1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы
А.Б. Барсақбаева
АУДАРМА НЕГІЗДЕРІ
Оқу-әдістемелік құрал
Қостанай, 2017
2
ӘОЖ 81
25
КБЖ 81.63.24-7
Б25
Рецензенттер:
Безаубекова Алмагүл Даненқызы – филология ғылымдарының кандидаты,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шетел тілдері кафедрасының
доценті
Қайыпбаева Айжамал Қайыпбайқызы – филология ғылымдарының кандидаты,
тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті
Досова Алма Төлегенқызы – филология ғылымдарының кандидаты, тіл және
әдебиет теориясы кафедрасының доценті
Авторы:
Барсакбаева Анар Болатқызы – филология магистрі, аға оқытушы
Барсакбаева А.Б.
Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А.Б. Барсақбаева. Қостанай,
2017. – 108 б.
ISBN 978-601-7933-32-6
Оқу-әдістемелік құралда аударма негіздері, аударма барысында
қолданылатын тәсілдер, аударманың грамматикалық, лексикалық және
стилистикалық ерекшеліктері қарастырылған дәрістер жинақталып, өздігінен
орындауға арналған тапсырмалар берілген.
Бұл оқу-әдістемелік құрал «Аударма ісі» траекториясы бойынша білім
алушы 5В020500-Филология мамандығының жоғарғы курс студенттеріне
арналған.
ӘОЖ 81
25
КБЖ 81.63.24-7
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi Оқу-
әдiстемелiк кеңесiмен бекiтіліп баспаға ұсынылған, хаттама № 4 14 маусым
2017 ж.
ISBN 978-601-7933-32-6
© Барсақбаева А.Б., 2017
3
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................... 4
1 Аудармашының кәсіптік қызметінің негіздері................................................ 5
1.1 Аударма ісі мамандығы............................................................................... 5
1.2 Аударма түрлері........................................................................................... 7
1.3 Жазбаша аудару............................................................................................ 9
1.4 Ауызша және жазбаша аудару арасындағы айырмашылықтар.
Парақтан аудару.................................................................................................
11
1.5 Аудармашының кәсіби этикасы.................................................................. 13
1.6 Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес........................ 15
2 Әдеби аударма негіздері..................................................................................... 16
2.1 Әдеби аударма ғылымының теориясы мен тарихы................................. 16
2.2 Әдеби аударма ғылымы және оның тарихы.............................................. 20
2.3 Әдеби аударма түрлері және оның өзіне тән ерекшеліктері.................... 22
2.4 Жанр және аударма..................................................................................... 24
2.5 Әдеби аударма бірліктері............................................................................ 27
2.6 Ұлттық-мәдени ерекшелік және әдеби аударма....................................... 29
2.7 Стиль және аударма..................................................................................... 31
2.8 Сюжет және аударма. Ырғақ және аударма............................................... 33
2.9 Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы....
35
2.10 Шетел әдебиеті қазақ аудармаларында................................................
38
Практикалық сабақтарда қарастырылатын тақырыптар.................................... 41
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары...................... 44
Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары....................................................... 55
Қолданылған әдебиеттер тізімі ............................................................................ 69
Қосымшалар............................................................................................................ 70
4
Кіріспе
«Аударматанудың негіздері» пәні – таңдау компоненттегі базалық пән. Бұл
курста аударматану ғылымының теориялық мәселелері, аударма жасаудың
техникасы, әдіс-тәсілдері мен аудармаға және аудармашыға қойылатын
талаптар, аударма саласының жанрлық түрлері қарастырылады.
Пәнді оқу барысында білім алушылар аударғалы жатқан материалдағы
сөздін мағынасын түсініп, лексика және грамматикалық талаптарын білуі керек.
Пәндегі ұғымдар мен категорияларды жан-жақты терең қамти отырып, бастысы
екі немесе бірнеше тілдерге еркін аударма жасай білуі тиіс. Студенттер
аударма туралы ғылымның осы күнгі жағдайын, аударма қызметінің негізгі
концепцияларын, түрлі аударма тип пен формаларының ерекшеліктерін,
аударманың
негізгі
лексика-фразеологиялық,
грамматикалық
және
стилистикалық мәселелерін игеруі керек. Бірнеше тілдерге аудара білу, аударма
кезінде мәтіннің мән-мағынасын ашып, соны жеткізетіндей, алған білімдерін іс
жүзінде асыратындай дағдысы болуы керек. Ғылыми ойларды, концпециялар
мен шығармашылық құрастыруларды сыни талдай алудан, нақты деректертерді
талдау және жалпылама қорытынды жасай алудан, лингвистикалық,
энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиетте мегзей алудан,
теориялық білікті дербес тәжірибелік жұмысында пайдалана алудан құзыретті
болуы керек.
Қазіргі таңда аударма ісінің теориясын зерттеумен шектелуге болмайды.
Пәннің теориясын тереңдетумен қатар аудармашылылардың кәсіби дайындық
деңгейін көтеру шартқа айналып отыр. Осыған орай аудармашылардың
оқытудың жаңа әдістерін табу қажеттігі туындайды. Бірақ бұл қажеттік
аудармашы кәсібінің ерекшеліктерін жан-жақты талдамай өтелмейді.
Аудармашы – аударма үрдісін жүзеге асыратын маман болғандықтан,
аударманың көп аспектілерімен кездеседі. Ол мәтінді әр түрлі объективті
шарттарда аудару барысында ішкі және сыртқы факторларды ескеруі қажет.
Аударматану сабақтарында ережені жаттанды түрде айтқызудан гөрі,
практикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлген жөн, сондықтан да
осы оқу-әдістемелік құралда тіларалық коммуникация жағдайында баламалық
аударманы қамтамасыз етуге, студенттерде практикалық және аудармашылық
дағдыны қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жинақталған. Бұл еңбектің
негізгі мақсаты – болашақ мамандарды аудармашының кәсіби ісінің негізгі
дәйектермен таныстыру.
Зepттey ocы caлa бoйыншa жүpгiзiлeтiн теориялық жағынан да,
практикалық жағынан да аударматану курсы бойынша маңызды материал көзі
бола алады, өйткені мұнда аударма жолдарына байланысты жан-жақты ақпарат
қамтылған.
Оқу-әдістемелік құрал болашақ аудармашыларға аударманың теориялық
негіздерінен білімін кеңейтуге, алдағы тәжірибелік жұмыстарында жинақтаған
білімдерін іс жүзінде қолдануға септігін тигізеді.
Оқу-әдістемелік құрал тиiстi әдiстемелiк талаптарға сай жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |