Мұғалім туралы мәлімет. - Аты-жөні
- Шотабаева Нұржамал Тұрсынбайқызы.
- Мектебі: С.Сейфуллин
- Туған жылы 20.10.1967ж.
- Білімі: Жоғары
- Пед.өтілі: 20 жыл
- Бітірген оқуы: КазПИ
- Мамандығы:
- География – Биология
- Біліктілігі: Жоғары
Әдістемелік тақырыбы: Дамыта оқыту арқылы оқушылардың өз бетінше ізденісін қалыптастыру. Өмірдегі ұстанымы: “Сабақ беру – үйреншікті жәй шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер” Ж.Аймауытов Сабақтың тақырыбы: Экология - өзекті мәселе Мақсаты: 1)Экология терминіне сипаттама беру. 2)Экологияның себеп – салдары. 3)Табиғат қорғауға бағыттау. Сабақтың типі: Жаңа білім беру әдісі: Жеке, топтық жұмыс. Көрнекілік: Сызба, суреттер т.б. Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 3)Оқушы білімін тексеру. А)Экология терминінің мағынысы неде? Б)Экологияның өзекті мәселеге айналу себептері. В)Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтарды білесің бе? 4)Сабақтың мақсатын қою. 5)Жаңа сабақ. Экологиялық мәселелер – ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтың өмірі туралы болып отыр. Ш.Айтматов. Табиғат дегеніміз – құбылыстар туралы білімдер негізі, ғылыми таным нысаны. Табиғатпен егесу, оған зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды. К.Д. Ушинский Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері 1. Аймақтың техногенді шөлейттенуі. 2. Топырақтың тозуы. 3. Су ресурстарының тартылуы. 4. Атмосфераның ластануы. 5. Ормандардың сиреуі. 6. Табиғаттың гинетикалық қорының бүлінуі. 7. Тіршілікке қауіп төндіретін қауіпті табиғат құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алуы. 8. Жинақталған улы қалдықтардың қоршаған ортаға терең зиянын тигізу. Табиғатты қорғау мәселесі күні бүгін ғана дүниеге келген жоқ. Соңғы кезде табиғи жайылымдар, шабындықтар көлемі азайып, жан – жануарлардың құрып бара жатқандығы белгілі. Табиғатты бақылау, зерттеу, оны қорғау, тексеру, оның сырын шешу, жалпы айтқанда, ғылымның көркі де сонда, ділі де, адамдардың өмірі де сонда. Ей, адамдар, Жер - Ей, адамдар, Жер
- сенің аяулы бесігің,
- Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.
- Онымен кіндіктес жаныңда, қаныңда,
- Жер жаһанды аялап алақанда
- Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,
- Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап.
- Бар тірлік тұрады
- бұл жерден жалын ап,
- Дүниеге Жер – ана қара шаңырақ.
“Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ“.Күллі тіршіліктің қоныс мекені, құт – берекесі – табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы. Қазақ халқының бар өмірі тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөліп, өздерін табиғаттың бөлінбес бөлшегі іспеттес көрді. Ата – бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалған қазақ жері үш нәубетті басынан кешті. 1. XVII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығының қырғыны. 2. 1930 – 1933 жж. Ашаршылық. 3. Осы заманғы экологиялық нәубет. Бүкіл жер шары, оның ішінде қазақ жері де экологиялық зардап шегіп отыр. “Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық ал, адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады. Гете “Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ”. Ш.Айтматов Табиғат қорғау шаралары: 1. Өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату. 2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану. 3. Өалдықсыз технологияға көшу. 4. Жерді биологиялық түрлерге пайдалану. 5. Флора мен фаунаның жойылып кетпеуін қадағалау. 6. Экологиялық білімді тереңдету. - Экологиялық
- білім мен
- тәрбие
5. Бекіту Табиғат қорғауға бағытталған шаралар. Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау шараларына көңіл бөлініп, әр аймақтың табиғи ерекшеліктерін сақтап қалуға үлкен мән беруде.1997 жылы 15 шілдеде “Қоршаған ортаны қорғау” туралы, 1997 жылы 6 тамызда “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар” туралы заңдар қабылданды және оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде. Айтпағым – үмітімді артып келіп, Ар – ождан түгел болса, тәртіп берік. Қарағым, далаңды сүй, жеріңді сүй, көзіңнің қарасынан артық көріп. К.Ахметова “Шүкір, жүзден шешен, мыңнан көсем шыққан халықпыз. Ең біріншісі, өлмес сөз қалды. Қазақ : “Атаң да қара жер, анаң да қара жер” дейді. Екіншісі – ұлы далаң бар. Ұға білген ұрпаққа өнеге болсын деп өсиетін, еме білген елге құт – берекең деп қасиетті жерін қалдырса, бабаларымыздан бұдан асқан мұра, бұдан артық байлық кімге керек” . Д.А. Қонаев 7.Қорытынды. 8.Үйге тапсырма. “Табиғат – туған үйің” реферат.
Достарыңызбен бөлісу: |