Диплом алды практика нәтижелерін рәсімдеу тәртібі және қорытындысын шығару
Диплом алды практиканың нәтижелері есеп түрінде рәсімделеді. Есепте студент экономика бойынша өзінің білімін, ғылыми зерттеулерді дербес жүргізе алатындығын, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдай алатындығын көрсетуі тиіс.
Есеп студенттің әзірлеген кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін жақсарту, өндірісті ұйымдастыру және тиімділігін жоғарылату, тұтастай өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларынан тұруы қажет.
Есеп бағдарламаның барлық негізгі сұрақтарын қамтуы тиіс. Есептің келесідей сызбасы ұсынылады:
Кіріспе (1-2 бет);
1-бөлім. Кәсіпорынның (фирманың) ұйымдық – экономикалық жағдайының сипаттамасы (5-8 бет);
2-бөлім. Кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) өндірісті ұйымдастыруды жолға қою (8-10 бет);
3-бөлім. Өндіріс тиімділігі бойынша зерттеулер нәтижелері (8-10 бет);
Қорытынды және ұсыныстар (1-2 бет);
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |