132
Бұл жұмыс 10 ішінде сандарды үйренуге арналған бірінші сабақтан
басталады. Мұнда екі жиынның бірігуіне қатысты жиынның бөлігін
ажыратуға қатысты жаттығу орындайды. Номерлеуді үйрену процесінде 1-
ондықтағы әр сан өзінен алдынғы санға 1-ді қосудан, немесе өзінен кейінгі
саннан 1-ді азайтудан пайда болуы, сонымен сандардың қатарын пайда ету
біліктілігі сіңдіріледі. Мүлдем а+1, а-1 түріндегі жағдайлар үшін кесте
түзіледі. Бірінші сабақтан 1-1= 0, 0+1=1 түріндегі амалдарға тоқталады.
2-басқыш. а+2, а+3, а+4 түріндегі жағдайлар үшін есептеудің
тәсілдерімен танысу. Бұл жағдайлардың әрқайсысы үшін шамамен
төмендегідей бір түрлі жоспар жасалады:
1) дайындық ретінде сандарды 2 қосылғышқа ажырату және қосу
сонымен қатар азайту кестелері қайталанады;
2) санды бөліктер бойынша қосу және
азайту тәсілдерімен танысу;
3) жаңа білімдерді нығайту және
оны қолдану;
4) қосу және азайту кестелерін саналы түрде естеп қалуға қатысты
жұмыстар.
3-басқыш. а+6, а+7, а+8, а+9 түріндегі жағдайлар үшін есептеу
тәсілдерімен танысу. Бұл жұмыстарды атқару процессі де алдынғыдай
орындалып, қосылғыш, қосынды сөздерімен танысады. Балаларға түсінікті
болуы үшін төмендегі кестені үйрету мүмкін:
қосылғыш 4
6
5
3
7
2
1
0
қосылғыш 0
2
3
4
6
5
7
8
қосынды
Оқушылар 4+2=6, 2+4=6 тәрізді мысалдарды шешу арқылы орын
ауыстырымдылық қасиетімен танысады және оны қағида ретінде өрнектейді.
6= + , 7= + тәрізді көрнекілік өзіндік жұмыстар беріледі.
4-басқыш. а-5, а-6, а-7, а-8, түріндегі жағдайлар үшін есептеу
тәсілдерімен танысу.
Мұнда есептеу тәсілдері қосындымен қосылғыштар арасындағы
байланысты білуге негізделген.
Мұнда қосынды мен қосылғыштардың бірі арқылы екінші қосылғышты
табуға негізделген.
Қосу және азайтуды үйренуге тиісті дайындық жұмыс номерлеуді
үйренуде бірінші сабақтан басталады. Мұнда жоғарыда айтып өтілгеніндей,
натурал бір ізділіктегі сандардың пайда болу жағдайларымен
)
1
(
а
бірге
қосу мен азайтудың басқа да жағдайлары қаралады. Бұл амалдардың
нәтижелерін табуда оқушылар жиындарды біріктіру амалдары қосу амалына,
ал олардың бөлігін ажырату азайту амалына сәйкес келуін анықтайды. Бұдан
тыс оқушылардың назарын қосқанда алдынғыдан көбеюге, ал азайтқанда
кемеюге көңілін аудару қажет.
Оқушылар цифрларды үйренудің соңына барып, бірінші ондықтағы
қалаған санға бірді қосу немесе азайтумен пайда ету тәсілін жақсы үйреніп