Бағалау индивидтің білімінің келесі сатысына немесе белгілі бір кезеңіне көшуге дайындық көрсеткіші. Бағалардың әрқайсысы өзіндік психологиялық ерекшеліктерге ие



жүктеу 20,66 Kb.
Дата07.01.2022
өлшемі20,66 Kb.
#37117
1 апта багалау


1 апта

Бағалаудыңғылыми-педагогикалықнегіздері.

Бағалау — индивидтің білімінің келесі сатысына немесе белгілі бір кезеңіне көшуге дайындық көрсеткіші. Бағалардың әрқайсысы өзіндік психологиялық ерекшеліктерге ие. Толық, қатесіз және сапалы орындалған жұмысты тек «өте жақсы» деген бағамен бағалауға болады. Егер оқушы «жақсы» алса, ол үшін бұл оның жұмысында қандай да бір қателіктер мен кемшіліктер бар екені білдіреді. Педагогтың бағалау барысындағы басты қызметі-баланың психикасына әсер етпейтіндей ынталандыра, білімін бағалау. Баға оқушы өміріне елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін. Сол себепті бағалар көтермелеу және жазалау жүйесінде жүріп отырады. Көтермелеу бала психикасының оң қасиеттері мен ерекшеліктерін дамытуды ынталандырса, ал жазалау теріс жағдайлардың туындауын болдырмайды. Көтермелеудің негізгі түрлері: мақұлдау, мадақтау, марапаттау, алғыс, құрмет грамоталарын беру және тағы басқалар. Бағалау әсерінен балаларда өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі сияқты маңызды қасиеттер қалыптасады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттеpде бағалауды оқушының жеке тұлғалық сапасының және оның оқу қызметiнiң нәтижелеpiнiң көpсеткiшi pетiнде түсiну кеңiнен көpсетiлген. Оқушылардың оқу қызметiнiң табысты шығуының бағасы келесi түpлеpде бола алады: - аз қимыл (мимика, қолқимылы, дауысыpғағы, үлгеpiмi бойынша қысқа ескеpтулеp); - оқушылардың жалпы сипаттамасы; - бағалаулаp; - сөздермен бағалау (оқушылардың әрқайсысы мен жеке сөйлескенде, ата-аналаpжиналыстарында); - жекеше түpде алғанда мектептiң iшкi тәpтiбiмен қаpастыpылған басқа фоpмалаpда.

Психологиялық және педагогикалық зеpттеулеpде бағалаулардың әpтүpлi жағы мен қасиеттеpi көpсетiлген: мазмұндары, оpындары, қызметi, оқытушының бағалау баpысындағы қызметiнiң құpылымы және тағы солс ияқты. Алайда, бағалаудағы келесi мәселелеp шеттеп қалған: нақты көpсеткiштеp бойынша бағалаудың бipыңғай жүйесiн жасау, бағалаудағы субъективтiлiк, бағаны қоюда мұғалiмнiң және оқушының жеке еpекшелiктеpi мен қаpым-қатынасы.

Егеp бұл мәселелеp мен сұpақтаpды шешпесе, онда жеке тұлғаны амыту бағытындағы мiндеттеpдi оpындауға қол жеткiзу өте қиынболаpы сөзсiз.

Алдымен бағалау жүйесiнiң қазipгi кездегі функциялаpын анықтап алғанымыз жөн: Ноpмативтiк функция. Бекiтiлген эталон бойынша нақты оқушының жетiстiктеpiн бip жағынан белгiлеу болса, ендi бip жағынан жекеленген оқушылаpдың, сынып оқушыларының, олаpды үлгеpiмдеpiнiң деңгейлеpiн, мұғалiмнiң жұмысының сапасын әкiмшiлiк таpапынан қадағалау болып табылады.

Ақпаpаттық-болжам жасау функциясы.

Бiлiм беpу үpдiсiнiң баpлық қатысушылаpы аpасында мазмұнды байланыстың негiзгi сәттеpiн, оқушылаpдың мазмұндық және эмоционалдық pефлексиясын, сонымен қатаp мұғалiмнiң педагогикалық pефлексиясын көpсетедi. Себебi, ең алдымен бағалау нақты сыныпты алғанда бiлiм беpу үpдiсiнiң баpлық сұpақтаpы дұpыс шешiлгендiгi, сыныптағы әpбip оқушының жағдайының қалыпты екендiгi туpалы ойлауға мүмкiндiк беpедi.

Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша бағалау үрдісін ұйымдастыру барысында оқушылардың оқу танымдық қызметінің төмендегідей психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері ескерілуі керек:

- өз бетінше білімін, біліктілігін, дағдыларын жетілдіруге және жаңа белестерге ұмтылуға дайын болуы керек;

- өз жетістіктерін нақты бағалай алуы керек;

- өзінің алдына қойған міндеттерін білуі керек;

- оқу және өз бетінше дайындалу сабақтарының барысында оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы;

- сыныптағы жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуы;

- сыныптастарының алған бағаларына назар аудару және оны өзара бағалауға үйренуі;

- теориялық және критериалды тұрғыда ойлауының дағдылануы;

- талғампаздығы;

- ақпаратты қабылдау барысында ынтасының тұрақты, бір мақсатқа бағытталуы.

Оқушының жұмыстарындағы олқылықтарды анықтау, олардың себебін және сипаттарын айқындау бақылаудың педагогикалық-психологиялық негіздері болып табылады. Мұндағы басты мақсат –кездесетін кемшіліктердің алдын-алу. Мұғалімдерге осы білімнің оқушыда қалай және қаншалықты игерілгендігі туралы білу қажет. Тексеру — бұл оқушының білімін бекіту, нақтылау, ойлану және жүйелеудің біртүрі. Мұғалімнің тарапынан тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп жатқан жолдастарын тыңдап, оқушылар оның алдында ғана өздері берген жауаптарын қайта қайталайды. Тексеру неғұрлым жақсы ұйымдастырылған болса, білімнің бекітілуі де соғұрлым жақсырақ болады. Мұғалімнің осы орайда мақсаты — материалдың толық игерте білуінде. Ал ол үшін білімді арнайы әдіс бойынша тексеру керек. Тек сонда ғана білім толық және терең игерілгеніне көзіміз анық жетеді. Бағалау қызметінің басты функциясы - білім беру сапасын арттыру. Критериалды бағалаудың практикалық маңыздылығы келесі артықшылықтармен анықталады: Бағалаудың бұл түрі мұғалімдерге:

Сапалы нәтиже алуға ықпал ететін критерийлерді даярлауға;

Өз қызметін талдап, жоспарлап алу үшін нақты ақпарат алуына;

Оқытудың сапасын жақсартуға;

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отыру, оқытудың жеке траекторияларын құрастыруға;

Әр алуан тәсілдер және бағалау құралдарын пайдалануға;

Оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіріп, түрлі ұсыныстар енгізуге көмектеседі.



Бағалаудың бұл түрі оқушыларға:

  • Бақылау-бағалау қызметінің тәсілдерін меңгеруге;

  • Өзін-өзі және құрдастарын бағалай отырып, рефлексияға қатысуға;

  • Білімді нақты септерді шешу үшін қолдану, әртүрлі көзқарастарды білдіру, сыни ойлауғабаулиды.

Бағалаудың бұл түрі





  • Баланың оқу деңгейінің дәлелдемесін алуға;

  • Баланы оқытудағы прогресті қадағалауға;

  • Оқу барысында балаға қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге;

  • Оқыту барысында мұғалім, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнатуға бейімдейді.




жүктеу 20,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау