1.6 Жобаны жасау. Ортаның негізгі терезелері
Жобаны жасау үшін Visual Studio.NET ортасы іске қосылғаннан кейін, басты менюде File ->New -> Project командасын таңдау керек.
Ашылған диалогтық терезенің сол жағында Visual C# Windows тармағын, ал оң жағында Console Application тармағын таңдау керек.
Name өрісіне жоба атын жазуға болады, бірақ жобаның берілген атын қалдыруды ұсынамыз. Жобаның орналасу орны ретінде Location өрісінде (жобаның дискіде сақтау орны) компьютердің жұмыс орнын жазыңыз.
Берілген мәндер расталғаннан кейін ортада жоба берілген атаумен құрылады. Бағдарлама кодының үлгісі 1.1-суретінде көрсетілген.
1.1-сурет – Консольді қосымша жобасы құрылғанынан
кейінгі Microsoft Visual Studio ортасының үлгісі
1.1-суреттің жоғарғы бөлігінде бас меню (File, Edit, View режимдерімен, т.б.) және орта режимдерінің командаларын жылдам таңдауға арналған құрал-саймандар панелі орналасқан.
Экранның жоғарғы оң жағында жобаны басқару терезесі - Solution Explorer орналасқан (егер ол көрінбей тұрса, бас менюдің View -> Solution Explorer командасын пайдалану керек).
Терезеде жобаға қатысты барлық ресурстар жазылған, мысалы, System, System.Data, System.Xml атаулар кеңістігіне сілтемелер және т.б.
Экранның негізгі бөлігін редактор терезесі алып тұр, онда ортада автоматты түрде құрылған бағдарлама коды (мәтін) орналасқан. Бағдарлама коды үлгі ретінде құрылады, оған Сіз керекті жағдайда өз кодыңызды жаза аласыз.
Бағдарлама коды көрсетілген кезде оның әртүрлі құрамдас бөліктерінің түрлі-түсті түстері қолданылады. Қызметтік сөздерге (кодтың резервте сақтаулы сөздері) көк түс арналған. Түсініктеме сұр немесе қара жасыл түсте, ал қалған мәтін қара түсте көрсетіледі.
Мәтіннің сол жағында құрылым символдары орналасқан, ішінде минус немесе плюсы бар вертикаль сызықтар мен квадраттар қосылған. Егер минусы бар кез келген квадратты басса, онда сәйкес код фрагментін (блогын) «жинауға» болады, бұл ретте минус плюске ауысады. Егер плюс квадраты басылса, онда сәйкес код фрагменті (блогы) экранның сәйкес бөлігіне «жайылады». Ақпаратты көрсетудің осындай құрылымдары Windows жүйесінің бумаларын көрсету кезінде қолданылады және бағдарлама кодының керекті фрагментіне назар аударуға мүмкіндік береді.
Магнитті дискіде жобаны жазу үшін File->Save All команда тізбегін қолдану керек (көптеген дискеттер салынған құрал-саймандар панелінде). Редакцияланатын файлда өзгерістерді ғана сақтау үшін File->Save Program.cs командасын таңдауға немесе аспаптық панелінде бір дискета салынған батырманы басу керек.
Жобаны ашу үшін келесі File->Open Project команда тізбегін қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |