Бағдарламасы > Кәсіптердің халықаралық болашағы


ЧЕХ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ



жүктеу 3,22 Mb.
Pdf просмотр
бет19/22
Дата30.12.2019
өлшемі3,22 Mb.
#25535
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 

ЧЕХ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ

 31


GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

> Үйде оқыту:

Чех білім беру жүйесіндегі 

еркіндік пен қадағалау

Ирена Каспарова, Масариқ университеті Брно, Чехия Республикасы

С   

оңғы  жиырма  жылда  халықаралық 

көрсеткіштерге  (PISA  стандарттарына) 

сәйкес чех оқушыларының мектепке деген 

ынтасының жаппай төмендеуі білім беру, 

оның рөлі, бағдары және әдістері ұлттық деңгейде 

пікірталас туғызды. Ата-аналар міндетті білім беру 

жүйесінде салыстырмалы стандарттардың болуы, 

жеке  көзқарас  пен  таңдау  еркіндігінің  жоқтығы 

сияқты  әлеуметтік  мәселелерді  тілге  тиек  ете 

отырып,  жұмыс  пен  мектеп  бала  мен  ата-ананы 

ажырататын  өмір  стиліне  алып  келетіндігін  және 

көңілдері толмайтындығын жеткізген.

Ұзақ  жылдар  бойы  индивидуализмді  шектеген 

коммунистік дәуірден кейін кейбір чех азаматтары 

өздеріне  және  өз  отбасыларына  жауапты  болуы 

тиіс  деген  пікір  қалыптасқан.  Посткоммунистік 

елдерде білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер 

пайда  болды.  Үйде  оқыту  міндетті  білім  беру 

жүйесіне балама ретінде жүзеге асырыла бастады. 

Чехияда үйде оқытудың түрлері саналуан: балаға 

бағытталған  философияға  негізделген  мектептен 

тыс  оқытудан  үй  жағдайында  мектептегі  қатаң 

тәртіпке негізделген оқытуға дейін өріс алды.

>>

Үйде анатомия сабағы өтіп жатыр! 

Суретті түсірген Ирена Каспарова

Коммунистік дәуір кезінде (1947-1989) оқушылар 

үшін мемлекеттік стандарттарға сай тоғыз жылдық 

міндетті  білім  алудан  басқа  таңдау  және  қандай 

да  бір  бәсекелес  балама  болмады.  Нәтижесінде, 

қазіргі  (30  жастан  асқан)  чех  ата-аналарының 

басым  бөлігі  барлығын  тең  құқықты,  бір  біріне 

ұқсас  деп  қабылдайтын  және  конформистік 

сипаттағы коммунистік идеология заманында білім 

алды.  Осылайша,  үйде  оқыту  –  ата-аналардың 

басым  бөлігі  үшін  жаңа  құбылыс  әрі  шынайы 

революциялық  идея.  Шетелде  білім  алған, 

шетелде өмір сүріп келген ата-аналар осы идеяны 

толығымен қолдағаннан кейін 2005 жылдан бастап 

үйде  оқыту  бала  мен  ата-ананың  жеке  құқығы 

ретінде бекітілді.

Жаңа  заңға  сәйкес  ата-ана  өз  балаларын 

бастауыш  сыныпта  (1-5  сыныптар)  үйде  оқытуға 

құқылы.  Заң  жүзінде  балаларын  үйде  оқытатын 

ата-ананың  жоғары  білімін  растайтын  дипломы 

және  Мемлекеттік  педагогика-философиялық 

кеңес  бюросының  қолдау  қағазы  қажет.  Мұғалім-

ата-ана  балаларын  не  себепті  үйде  оқытқысы 

келетінін  түсіндіріп,  баланы  қанағаттанарлықтай 

оқу  аясымен  (тиісті  жиһаз,  қоршаған  орта,  бос 

орын  және  т.б.)  қамтамасыз  етулері  тиіс.  Бала 

ресми мектеп қабырғасында жылына кем дегенде 

екі емтихан тапсыруы қажет).

Аталмыш заң білім алу еркіндігін ұсынумен қатар, 

осы  еркіндікті  барынша  қадағалауға  ұмтылатын 

мемлекет мүддесі мен ата-ананың мәдениеттілігін 

және  қаржы  көлемін  де  ескереді.  Мемлекеттік 

қадағалау құзіреті бар Педагогика-философиялық 

кеңес  бюросының  емтиханынан  балаларымен 

қатар  ата-аналар  да  өтуі  тиіс.  Кей  ата-аналар 

қажетті сертификаттарды алу үшін бірнеше Кеңес 

бюросынан өтулері тиіс екендігін айтады.

Чех  үкіметі  жалпы  білім  беру  жүйесінен 

шығып  қалуды  алдын  алу  негізгі  қызметі  болып 

табылатын  Кеңес  бюроларын  үйде  оқыту 

арбитрі  етіп  тағайындауының  себебі  неде? 



 

ЧЕХ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ

 32


GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

Консервативті  мемлекеттік  қыызметкерлер  үйде 

оқыту идеясын қолдамайды, сондықтан тапсырыс 

берушілердің өтініштерін жеке атрибуттар негізінде 

қайтарады.  Шын  мәнінде  мәселенің  төркіні 

жүйелік  факторларда,  әсіресе  экономикалық 

ресурстардың 

жетіспеушілігінде. 

Бюджет 

тарапынан  қаржыландырылатын  мектептермен 



салыстырғанда, әрбір ата-ана баланың оқуы, кітабы 

және  субсидиялық  тамақтандырумен  қамтамасыз 

етуге шамасы келе бермейді, сондықтан үйде оқыту 

механизмін ауқатты отбасылар жиі қолданады. 

Чех  контексінде  білім  беру  жүйесінен  алыстау 

концептісі  –  саяси  және  мәдени  тұрғыдан  өте 

сезімтал мәселе. Бір жағынан революциядан кейінгі 

байлардың  даралығын  көрсететін  артықшылық 

ретінде  чех  мықтылары  мен  ауқаттылары  ғана 

пайдалана  алатын  үйде  жеке  оқыту  тәжірибесі 

болған. 1947 жылы коммунистік дәуір орнағаннан 

кейін бұл әлеуметтік тап өкілдері тарап кетті. Жаңа 

режимге  сай  сапалы  білім  алу  тегін  әрі  бәріне 

қолжетімді  болғандықтан,  коммунистік  дәуірде 

үйде оқыту қажеттілігі жоққа шығарылды.

Екінші  жағынан  коммунизм  кезінде  даралық  пен 

үйде оқыту мүлдем басқа мағынада қабылданды. 

Революциядан  кейін  білім  беру  жүйесі  біртектілік 

пен  әмбебаптыққа  баса  назар  аударғандықтан, 

өзгешелікке  жол  жоқ  болды.  Қабілеттері  ерекше, 

яғни  денсаулығы  немесе  жүйке  ақауы  бар 

балаларды  жалпы  мектептерге  жіберу  қиынға 

соқты.  Мұндай  «ерекше»  балаларға  арнайы 

мектептер  салынды  және  арнайы  мектептер 

жетіспеген жағдайда бала үйде оқиды.

Қазіргі  таңда  Білім  министрі  үйде  оқытуды 

бастауыштан  басқа  сыныптарда  қолданудың  кез 

келген мүмкіндігін шектеуде. Оның ойынша, қазіргі 

чех  қауымының  үйде  оқытуға  деген  екі  жақты 

көзқарасы  бар.  Дегенмен,  елдегі  орталықтандыру 

мен  либералдану  процесі  -  үйде  білім  алудың 

негізгі  білім  беру  жүйесіне  балама  болуға  заңды 

және  әлеуметтік  алғышарттардың  пайдаболуына 

жағдай жасп отыр. Қабылданған заң баламаға жол 

бергенімен,  бұл  мәселені  мемлекет  әлі  де  жария 

етпеуде.  Коммунистік  дәуірдегідей  мектептен  тыс 

оқу үкімет қаламайтын мемлекеттік қадағалаудың 

әлсізденуіне әкеледі деген үрей басым. Осылайша 

біз  қарама-қайшылыққа  тап  болдық:  бір  жағынан 

үкімет  үйде  білім  алу  үшін  жоғары  дәрежедегі 

қадағалау  саясатын  ұстанса,  үйде  оқытуды 

қадағалау  тетіктері  мектептен  тыс  оқытуға 

итермелейді. 

Хаттарды Ирена Каспароваға  <

irenakasparova@seznam.cz

> жолдауға болады




жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау