Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет32/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71

 
89 
Оқыту  құрылғылары  объекттерінің  жиынтығы  ретінде  сипаттамалы 
ерекшелігі мынадай, олардың әрбірі: 
а)  үйреніліп  жатқан  түсінікті  толығымен  бейнелейді  немесе  бөлігін 
ауыстырады; 
ә) үйреніліп жатқан ұғым туралы жаңа мәліметтер береді. 
Оқыту  құрылғыларын  әртүрлі  табиғатты  моделдердің  жиынтығы 
ретінде,  оларды  негізінен  екі  сыныпқа  бөлу  мүмкін:  идеал  моделдердің 
сыныбы  және  материал-предметтердің  моделі.  Математикадан  оқулықтар, 
дидактикалық  материалдар,  оқу  қолданбалар,  оқытушыға  көмек  ретінде 
әртүрлі  мінездемелер,  т.б.  идеал  моделдердің  сыныбына  кіреді.  Әртүрлі 
моделдерді  (санақ  қаламдары,  предмет  картиналары,  геометриялық 
фигуралардың  моделдері,  т.б.),  кестелер,  диафильмдер  тағы  басқаларды 
материал-предметтердің  сыныбына  жатқызу  мүмкін  (оқытудың  мұндай 
құрылғылары  үлкен  көрсету  мүмкіндігіне  ие,  сондықтан  оларды  көрсету 
қолданбалары да дейіледі). 
Оқыту  құрылғылары  мәліметтердің  көзі  (жаңа  білімдер)  бақылау 
жүргізу, білімінің қай деңгейде меңгерілгенін есепке алу және оқушылардың 
индивидуал түрде жұмыстарды ұйымдастыру міндеттерін атқарады. 
Мұнда  оқытушының  негізгі  қызметтерінің  бірі  оқушыларды  оқулықтан 
білім  көзі  ретінде  пайдалануға  үйрету  болып  табылады.  Математика 
оқулықтарының ерекшеліктері: оларда теориялық материал да, практикалық 
материал да беріледі. 
 Сондықтан  оқулықтан  сабақтың  түрлі  басқыштарында  пайдалану 
мүмкін. 
Математиканы 
оқытуда 
балаларға 
оқулықтағы 
математикалық 
жазулардың,  суреттердің  және  сызбалардың  маңызын  түсіндіруге 
бағытталған жұмыс үлкен маңызға ие.  Бұл айтылғандардың бәрі оқулықтың 
негізгі мазмұнын құрайды. 
Математиканы  оқыту  құрылғыларының  арасында  математикадан 
тапсырмалар  жазылған  үлестірмелі  қағаздар  үлкен  рөл  атқарады.  Бұлар 
оқулықтарға қосымша түрде басылады. Олардың негізгі мақсаты индивидуал 
тапсырмалар  бойынша  балалардың  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыруда, 
бағдарламаның негізгі материалдарын жетік меңгеруде оқытушысына көмек 
беруден тұрады. 
Көрсетудің бастауыш білімдегі рөлі оқушылардың абстракт ой-санасын 
да,  тиянақты  ой-санасын  да  дамытудан  тұрады.  Бұдан  тыс  көрсетуді 
пайдалану оқушалардың белсенділігін арттырады, олардың  назарын, үйреніп 
жатқан материалын жақсы меңгеру мүмкіндігін береді, оқу процесін басқару 
үшін жақсы жағдай жасайды, уақытты үнемдеу мүмкіндігін береді, яғни: 
1.  Көргезбені  пайдалану  тиісті  болуы  үшін  ең  алдымен  теорияның  ол 
немесе  бұл  мәселесі  қарастырылып  жатқанда  пайдаланатын  көрсету 
материалын таңдауды ойлап көру керек. Көргезбелі материалдарын таңдауға 
қарағанда қолданылатын талаптарды қарап шығайық: 
а)  жеткілікті  мөлшерде  көрсету  материалымен  қамту,  бұларды  анализ 
жасау негізінде оқушылар қажетті жалпыландыруларды істей  алатын болуы 


 
90 
қажет.  Мысалы,  балаларды  4  санының  пайда  болуымен  таныстыруда 
оқытушы  алдын-ала  мұндай  практикалық  жұмысты  ұйымдастырады:  ол  үш 
дөңгелекке  бір  дөңгелекті:  үш  қаламға  бір  қаламды  қосуды  ұсынады,  сол 
жұмысты басқа дидактикалық материалдарда орындатады. 
ә) әртүрлі көрсету материалдарымен жеткілікті түрде қамтамасыз ету өте 
маңызды  саналады.  Осы  орайда,  психологтардың  өрнектеген  қағидасын 
ескерген  жөн:  “оқушыларда  дұрыс  жалпыландыруларды  құрастырудың 
қажетті шарты берілетін оқу материалының негізгі ерекшеліктерін өзгертпей, 
сақтаған  жағдайда  оншалықты  маңызды  болмаған  ерекшеліктерді 
түрлендіруден тұрады”. 
Мысалы,  3  саны  предметтердің  өзгермейтін  (3)  сияқты  ұғым  үшін 
маңызды  ерекшелік  саналады,  предметтердің  реңі,  өлшемі,  жазықтықта 
орналасуы  маңызды  болмаған  ерекшелік  болып  табылады.  Сондықтан 
оқушыларды  3  санымен  таныстырғанда,  бір  жынысты  предметтерден 
тұратын  жиындардан  (бір  түрлі  формадағы  үшбұрыштар,  дөңгелектер,  т.б.) 
емес,  әртүрлі  предметтерден  (мысалы,  әртүрлі  реңді  және  өлшемді 
дөңгелектер, үлкен және кіші әртүрлі көріністегі әртүрлі алмаларды) тұратын 
жиындарды пайдалану қажет. Өйткені балаларда бір түрлі предметерді ғана 
санау мүмкін деген түсінік пайда болады. 
б)  Математиканы  оқытуда  жайлап,  бірақ  өз  уақытында  көрсетудің  бір 
түрінен  екінші  түріне  өтуді  қамти  алуы  тиіс.  Мысалы,  оқыту  процесінде 
мәселелердің шарттарын иллюстрациялауда амалдың өзін де ұсынумен қатар 
амалдарды көрсетпей, толық предмет көрсетуге, одан кейін толық болмаған 
предмет көрсетуге өту қамтылуы қажет.  
2.  Математиканы  оқытуда  қозғалысты,  динамикалық  қолданбаларға 
тиімділік  беру  қажет.  Қозғалысты  көрсету  қолданбаларымен  бір  қатарда 
индивидуал көрсету қолданбалары да, әртүрлі дидактикалық материалдар да 
қажет. 
Бастауыш  математикасын  оқытуда  көрсету  қолданбаларының  алуан 
түрлерінен пайдаланылады. Көрсету қолданбалырының түрлерін білу оларды 
дұрыс таңдау және оқу процесінде тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. 
Көрсету  қолданбаларын  екі,  яғни  натурал  және  бейнелі  көрсету 
қолданбаларына бөлу қабылданған. Көрсету қолданбалары белгілі талаптарға 
сәйкес  болуы,  оқу  бағдарламасына,  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай 
болуы тиіс. 
Білімді  нығайту  басқышында  түрлі  жаттығулар  үшін  мәліметтер 
кестелерінен, ауызша санау үшін кестелерден, мәселелр түзу үшін суреттер, 
схемалар және сызбаларды кеңінен пайдаланылады. 
Математикалық  амалдардың  қасиеттерін  үйрену,  көбейту  кестесін  түзу 
тағы басқаларда пайдалану мүмкін. 
Бақылау сұрақтары 
1.  Оқыту  құрылғылары  дегенде  не  түсініледі  және  олардың  негізгі 
міндеттері неден тұрады? 
2. Оқулықтармен жұмыс істеу қандай бағыттарда жүргізіледі? 
3. Көрсетуді пайдаланудың маңызы мен мақсаты неден тұарды? 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау