Бағдарламалу технологиясы


NET платформасының құрылымы



жүктеу 1,63 Mb.
бет7/73
Дата03.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#35497
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73
Ба?дарламалу технологиясы

1.4 .NET платформасының құрылымы

.NET платформасының идеясы - кез келген тілде жазылатын қосымшаларды дайындауға және орындауға арналған бірыңғай жүйені жасау.

Қосымшаларды жазу үшін NET платформасына бірнеше бағдарламалау тілдеріне арналған, Visual Studio.NET деп аталатын құру ортасы қосылды. Оның ішінде қосымша жобасының кодын енгізіп, түзету жасауға арналған мәтіндік редактор және жобаны жөндеу мен іске қосу құралдары, анықтама жүйесі, т.б. элементтері бар.

Әр түрлі бағдарламалау тілдері бойынша деректер типтерінің үйлесімділігі үшін .NET платформасы бағдарламалау тілінің әрбіріне типтердің ортақ жүйесін (Common Type System – CTS) – компьютер жадысында деректерді сақтаудың бірыңғай түрін талап етеді.

Қосымшалардың түрлі типті компьютерлерге тасымалдауды қамтамасыз ету үшін .NET платформасында біріңғай аралық компиляция тілі (Common Intermediate Language – CIL) қарастырылған. Оған платформаның кез келген тілінде жазылған қосымшалар түрлендіріледі.

Осы тілдің командалары нақты операциялық жүйеге, компьютер типіне, қосымша кодына тәуелді емес. CIL тіліндегі бағдарлама өз бетімен орындалмайды, ол кез келген компьютерге, кез келген операциялық жүйеге орнатуға болатын, жалпытілді орындау ортасы (Common Language Runtime,– CLR) деп аталатын жүйенің бақылауымен орындалады. Жалпытілді орындау ортасының CIL тіліндегі кодты нақты бір процессордың машиналық командасына аударатын JIT компиляторы бар.

JIT компилятордың атауы өз жұмысының принципін сипаттайды, яғни қосымшаның осы сәтте орындауды қажет ететін бөлігін ғана компиляциялау (just in time – дер кезінде).

.NET платформасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйелік көзқарас қолданылады - қосымша компиляциясы кезеңінде exe немесе dll кеңейтуі бар арнайы файл құрылады, яғни CIL тілінде коды және метадеректері бар құрылым. Пайдаланушы компьютерінде қауіпсіздік пен қосымшаны орнату мен өрбітудің жеңілдігін қамтамасыз ететін метадеректер құрастырудың аты мен нұсқасын, қосымшада қолданылатын объект туралы мәліметтер мен деректер типін, құрастыру тәуелді файлдар т.б. өзіне қосады.

Кез келген .NET. тілдерінде бағдарламалауда қолдануға болатын .NET платформасының үлкен кітапхана класы (Framework Class Library – қысқаша .NET Framework) бар.

Материал мазмұнында қосымша, жоба, бағдарлама терминдері жиі қолданылады. «Қосымша» терминін «бағдарлама» терминінің синонимі сияқты қабылдануы мүмкін. «Консоль» үшін құрылатын қосымшаларды бағдарламалар деп атаймыз. «Windows» (Windows- қосымшалар) үшін құрылатын бағдарламаларды қосымшалар деп атаймыз.

Зерттеу сатысындағы қосымша жоба деп аталады.


жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау