Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет23/39
Дата25.05.2018
өлшемі5,25 Kb.
#17607
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39

 
52 
2.  Ақпаратты  өңдеудің  концептуалды  және  конкретті  түрлері  арасындағы 
айырмашылықты дәлелдеп көрсетіңіз. 
3. Адамның реакциясына қандай факторлар әсер етеді? 
4. Реакцияны сүзудің 6 типін анықтаңыз. 
5.  Топта  сізге  реакция  мен  ақпаратты  өңдеудің  қандай  түрі  тән  екенін 
анықтаңыз. 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
Ұсынылған әдебиетті оқыңыз. Сырттан келетін ақпаратқа деген реакцияңызды 
және оның өңделуінің жүзеге асу жолдарын анықтаңыз. 
 
32 тапсырма 
1. Интуиция, тәжірибе және әдет арасындағы байланысты анықтаңыз. 
2. «Абдукция, дедукция, индукция» сөздерінің мәндерін анықтаңыз. 
3. Аударманың деңгейлерінің ретін анықтаңыз. 
4. Аналитикалық жұмыстың негізгі қағидалары жайлы айтыңыз. 
5. Аударма үрдісінде пайда болатын ретикулярлы белсендіру дегеніміз не? 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
Ұсынылған  әдебиетті  оқыңыз.  Өзіңіздің  аударма  үрдісін  жүзеге  асыру 
әрекетіңізді талдап, аударма ісіне кіріспе пәні ұсынатын аударма деңгейлерімен 
салыстырыңыз. 
 
33 тапсырма 
1. Аудармашының жұмыс орны қалай жабдықталуы керек? 
2. ТМ категориясындағы аудармалардың қандай жинағыштарын білесіз? 
3. Аударма ісінде қандай ақпаратты технологиялар қолданылады? 
4. Аудармашыға көмек ретінде қандай интернет ресурстар ұсынылған? 
5. Сіз қандай аударма жинағыштарын қолданасыз? 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
Ұсынылған  әдебиетті  оқыңыз.  Аудармада  ақпаратты  технологиялар  мен 
жинағыштарды қолдану тәжірибеңізбен бөлісіңіз. 
 
34 тапсырма 
1.  Қазақстан  мен  ШТ  елдерінде  қандай  аударма  бойынша  білім  беретін 
мекемелер бар? 
2. Аудармаға регламент жасайтын заңдар туралы не білесіз. 
3.  Сіздің  аудармашылар  ұйымдры  шығарған  этикалық  ұстанымдар  туралы 
ақпаратыңыз. 
4.  Сіздің  болашақ  аудармашы  ретіндегі  өзіңіздің  білім  беру  мекемеңіз 
жайлы ойыңыз. 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
Ұсынылған  әдебиетті  оқыңыз.    Қазақстан,  Ресей  және  ШТЕ-деріндегі  білім 
беру мекемелері жайлы ақпаратты табыңыз. 
 
35 тапсырма 
1. Аудармашылардың ұйымдары туралы не білесіз. 


 
53 
2.  Неліктен  аудармашылар  түрлі  қоғамдық  топтардың  өкілдері  болып 
табылады. 
3.  Мәдениетаралық  қарым-қатынас  аясындағы  «Нарықтық  жағдай» 
ұғымына не кіреді? 
4. Шетелдегі қандай аудармашылар ұйымдарын білесіз? 
5. Өз еліңізде қандай кәсіби ұйымдарды білесіз? 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
Ұсынылған әдебиетті оқыңыз. Қазақстан, Ресей және ШТЕ-дерінлегі білім беру 
мекемелері жайлы ақпаратты интернетте іздеп табыңыз. 
 
36 тапсырма 
1.  Сіздің  мемлекет,  аудан,  жергілікті  халықтың  (жынысы,  білім  деңгейі, 
нәсіл,  т.б.)  қандай  ерекшеліктері  бар  екенін  атаңыз.  Ал  көршілес  бағанаға 
тапсырыс  берушінің  ойынша  идеалды  болып  табылатын  аудармашының 
қасиеттерін  тізіп  жазыңыз:  аудармашыны  тапсырыс  беруші  алдында  «жақсы» 
не  «сенімді»  ететін  қасиеттер.  Ал  енді  қарама-қайшылықтар  –  Сіз  сияқты 
тұлғаларды  аудармашы  орнына  «сәйкес  емес»    ететін  қасиеттер  –  және 
аудармашы болғысы келетін адамдарда қандай өзгерістер дамыту керек екенін, 
немесе аудармаға деген қоғамдық көзқарастың өзгеруін талдаңыз. 
2.  Белгілі  бір  уақытқа  дейін  мәтінді  олардың  бастықтарының  ана  тіліне 
аударуды  керек  ететін  үлкен  халықаралық  корпорацияда  орын  алған  көріністі 
бейнелеңіз.  Әңгіме  етушілер  қандай  критерийлерді  алға  ұстап  талдау  керек? 
Негізгі  сұрақтар  легі  қандай?  Аса  үлкен  қиындық  туғызатын  не?  Аудармаға 
сырттан көз салуға ден қойыңыз. 
3.  Кішкене  топтарға  бөлініп  өзіңіз  елестете  алатын  аударма  тұтынушылар 
типтерінің ең максималды санын сипаттаңыз. Содан соң олардың әрқайсысына 
ұнауы мүмкін мәтінге сенімділік типін анықтаңыз: «жақсы» аударма болу үшін 
олар нені талап етеді. 
4.  3  адамнан  тұратын  топтарға  бөлініңіз:  шетел  тілде  сөйлейтін  адам, 
аударма тілінде сөйлейтін адам және аудармашы. Келесі бағыттар бойынша бір 
шешімге  клуге  тырысыңыз:  (а)  аудармаға  кім  тапсырыс  береді:  шетел  тілінің 
адамы, аударма тілдің өкілі немесе екеуі де (аударма кімге үлкен табыс әкелуі 
мүмкін?  Қатысушылардың  қайсысы  екіншісінен  билігі  жоғарырақ?)  және  (б) 
аудармашы  еңбегіне  тиесілі  қанша  ақша  бар  (осындай  көлемдегі  төлем  үшін 
аудармашы бұл жұмысты істеуге бара ма?). 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
Ұсынылған  әдебиетпен  танысыңыз.  Аударма  мәселелеріне  қатысты  интернет-
қорларындағы  материалдарды қолданыңыз. 
 
37 тапсырма 
1. Жаңа  сөздің  аудармасын  немесе  мағынасын  ұзақ  уақытты  еске  сақтауға 
тырысып, декларативті және үрдісті ес арасындағы айырмашылықты зерттеңіз. 
Сөздікте  өзіңіз  бұрын  көрмеген  бір  сөзді  тауып,  оның  мақаласын  оқып  еске 
сақтап  алыңыз.  Бірнеше  минуттан  соң,  ойша,  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  
еске  сақтап  қойғаныңызды  шығарыңыз.  Енді  осы  жайтты  өзіңіздің  үрдісті 


 
54 
есіңізбен, мысалға үйден сабаққа немесе керісінше жету жолын «үйден сабаққа 
жету жолы» аудармасымен салыстырыңыз. Негізгі айырмашылықтар қандай? 
2.  Белгілі  бір  қарапайым  үрдісті  мысалға  таңдап  (бауды  байлау,  апельсин 
қабығын  тазалау,  тісті  тазалау,  төсек  жинау),  «педагог  жарысын» 
ұйымдастырыңыз: әрбір қатысушы оқытудың өз әдісін таңдайды(дәріс, топтық 
жұмыс, практикалық жаттығулар, үрдісті жазбаша аудару, бейнелеу және т.б.), 
ал қалғандары жеңгендерді, «педагогты», екінші орынды анықтайды. Содан соң 
берген  дауыстарды  талқыға  салады.  Мысалға,  неліктен  бұл  педагогты  емес, 
басқасын  таңдады:  себебі  ол  көп  білім  бере  алды  немесе  ол  басқаларға 
қарағанды қызықтау – осы екі қасиеттер бір-бірімен үнемі келіспеушілікте бола 
ма? 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
Ұсынылған  әдебиетпен  танысыңыз.  Аударма  мәселелеріне  қатысты  интернет-
қорларындағы  материалдарды қолданыңыз. 
 
38 тапсырма 
1.  Аудармашыға  өзі  білмейтін  жазу  бағытында  аударуға  қаншалықты  ерік 
берілу  мүмкін?  Бұл  сұрақ  аударманың  қаншалықты  сәтті  екеніне  байланысты 
ма  немесе  бұл  алынған  аударма  сапасымен  тікелей  қатысы  жоқ  этикалық 
мәселе болып табыла ма? Аударманың сәтті жасалуын кім анықтай алады? 
2.  Өмірлік  тәжірибеге,  қарапайым  күнделікті  жағдайларға  негізделген 
ұғымдарды түсіну оңай екені шындыққа жанаса ма? Жауапты дәлелдеңіз. 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  Әрдайым 
жаңартылып  отыратын  және  аудармашының  тәжірибесін  толықтыра  түсетін 
аударма  мәселелерін  шешуге  арналған  интернеттен  алынған  материалдар  өте 
жақсы көмек болып табылады. 
 
39 тапсырма 
1.  Аудару  үшін  кез  келген  мәтінді  таңдап  алып,  онымен  келесі 
жаттуғыларды орындаңыз: 
(а) Пайдалы сөздерді талқылап, осы мәтінмен жұмыс істеңіз. 
(б) Мәтінде жазылғанды сурет ретінде қағазға түсіріңіз. 
(в) Мәтіндегі сипатталатын заттардың бәрін керекті дыбыс шығару арқылы 
бейнелеңіз.  Содан  соң  төмендегі  көрсетілген  әдістердің  біреуін  пайдалана 
отырып, мәтіннің бөліктерін аударыңыз: 
(г)  Жарнамалық  өлең  шығарыңыз.  Музыкалық  стильді  өз  қалауыңыз 
бойынша  ойластырыңыз:  халық  әндері,  рок,  рэп,  r'n'b  және  т.б.  Бұл  өлеңді 
сабақта  орындап,  өзіңіздің  таңдаған  тәсіліңізді  түсіндіріңіз.  Музыканың 
аударма үрдісіне әсерін сипаттап беріңіз. 
(д)  Кадр  сыртындағы  комментатор  үшін  мәтін  шығарыңыз.  Осы  мәтінді 
комментатор  дауысымен  айтып,  сіздің  бұл  мәтінді  аударуға  осы  үрдіс 
барысында оны кадр сыртында екенін ойлағаныңыз қалай әсер етті. 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
Ұсынылған  әдебиетпен  танысыңыз.  Аударма  мәселелеріне  қатысты  интернет-
қорларындағы  материалдарды қолданыңыз. 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау