TYPE символдық типтің аты= String [айнымалының символ саны];
VAR символдық айнымалы аты: типтің аты;
немесе
VAR символдық айнымалы аты: string;
Мысал: 1) type в1= string [6];
в2= string;
var a1:в1; а2:в2;
2) var х: string [10];
y: string;
String сөзінен кейін символ саны көрсетілмесе, ол айнымалыға жадыдан 255 орын бөлінеді.
Символдық айнымалыларға стандарт функциялар және процедуралар қолданылады.
Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары
Length (a) – функциясы а символдық айнымалының ұзындығын табады. Функция нәтижесінде бүтін типті сан шығады.
мысал: var a,b: string [10];
begin
a:='кітап';
b:= '513?.abc,2';
k:= length (a); writeln (‘a жолының ұзындығы=', к);
writeln ('b жолының ұзындығы=', length (b))
end.
Concat (a1, a2)- функциясы а1 және а2 жолдық айнымалыларды біріктіреді. (concat- конкатенация- біріктіру). Функция нәтижесінде жолдық айнымалы шығады.
Мысал: a1:='қалам';
а2:='can';
b :=concat (a1, a2);
writeln (b);
Программаның орындалу нәтижесінде “қаламсап” сөзі шығады. Екі жолды біріктіру үшін “+” таңбасын да қолдануға болады.
Мысал: a1:='информатика';
b :='ғылымы';
writeln (а+b);
Copy (a, n, k)- функциясы а жолының n-ші символынан бастап к символ көшіріп (немесе қиып) алады.
Мысал: copy ('қаламсап', 3, 2)→ 'ла'
copy ('кітап', 1, 1)→ 'к'
Pos (a1, a2)- функциясы а2 жолындағы а1 ішкі жолының басталу позициясын көрсетеді, егер а2 жолында а1 жолы жоқ болса, онда функция мәні 0-ге тең болады.
Мысал: pos ('кa', 'информатика')→ 10
pos ('тa', 'информатика')→ 0
pos ('cd', 'abcdcdrf')→ 3
Әрбір символға компьютерде 0 мен 255 аралығындағы бүтін санды код сәйкес келеді. Символдар кодының кең тараған түрі ASCII коды. (American Standard Code for Information Interchange- ақпарат алмасу үшін арналған Америкалық кодтар стандарты ). ASCII- де символдардың коды 32-ден басталады. 0-ден 32-ге дейінгі компьютердің ақпаратпен түрлі жұмыс істеуіне арналған басқарушы кодтар.
Есептер шығаруда төменгі кодтар жиі қолданылады:
48-ден 57-ге дейін- 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар коды.
65-тен 90-ға дейін- латынның бас әріптері (A-65, B-66 т.c.c)
97-ден 122-ге дейін- латынның кіші әріптері (a-97, b-98 т.c.c)
128-ден 159-ға дейін- орыс алфавитінің бас әріптері (А-128, В-129 т.с.с)
160-тан 175-ке дейін және - орыс алфавитінің кіші әріптері
224-тен 239-ға дейін
TAB пернесінің коды-9, ESC-27, бос орын пернесі-32, нүкте-46, үтір-44, сұрақ белгісі-63 т.с.с.
Паскаль тілінде символдың ASCII кодтар кестесіне сәйкес кодын анықтайтын және оған керісінше, 0-ден 255-ке дейінгі бүтін санды кодқа сәйкес символды беретін 2 қарама-қарсы стандарт функциялар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |