108
Номерлеу процесінде 11-20 сандарының пайда болуы төмендегі
дидактикалық материалдармен дамытылады:
1. Сандар кассасынан 10 бірлік алыңыз және оны қалай басқаша айту
мүмкін? (бір ондық)
2. Он екі санында неше ондық және неше бірлік бар?
3.Санақ қаламдарының көмегенде 15 қаламды ажыратыңыз, 10 қаламды
жеке ондық етіп байлаңыз, бұл неше ондық және неше бірлік болуын
айтыңыз.
4. Ұзындығы 13 торда болған қатарды сызыңыз, оның 10-ын бояңыз.
Неше тор боялған?
5. Бір ондық және бес қаламды алыңыз — барлығы қанша болды?
6. Қандай сан бір ондық пен 9 бірліктен тұрады?
100 ішінде сандарды номерлеуді үйренуде оқытушының қызметі
балаларға төмендегілерді үйретуден тұрады:
1. Предметтреді біреулеп, онталап, жүздеп топтарға біріктіріп жазу.
2. 100 ішінде сандарды оқу және жазуды және олардың натурал
қатырында келу ретін білу.
3. Сандарды жүздіктерден, ондықтардан және бірліктерден пайда ету
(яғни сандардың ондық құрамын білу).
4. Оңнан солға қарай есептегенде бірліктер (1-таңба) ондықтар (2-таңба)
жүздіктер (3-таңба) қай орынға жазылуын анықтау.
5. Санды (екі және үш таңбалы) таңба қосылғыштарының жиынтығы
түрінде өрнектеу және берілген санда қалаған таңба бірлігінің жалпы санын
табу.
1-тапсырма. Бірінші сыныптың оқулығынан:
а) оқушылардң номерлеуді меңгеруін тексеруге тиісті жаттығулар
таңдаңыз;
ә) екі таңбалы сандарды оқу және жазу біліктілігін қалыптастыратын
жаттығулар түзің.
2-тапсырма. Жүз ішінде номерлеу процесінде ұзындық өлшем бірлігі
(дм-ді) енгізу қандай маңызға ие екендігін түсіндіріңіз. Ұзындықтарды
өлшеудің жаңа бірлігі — дициметрмен таныстыру, кесінділерді сантиметр
және дициметрмен өлшеуге қатысты жаттығулардың нәтижесінде дициметр
мен сантиметрлерде өрнектелген сандар пайда болады, бұл екінші ондық
сандарды номерлеуді меңгеруге жәрдем береді. Екі түрлі өлшем бірлігімен
өлшеу оқушыларға сандардың ондық және бірліктерде пайда болуын
меңгеруге жәрдем береді: егер кесіндігнің ұзындығы 1 дм және 5 см болса,
оған 1 ондық см және 5 см сияды, дегені.
3-тапсырма. Оқушылар екі таңбалы сандардың құрамын үйренуде
берілген білім, пайда болатын дағды және біліктіліктерге тиісті жаттығулар
түзіңіз (таңдаңыз).
Бірінші таңба бірліктері, екінші таңба бірліктері сандарының оның
құрамын талқылау процесінде практикалық түрде енгізіледі. Мысалы, 35
санында 3 ондық және 5 бірлік бар дейіледі немесе 35 саны бірінші таңбаның
5 бірлігінен және 3 бірлігінен құралған. Оқушылардың номерлеуге тиісті
109
білімдері кейінірек 100 ішінде қосу және алу амалдарын үйрену үшін жағдай
жасайды.
100 ішінде сандарды номерлеу методикасын үйренудің нәтижесінде
оқушылар төмендегі дағдылар, біліктіліктерді иелеп алуы керек:
1. 100 ішінде номерлеуде сандардың атауларын меңгеру, олар
ондықтардан және бірліктерден қандай пайда болуын түсіндіру.
2. Санақта сандардың келу тәртібін білу. Сандардың натурал реттегі
орындарын білуге нагізделіп, сандарды салыстырып оқу (45 үлкен 35,
өйткені төрт ондық үлкен үш ондық ...).
3. 100 ішінде сандарды жазу және оқи білу.
4. Натурал реттікке негізделіп, сандарды (39+1, 50-1, 27+1, 27-1, 75-1 ...
түріндегі) қосу және азайтуды, сандарды таңба қосылғыштарының
жиынтығымен (68=60+8) ауыстыру біліктілігін иелеп алу.
Екі таңбалы сандарды пайда ету
1.
20 + 7 90 + 5 50 + 6 20 + 3
40 + 3 60 + 8 40 + 9 2 + 70
2.
61 = 1 +
87 = 80 + 84 = 4 +
60 = 20 + 27 = 20 +
82 = 2 +
4.
17 – 10
37 – 30
83 – 80
93 – 90
27 – 20 47 – 40 74 – 70
67 – 60
ЕКІ ТАҢБАЛЫ САННЫҢ ТАҢБА БІРЛІКТЕРІ
Кестеде қандай сандар берілген?
12,14,16,18,20 сандарының әрбірі нені білдіреді?
12,14,16,18,20 сандарының әр цифыры нені білдіреді?
1000 ішінде номерлеу методикасы
1000 ішінде сандарды номерлеуді үйренудің нәтижесінде оқушылар
төмендегі білімдер, біліктіліктер және дағдыларды иелеуі қажет:
1. 1000 ішінде сандардың атауларын білу, сандардың қатарындағы әрбір
кезектегі санның қандай пайда болуын, әрбір берілген сан өзінен алдынғы
саннан қанша үлкендігін және өзінен кейін келетін саннан қанша кішілігін
түсінуі.
2. Әрбір санның сандар қатарындағы орнын білу.
3. Цифрдың орын мәнін білген жағдайда сандарды оқу және жаза білу.
4. Сандардың таңба құрамдарын білуден пайдаланып, екі санды олардың
сандар қатарындағы алған орындары бойынша салыстыра алу.
5. Санды оның бірлік қосылғыштарының қосындысымен ауыстыра алуы.
110
6. Сандардың натурал қатарындағы және ондық құрамын білу негізінде
сандарды қосуы және азайту.
7. “Үш таңбалы сан”, “үшінші таңба бірліктері” атауларын білуі тиіс.
1000 ішінде номерлеуді үйренуде оқытушының негізгі қызметі
оқушыларды төмендегілерге үйретуден тұрады:
а) предметтерді біреулеп, ондап, жүздеп топтарға біріктіріп санауға
үйрету;
ә) 1000 ішінде сандарды оқу және жазу сонымен қатар олардың натурал
қатарда келу тәртібін білуге;
б) сандарды жүздіктерден, ондықтардан және бірліктерден пайда етуге
(яғни, сандардың ондық құрамын білуге);
в) оңынан солға қарай есептегенде бірліктер (I таңба бірліктері),
ондықтар (II таңба бірліктері) және жүздіктер (III таңба бірліктері) қай
орынға жазылуын анықтауға;
г) санды (екі таңбалы және үш таңбалы) таңба қосылғыштарының
қосындысы ретінде өрнектеу және берілген санда қалаған таңба бірлігінің
жалпы санын табуға.
1000 ішінде сандарды ауызша номерлеуге тиісті жаттығуларды бірнеше
басқышқа бөлу мүмкін.
1. Дайындық басқышы:
а) бұл басқыштың негізгі қызметі 100 ішінде номерлеуге қатысты
материалдан 1000 ішінде сандарды номерлеуге көмек беретін жұмыстарды
қайталаудан тұрады;
ә) алдымен оқушыларды жаңа санақ бірлігі — мыңдықпен таныстыру
қажет. Бұл таныстыру көрнекі құралдардың көмегінде жүзеге асырылады;
б) ауызша номерлеуді үйренуде кезектегі басқыш оқушыларды натурал
қатардың 100-ден 1000-ға дейінгі сандармен таныстыру;
в) жұмыстың кезектегі басқышында үш таңбалы сандардың ондық
құрамын жүздіктерден, ондықтардан және бірліктерден пайда болуын
үйретуден тұрады;
г) үлкен бірліктермен өрнектелген сандарды майда бірліктермен
өрнектелген сандарға ауыстыру (атаулы сандар)
2. Жазбаша номерлеу. Екі таңбалы жазбаша номерлеу қайталанып, үш
таңбалы сандарды жазба түрде номерлеуге өтіледі. “Сан” және “цифр”
атауларының мағыналары және олардың арасындағы ерекшеліктер;
сандардың жазылуында цифрлардың орын мәні, сондай-ақ екі таңбалы
сандардың құрамының талқылауына тиісті бірнеше жаттығулар орындалады.
Оқушыларға сандардың кассасынан 0, 3, 4, 10, 20, 70, 95, 100, 200, 500, 900,
999 сандарын алып, олардың неше таңба екенідігі талқыланады. Мысалы, 547
саны пайда болуы үшін 500 саны жазылған және 40 саны жазылған, 7 саны
жазылған көрнекіліктер тақтаға тізіп қойылады. Сандардағы нөлдерді
жасырып үстіне 40 саны, бұл сандағы нөлді жасырып 7 саны қойылады,
нәтижеде 547 санының пайда болуы түсіндіріледі.
Оқушылармен сандардың таңбалары қайталанып, “Бірінші таңба
бірліктері”, “Екінші таңба бірліктері” ұғымдарына негізделіп, жаңа ұғым
Достарыңызбен бөлісу: |