Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Техникалық пайдалану ережелері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары



жүктеу 1,03 Mb.
бет4/9
Дата25.11.2017
өлшемі1,03 Mb.
#1713
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары


Жолдардың дамуымен стансаның техникалық жабдықтары поездар жүрісінің тәртібімен бекітіледі, поездардың келіп жөнелту операциялары белгілі ьір уақыт мөлщерінде орындалады,жүктерді тиеу-түсіру, құрамдар мен вагондарды өңдеу және поездар жүрісіндегі қауіпсіздігін сақтау, еңбек өнімділігін арыттыру керек.

Жолаушылар ғимараты, жолаушыларды тасымалдауға байланысты, платформалармен және жолаушыларға қызмет көрсететін басқа да құрылғы жабдықтармен операциялардың тез, ыңғайлы әрі қауіпсіз орындалуын қамтамассыз етеді. Жолаушылар платформасына өту үшін жаяу жүретін арнайы жолдар мен көпірлер болуы керек.

Стансаның бір деңгейінен өтетін жерлерді жаяу жүретін төсеніш жабдықтайды, ескертетін және көрсететін белгілер болады, қажетті жағдайларында автоматты сигналдар болады.

Ірі жолаушылар стансасында поездарды жөнелтуге автоматты көрсеткіштер, анықтама бөлімдер билетті басатын машина жүйесі, автоматтар, сондай-ақ автоматты түрде жүк сақтайтын қоймалар болады.

Жолаушылар аялдайтын аралықтағы бекеттерде жолаушылар платформасында ілінген көрсеткіштерімен павильон дар болуы қажет, олар жолаушыларға қызымет көрсететін билет кассасының санына байланысты.

Жүк және тоңазытқыш құрылғылары, жүктің бұзылмауын қамтамассыз етеді, жүк операцияларын тез және ыңғайлы орындалуын қажет етеді.

Стансалық жолдар қабылдап-жөнелтетін, тиеп түсіретін, арнайы, сұрытпайтын жолдарға бөлінеді. Қабылдау жолдарына телімдерден пойыздар келеді, жөнелтетін пойыздар дайындалған құрамға техникалық операциялар жасалады және телімге жөнелтіледі, сұрыптау жолдары белгілі бір бағытта вагондарды жинайды, сондай-ақ пойыздарды құрастырады және тарқатады, тұйықталған жолдар маневр жұмыстарына арналған. Тиеп-түсіру жолдарына жүк операцияларын орындауға вагондарды қояды. Арнайы жолдарға қорғайтын тұйықталған жолдар жатады, олар өрт сөндіретін және қалыпына келтіретін пойыздар тұратын жол, габаритсіз вагондармен және разрядты жүктер тұратын жолдар, жалғастырушы жолдар. Операциялардың жұмыс көлеміне қатысты бір немесе бірнеше жолдарға бөлінеді.

Бір бағыттағы жол топтарын парк деп атайды. Қабылдап-жөнелтетін, сұрыптайтын парктер болады. Кейбір стансаларда арнайы бір жол (парктер) пойыздарды қабылдап-жөнелтетін болады. Онда оларды қабылдап-жөнелтетін жолдар деп атайды. Сұрыптау және телімдік стансаларда қабылдап-жөнелтетін (жолдар) жеке парктер болады. Аралық стансаларда тек қабылдап-жөнелтетін жолдар ғана болады. Жүк операцияларын орындайтын жолдарды қабылдарп-жөнелтетін жолдардан оқшаулайды; олардың саны стансадағы тиеп-түсірудің көлеміне қатысты болады, сондай-ақ, жүк түріне қарай. Пойыздарды құрастыруға және тарқатуға, сұрыптау, техникалық, жүк стансаларында жергілікті вагондарды сұрыптауға жұмыс көлеміне қатысты сұрыптау дөңестері, кіші қуатты дөңес және тартым жолдары, қапталданған және қарапайым жолдар болады, аралық стансаларда тартым жолдар ғана болады.

Стансадағы жолаушылар пойызының жүрісінің аяқталуы, арнайы қабылдап-жөнелтетін жолдарды жолаушылар ғимаратына жақын орналастырады. Ірі жолаушылар стансасы мен тораптарындағы вагондарға жолаушыларды мінгізіп-түсірмей-ақ, тіркеу және айыру жүргізеді, олардың тұратын тұйықталған жолының ұзындығы 75 см.

Жүк шаруашылығының құрылғыларына қойма, платформа және контейнер, ауыр жүктер алаңы, вагон таразысы жатады. Ашық және жабық қоймалар, әр түрлі алаңдар мен платформалар жүктің қауіпсіздігін сақтап, жүк операцияларының ыңғайлы әрі тез орындалуып, оларды механикаландырады.

Барлық стансаларда жолаушыларға қызмет көрсететін құрылғылар бар. Қызметтік-техникалық ғимаратта жолаушыларға қызмет көрсететін оқшауланған ғимарат бөлінеді. Онда билет кассасы, жолаушылар пойызының жүрісі туралы анықтама бөлімі, асхана, дем алу бөлмесі, күту залы бар. Вокзалдың ішкі жобасы кететін және келетін жолаушылар ағымынының бір-бірімен қарама-қарсы кездеспеуін болдырмай жобалайды.

Жолаушыларды мінгізіп-түсіруге платформалар биік және аласа болып келеді (аласасы жолаушылар легі аз Айырым бекеттерде – тәулігіне 100 жолаушыға дейін) ұзындығы 500 м., қаламаңындағылар 300 м. Платформаның ені жолаушылар легінің жиілігіне, жолаушылар пойызының жүріс жылдамдығына, платформа санымен одан шығу жағдайына қатысты болады .

Жұмыскерлердің қызмет ғимаратты пойыздар жүрісіне қатысты (станса кезекшісіне, маневр және станса диспетчеріне, техникалық бақылаудың операторына және т.б.), жолаушылар жолдарынан басқа станса жолдарына шығуға болады.
&&&

$$$002-002-000$3.2.6.2 Сигналдар
Көліктегі сигналдар қолдану түріне қарай көрінетін және дыбыстық болып бөлінеді.

Көрінетін сигнал бағдаршам, диск, щит, фонар, жалаушы сигнал көрсеткіштері мен белгілері беріледі. Көрінетін сигналдар уақыт мезгілдеріне қарай күндізгі, түнгі және тәулік бойына қолданатын сигналдар болып бөлінеді.

Түнгі сигналдар кейде ауа рауйының жағдайына байланысты қар да, жаңбыр да, тұман да және басқа да жағдайларда күндізгі уақытта да қолданылады, күндізгі уақытта көрінетін сигналдарға тоқтау аралығы 1000 м-ден кем емес, жылдамдықты азайтатын сигнал – 400 м-ден кем емес, маневрлік сигналда – 200 м-ден кем емес.

Дыбыстық сигналдар дыбыстардың санымен және ұзақтығымен ерекшелінеді, локомотивтің, моторлы вагон пойызы мен дрезинаның, қолмен ысқыруы, керней дауысын, сиренді,гуілдек пен петарды пайдаланады. Петардың жарылуы барлық жағдайда лезде тоқтауды білдіреді.



Сигналдар, темір жол сигналдары мен нұсқаларында бекітілген тәртіп бойынша, қайда, қалай қолданылуы, негізгі пайдалануына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

  • тұрақты сигналдар – пойыздар жүрісінде аралық пен стансада, сондай-ақ маневр жұмыстарында қолданылатын бағдаршамдар;

  • қорғаушы сигналдар, жұмыс жүргізетін жерлер мен пойыздар жүрісіне аралық пен стансада кедергі келтіруіне, қауіпті телімдерден қорғауға арналған; жылжымалы құрамның стансалық жолдармен аралықта оның еріксізден тоқтауын қорғайды;

  • қолмен берілетін сигналдар, пойыздар жүрісінде қолданылады (фонармен, жалаумен, дискімен беріледі);

  • сигнал көрсеткіштері мен белгілері, маневр құрамы мен пойыздардың жүргендегі бағытындағы көрсеткіштерде қолданылады, бағыттама жағдайын, жолды қоршауын, гидравликалық құдықтарды;

  • маневр жұмысында қолданатын сигналдар, (бағдаршаммен, фонармен, жалаумен, ысқырықпен, кернеймен беріледі);

  • пойызды, локомотивті, басқа да жылжымалы құрам бірліктерін көрсетуге қолданатын сигналдар, (фонармен, шағылысатын дискілер, жалаулар);

  • дыбыс сигналдары;

  • дабыл сигналы мен арнайы көрсеткіштер.

Мақсаты мен орналасу орындарына қарай бағдаршамдар былай бөлінеді:

  • кіре беріс – аралықтан стансаға пойыздың кіруіне рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;

  • шыға беріс – стансадан аралыққа пойыздың шығуна рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;

  • маршруттық – стансаның бір ауданынан екінші ауданына пойыздың өтуіне рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;

  • өткізетін – бір блок-телімінен екінші блок-теліміне пойыздың өтуіне рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;

  • қалқалаушы – бір деңгейдегі темір жолдың басқа жолдармен қиылысуын қорғайтын, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен, сондай-ақ айрылатын көпірлер мен телімдерде, желілермен өткенде;

  • бөгеуші – жол өтпелерінде, ірі жасанды құрылғылар да және құламалы жерлерде қауіп төнгенде тоқтатуға арналған, сондай-ақ құрамды қоршап тексергенде және стансадағы вагондарды жөндегенде;

  • ескертуші – басты бағдаршамның көрсетуін алдын-ала ескертуі (шыға беріс, кіре беріс, бөгеуші, қалқалаушы);

  • қайталаушы – шыға беріс, маршруттық және дөңестегі бағдаршамдардың рұқсат берген көрсеткішін білдіреді, жергілікті жағдайға байланысты басты бағдаршамның көрсеткіші көрінбеген жағдайда;

  • локомотивтік – аралықтағы бір блок-телімінен екінші блок-теліміне пойыздың өтуіне рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі, сондай-ақ пойыздар жақындағанда жол бағдаршамдарының көрсетуі ескертеді;

  • маневрлық – маневр жүргізуге рұқсат беретін немесе рұқсат бермейтін;

  • дөңестік – вагондарды дөңестен жіберуге рұқсат беретін немесе рұқсат бермейтін;

Барлық стансалық сигналдардың қалыпты көрсетуі –рұқсат бермеуі. Тек қана оларды автоматты түрде ауыстырғанда қалыпты жағдайы рұқсат етеді.

Кіретін сигнал бірінші кіретін бағыттаманың алдында орнатылады, пойыздар жүрісінің оң жағынан қашықтығы 50 м-ден кем емес, бағыттама үшкілігімен есептегенде немесе бағыттама үшкілігінің шектік бағанына дейін. Электірлендірілген жолдарда кіретін сигналдармен аралықтан кіретін бірінші бағыттаманың арасы стансадағы байланыс желілерін аралықтағы байланыс желілерінен ажырату үшін арақашықтығы 300 м- ден көп, аралықта қорғайды.

Кіретін сигналдар бір тармақты желіде Айырым бекеттердің шекарасы болып табылады. Екі тармақты желіде әрбір басты жолдар станса ауданында бір жағынана кіретін сигналмен, ал екінші жағынан арнайы «Станса шекарасы» (СШ) деген көрсеткішпен көрсетіледі. «Станса шекарасы» деген белгі аралыққа шығатын соңғы бағыттамадан 50 м-ден кем емес қашықтықта орналасады. Кіретін сигнал қашықтығы бағыттама үшкілігімен немесе ауыстыратын бағыттама үшкілігінің шектік бағанымен есептелінеді.
Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйелік шешімі

  2. Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары

  3. Сигналдар

  4. Сигналдардың түрлері

  5. Сигналдардың негізгі көрсеткіштері

Дәріс №7 Автоматтық және жартылай автоматтық жол блоктауы


Жолдағы автоматты және жартылай автоматты блокировка

Жолшыбай жүргендегі пойыздың интервалын шектейтін, жүрісті реттейтін, құрылғы жүйесі, өткізу қабілеті мен қауіпсіздігін сақтау, пойыздар тұрған жол аралықтарын немесе стана аралықтарын қоршауды, жол қоршауы деп атайды. Жол қоршауының түрлері



  • автоматты,

  • жартылай автоматты;

  • жол саны мен ондағы жүрісті ұйымдастыруға байланысты

  • бір тармақты,

  • екі тармақты.

Автоматты қоршау да бір аралыққа пойызды бірінен соң бірін жөнелтуге болады, олардың шектейтін бір уақыт интервылы анықталынады. Бұл үшін аралықтар қоршау-телімдеріне бөлінеді, оның әр қайсысын бағдаршаммен қорғайды, олар электрлі реліс тізбегімен байланысты. Бағдаршам сигналдары пойыздың алдында бір немесе бірнеше қоршау-телімдерінің бос немес бос еместігін көрсетеді. Кіретін немесе өткізетін бағдаршамдарды ашу үшін пойыздың қоршалған блок-телімін толық босатуына көз жеткізу керек. Бұл электір тізбектерінде рұқсат беретін бағдаршамдардың жануы (сары немесе жасыл), шығатын бағдаршам мен станса шекарасын аралығындағы телім реліс тізбегін жол релелерінің байланысымен қосады.

Автоматты қоршаудың екі негізгі жүйесі қолданылады:

Телімдегі тепловоз тартымын импульстік тұрақты тоқта аралас жүйеде қоректендіреді;

Телімдегі электр тартымы негізінен сандық кодта ауыспалы тоқ болады.

Жартылай автоматты қоршауда шығатын және өтетін бағдаршамның жағдайы аралыққа шығуына ашық болады. Сигналдар қолмен ашылса, автоматты түрде өздері жабылады, және қолмен жабылады. Автоматты қоршау құрылғылары қосым аралығын немесе станса аралығын пойыз босатпайынша және олардың келгенін белгілейтін арнайы құрылғы шығатын немесе өткізетін сигналдардың ашуына рұқсат бермейді, ал қабылдайтын станса жөнелткен стансаға хабарламайды.

Бір тармақта аралықта, автоматты немесе жартылай автоматты қоршаулармен жабдықталған, стансадағы шығатын бағдаршам ашылған соң, осы аралыққа жөнелтілетін қарама-қарсы бағытта, көрші стансаның шығатын және өткізетін бағдаршамдары ашылмауы керек.

Екі бағыттағы әрбір жолға автоблакировкамен және жартылай автоблакировкамен жабдықталғанда, мұндай байланыс екі тармақты жол аралығында бір-бірімен байланысты болу керек.

Бір тармақты (екі бағытты), екі тармақты екі бағытты және бір бағытты жолдар автоматты және жартылай автоматты қоршауда болады. Екі тармақты екі бағыттағы жолда пойыздар кез-келген жолмен екі бағытта жүре береді: екі жақты автоблакировка жүйесінде пойыздар жүрісінің бағытының ауысуы арнайы жобада қарастырылған. Бір бағытағы жұмыста барлық өткізу бағдаршамдары кері жағдайда сөнеді немесе қызыл түс жанады. Аралықты пойыз босатқанда ғана жүріс бағытын өзгерте алады. Аралықтың босағанын екі жақтағы стансада бақылай алады. Стансадан шығатын сигналды ашқанда аралық бос болмайды және басқа бағытқа ауыстыру мүмкін емес.

Жартылай автоблокировкада сигналды ашу үшін, пойыз жөнелтілетін көрші стансадан басқару аппараты арқылы алдын-ала сигналды босату туралы рұқсат алады. Пойызды жөнелткеннен кейін және ол көрші стансаға келгеннен кейін жүріс бағытын өзгерте алады. Яғни, екі бағыттағы қоршау пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтайды, онда аралық бос болмағанда шығатын және барлық өткізетін сигналдар қарама-қарсы бағытта жабық және қойған жағдайында электрлі тұйықталып тұрады. Мұндай жағдай да бір тармақты жол аралығына, қарама-қарсы пойызды сигнал бойынша бір уақытта, немесе екі тармақты жол аралығындағы бір жолға жібере алмайды.

Автоматты блокировка локомотивтің автоматты сигналымен, ал телімде пойыздар жүрісінің жиілігі – диспетчердің бақылау құрылғыларымен толықтырылады.

Автоблакировканы толықтыруға қажетті, локомотивтің автоматты сигнал құрылғылары, автотежегішпен жүріс қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды түсіндіреді. Локомотивтің автоматты сигналы, бағдаршам анық көрсетпегенде, жүргізуші локомотив бағдаршамының көрсеткішімен жобалайды.

Істен шыққанда жартылай автоблокировканың әрекетін тоқтату:

Шығатын немесе өткізетін бағдаршамдарды жаба алмаған жағдайда;

Шығатын немесе өткізетін бағдаршамдарды бос аралыққа аша алмаған жағдайда (соның ішінде шығатын бағдаршамдарға көмекші түймелермен оқшауланған телімдердің бос екендігін бақылауды ағыту);

Қорғалған сигналдардың өздігінен қосылуы;

Қорғалған сигналдарды беру немесе алу мүмкіндігінің болмауы;

блок-аппаратында плобының болмауы (аяқ басқыш пен көмекші түймелерінде плобының болмауын есептемегенде).

Барлық жағдайда автоблокировка мен жартылай автоблокировка істен шыққанда пойыздар жүрісі телефон байланысы арқылы жүргізіледі.




жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау