Бағдарламасы 1 Тәжірибенің жалпы мақсаты мен міндеттері


Диплом алды практика құрылымы және мазмұны



жүктеу 263 Kb.
бет16/23
Дата04.01.2022
өлшемі263 Kb.
#36012
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Әдістемелік нұсқау Экономика каз касиби прак (1)

Диплом алды практика құрылымы және мазмұны

Диплом алды практика кезінде студент экономист немесе оның көмекшісі болып жұмыс жасайды.

Практика өту орнына келгеннен кейін студент кәсіпорыннан (ұйымнан) тағайындалған жетекшімен ақылдаса отырып диплом алды практикадан өтудің күнтізбелік жоспарын құрады. Жоспарды құру кезінде осы бағдарламаны басшылыққа алулары қажет.

Диплом алды практиканың құрылымы келесідей болуы мүмкін:



  1. кәсіпорынмен танысу және практикадан өту кезеңіне күнтізбелік жоспарды құру;

  2. тәжірибе алмасу немесе штаттағы лауазымда экономист-жоспарлаушы жұмысы немесе жұмыс түрлері бойынша көмекші: кәсіпорынның ұйымдық және өндірістік құрылымы, кадрлық және персоналдың іс жүргізушілік қамтамасыздығын; ақпараттық және техникалық қамтамасыздығын; ұйымда жұмыстарды жоспарлау – материалдық, еңбектік қорларды мөлшерлеу зерттеп білу; кәсіпорынның (ұйымның) стратегиялық жоспарларын және ағымдағы жоспарлауын зерттеп білу, ұйымның қызметінің соңғы нәтижелерін бағалау және талдау, объекті қызметін болжамдау;

  3. диплом алды практика бойынша есепті аяқтау бойынша жұмыстар.

Ең алдымен, практикадан өтуші студент кәсіпорынның ұйымдық-өндірістік құрылымымен танысады, оның жарғысын, ішкі тәртіп ережесін, ағымдағы, болашақтағы және жылдық есептерін оқып біледі, жұмыстың толық күнтізбелік жоспарын құрады. Жоспарда студенттің өндірістік және қоғамдық жұмысы, тәжірибе бойынша есеп, курстық жұмыстар жазу үшін қажетті материалдарды жинау және өңдеу көрініс табуы тиіс. Бағдарламаның барлық бөлімдерін студент практиканың барлық кезеңінде орындайды.

Студент кәсіпорыннан тағайындалған практика жетекшісіне тексеруге Есепті ұсынуы қажет, қол қойылып және мөрмен шандырылуы тиіс.

Есептің мазмұнынан басқа, оған келесілер тігіледі:


  • практикадан өткендігі жөнінде анықтама – растау (жолдаманың түбіртегі);

  • практикаорнынан қол қойылған және мөр басылған мінездеме;

  • диплом алды практиканың күнтізбелік жоспары;

  • диплом алды практикадан өту күнделігі.

Күнтізбелік жоспар мен күнделіктің үлгілері бұл бағдарламаға қоса беріліп отырған Қосымшада келтірілген.

Жұмыс орнындағы жұмыс күнінің, кәсіпорын ұжымымен түскен фотоларды қосымшада беруге болады.

Дипломды алды практикадан өту процесінде студент кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық және техника-экономикалық сипаттамасын құрайтын материалдар, нарықтық бағыттың сипаттамасын жинауы, шаруашылық құралдары мен персоналды пайдаланудың құрамы мен деңгейін оқып білуі, кәсіпорынның ұйымдық және өндірістік құрылымының шығарылатын өнімнің сипаты мен көлеміне және өндірістік (іскерлік) процестің мазмұнына сәйкес келуін бағалауы тиіс.

Сонымен қатар диплом орындаушы кәсіпорынның есептілік жүйесімен танысуы, тәжірибеде кәсіпорынның қызметін техника-экономикалық және қаржылық талдау әдістемесін қолдануы қажет. Мұнымен қатар, бітіруші біліктілік жұмысының бағыттары мен тақырыбына байланысты және жетекшінің тапсырмасына сәйкес қызметтің жекелеген бағытына (бағыттарына), нақты бөлімшеге (бөлімшелерге), кейбір ресурстарды пайдалануға дербес талдау жүргізу ұсынылады. Диплом алды практикадан өту кезеңінде түсіндірме жазбасының аналитикалық бөлімі үшін барлық ақпараттық материалдар жиналуы қажет. Ақпараттың негізін статистикалық және бухгалтерлік есептің мәліметтері, кәсіпорынның қызметтің құжаттамасы, отандық және шетелдік әдебиет көздері, заңдық актілер мен нормативтік құжаттар, жадынамалар мен әдістемелік нұсқаулар құрайды. Дипломалды алды практиканың қорытынды кезеңінде студент тәжірибе кезеңінде жинақталған матераиалдарды өңдеп, оның жеткіліктілігі мен нақтылығына көз жеткізуі тиіс.

Практика бағдарламасын және дипломдық жобаның аналитикалық бөлігін орындау процесінде студент өзінің дайындап жатқан дипломдық жобасының сол кәсіпорын үшін практикалық құндылығы бар екендігіне, ғылыми зерттеудің элементтерін құрайтындығына мән беруі тиіс және есептегіш техниканың көмегімен анықталған тапсырмалардың шешімдерін кірістіруі керек.

Тәжірибе басталғанға дейін студент ұйымнан тағайындалған тәжірибе жетекшісімен бірігіе отырып бағдарламаға сәйкес және тәжірибеден өту орнын ескере отырып тәжірибеден өтудің күнтізбелік жоспарын құрады.

Күнтізбелік жоспар жұмыстың нақты жағдайын ескере отырып әр студентке дербес жасалады және студенттің орындауға тиісті жұмыстың барлық түрлері кірістіріледі. Онда жұмыс орны, жұмыстың мазмұны және оны орындау мерзімі (1-қосымша) көрсетіледі.

Тәжірибеден өту кезеңінде студент міндетті:



  1. кәсіпорындағы (ұйымдағы) жалпы, ұйымдық және өндірістік құрылымды оқып білу;

  2. кәсіпорынның (ұйымның) жоспарлы жұмыстарына тікелей қатысу.

Бірінші бөлім бойынша студент келесі сызба бойынша кәсіпорынның жалпы, ұйымдық және өндірістік құрылымының деңгейін оқып біліп және баға беруі тиіс:

  • ұйымдық персоналдың құрылымы, олардың орындайтын қызметтері, білімі, біліктілігі және жалпы және сол кәсіпорындағы мамандық бойынша жұмыс өтілі;

  • өндірістік персоналдың еңбекті ұйымдастыруды оқып білу;

  • бөлімше мамандарының еңбегінің нәтижелілігін бағалау;

  • кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін ұйымдастыру және тиімділігін анықтау ( кім және қандай көлемде аналитикалық жұмысты жүзеге асырады), қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша жүргізілетін аналитикалық жұмыстардың кезектілігі және толықтылығы (қаржылық жағдайы, технологияны бағалау т.б.), таладу нәтижелерін рәсімдеу тәртібі және ашықтылығы (талдау қорытындысы бойынша ұсыныстарды енгізуге кім жауап береді).

Екінші бөлім бойынша студент келесі сызба бойынша ұйымның (кәсіпорынның) жұмысына дербес қатысуы тиіс:

    • нақты ұйымдық, өндірістік құрылымды талдау; оларға әсер ететін факторларды анықтау және осыларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    • өнім сапасын басқару жүйесімен танысу;

    • штаттық кесте дайындау тәртібімен, лауазымдық нұсқаулармен танысу, олардың жұмыста пайдаланылуын талдау;

    • шұғыл-өкім ету әсер етудің нысандарын оқып білу (бұйрықтар, өкімдер, шешімдер т.б.);

    • ұжымдық органдардың ролін оқып білу (жалпы жиналыс, басқарма, АҚ директорлар кеңесі, байқау кеңесі, тексеру комиссиялары, еңбек ұжымдарының кеңестері т.б.);

    • кәсіпорын қызметін ағымдағы және болашақтағы жоспарлау қызметі қалай жүзеге асырылатындығын, орындалған жұмысқа наряд өткізудің қандай жүйесі мен тәртібін оқып білу;

    • кәсіпорында бұйрықтар мен өкімдердің орындалуына бақылау ұйымдастыруды оқып білу;

    • оргтехника құралдарын қолданумен, басшылар мен мамандардың жұмыс орындарын ұйымдастырумен танысу;

    • шаруашылықтағы жұмыс әдістері мен стилін оқып білу, персоналдың кәсіби сапасын көтерудің нысандарымен танысу;

    • өнім сапасына және өндірістің тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтап көрсету.



жүктеу 263 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау