­ірлендірілген телімде және жүріс көп желіде, автоблокировкамен жабдықталғанда, телефон аппараты өткізетін бағдаршамдарда орнатылған;

жол-желісіндегі (телефон) — жол дистанция жұмыскерлерінің құрылғы мен жабдықтарды жөндеу туралы сөйлеседі. Онда дистанция бастығының, мастердің, жол брига­дирінің және т.б. телефон аппаратарына қосылады.;

энергодиспетчерінің (телефон) — энергодиспетчердің тартым стансаларымен, байланыс желісінің дистанциясымен және бөлінген қосымдармен қызметтік сөйлесулері;

бағыттамалық (телефон) — станса кезекшісінің бағыттама қосымымен және орталық қосымның орындаушыларымен қызметтік сөйлесу;

станса ішіндегі диспетчерлік (телефон) — маневр диспетчерінің станса жұмыскерлерімен қызметтік сөйлесулері;

жол басқаратын (телефон) —жол жүрісіндегі қызмет бөлімін басқаратын кезекшінің станса және бөлімше кезекшелерімен сөйлесуі. Бұл байланысқа депо кезекшісінің, пойыз және станса диспетчерінің телефон аппараты қосылған;

хабарлаушы (телеграф және телефон) — сұрыптау стансасына уақытында берілу үшін, хабарлаушы бөлімдердің орталықтарына және басқару жолдарына пойыздар туралы мәліметтер беру (пойыз құрамында орналасқан барлық вагондардың тәртіп бойынша нөмірін, жүктің аты, белгіленген станса, жүк қабылдаушы). Осы берілгендер арқылы ЭЕМ көмегімен пойыздарды құрастыру жоспары және жол мен бөлімшелердің барлық пайдалану жұмыстары жасалады;

магистральді басқаратын (телефон) — темір жолдағы ревизор-диспетчерлердің қызметтік сөйлесулері;

кеңесу байланысы: магистральді — көлік және коммуникация миниістірілігін барлық басшылармен немесе жол басқармаларымен кеңеседі, жолдағы —жолды басқаратын жұмыскерлердің басшысын бөлімшелермен және ірі стансалар мен бөлімшелерді — темір жол бөлімшелерін стансалармен байланыстырады. Кеңесетін байланыстарға магистральді, жоларалық, станса аралық және жол-жүйесіндегі телефон байланысы жатады, кеңесу кезінде арнайы аппаратқа қосылады;

ұйымдастыру байланысы — пойыздар жүрісі, локомотив, жүк тиелген және бос вагондар және т.с.с. хабарлап тұратын, тасымалдау үрдісін басқаруды шешетін жолдардың есептеу орталығына беріледі. Байланыстарды ұйымдастыру автоматты телеграф байланыстарымен жүргізіледі.

Жергілікті байланысты ұйымдастыру үшін орталықтағы телефон стансасын автоматты (АТС) түрде немесе қолмен қызмет көрсетуде жасайды (ҚҚКТС). Темір жол АТС –тары жергілікті абонентке ғана қызмет көрсетпейді, сондай-ақ қалалық телефон стансасымен, ұйымдардың коммутаторымен, станса аралық, алыс және қала аралық желілермен байланыстырады.
Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Станса блокировкасы

  2. Темір жол көлігіндегі байланыс

  3. Темір жол көлігінің негізгі байланыс құрылғылары

  4. Темір жол көлігіндегі қызметтік байланыс



Дәріс №10 Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру және оларды жөндеу

Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру

Тасымалдау үрдісінің үздікссіз жұмыс істеуі, қызметтік-техникалық ғимараттарды және құрылғылар мен жабдықтардың жағдайын тұрақты тексеріп тұруын қажет етеді. Жұмысты тексеру уақыты мен тәртібі, бірнеше жылғы тәжірибені пайдаланып жасаған. Тексергенде құрылғы немесе жабдықтың жалпы жағдайын анықтайды, жеке құрылысын, тораптарға сай келетін мөлшерін және жіберуге болатындығын, бөлшектермен қозғағыштарының бір-бірімен әрекеттесуін, сапасын анықтайды.

Жабдықтар мен құрылғыларды, қызметтік – техникалық ғимараттарды соларға қызмет көрсететін жұмыскерлермен, сондай-ақ станса, депо, дистанция немесе телім бастықтарымен тексереді, енгізілген құрылғылар мен жабдықтардың пайдалану уақытын, бекітілген жағдайлар мен нұсқауларға қарайды.

Басты және қабылдап-жөнелтетін жолдардың бағыттама бұрмаларын, станса бастығы жол шеберімен және СОБ электрмеханигімен бірге айына бір рет тексеріп отыруы қажет.

Тексеру нәтижесі мен іс-шаралары, істен шыққандарды байқағанда, қалпына келтіру қажет, арнайы журналға жөндеген уақытын және жоспарлаған іс-шаралардың орындалғанын жазады.

Бағыттаманы ауыстыруда – ауыстыру механизімі мен жылжымалы бөлшек құрылғысы күрделі – жылжымалы құрамнан үлкен күш әсер етеді. Пойыздардың жоғарғы жылдамдықпен жүруі, бағыттама бұрмаларының тұрақты дұрыс қалпында тұруын қажет етеді, әйтпесе пойыздар жүрісіне тікелей қауіп әкеледі. Стансадағы электрлі орталықтағы бағыттамалар мен си гналдарды жол дистанциясының және дистанция сигналдары мен байланыс жұмыскерлері тексеріп тұрады. Міндетті түрде айына бір рет стансадағы бағыттама шаруашылығының жалпы жағдайын тексеріп, істен шыққандарды ескертіп тұру қажет. Бағыттама бұрмаларының мөлшерін тексеріп және онымен жібергенде тораптар мен бөлшектердің нақты бекітілуін, қажалу мөлшерін, желі жұмысын, жүріс жағдайындағы бағыттама үшкілігінің толық бекітілуін, қисық пен ойықтардың болмауы, жоспардағы бұрыштар және т.б.

Жолды, бағыттама бұрмаларын, СОБ құрылғыларын, байланыс желілерін тексеретін журнал барлық стансаларда, разъездерде, басып озу бекеттерінде және жол қосымдарында болады. Бұл құжат станса шаруашылығындағы құрылғылар мен жабдықтардың жағдайын көрсетеді. Журналдағы барлық жазуларды тексерген және жөндеген адам жазып, қол қояды. Станса бастығы жазуларды жиі тексеріп және қателіктерді болдырмау үшін шара қолданады.

Жол бастығының жиі тексеруі, қызмет пен бөлімше шаруашылығының жағдайын, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын, станса мен тораптарды дамыту, құрылғылар мен жабдықтарды қайта өңдеу, жолдағы өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруды қарастыру, ал пән бойынша –мамандарға тәрбиелік жұмысты күшейтіп, өмірге қолдануға, білімдерін жетілдіріп, тұрмыстық жағдайларын жасау. Осы сұрақтарды шешіп, оларға шара қолданып, техникалық құрылғыларды дұрыстап қолданып, жұмысты алдыңғы деңгейге жеткізіп, жүрістің қауіпсіздігін үлкен дәрежеге көтеру керек.


Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу

Құрылғылар мен жабдықтарды жөндеу және қайтадан құрастыру бекітілген жобаға сәйкес орындалады, технологиялық үрдіспен, техникалық жағдайларына, Техникалық пайдалану ережелерімен, сигнал және басқа да нұсқалармен, пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қарастырады. Жұмыстың көлемі көп болғанда – тоннелдер мен көпірлерді жөндеу, жолдарды орташа және толық жөндеу, қайтадан құрастыру, релісті толығымен ауыстыру, жолды көтеріп жөндеу, ауыр жол машиналарын жөндеуге пайдалану, екінші жолды салуға жасалатын жұмыстар, жер төсемін дұрыстау, реліс соңдарын құю көпір мен тоннелдерде 25м ұзын болуы керек. Жұмыстар жүргізген уақытта аралық пойыздар жүрісіне жабылады.

Құрылғы мен жабдықтарды жөндегенде жүріс қауіпсіздігін сақтау қажет, және пойыздар жүріс кестесі бұзылмау керек.

Жөндеу және құрылыс жұмыстарын үлкен көлемде жүргізгенде, пойыздардың жүріс кестесіндегі толас шақты қарастыру керек, және жылдамдықтың шектелуін ескеріп, жұмысты жасау керек.

Жолдарды күнделікті жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, жасанды құрылғылар мен байланыс жүйесін және СОБ құрылғыларын, пойыздардың жүріс кестесінде қарастырылған технологиялық толас шақтың ұзақтығы 1-2 сағ.көлемінде, қажетті жүріс көлемін қамтамасыз ете отырып, оны жол бастығы бекітеді.

Жолдарды жөндеу, байланыс желісі және СОБ құрылғылары, басқа да құрылғылар мен жабдықтардың жұмысы, пойыздардың жүрісі кестеде көрсетілмеген уақытта жасалады, онда аралық жабылмай-ақ жасалады.

Егер жөндеу жұмыстары көп уақытты қажет етсе, жүрісті тоқтату керек болса, жол бөлімшесінің бастығы жұмыс басшысымен және жүріс қызметінің бастығымен келісе отырып, жұмыстың басталу уақытымен аяқталу уақытын бекітеді.

Жұмыс жүргізіп жатқан уақытта, жүріс тоқтап тұрса, сондай-ақ жүріс кестесінде толас шақ қарастырылса, жұмыс басшысы пойыз диспетчерімен тұрақты байланысты ұстап тұрады (телефон немесе радио).

Телімдегі, пойыздардың жүріс кестесіндегі толас шақ, түнгі уақытта қарастырылса, жұмыс басшысы жұмыс жүргізетін жерді жарықтандыруы керек.

Станса мен аралықтағы жүріске кедергі келтіретін (орындар, тоқтатуды қажет ететін), сондай-ақ жұмыс жүргізетін жерлер, жүріске қауіпті болғанда, тоқтатуы немесе жылдамдықты азайтуы керек, пойыз кесе де, келмесе де (маневр құрамы), екі жағынан қорғайтын сигнал қою қажет.

Рұқсат етілмейді:

- қоршау сигналы қойылмағанда немесе жұмыс жүргізетін орында жұмысқа кірісу, жүріске қауіпті;

- кедергіден қоршағанда немесе жұмыс жүргізген орында кедергіні болдырмау үшін, жұмыс толық аяқталғанша, жолдың жағдайын, байланыс желілерін, габариттің сақталуын тексергенше сигналды алуға болмайды.

Кедергі келтіретін жерді қоршау тәртібін және жұмыс істейтін орынды сигналдар нұсқасы бекітеді.

Ауыспалы сигналдарды күзетуге және бекітуге, жұмыс істейтін жердегі жолды қоршайды, жұмыс басшысы жұмысшылар тобынан сигналистерді бөліп алады, олар сәйкес емтихандарды тапсырған болады. Сигналисттердің бас киімі болуы керек, темір жол көлігінің жұмыскерлерінен басқа болады.

Бұрылыстағы жолдардың фронтында жұмыс істегенде, сондай-ақ кіші радиустың қисық телімдерінде, еңістер мен сигналдар анық көрінбейтін жерлерде және пойыздардың жүрісі көп телімдерде, жұмыс басшысы жұмыскерлермен байланыс орнатып (телефон немесе радио), жұмыс жүргізетін жерлерге қорғайтын сигналдар қояды. Жұмыс жүргізетін жердің байланысын жол бастығы бекітеді.

Тоқтату сигналымен қоршауды қажет ететін немесе жылдамдықты азайтатын, станса кезекшісінің рұқсатынсыз және жұмыс басшысының «жол тексеру, бағыттама бұрмаларының, СОБ құрылғыларының, байланыс желілерінің журналына» жазбай станса жолдарында жұмыс жүргізуіне болмайды. Телім, диспетчерлік орталықпен жабдықталған, мұндай жұмыстарды жоғарыда берілген бұйрықтар бойынша, тек қана пойыз диспетчерінің рұқсатымен ғана жасалады. Жұмыс жүргізгенде байланыс желісіндегі кернеуді ағытып,жолдың бүтіндігін және жасанды құрылғыларды бұзбай, сондай-ақ жұмысты орындағанда болған кедергілер, жұмыстың басталған уақытымен аяқталған уақытыжұмыс басшысының станса кезекшісіне айтуымен, телефонограммалық журналға тіркеледі, (диспетчерлік орталықтағы телім – пойыз диспетчеріне).

Жұмыс аяқталған соң құрылғыны іске қосу, станса кезекшісінің жұмыс басшысының айтқанын «жол тексеру, бағыттама бұрмаларының, СОБ құрылғыларының, байланыс желілерінің журналына» немесе телефонограммалық журналға тіркеуі, станса кезекшісінің айтуымен жұмыс басшысының қолы қойылады.

Бір тармақты желіде аралықты жабу үшін, екі тармақты және көп тармақты, бірнеше жолдарды жол бөлімшелерінің бастығы жұмыс басшыларына бір тәулік бұрын хабарлайды.

Аралықты немесе жолдарды ашып-жабу, жұмыстың басталуы мен аяқталуына қарай, пойыз диспетчерінің бұйрығымен орындалады.

Пойыз диспетчерінің бұйрығынсыз, жабылатын аралыққы немесе жұмыс істейтін жерді сигналмен қоршаған жолдарда, жұмыс басшысы жұмысқа кірісуге болмайды (жазбаша хабарландыру немесе телефонограмма және телеграмма). Аралықты немесе жолды ашу тек қана жазбаша хабарландыру арқылы жүргзіледі, телефонограмма немесе телеграмма, дистанция жолының бастығы немесе жол шеберінен төмен емес, сенімді жұмыскері жолдың жұмысы аяқталғандығын хабарлайды, немесе жасанды құрылғылардың жұмысын және пойыздар жүрісінің қауіпсіз, әрі үзіліссіз жүруін қамтамасыз етеді.

Жұмыс істеп тұрған СОБ құрылғылары мен байланыс желілерін, электірмен қамтамасыз еткенде аға СОБ және байланыс электромеханигінің немесе энергодиспетчердің хабарлауымен қалпына келтіріледі.

Үзіліс аяқталған уақыта, пойыздар жүрісінің жұмысына құрылғы мен жабдықтар толық бітіп, қалыпты жағдайға келтірілуі керек.
Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру

  2. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу


Дәріс№11 Жылжымалы құрам
Пойыз жетегі: локомотивтер, олардың құрылғылары, сипаттамасы

Темір жол көлігінде пойыздар жүрісі локомотив көмегімен жүргізіледі, алғашқы қордан алынған негзгі энергиясы, пойыздар жүрісінің механикалық энергиясына айналады.

Отынды жаққанда, алғашқы пайда болған жылуэнергиясы, бу машиналары мен бу пештерінің құрылғылары механикалық түрде жасалады. Мұндай құрылғыдағы локомотивті паровоз деп атайды.

Әрі қарай бу күшінің құрығысының орнына тепловоз – дизель келді. Іштен жанатын поршендік қозғағышты локомотивті (дизельді) тепловоз деп атайды. Паровоз бен тепловоздар автономды локомотив болып табылады: пойыздардың жүрісіндегі механикалық энергия локомотив ішіндегі отын жанғанда пайда болады.

Көлік техникасының дамуы автономды емес тартым локомотивін шығарды. Автономды локомотивтен айырмашылығы мұндағы алғашқы энергия (электрлі) локомотивке ішкі қордан барады. Локомотивтің өзіндегі бұл энергияның пайда болуы пойыздар жүрісіндегі механикалық энергияны айналады. Автономды емес локомотивтерге электровоз және моторлы вагон электропойыздар жатады. Олар энергия қорын жалпы мемлекеттік электроэнергия жүйесінен тартым стансалары және байланыс жүйесі арқылы алады, темір жол үстінде орналасады.

Электровоздардың тартым қозғағыш қабілеті өте жоғары, бұл темір жол көлігінде өте маңызды. Олар пойыздар жүрісінің энергиясын пайдалы қолданып, бір бөлігін тежегенде қайтара алады (рекуперативтік тежеу). Автономды тартым локомотивінің шығынымен салыстырғанда, электровоздың пайдалану шығыныменен оған қызмет көрсетуі төмен. Электірлендірілген желінің өткізгіштік қабілеті, темір жолдың электірлендірілмеген желідегі өткізгіштік қабілетінен көп ілгері.

Электірлі тартымды енгізу көп қаражатты қажет етеді (байланыс желілерінің құрылғылары, электір беретін желілер, тартым стансалары). Бірақ, темір жолдағы жүрістің көптігінен оларды қайтарып алуға болады.

Локомотив түрлері

Жұмыс түріне қарай локомотивтер жүк, жолаушы және маневр болып бөлінеді. Жүк локомотивтерінің тартым күші жоғары болуы керек, олар үлкен салмақтағы пойыздарды тартады. Жолаушылар локомотиві жеңіл пойыздарды тартуға арналған, бірақ, олардың жылдамдығы жоғары болады.

Жаппай қала маңындағы тасымалдауда, алыс емес арақашықтықта электро- және дизель-пойыздарды қолданады, біруақытта жолаушыларды тасымалдайтын локомотивті пайдаланады (моторлы вагон).

Егер доңғалақ саны алтыдан аспаса, онда локомотив бір қаңқамен жұмыс жасайды. Мұндай локомотивті біріктірілмеген локомотив деп атайды.

Доңғалақ саны көп болғанда, локомотив қаңқасы ұзын, әрі ауыр болады, оның құрылысын қиындатып, қисықтардан өтуін қиындатады. Сондықтан мұндай локомотивтер біреу ғана емес, екі, үш өзіндік қаңқасы болады (секциялар), олар бір-бірімен авто тіркегішті немесе арнайы топсалы жалғағышты болады. Мұндай локомотивті біріктірілген локомотив деп атайды. Кейбір жағдайда біріктірілген локомотивтің құрылғыларын әрбір бөлігінде пойыздарды жеке жүргізу керек болады.

Біздің жолдарда локомотив сериясын әріппен, қосымша санмен белгілейді (типтері). Темір жолды электірлендіру В.И. Лениннің ұсынысымен жасалынған, отандық барлық электровоздар ВЛ деген әріппен (Владимир Ленин) белгіленеді, сандары ось санымен тоқтың түрін, кейбір жағдайда доңғалақтың реліске түсетін күшін көрсетеді. Электровоз сериясына ауыспалы (бірфазалы) тоқ нөмірлері көрсетіледі: 4-осьті – ВЛ 40 тан ВЛ 59ға дейін, 6-осьті – ВЛ60 тан ВЛ79 ға дейін, 8-осьті – ВЛ80 нен ВЛ99 ға дейін. Тұрақты тоқтағы электровозда нөмірлері: 6-осьті – ВЛ19 дан ВЛ39 ға дейін, 8-осьті – ВЛ8 ден ВЛ18 ге дейін.

Электровоз сериялары ВЛ19, ВЛ22, ВЛ23 оське сәйкес күш сандары 19, 22, 23 т. Тепловоз сериясындағы электірлі беру ТЭ әріпімен көрсетіледі, ал гидравликалық ТГ әріпімен белгіленеді. Серияны әріппен белгілегенде локомотивтің қызмет түрінде көрсетеді: Ж – жолаушыларй, М – маневрлік. Тепловоз ТЭП10 электірлі беретін жолаушылар локомотиві. Әріптен кейінгі сан шыққан жылын көрсетеді.

Локомотивті жаңалағанда және құрылысын өзгерткенде алдыңғы сериясына «у» және «м» деген индекстер қосылады. Мысалы, жаңартылған электровоз сериясы ВЛ22- ВЛ22м болып белгіленеді.

Темір жолда ауыр пойыздар үшін, қысқа тартымды кеңінен қолданады, яғни бірнеше локомотивтердің жұмысын біріктіреді. Пойызды бірнеше тұрақты пойыз бірлігінің құрамынан – бөліктерінен құрайды. Әрбір бөлігі өзіне бір моторлы (локомотив) және бірнеше(бір немесе екі) тіркеме(моторлы емес вагон) вагонды қосады. Мұндай пойыздарды вагонның басында орналасқан, бір қаңқадан басқарады. Басқы вагон моторлы, немесе тіркемелі болуы мүмкін.

Электрлі жылжымалы құрам

Электровоз немесе моторлы вагонның қаңқасында механикалық бөлігі, тіркеме рамасы, доңғалақ, тартым сымы, жаттығу құрылғылары, рессорлы ілулер және тежеу құрылғылары болады. Электірлі жабдықтарды қолданатын тоқ жүйесіне қатысты және негізгі электір қозғағыштарының тартымынан, көмекші электір машиналарынан, басқару қозғағыштарының аппаратарынан және көмекші машиналармен, басқа да құрылғылардан тұрады.

Электровоздың қаңқасының соңғы жағында жүргізушінің кабинасы, онда басқару пультімен бақылап, өлшейтін құрылғы орналасқан. Қаңқаның ортаңғы бөлігінде жоғарғы вольтті камера орналасқан, онда электірлі аппарат орналасқан. Жүргізуші кабинасымен жоғарғы вольтті камераның арасында, машина бөлігінде, көмекші машина – мотор-компрессор, мотор-желдеткіші, тоқты басқаратын генератор және т.б. орналасады.

Электровоз қаңқасы тіркемеге тіркеледі. Электровозға екі және үш осьті тіркемені, электропойызға – екі осьті тіркейді. Тіркеме рамасында әрбір оське бірден тартым қозғағыштары орналасқан. Арнайы сымның көмегімен айналым кезіндегі тартым қозғағышын доңғалаққа береді. Серіппелі құрылғы тіркеме рамасында немесе қаңқа рамасында орналасады.

Тепловоздар

Тепловоздар келесі негізгі бөліктерден тұрады: алғашқы қозғағыш, жібері, көмекші құрылғылар мен экипаждан тұрады.

Тепловоздың алғашқы қозғағышы дизель. Көмекші құрылғыларға отын жүйесі, жағу және желдету жүйесі және т.б. жатады.

Экипаж құрамына: негізгі рама, қаңқа, ұратын-тартым құрылғысы және тіркеме жатады. Ол дизельді жалғастырып, тепловоздың доңғалағына береді.

Негізгі рамаға кабина, қаңқа, тепловоздың күшті және көмекші құрылғылары орналасады. Ол қатты және мықты пісірілген құрылғы. Тіркеменің рамасы, тірегі, буксасы, доңғалағы, рессорлы ілгіші және тежеу құрылғысы бар.
Вагондар: түрлері, негізгі топтары, технико-экономикалық сипаттамасы

Вагондар жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған. Вагон паркі жолаушылар және жүк вагондарынан тұрады. Жолаушылар вагонымен адамдарды, жүкті, поштаны тасымалдайды; оларға вагон-мейрамханасы, арнайы вагондар (қызметтік, лабораториялық, клубтар және т.б.).

Жолаушылар вагоны алысқа жүретін, облыс аралық, қаламаңындағы қатынасқа бөлінеді. Алыс жолға жүретін вагондар жұмсақ, әрі қатты болып бөлінеді, ал жоспары бойынша – купеленген (екі немесе төрт орынды купе) және купелі емес. Облыс арасында қатынайтын вагондарда жалпы жолаушылар салонында жұмсақ кресло орналасқан.
Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Пойыз жетегі: локомотивтер, олардың құрылғылары, сипаттамасы

  2. Локомотив түрлері

  3. Электрлі жылжымалы құрам

  4. Тепловоздар

  5. Вагондар: түрлері, негізгі топтары, технико-экономикалық сипаттамасы

  6. Жүк вагондарының паркі

  7. Вагонның сипаттамасының көрсеткіштері


Дәріс№12 Жылжымалы құрамдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Вагондарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету

Жылжымалы құрам тораптары мен жеке бөлшектерді пайдалану істен шығып, белгілі бір жағдайда апат туғызуы мүмкін. Жолаушы және жүк пойыздарының бірінен соң бірі жүруі, локомотивтің шамалы істен шығуы немесе жүк вагондары жолаушылар пойызымен соқтығысуы мүмкін. Бұл жағдай ТПЕ сәйкес істен шыққан пойыздар жүрісіне қауіп төндіретін, жылжымалы құрамды пайдалануға сондай-ақ, тасымалданатын жүктің бүтіндігіне кепілділік берілмесе рұқсат етілмейді.

Төменде көрсетілгендер бойынша бір вагон істен шықса, оны пойызға тіркеуге болмайды:

- ауыстыруды қажет ететін доңғалақ;

- тіркейтін тіректерінде, қапталында жарығы бар тіркемені;

- рессор үстіндегі тіректің жарығы;

- шегіну жарығы оның периметірінің ұзындығы 1/3 көп болса, төменгі белдеуі және 3 білікті тіркеменің айналатын тіректер жарығы және т.б. жарықтар.

Жолаушылар вагонына өте қатал талап қойылады. Қандай жағдайда болмасын, жолаушыларға қажетті жағдайларды жасайтын, пойыздардағы істен шыққан вагон құрылғыларын, алдыңғы кезекте жылыту, желдету, электір жабдықтарын қосуға болмайды. Бұл жүйелердің жұмыс істеу қабілетіне үлкен көңіл бөледі. Қазіргі жолаушылар вагонындағы бұл құрылғылар – электір агрегаттары күрделі және жетілген қызмет көрсетуді талап етеді. Әсіресе жолаушылар пойызындағы вагондарды қосқанда генератор сымдарын, біліктің ортаңғы бөлігіндегі редукторлы-карданды сымдарды тексереді. Жолаушылар пойызына вагонның келесі бір істен шыққан тетігі болса, қоюға рұқсат етілмейді: рамадағы кез-келген жарық; қаңқаның 50 мм артық қисайуы; кіргенде ұстайтын тұтқалармен, көтерілген тамбур фартугы істен шыққанда. Басқа вагоннан электірмен қоректенетін, жарық беру немесе жылыту құрылғылары істен шықса, өртенуге қауіпті жолаушылар вагонын сапарға жөнелтуге болмайды. Электір жабдықтарының бөлшектерін реліс басына 100 мм кем мөлшерде ғана жақындатуға және айналым стансасынан жөнелтуге немесе жолаушылар пойызында құрастырылған вагонның еріксіз желдеткіштері істен шыққанда, буксаның қызғандағы жүйесін бақылау рұқсат етілмейді.

Вагонның жөндеуден өткендігі туралы трафереті болмаса, пойызға қоюға рұқсат етілмейді. Жолаушылар пойызына вагонды қою үшін, жылдамдығы 140 км/сағ, жететін қосымша талаптармен бекітіледі. Бұл жүріс қауіпсіздігін сақтау үшін қажет, жылдамдық өскен сайын динамикалық, вибрациялық және басқа да күштер тораптағы вагондарға әсер етеді.

Мұндағы келтірілген істен шығуларда, пойызды жібергенде вагондарды тіркеуге болмайды, аялдау уақыттырында вагондарды ағытпай-ақ жөндеуге болады немесе күнделікті жөндейтін жолдарға вагонды ағытып береді. Вагонды ағытып алу туралы шешімді, вагон тексерушісі ТТБ (ПТО) жұмысының технологиялық үрдісіне сәйкес қабылдайды.

Вагон паркінің құрылысын жақсарту және беріктігін ұлғайту, ертерек құрастырылған жылжымалы құрамды жаңарту, жөндеу базаларын дамыту және бекіту, техникалық қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру, бірыңғай механикалық еңбек үрдісі негізінде алдыңғы технологияны енгізу және вагодарды жөндеу.

Жүк вагондарының ішіне кіретіндер:

- транзиттік пойыздағы немесе құрамдағы вагондарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ құрамдағы бос вагондарды немесе вагондар тобын тиеуге ағытпай-ақ дайындау;

- бос вагондарды күнделікті жөндеу (ТР-1) немесе олардың тобын құрамнан ағытып алып, тасымалдауға бірыңғай дайындау және арнайы жөндейтін жолдарға беру;

- транзиттік пойыздардан және құрастырылған құрамнан вагондарды ағытып алып күнделікті жөндеу (ТР-2);

- деполық жөндеу (ДР) – вагондарды келесі деполық және толық жөндеуден өткенше жұмыс істеу қабілетіне кепілдік береді;

- толық жөндеу (КР) – вагон жабдықтарын толығымен қалпына келтіру.

Аралық стансадан вагонды жөндеуге ағытып алып, кепілдік телімдерінде істен шыққанын қалпына келтіру, жоспарда есептелмеген және ең жақын техникалық қызмет көрсету бекетінде жөндейді.

Техникалық қызмет көрсету жүйесі және жолаушылар вагонын жөндеу келесі: техникалық тексеру, күнделікті вагондарды ағытып және ағытпай жөндеу; бірыңғай техникалық тексеру, күзгі және көктемгі мезгілдегі тексеру; деполық жөндеу; бірінші және екінші көлемдегі зауыт жөндеуі.
Локомотивті жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен жылжымалы құрамды жөндеу, бірнеше пайдалану кезінде жұмыс істеу қабілетін ұстап тұруы қажет, оның ішінде ауа-райының жағдайына қарай, пойыздың салмағы, жүріс жылдамдығы, жолдың жоспары мен пішіні және т.б. темір жолда жоспарлы-ескерту жүйесінде техникалық қызмет көрсетеді және жылжымалы құрамды жөндейді, олардың өзіндік түрлері мен әдістерін, технологиясын көрсетеді. Локомотивтер үшін және МВПС кіретін техникалық қызмет көрсету ТО-1, ТО-2, ТО-3, күнделікті жөндеу ТР-1, ТР-2, ТР-3, орташа (СР) және толық (КР) жөндеу.

ТО-1 Локомотив бригадасының локомотвті қабылдап, тапсырғандағы қызмет көрсетуі;

ТО-2 Техникалық қызмет көрсету бекетінде локомотивті біріккен топтың күшімен 1 – 2 тәулік жөндеу;

ТО-3 Негізгі депода тексеретін агрегаттар мен тораптардың түрін көбейтіп, тексеру деңгейін көтеріп және кез-келген істен шыққан агрегатты ауыстыру керек. ТО-3 әр түрлі диагностикалық құрылғыларға кеңінен қолданады.

ТР-1 көлемі ТО-3 көп айырмашылығы жоқ және оны негізгі деподағы біріккен топ орындайды. ТР-2 жұмысы – қаңқаны көтеру, оның тіректерін және біріктірілген тіркемелерін тексеру. Деполық жөндеудің аса ірі түрі – ТР-3. оған локомотивтердің барлық жабдықтарын жөндеу кіреді, соның ішінде тепловоздың дизель-агрегат қондырғысы, қаңқаны бояу.

Қызмет көрсетудің әрбір түрі және локомотивті жөндеу және МВПС үш түрлі көрсеткішті сипаттайды: жиілігін, ұзақтығын (қарапайым) және көлемін (міндетті жұмыстардың түрі). Оның бәрі локомотив сериясы мен түрлеріне, пайдалану шарттарына, жөндеу базаларының мүмкіндігіне, жұмысты ұйымдастыруына қатысты.

Жергілікті жағдайды ескере отырып, жиі қажалуын, жылжымалы құрам бөлшектерінің ескіруін, жүргендігін жөндеу аралығы анықтайтын, әрбір жолдың жөндеу базасының мүмкіндігі және әрбір деподағы ТҚК және КЖ ұзақтығын, локомотив сериясы мен жұмыс түрін, жөндеу көлемін анықтайды.

Жылжымалы құрамды жөндеу әдістері: жеке, агрегатты, нақты, позициялық және басқа да түрде болады. Ең көп тараған түрі агрегаттық әдіс, локомотивке немесе МВПС алдын-ала жөнделген агрегатты істен шыққан агрегаттың орнына ауыстырып қояды. Бұл жөндеу уақытын қысқыртады, бірақ өткізетін технологиялық жабдықтар қорын ұлғайтады. Техникалық қызмет көрсету технологиясы және жылжымалы құрамды жөндеу типтік технологиялық үрдіспен, нұсқалары мен техникалық көрсеткіштерімен анықталынады.

Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Вагондарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету

  2. Жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету түрлері

  3. Локомотивті жөндеу және техникалық қызмет көрсету

  4. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету түрлері


Дәріс№13 Айырым бекеттері


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау