100
Балалардың білу қабілетін (бірінші кезекте олардың ой-сана мен
сөйлеуін) дамыту негізгі мәселе болып, балалармен орындалатын оқу және
тәрбие жұмыстарының мазмұны да, методтары да бұл мәселеге
мойынсұнылған болса ғана табысты шешіледі. Математиканың жаттығулары
үшін мұндай тапсырмаларды таңдау үлкен маңызға ие. Бұл жаттығулар
балалардан өзіндік бақылаулар өткізуді, қарастырылып жатқан оқиғаларды,
предметтерді, өз қозғалысы мен осы сияқтыларды салыстыру, сипаттауларды
талап етеді. Балалардың сөйлеуі оқытушының сұрақтарына жауап беруден
ғана құралмай, онда қажетті сөз бен өрнектерді өз ішіне алған әңгімені жақсы
бейнелеуі маңызды (мысалы предметтердің қасиеттерін үйренуде, әсіресе
олардың реңдерін ажырата білуді үйретуде, реңнің атын, айналадағы
предметтердің реңдерін айтудан тыс оқушыларға өздері білетін жемістер
және көкөністер туралы айтып беруді, мұнда олардың реңдерін айтуды
ұсынуы мүкін).
II. 10 ішінде жаттығуларды ұйымдастыру методикасы
Сабақта математика жаттығуларына қызығуды оятатын сайыстың
элементтерін өз ішіне алған дидактикалық ойындарға көбірек орын беру
қажет. Бұлар бастауыш мектепте математиканы оқыту тәжірибесінен белгілі
болған дидактикалық ойындар (“Тыныш”, “Баспалдақ”, “Эстафета”) болуы
мүмкін, бұл ойындарды ойнауда сынып коллективі әдетте екі топқа бөлінеді
немесе екі оқушы жағынан ойналады. Мұндай ойындарды былай
ұйымдастыру мүмкін, яғни балалар кейде “оқытушы” рөлінде болсын, дұрыс
орындалғанды тексеретін болсын немесе өздері тапсырмалар берсін (балалар
ойын кезінде рөлдерімен ауысып тұрсын).
Балалар өз деңгейлеріне орай, қызықты, арнаулы таңдалған логикалық
жаттығуларды үлкен қызығумен талқылай алады.
Логикалық жаттығулар, ойындар, дидактикалық материал мен
практиалық жұмыстар сабақта үлкен орын алуы тиіс. Бірақ бұлармен бірге
оқытудың қарапайым методтарынан да пайдаланылады, бұл методтар да
қарастырылған жағдайда белгілі ерекшелікке ие. Мысалы, бақша-мектеп
оқушыларымен істеуде ұзақ түсіндірулер болмағаны жөн. Түсіндіру көбінесе
дайындайтын сұхбат бақша-мектеп формасында жүргізіледі. Кітаппен
жұмыс, әдетте оқытушының басшылығында өтеді. Дегенмен жылдың соңына
дейін балаларды кітаптағы кейбір тапсырмаларды өздері орындауға үйрету
керек (мысалдарды шешу, оншалықты қиын болмаған шағын мәтінді
мәселелерді шешу).
Бақша-мектеп оқушыларымен сабақтарды ұйымдастырудың негізгі
талаптарының бірі жағдай жасаудан тұрады, яғни бұл жағдайда балалар
қызметінің түрі өз уақытында ауыстыру және орындалып жатқан
тапсырмалардың әртүрлі болуын қамтамасыз ету керек (бақылаулар,
дидакатикалық материалдармен практикалық жұмыстар, сурет салу, сұхбатқа
қатысу, дәптерде өзіндік жұмыс орындау, кітаппен істеу).
Сабақтың басрысында оқытушының қалауын орай, балалардағы шаршау
белгілерін сезуімен, дене тәрбиелік жаттығуларды өткізу пайдалы. Сабаққа
балалардың көңіл күйін көтеретін, мысалы юморлы мәселелер, қызықты,
101
суреттер, кестелер және сол сияқты қызықты элементтерді енгізу пайдалы
саналады. Осы түрдегі кейбір материалдар оқулықта берілген.
Оқулықпен істеу сабақта аз ғана уақытты алғанымен, сол курс жүйесінің
бірізділігін анықтайды. Бағдарламаның талаптарын анықтап, курстың әрбір
мәселесі қай деңгейде қаралып жатқанын және қандай тәртіпте үйренілуін
көрсетеді.
Сабақты жақсы білу оқытушыға курсты дамыту логикасын (мазмұнын,
ал жұмысты кейде оны үйымдастыруды, осы жоспарлау басқышында
пайдаланылуы мақсатқа сай болмақ, көрсетудің түрлерін) елестей алуға
көмек береді.
Сол себепті оқулықтың ерекшеліктерін терең біліп алу қажет.
III. Оқулықтың негізгі ерекшеліктері
1. Оқулық сабақтар бойынша түзілген (әр бет бір сабақ).Әр бетте жаңа
сабаққа тиісті материал ғана берілмей, бұрынғы өтілгендерге негізделген
материал да берілген. Мұнда оқулықтың авторлары өз алдына әрбір жаңа
мәселені қарау үшін алдыннан дайындық көруді және жүйелі түрде дамыту,
тереңдету мен нығайтуды қалыптастырылып жатқан білім мен біліктіліктерді
жетідіру сондай-ақ ықшамдауды мақсат етіп қойған.
Мұнда “әрбір бет бір сабақ” деген жалпы қағидадан шетке шығулар
болуы мүмкін. Мысалы қос беттер (кітап “развораттары”) дерлік барлық
уақыт сурет сюжеттерімен біріктірілген болады (мысалы, “мектеп”, “ойын
алаңы”, “үй”, “көше”, “бор” және сол сияқтылар). Көбінесе бұл беттердегі
суреттер берілген оқу материалының тақырыбымен біріктірілген болады.
Оқытушы оқулықтың бұл ерекшелігінен пайдалана отырып, сыныпта ол
немесе бұл материалды үйренуге екі сабақ бөлу қажет еместігін, оқушылар
бұл мәселе бойынша жеткілікті болжам алуларын көрсе, екі бет
материалынан бір сабақта пайдалану мүмкін.
2. Кітаптың жаңа материалымен таныстыру және дамыту жүйесін
анықтайтын оқулыққа өзінің математикалық мазмұнына орай қызықты
сайыс, кейде дидактикалық ойындар өткізу мүмкіндігін беретін негізгі
материалды өз ішіне алған бет енгізілген. Кітапқа енгізілген оқу
материалдарының негізгі қызметі өтілгендерді дамытудан тұрады. Олардан
алуан түрде пайдалану мүмкін: кейде тақырып (тақырып бөлігі) бойынша
дамыту сабағында пайдаланады, кейде жаттығуларды өтіліп жатқан қалаған
сабаққа енгізу мүмкін. Берілген қызықты жаттығулар және олардың
мазмұнынан оқытушы үлгі ретінде пайдалануы мүмкін. Оларды пайдаланып,
оқытушы жыл барысында сабақтарға арналған сондай тапсырмалар мен
жаттығуларды жеңіл ғана түзуі мүмкін.
Оқулықта берілген тапсырмалар, сұрақтар, логикалық характердегі
жаттығу материалын балалармен өткізілетін сабақтан тыс болған
жұмыстарда да, ертеңгіліктер дайындауда тағы басқа жағдайларда пайдалану
мүмкін.
3. Кітапта бүкіл оқу материалын беру ерекшеліктері және олардың
оқытуға дайындық денгейін есепке алу қажеттілігі бүкіл оқу материалын
берумен түсіндіріледі.Оның беттерге мәтінді материал біраз кейінірек
Достарыңызбен бөлісу: |