ЧЕХ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ
30
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
шыққан мигранттардың басым бөлігін құрайды. Жалпы,
Словакияда адам басына шаққанда үй шаруашылығына
көмектесушілер мигранттар саны дүние жүзі бойынша ең
көп. БАҚ үй шаруашылығына көмектесушінің жұмысын
көбінесе постсоциалистік өзгерістер қиындықтарына
төтеп беруге бағытталған экономикалық стратегия ретінде
сипаттайды. Әрине, үй шаруашылығына көмектесушілер
туралы Словакиялық БАҚ және күнделікті өмірдегі
талқылауда, көбінесе жастар арасында экономикалық
қиындықтар мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі,
сонымен қатар шет тілдерін және шетелде саяхат жасау
жоғары символдық мәні бар екенімен байланысты делінеді.
2004 және 2005 жылдары жүргізілген іштей бақылау
Лондонда
50
словакиялық
үй
шаруашылығына
көмектесушімен жүргізілген сұхбат нәтижесі бойынша,
олардың қоныс аудару себептері тек экономикалық
стратегия аясында емес екенін көрсетті. Қоныс аудару
туралы шешім олардың жұмыс істеп көп ақша табу
немесе ағылшын тілін үйренумен қатар, ата-аналары,
серіктестермен және достарымен жеке қарым-қатынасы
сияқты одан да маңызды мәселелермен де байланысты
болған. Егер бір респондент зауыттағы ауыр және
төмен жалақы төленетін жұмыстан шаршағандықтан үй
шаруашылығына көмектесуші болдым деп мәлімдесе, басқа
біреуі өз шешімін жақын досыммен ажырасып, енді онымен
бір ауылда тұра алмайтын болдым деп түсіндірген. Үй
шаруашылығына көмектесушілердің миграциясы түбегейлі
себептері экономикалық артықшылықта немесе болашақта
мүмкін болатын комодификациядан басқа күрделі және
тереңде деп білуіміз керек. Жалпы, респонденттердің
туған үйіндегі шектеулі және мән-мағынасы жоқ тіршіліктен
немесе романтикалық қатынастардың шегіне жеткенін
мойындаудың орнына, тіл үйренгеніміз келеді деулері
орынды.
Қоныс аударғанға дейін словак бала күтушілерінің
көпшілігі ата-аналарының үйінде тұрған. Олардың үй
шаруашылығына көмектесуші болып жұмыс жасауы
еркіндік алудың бір мүмкіндігі сияқты, шетелде жұмыс
істеуді олар ата-анадан еркін болып және өз отбасын
құрудың аралығындағы кезең деп есептейді. Сонымен
қатар олар шет елде жүріп жаңа өмір, рахат және жаңа
әсер аламыз деп ойлайды.
Үй шаруашылығына көмектесушілер үйлеріне ақша
салмайды, ақша жіберу оларға ешқашан міндетті болмаған.
Олардың табысы – «күнделікті ақша», яғни тек киім-кешек,
сыйлық және той-думанға жұмсалады. Сұралғандардың
көбі, бірақ басым көпшілігі емес, өздерінің табыстарын
болашаққа жинаудың немесе тіл үйренуге жұмсағанын
айтты.
Сұхбат барысында олардың көбі болашақта қаржыларына
сақ болу және ақшаларын сақтап қалу керектігін
атап, немесе өз уақыты мен экономикалық әлеуеттін
балаларына арнайтынын көрсеткен. Бірақ қазіргі кезде,
үй шаруашылығына көмектесушілерге уақыттарын көңілді
өткізу маңыздырақ, озық тұтыну мәдениетіндегі үлгілерді
игеруге ұмтылуда. Респонденттер осындай тәжірибелері
өздерін ата-аналарынан еркін сезініп, тек өздеріне
сеніп дамуға, өсуге мүмкіндік беретінін айтты. Зерттеу
кезінде көбінесе үй шаруашылығына көмектесушілер
өз жұмыстарын Чех Республикасында ерлерге міндетті
әскери қызметпен салыстырады. Көптеген әйелдерге үй
шаруашылығына көмектесуші қызметі олардың ересектер
өмірге өтуіне, еркін өмір сүре алатындарын көрсететінін
білдіреді.
Өмір мәнін осылай түсіну үй шаруашылығына
көмектесушінің қиын жағдайларды дұрыс қабылдау
үшін тиімді. Қабылдаушы отбасы мүшелерімен үй
шаруашылығына көмектесушінің заң талап ететін
тең дәрежедегі қарым-қатынасы билік ассиметриясы
жағдайында мүмкін емес. Шынында, маған ақпарат
бергендердің айтуынша, қабылдаушы сексен алты
отбасының
сексен
екісінде
үй
шаруашылығына
көмектесушіден артық сағат жұмыс істеуін талап еткен,
артық жұмыс сағаттарына ақша төлемеген немесе бос
уақыт бермей, тіл үйренуге жағдай жасамаған. Кейбір
үй шаруашылығына көмектесушілер өздері қарайтын
балалардың бөлмесінде немесе олармен бірге бір төсекте
жатқан.
Олардың иммиграциялық жағдайы және жұмыс істейтін
үйде тұратындары, ол үйде олар бір мезгілде қонақ
және уақытша отбасы мүшесі, жұмысшы және жұмысшы
емес болғандықтан, сонымен қатар тілді дұрыс білмеуі
жұмыс берушілермен еңбек пен демалыс шарттарын
анықтау келіссөздерінде ұтылып қалуға итермелейді. Үй
шаруашылығына көмектесушінің көпшілігі үшін қанаушы
мейірімсіз қабылдаушы отбасын тастап кету үш баламадан
– жаңа отбасын табу, Ұлыбританияда басқа жұмыс
табу немесе Словакияға қайту сияқты шешім жасауға
мәжбүрлейді.
Үй шаруашылығына көмектесуші қызметкерлер өздерін
жұмыс берушулер тым жиі жәбірлесе де немесе ашық
еңбекті қанау болса да сол отбасында қалуға шешім
қабылдайды. Кейбір респондеттер қабылдаушы отбасын
тастап кету үшін ақшалары жоқ немесе білім алу мен
жұмыс табу перспективалары жоқ десе, көбі өмірлік
қиындықтарға шыдап, қиындықтардан шығып кететіндерін
дәлелдеу керек екеніндерін айтты. Үй шаруашылығына
көмектесушілер көрсеткен еңбекті қанау жағдайлары, оған
төтеп беру қабілеттері, мигранттардың есейіп қиындық
көргенде ата-ананың ығына тығылудан бас тартқанын
көрсетеді. Бірақ үй шаруашылығына көмектесушілердің
теңсіздікке душар болуы, респонденттердің оған қарсы
тұру мүмкіндіктерін шектеп, олардың құқықсыз өмір сүруді
жалғастыра беруге себеп болуда.
Барлық хат-хабарды Сюзана Секеракова Бирюкова <
burikova@fss.muni.cz
>
жіберіңіздер