Флоттың жұмысын шұғыл есептеу
Шұғыл жоспарлау мен реттеудің нақтылығы мен тиімділігі шұғыл бақылаудың алға қойылуына, флоттың жұмысын және тұтас алғанда, бүкіл тасымалдау үрдісінің барысын есепке алу мен талдап отыруға байланысты болады.
Шұғыл бақылау жұмысы мыналарды сипаттайтын негізгі параметрлерге бақылау жүргізуден тұрады: кеме жұмысындағы технологиялық үрдістің жеке элементтерінің – ең алдымен, айналма рейстің басталуы мен аяқталуы, бастапқы қосыннан жөнелту және ақырғы қосынға келу, аралық қосындардан жүріп өту, сондай-ақ белгілі бір сәттегі (тәуліктің соңындағы) кеменің тұрған орны мен жұмысының сипаты; жүктеме, жылдамдық, уақыт нормаларының орындалуы және т.с.с.
Шұғыл есепке алу жұмысы дегеніміз, тұтас алғанда, әрбір жеке кеме мен флоттың, сондай-ақ кемежайлардың белгілі уақыт аралығында – тәулік, онкүндік, ай, тоқсан, жүзу маусымы ішінде атқаратын жұмысын сипаттайтын ақпараттарды жинау, қорыту және өңдеу болып табылады.
Кеме шаруашылығының бас диспетчерлігінде тұтас алғанда осы шаруашылық бойынша тәуліктік және онкүндік жоспарлардың орындалу қорытындысы шығарылады. Диспетчерлік қосынға «бағыттардан» келіп түсетін және төмендегідей есеп беру-атқару құжаттамасы түрінде толтырылатын жедел ақпарат жедел есепке алу көзі болып табылады:
- флот жүрісінің атқарылған тәуліктік графигі;
- диспетчерлік тәуліктердің соңында флоттың (кемелердің, құрамдардың, салдардың) жүріс және жүкті өңдеу алаңында орналасуы;
- есепке алу журналдары: жүріс графигінің орындалуын; кемелердің жөнелтілуін, жүріп өтуін және келуін; өңдеу және қызмет көрсету (кемежайлардың диспетчерлігі); жөнелтілетін жүктердің мөлшерін; кемелерге қызмет көрсету өтінімдерін;
- авариялар мен оқиғалар, кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналдары;
- диспетчерлік жарлықтардың көшірмелері.
Есеп беру-атқару құжаттамасы диспетчерлік ауысымның өз кезекшілігі тұсындағы флот пен кемежайлардың қызметін басқару жөнінідегі жұмыс нәтижелерін көрсетеді.
Кемелерді пайдалану уақытының және тасымалдау операцияларына кемелерді пайдаланудың есебін алу тоқтаусыз жүргізіледі.
Кеменің берілген есептік кезеңдегі (тәулік, онкүндік, ай, навигация) бүкіл жұмыс істейтін уақыты пайдалану уақыты мен пайдаланудан тыс уақытқа бөлінеді. Кеменің жүк, жолаушылар тасымалына, рейдтегі және ақылы жұмысқа, жалға пайдаланылған уақытыпайдалану уақыты деп есептеледі. Кеменің резервте, яғни бос тұруы, аяқталмаған қысқы жөндеуде, шлюзде (докта), жөндеуде тұру уақыты пайдаланудан тыс уақытқа жатады (егер олардың ұзақтығы жоспарлы кезеңнің бес тәулігінен кем болмаса). Мұнда кеме үстінде оның командасы болмауы тиіс, өйтпейінше кеме пайдалануда тұрған болып есептеледі. Есеп беруде мыналар пайдалану уақытына қосылмайды: кемені қарусыздандыру және қаруландыру уақыты, флоттың қысқы тоқтау қосындарында оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оны күзетуге және құтқаруға жұмсалған уақыт, мұз жару жұмыстары, шығанақтағы кезекшілік, осндай-ақ жүк кемелерінің іс жүзіндегі рейске шығу сәтіне дейінгі қысқы жұмсалған уақыт.
Шұғыл талдау жүргізу тасымалдау жұмысының жоспарлы мерзімінен ауытқуын анықтап, оның себептерін түсіндіруді, жалпы және жекелеген элементтері бойынша мұндай ауытқушылыққа сандық баға беруді, сондай-ақ тасымалдау жұмысы барысында анықталатын жасырын резервтерді тауып, бағалауды көздейді. Шұғыл талдау нормалау мен болжау жасаудың негізі болып табылады.
Жолаушылар флоты
Жолаушылар кемелерінің атқаратын жұмысы тасымалданған жолаушылар санымен және жолаушылар айналымымен өлшенеді.
Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны олардың нақты санымен және жүріп-тұруымен анықталады. Халықтың жүріп-тұруы дегеніміз – бұл орта есеппен жылына бір адамға келетін сапар саны.
Жалпы алғанда, жолаушылар тасымалын жоспарлау әр түрлі уақытша полигондағы жүк тасымалын жоспарлауға ұқсас жүргізіледі. Алайда жоспарлаудың жеке мәселелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда стратегиялық және ағымдағы жоспарларды жасау міндеттерінің зор маңызы бар.
Стратегиялық жоспарлау кезеңінде халықтың жүріп-тұруына әр түрлі факторлардың әсері анықталады.
Әдетте стратегиялық жоспарлау алдында жекелеген аудандардағы халықтың санын, оның құрылымын (жұмысшылар, шаруалар, қызметшілер, оқушылар), тұрғылықты орнын (қала, жұмысшылар поселкесі, ауылшаруашылық кәсіпорындары және т.с.с.) анықтау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізіледі.
Болжау әдістерін қолдану арқылы таяу болашақтағы жолаушылар санын анықтауға болады. Қазіргі уақытта мұндай бірнеше әдісті атауға болады, алайда олардың кез келгенін қолданудан жуықтатылған нәтижелер алынады. Олардың негізгілері мыналар:
1) қарапайымдатылған («аңғал») болжам;
2) өзгермелі орташа мәнді әдіс;
3) сараланған орташа мәнді әдіс;
4) болжамданатын көрсеткіштің өзгеру үрдісінің желілік теңдеуін пайдалану.
Жолаушылар тасымалын жоспарлауда кеме шаруашылығында қалыптасқан желінің сызбасы негізге алынады.
Жолаушылар қатынасы желісін жіктеу
Тасымалдау бағыты мен қашықтығына, ұсынылатын қызмет түрлері мен олардың қолайлығына қарай жолаушылар желісі тасымалдау, туристік және экскурсиялық-серуендеу желілеріне бөлінеді.
Тасымалдау желісі белгілі бір қосындар арасында, көбінесе – ірі әкімшілік, мәдени, өнеркәсіп орталықтары арасында кемелерді кесте бойынша уақтылы (жүйелі) жөнелту арқылы жолаушылар тасымалдау үшін ұйымдастырылады. Туристік желілерде демалыстағы жолаушылар тамақтану, мәдени және экскурсиялық қызметті пайдалану арқылы арнайы туристік маршруттар бойынша тасымалданады. Сапардың ұзақтығы – 24 сағаттан астам.
Экскурсиялық-серуендеу желілері: тынығатын, тарихи ескерткіштермен және басқа көрікті орындармен танысуды мақсат ететін ұжымдарды немесе жекелеген азаматтарды тасымалдауға арналған. Сапардың ұзақтығы – 24 сағаттан аспайды.
Тасымалдау желілері өздерінің жұмыс сипаты мен ұзақтығына қарай былайша бөлінеді:
- кеме шаруашылығына тіркелген флот қызмет көрсететін транзиттік желілер;
- бір кемежай немесе жолаушылар басқармасы қызмет істейтін аудандағы сабақтас кемежайларды немесе басқа қосындарды өзара байланыстыратын жергілікті желілер;
- қала мен ең жақын ұсақ елді мекендер немесе 100 км-ден астам қашықтықта, ал жүрдек флот қызмет көрсететін жағдайда – 150 км-ден астам қашықтықта орналасқан халықтың жаппай демалу аймағы арасында қатынайтын қала маңындағы желілер;
- ірі қаланың жекелеген аудандарын байланыстыратын қала ішіндегі желілер;
- өтпелі көпірлері жоқ автомобиль жолдарымен қиылысу ауданындағы өзендердің қарама-қарсы жағасында орналасқан қосындарды немесе қала аудандарын байланыстыратын өткізу желілері.
Жолаушылар желілерінің негізгі сипаттамаларына мыналар жатады: оның қызметін пайдаланаын бастапқы, ақырғы және аралық қосындар; ұзындығы; кемелерді жөнелту аралығы (интервал), олардың айналма рейс жасау уақыты; жолаушылар сыйымдылығын пайдалану коэффициенті және кеменің тасымалдау мүмкіндігі; желіге бекітілген кемелер саны; желінің кіріс, шығысы және қаржылай нәтижесі.
Өзендегі жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның құрамына мыналар кіреді: су жолы, флот, жолаушылар бекеті, айлақ, кеме жөндеу кәсіпорны, кеме жасайтын орын және байланыс.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Практикалық сабақ №1 (2 cағ.)
Көлік объектілерінде атқарылатын технологиялық операциялардың нормативтік мөлшерін анықтау
1. Аралық станцияда құрама поездарды өңдеу
|
Практикалық сабақ №2 (4 cағ.)
Көлік желiлерiнің өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетiн анықтау
1. Темір жол телімінің өткізгіштік қабілеті
2. Темір жол телімінің тасымалдау қабілеті
|
Практикалық сабақ №3 (4 cағ.)
Тасымалдаудың реттеуші құжаттарының элементтерін анықтау
1. Поездар жүріс графигінің элементтерін есептеу
|
Практикалық сабақ №4 (2 cағ.)
Көлік қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы
1. Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы
|
Практикалық сабақ №5 (2 cағ.)
Көлік желiлерiнің өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетiн анықтау
1. Жолдың өткізгіштік қабілетін есептеу
|
Практикалық сабақ №6 (2 cағ.)
Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру шараларды бағалауды жүргізу
1. Тиiмдiлiк коэффициентiн пайдалану арқылы шараларды бағалау
|
Практикалық сабақ №7 (2 cағ.)
Көліктің тасымалдау көлемін және жүкайналымын анықтау
1. Автоколонналардың тасымалдау көлемін және жүкайналымын анықтау
|
Практикалық сабақ №8 (2 cағ.)
Көлік жүрісінің орташа қашықтығы мен тасымалданатын жолаушылардың жалпы мөлшерін анықтау
1. Жүрістің орташа қашықтығы мен тасымалданатын жолаушылардың жалпы мөлшерін анықтау
|
Практикалық сабақ №9 (2 cағ.)
Көлік өнімділігін, жалпы жүрісі мен айналымын анықтау
1. Автомобильдің өнімділігін, жалпы жүрісі мен айналымын анықтау
|
Практикалық сабақ №10 (2 cағ.)
Көлік терминдері мен анықтамалары
1. Терминдер мен анықтамалар
|
Практикалық сабақ №11 (2 cағ.)
Көліктің тасымалдау құжаттарын рәсімдеу
1. Әуе көлігінде тасымалдау құжаттарын рәсімдеу
|
Практикалық сабақ №12 (2 cағ.)
Көліктің тасымалдау құжаттарын рәсімдеу
1. Коносамент түрлері
|
Практикалық сабақ №13 (2 cағ.)
Көлік жолдарының классификациясы
1. Ішкі су жолдарының классификациясы
|
3. студенттің өздік жұмысы
3.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.
Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:
– жасалған жұмысты көрсету;
– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;
– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;
– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.
Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.
Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
3.2.Өздік жұмыс тақырыптары:
Темір жол көлігінің жұмысын реттеуші құжаттар.
Пойыз туралы түсінік. Жүк пойыздарының классификациясы, нөмірленуі және индексикациясы
Станцияның түрлері
Аралық станцияның қызметі.
Телімдік станцияның қызметі мен техникалық жабдықталуы
Сұрыптау станцияның қызметі мен техникалық жабдықталуы
Станциялар жұмысын реттеуші негізгі заңнамалық құжаттар
Темір жол көлігіндегі маневрлық жұмыс
Маневрлық жұмыс элементтері
Тартым жолдарда маневрларды жүргізу тәсілдері
Дөңес құрылғылары мен пойыздарды тарқату мен құрастыруды басқару жүйелері
Пойыздарды дөңестен тарқату мен құрастыру технологиясы
Пойыздар жүріс графигі
Пойыздар жүріс графигінің эелеметтері
Темір жол көлігінде шұғыл басқару
Жолаушы тасымалдау сапасын бағалау
Автомобиль көлігінде лицензия беру тәртібі
Тасымалдау циклдерінінің көлік жұмысы
Халықтың көлікпен қозғалуы.
Жылжымалы құрамды таңдауды негіздеу.
Тасымалдауды ұйымдастыру негізі.
Қозғалғыш құрамды таңдаудың негізгі ережелері.
Автобустар қозғалысымен жүргізушілер еңбегін ұйымдастыру.
Тиеу көліктерінің өнімділігі.
Аэропорттарды жетiлдiру және олардың жұмыс технологиясы. Әуе көлiгiнiң қозғалысын автоматты басқару мәселелерi
Әуе жол көлiгiнде қауiпсiз тасымалдауды қамтамасыз ету
Аэропорттардың жұмысын ұйымдастыру
Әуе кемесін ұщуға дайындау технологиялық графигі
Әуе көлігіндегі диспетчерлік басқару
Өзен порттары және оның жұмыс технологиясы
Коносамент түрлері
Су көлігіндегі диспетчерлік басқару
ЖКО талдау
Халықаралық автомобиль жолдары мен негiзгi автокөлiк коридорлары
Достарыңызбен бөлісу: |