Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет20/39
Дата25.05.2018
өлшемі5,25 Kb.
#17607
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39

 
44 
 
19 Нәзира аудармасы 
1. Шығыс әдебиетінен енген нәзира дәстүрі. 
2. Абайдың «Ескендірнама» дастаны. 
3. Шәкәрімнің «Ләйлі – Мәжнүн» дастаны. 
 
20 Аударма өнеріндегі көркемдік шеберлік 
1. Абай  шығармашылығындағы  аудармаларының  алатын  орны  мен  аудару 
шеберлігі. 
2. Шәкәрім аудармашылығындағы шеберлік сипаттарының көрінісі. 
 
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары 
         
1 тапсырма  
Өз  қалаларыңдағы  аудармашылар  туралы  мәлімет.  Олармен  танысып, 
қарым-қатынас жасау. 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  Өзіңіз 
қалаған мамандық өкілімен танысқалы отырсыз. Аудармашы қай салада жұмыс 
істейді,  сол  саладан  қандай  мәліметіңіз  бар  және  әңгімені  қалайша  құрастыру 
керектігін ойлап шығыңыз. Каталог және әдебиеттен ізденіс жасаңыз. 
 
2 тапсырма  
Аудармашы  мен  іскерлік  қарым-қатынас  жасау.  Аударма  қызметінде 
аудармашы қандай қиыншылықтарды кездестіріп, қалайша шешкен екен?  
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  кездесу 
туралы  ақпарат  дайындаңыз  және  топ  арасында  ең  қызықты,  мазмұнды 
жағдайларға назар аударыңыз. 
 
3 тапсырма  
Аудармашы  мамандығы  туралы  реферат  дайындаңыз.  Аудармашы  мен 
кездесуден алған ақпаратты теория материалдарын қосыңыз.  
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  осы 
тақырып бойынша анықтама әдебиетке назар аударыңыз. 
 
4 тапсырма  
Екеу  болып,  топқа  бөлініп,  теориялық  негізін  қолдап  іліспелі  аударманы 
тәжірибелік  ретінде  көрсетіңіздер.  Ол  үшін  орыс  тіліндегі  мәтінді 
қолданыңыздар.   
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: үйде орыс  
тілі мағлұматтарын үлгі ретінде алыңыздар. Осы тақырыпқа арналған әдебиетке 
назар аударыңыздар. 
 
 
 
 


 
45 
5 тапсырма  
Теориялық  мағлұматтың  негізі  бойынша,  синхрондық  аудармамен  жұмыс 
істеуді  тәжірибелік  ретінде  көрсетіңіз.  Мағлұматтың  не  ана  тілінде,  не  негізгі 
ағылшын тіліне байланысты болсын.  
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  мәтінді 
тасқақпаға  жазып  алыңыз.  Жазуыңызды  керек  кездерінде  сөндіріп  отырып 
(аударатыныңыз  сөйлем  бе  әлде  қайырма  ма),  керекті  қарқын  бойынша 
аударуға тырысыңыз.  
 
6 тапсырма  
Интернет арқылы жазбаша аударма туралы қосымша мәлімет іздеу. Керекті 
ақпаратты дайындау.  
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар: 
интернеттен  жазбаша  аударма  туралы  қызықты  ақпаратты  дайындап,  топты 
таныстыру.  Бұл  аударма  бойынша  мағлұматтарды  аудармашылардың 
тәжірибесінен іздеп табуға болады.  
 
7 тапсырма  
Ауызша және жазбаша аудармалардың этаптарындағы  айырмашылықтары 
туралы материал жинау.  Керекті ақпаратты дайындау. 
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: анықтама 
әдебиетін қарап шығыңыз. 
 
8 тапсырма  
Мына  аударма  тәсілдеріне  анықтама  беру:  транскрипция,  калкілеу, 
транслитерация. Сөз тіркесін аудару.  
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: анықтама 
әдебиетін қарап шығыңыз. 
 
9 тапсырма  
Грамматикалық  өзгерістің  түр-түрін  білу.  Олар:  жекеше,  көпше  түрлердің 
ауысуы,  сөз  жасамасын,  сөйлем  мүшелерін  ауыстыру,  сөйлемдерді  синтаксис 
жағынан келістіру, сөйлемдерді бөлу, қосу, олардың түрлерін өзгерту.  
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: анықтама 
әдебиетін қарап шығыңыз. 
 
11 тапсырма  
Аударма  ережелерін  біліп-тану.  Олар:  контекстің  ауыстыруларды  құру, 
қосылулар,  сөздерді  аудармай  түсіре  салу,  конкретизация,  генерализация, 
компенсация, сөздің мағыналық дамуы. 
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: анықтама 
әдебиетін қарап шығыңыз. 
 
12 тапсырма 


 
46 
Аудармашының  кәсіби  этикасы  туралы  өз  көзқарастарынды  жазыңдар. 
Аудармашы  мен  тапсырыс  берушінің  қарым-қатынасы  қандай  болу  керек? 
Болашақ аудармашы туралы ой-пікіріңізді айтыңыз. 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  Дуглас 
Робинсонның «Как стать переводчиком» атты шығармасын қарап шығыңдар. 
 
       
 
 13 тапсырма 
      Болашақ  аудармашыға  арналған  ұсыныстарды  қалыптастыру.  Хаттамалық 
кездесулерге  арналған  мағлұмат  жинастыру.  Осындай  кездесулердегі 
аудармашының орны мен рөлі. 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  Интернеттен 
ізденіс жасау керек.  
 
14 тапсырма 
Өзіңіз аударатын жылдамдықты  анықтаңыз. Бірінші 5 минут ішінде 10 сөз 
аударыңыз, содан соң 5 минут ішінде 20 сөз аударыңыз, 30,40,50 және одан әрі. 
Уақыт аралығы барлық кезде бес минутты құрау керек, ал сөз санын әр жолы 
10-ға арттырыңыз. Теңбе-тең қалыпта жұмыс істеуге тырысыңыз: 10 сөз аудара 
отырып,  бірінші  минутта  екі  сөз  аударуға  тырысыңыз,  келесіде  –  тағы  да  екі 
және одан әрі, 100 сөз аудара отырып, әр минутта 20 сөз аударуға тырысыңыз. 
Жылдамдықтың  артуына  байланысты  өз  сезінулеріңізді  қадағалаңыз:  сізге 
қандай  жылдамдық  неғұрлым  қолайлы?  Сізге  ақырын  аударған  ұнай  ма? 
Орташа  жылдамдықпен  бе?  Тез  бе?  Сізге  жылдамдық  қолайсыз  болған  кезде, 
тоқтаңыз.  Ойланып,  талқылаңыз:  бұл  тесттің  көрсеткіші  сіздің  аударма 
жылдамдығына деген қатынасыңызды анықтайды. 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  Аталған 
сұрақтарға байланысты біліміңізді толықтырып, кеңейту үшін мына ұсынылған 
әдебиеттерді қолданыңыз. 
 
15 тапсырма 
Аудармашы  этикасы  оның  жұмысына  тереңірек  қарау  және  тапсырыс 
берушінің  көзқарасымен  санасу  деп  есептеледі.  Мысалы,  көпшіліктің  ойынша 
оның  аударма  жасағандағы    негізгі  мақсаты  -  дәлдікке  жету,  және 
аудармашының  өз  ойын  қосуға  құқығы  жоқ,    тек  ең  маңыздысы  -  дұрыс 
аударылған  мәтін  болуы  тиіс.  Тағы  да  қандай  этикалық  ойларды  есепке 
алуымыз  қажет?  Аудармашыға  өз  ойын  ашық  жеткізуге  тыйым  салуға,өзінің 
ұнайтын  немесе  ұнамайтын  нәрселерді,  энтузиазм  мен  көңілсіздікті  білдіруге 
тыйым салуға бола ма? Осы айтылғандармен бірге кәсіби этиканы сақтау мен 
тапсырыс берушіні қанағаттандыруда қандай әрекет жасауға болады? 
Өзіндік  жұмыстарды  орындауға  қажет  әдістемелік  нұсқаулар:  Өзіңіз 
тұаратын  жерлеріңіздегі  аудармашылар  мекемесі  туралы  информация  тауып, 
аударма жүйесіндегі баға саясаты мен аудармашылар кез болатын мәселелерді 
талқылаңыздар. 
 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау