Бағдарламасы > Кәсіптердің халықаралық болашағы


ЧЕХ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ



жүктеу 3,22 Mb.
Pdf просмотр
бет20/22
Дата30.12.2019
өлшемі3,22 Mb.
#25535
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 

ЧЕХ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ

 33


GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

> Чехия Респу-

   бликасындағы

>>

2     

013 

жылдың 


15 

мамыры, 


Сыған 

жұмысшыларын еске алу жобасын жетілдіру 

үшін  Брно  мен  Острава  қалаларының 

арасындағы  Оломоуцтың  шуақты  алаңында 

тұрмыз.  Академик,  қауымдастық  қызметкерлері 

және  мұғалімдерден  тұратын  бас-аяғы  оннан  артық 

адам  келер  күннің  өзекті  мәселелерін  шүйіркелесіп, 

талқылап  тұр.  Өзара  сенімділік  пен  әріптестікті 

бастап,  ортақ  мақсатта  жұмыс  істеуден  артық 

жаңа  таныстарды  табудың  жолы  жоқ  десем  артық 

айтпаспын.  Мақсатымыз  -  1945  жылдан  кейін  чех 

жеріне жұмысқа келген сыған жұмысшылары туралы 

көрме  дайындап,  сығандардың  чех  қоғамындағы 

беделін арттыру.

«Біз тұратын қаланың орталық алаңында жүргенімде 

өзім  танымайтын  жас  қыздардан  әрдайым  «Kha-

tar  sal?»  (Қайдан  боласың?)  деп  сұраймын.  Өйткені 

олардың  көбі  және  отбасылары  мен  сияқты  әр 

жақтан  не  Словакиядан  келген»  -  дейді,  1952  жылы 

қазіргі  Чехияға  словак-украин  шекарасынан  өткен, 

қауымдастық  қызметкері,  словак  жазушысының 

қызы әрі белсенді Бозена Дуди Котова. Топ мүшелері 

жоспардағы  көрменің  жобасын  және  атауын  өзара 

ақылдасып  отырған  мезетін  жобаның  кинорежиссері 

камераға түсіріп алғанына іштей қуандым.

Румыншам  өте  таяз  болғандықтан  «Khatar  sal?» 

қалай  жазылады?»-  деп  сұрадым.  Мен  тек  кейбір 

амандасу, құрмет білдіру және қажет болған жағдайда 

қорғану  сияқты  негізгі  сөздерді  ғана  игергенмін.  Мен 

үшін  румын  тілі  өте  күрделі.  Мен  оны  үйрену  үшін 

сабақ  алған  жоқпын.  Бозена  тіркесті  жазып  тұрып, 

«Көрмені  Khatar  san?деп  атасақ  қайтеді,  себебі  оны 



сыған жұмысшыларын еске алу

Праганың Пиазетта театрындағы Рим көрмесі. 

Суретті түсірген Майкл Хесовский

Катерина Сидиропулу Джанку, Чехия Республикасы, Брно қаласы, Масарик университеті


 

ЧЕХ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ

 34


GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

қарттар да, жастар да түсінеді» - деді. 

2004  жылдың  8  қыркүйегі,  іші-сырты  адамға 

толы,  үстінде  Румын  және  Чех  жалауы  желбіреген 

және  түрлі-түсті  бояумен  сырланған  ағаш  үйдің 

алдында салтанатты сөз айтып тұрмын. Салтанатты 

жиынға  елу  адамдай  жиналыпты.  Болып  жатқан 

дүниені  көріп  тамашаласын  деген  үмітпен  жергілікті 

полицияға  Острава-Виктовиц  алаңында  көрме 

жоспарлағанымызды  алдын-ала  хабарлаған  едік 

және сол тараптан қарапайым киінген экстремизммен 

айналысатын  полиция  қызметкері  де  келген.  Не 

боларын  біз  білген  жоқпыз.  Мүмкін  бірнәрсеге 

ұрынып  қалармыз.  Көрмемізге  не  бізге  бірнәрсе 

болып  қалар.  Острава  алаңының  әкімшілігі  көрме 

ұйымдастыруымызға рұқсат бермеді және шешімдерін 

талқылауға  шақырғанымызды  да  елемеді.  «Таң 

қалатын  нәрсе  емес»,  -  деді  Острава-Виктовицке 

келушілердің  бірі:  «Олар  орталық  Острава  үшін 

жауапкершілікті сезінеді және оның сығандардың жері 

ретінде қабылданғанын қаламайды».

Виктовицтің шежірешісі мұны басқаша түсінеді. «Мен 

осы  мәдени  форумның  дәл  осында  өтіп  жатқанына 

дән ризамын, себебі мұндай Острава ешкімде жоқ».

Ең  таңқаларлық  дүние  не  болды?  Көрме  өткен 

бес  аптада  ешқандай  вандализм  болған  жоқ. 

Дәстүрлі  киінген  сыған  отбасылары  өз  туыстары 

мен  көршілерін  көріп,  бір-бірінің  әңгімелерін  тыңдап 

қайтты.  Көрмеге  келген  бір  үйсіз  кісі  бізге  қызықты 

шараны ұйымдастығанымыз үшін өз рахметін айтты. 

Күнделікті  өмірде  жаңа  технологияны  пайдаланып, 

жаңаша  киінетін  жастар  да  дәстүрлі  киім  киіп  келіп 

жатты, алайда бізбен әңгімелесуден қашқақтап жүрді. 

Егде  чехтар  1960  жылдардағы  сыған  әріптестерін, 

көршілерін,  тіпті,  махаббаттарын  еске  алып  жатты. 

Сыған  оқушылары  көп  баратын  мектеп  директоры 

сығандардың  арнайы  жалауы  бар  екенін  білмеген 

екен және өз білместігіне ұялған сыңай танытты. 

2015  жылдың  9  ақпаны,  Чехияның  Мәдениет 

министрлігінен  Сыған    жұмысшыларын  еске  алу 

жобасын  қолдайтындығы  туралы  электрондық  хат 

алдым. Біз уәде бойынша үш көрме ұйымдастырдық, 

бірақ  оның  барлығы  грант  шарттарына  сай  екі  айға 

созылған жоқ. 2014 жылдың көктемінде екі ай мерзімге 

толтыру туралы шартты орындауға ниетті болатынмын, 

бірақ кедергілер, жартылай ашық саяси және әкімшілік 

қысымдар  кездескенде  мен  бұл  грантты  орындау 

үшін маңызды шарттардан қалай ауытқып кеткенімді 

байқамай қалыппын. Әкімшілік кедергілер (бір орынға 

15 келісім, әрдайым жазып жүру қажеттігі сияқты) мен 

кейбір  азаматтардың  қырын  қабақ  әңгімелесу  стилі 

мені  қатты  шаршатты.  Келесі  көрмелерді  өткізуге 

мүдделі екі топ бар. Шетелден келетін тәуелсіз куратор 

біздің  көрмені  көріп,  керекті  нөмірді  тергеннен  кейін 

сыған  куәгерлерінің  әңгімелерін  тыңдауға  мүмкіндік 

беретін ретро телефонды жұмысының түсіндірмесімен 

бірге өз ризашылығын жолдады. 

Болашақ көрмеге деген қызығушылықпен қатар, этнос 

аралық байланыстар, білім, әлеуметтік теңсіздікті жою 

туралы  жаңа  теориялық  ойлар  немесе  азаматтық 

диалогты  жетілдіру  мүмкіндіктері  қалыптасты.  Біздің 

есебімізше, көрмені тікелей 2500  адам көрді, жүздеген 

адамдар  сыртқы  терезеден  қарап  кетті.  Біз,  әрине, 

мұның барлығы бекер жасалды деген ойдан аулақпыз. 

Дегенмен,  қолданбалы  ғылым  қағидаларына  сай  біз 

қателестік және біз бастаған жерімізге қайта оралдық.

Жаңа  көрмеге  дайындық  жұмыстарын  бастадық. 

Бақытымызға  орай  жабылуға  шақ  қалған  көрмені 

қолдаушы  табылып,  жабылудан  құтқарды.  Ол 

көрмені  өз  қаласының  автобус  аялдамаларында 

өткізбек,  себебі  соғыстан  кейін  жұмысшы  сығандар 

Словакиядан  келген.  1989  жылдан  кейін  қала 

орталықтарын  жалдау  ақысы  көтеріліп  кеткендіктен 

көптеген сығандар шеткі аудандарда қалды. Мұндай 

жағдай Чехияның постсоциалистік қалаларына тән.

Инновациялық  қолданбалы  ғылым  өмірімде 

кездестірген бірден бір қиын сала, ол көп күш пен қуатты 

сіңіреді,  адамды  қажытады,  кәсіби  тәуекелшілдікті 

талап етеді. 

Хаттарды 

katerinasj@fss.muni.cz

 жолдаңыз




жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау