Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет34/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71

 
94 
Тарқатпалы  дидактикалық  материалдарды  пайдалану  да  өзіндік 
жұмыстарды  жақсы  орындауға  мүмкіндік  жасайды.  Көп  жағдайда  бұлар 
үлестірмелі қағаздардан тұрады. 
Аз  комплектті  мектептер  барлық  мектептер  үшін  белгіленген 
бағдарламалар  бойынша  жұмыс  істейтін  және  негізінен  басқа  мектептерге 
ұқсас  тәсілдерді  пайдаланады.  Бірақ  мұнда  сабақтың  ұйымдастырылуында 
айырмашылық  бар.  Аз  комплектті  мектептерде  балаларды  оқыту  және 
тәрбиелеу оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. 
Екі сыныппен өткізілген жаттығуларды жоспарлауда оқытушы төмендегі 
мәселелерді шешуі тиіс: 
1)  оқытушының  басшылығында  өткізілетін  жаттығудың  уақытын 
рационал бөлу; 
2) оқушылардың өзіндік тұрғыдан шұғылдануын дұрыс ұйымдастыру; 
3)  өзіндік  жұмыстарды  қашан  және  қалай  тексеруді  алдын-ала  дұрыс 
жоспарлау; 
4) бір сыныптан екіншісіне өтуді қалай жүзеге асыруды шешу. 
Бұл  мәселелерді  шешуде  оқытушы  сабақ  кестесінде  математика 
сабағының  орнын,  сабақтың  түрін  белгілеп  алуы,  сабақтың  минуттар 
бойынша бөлінген нақты жоспарын түзіп алуы тиіс. 
Сабақ  кестесінде  математика  әдетте,  бірінші  немесе  екінші  сабаққа 
қойылады.  Математика  сабағын  басқа  сыныптағы  дәл  осы  математика 
сабағымен бірге болуы тиімді. 
Аз  комплектті  мектептерде  сабақтың  мазмұнын  және  түріне  қарап 
жаттығуларды бірге жүргізудің мынадай төрт түрі ерекшеленеді: 
а) барлық сыныптарда жаңа материал үйреніледі; 
ә)бір сыныпта жаңа материал үйреніледі, ал екінші сыныпта жаттығулар 
орындалады; 
в) екі сыныпта біліктіліктерді нығайту және дамыту сабағы өткізіледі; 
г) екі сыныпта практикалық жұмыстар немесе экускурция өткізіледі. 
Мысалы:  
Төменгі сынып 
Жоғары сынып 
Сабақтың тақырыбы 
Сабақтың тақырыбы 
Сабағытың тақырыбы 
Сабақтың тақырыбы 
 
Сабақтың барысы 
1. Оқытушының оқушылармен 
жұмыс істеуі 
1. Оқушылардың өзіндік 
жұмыстары 
2. Оқушылардың өзіндік 
жұмыстары 
2. Оқытушының оқушылармен 
жұмыс істеуі 
3. Оқытушының оқушылармен 
жұмыс істеуі. 
 
3. Оқушылардың өзіндік 
жұмыстары 
4. Оқушылардың өзіндік 
жұмыстары 
4. Оқытушының оқушылармен 
жұмыс істеуі 


 
95 
 
 
 
I-IV сыныптарда сабақты ұйымдастыру түрлерінің бірін қарап шығайық, 
ол екінші жарты жылдық үшін бірінші сыныптың балалары өзіндік тұрғыдан 
істеу біліктілігіне ие болғанынан соң ұсынылады. 
Сабақтың мұндай құрылымы осындай түрге сәйкес келеді: 
Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіріп, қалған екі сыныпта үйренілген 
материалды дамыту. 
Бірнеше  сынып  бір  уақытта  шұғылданғанында  оқушылардың  өзіндік 
жұмыстары жеке орында иелейді. 
Сабақта өзіндік жұмыс істеудің мазмұны төмендегідей: 
—  сабақта  жаңа  білімдерді  меңгеру  үшін  қажет  болған,  бұрын  өтілген 
материалды оқулық немесе басқа көздер бойынша өзіндік тұрғыдан қайталау; 
— сабақты үйренілген материалды нығайту үшін жаттығулар; 
—алынған білімдерді қолданылатын алуан түрдегі жаттығулар. 
Өзіндік  жұмысты  дұрыс  ұйымдастыруда  оқу  тапсырмаларының 
қолданбаларын ескерту жәрдемінде береді. 
Өзіндік  жұмыс  істеу  тәсілдерімен  оқытушы  балаларды  мектептегі 
бірінші сабақтан бастап таныстыруды бастайды. 
Бұл  пікірлеу  қабілетін  қалыптастырады,  математикалық  сөйлеуді 
дамытады,  сабақты  төмен  игергерген  оқушылардың  материалды  жақсы 
түсініп алу және басқалар сияқты өзінің жетістіктерінен қуануына мүмкіндік 
береді. 
Бақылау үшін сұрақтар 
 1.  Аз  комплектті  ауыл  мектебінде  оқу  жұмысын  ұйымдастыру 
ерекшеліктері неден тұрады? 
2. Аз комплектті мектепте сабақ өтудің тұжырымдық схемасын түзіңіз. 
3. Өзіндік жұмысты жолға қою ерекшеліктері неден тұрады? 
 
II. БӨЛІМ. ЖЕКЕ МЕТОДИКАНЫҢ  МҮШЕЛЕРІ 
16-§. Теріс болмаған бүтін сандарды номерлеуге үйрету методикасы 
 
Осы  тақырып  бойынша  студенттердің  білім  дағдыларына  қойылатын 
талаптар, әр студент: 
1)  концентірлер  бойынша  “немерлеу”  тақырыбының  мазмұны  мен 
міндеттерін білу; 
2)  оқушылардың  меңгерулерін  жетілдіретін  жаттығулар  жүйесін  істеу 
процесін білу; 
а) пән аралық байланыстылық және сандардың таңбалар бойынша өзара 
үздіксіздігіне қатысты методтар; 
ә) натурал сандардың ретін пайда етудің тәсілдері; 
б) санның ондық құрамы туралы; 
в) концентрлер бойынша сандардың оқылуы мен орналасуы; 
г) жаңа санақ бірлігінің пайда болуы; 


 
96 
І) концентрлер бойынша сандардың орналасу құрамы; 
д) таңба бірліктері бойынша қатынас; 
е) сандар құрамының оқылу және жазылуын білуі керек. 
Тақырыпты үйрену барысында көрнекілікті пайдалануды білу керек: 
—  тақырып  бойынша  бағдарламаның  талаптары  негізінде  сандарды 
таңба қосылғыштарының қосындысы формасында бейнелеу; 
— оқулық бойынша көрнекіліктер негізінде сұхбаттар өткізу. 
—оқу  материалын  меңгеруді  дамытуға  және  күшейтуге  тиісті 
дидактикалық ойындарды таңдау; 
—  білім,  біліктілік  және  дағдылардың  пайда  болуы  бойынша  түрлі 
методтар және жаттығулар, өзіндік жұмыстар түзу; 
—түрлі  көріністегі  көрнекі  құралдардың  негізінде  жаңа  материалды 
және  өтілген  материалдарды  нығайту  және  баяндауды  білу.  Номерлеу 
методикасының  басқышында  оқытушының  міндеті  балалардағы  санау 
біліктілігін  қалыптастыру  және  1-10,  100  ішінде,  1000  ішінде  және  көп 
таңбалы  сандарды  санай  азайтуды,  дидактикалық  принциптердің  негізінде 
натурал реттің түзілуін ашу және бұл негізде санды натурал ретінің мүшелері 
ретінде сипаттаудан тұрады. 
Мұның үшін оқушылардың төмендегілерге қол жеткізуін қамтамасыз ету 
қажет: 
1) оқушылардың шама және сан жөніндегі түсініктерін анықтау; 
2) предметтерді санауды қалыптастыру; 
3) 1-ден 10-ға дейінгі сандардың ретін жақсы меңгеруі қажет; 
4) заттарды санауды және санау тәртібі берілгенде әрбір заттың берілген 
тобындағы реттік цифрын айта алуы тиіс; 
5)  сандардың  1-ден  10-ға  дейінгі  қатардағы  әрбір  санның  қалай  пайда 
болуын саналы түрде меңгерулері қажет; 
6) цифрларды оқуы және бір цифрды заттардың сәйкес санымен сәйкес 
түрде қоя білуі қажет; 
7) сандарды салыстыруды білу тиіс; 
8)  2,  3,  4,  5  сандарының  екі  қосылғыштарынан  тұратын  сандардың 
құрамын нығайтып, меңгеруі тиіс; 
9) 2+1, 4-1, 1+3  және тағы басқа көріністегі математикалық  жазуларды 
оқи алуы, мұндай жазуларды анық суреттермен сәйкес қоюды білуі қажет; 
10)  мөлшердің  көмегінде  предметтерді  өзара  салыстыру,  “көп”,  “аз”, 
“артық”,  “биік”,  “төмен”  сияқты  ұғымдарды  салыстыруда  және  дөңгелек, 
квадрат,  үшбұрышты  бір-бірінен  ажырата  азайтуды  және  атын  айта  алуы 
тиіс. 
Номерлеу  методикасы  натурал  сандар  мен  нөл  туралы  мәліметтерді 
ондық, ұзындық,  мыңдық,  көп  таңбалы  сандардың  концентреттері бойынша 
енгізуді көздейді. 
Математика  бағдарламасы  ең  алдымен  натурал  сандармен  төрт 
арифметикалық  амалды  орындауды  өз  ішіне  алады.    Бұл  математиканың 
ядросын  құрайды.  Сонымен  қатар  алгебра  және  геометрияның  ұғымдары, 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау