97
негізгі мөлшерлер енгізілген, олар арифметикалық амлдармен қажетті
орында қосылып оқытылады.
N-ді нөмірлеу және олардың үстінде арифметикалық
амалдарды орындау
бастауыш математика курсының негізін құрайды. Онда алгебра мен
геометрия элементтері оқытылады. Бағдарламада натурал сандар мен нөл
туралы мәліметтерді жайлап ондық, жүздік, мыңдық және көп таңбалы
сандардың концентірін (қайталау) кіргізу көзделеді. Бұл ондық санақ
жүйесінің ерекшеліктерімен, ауызша және жазбаша цифрларды айту, рет-
ретін, үлкен-кішілігін меңгеру көзделеді.
1-ондықпен нөл саны да бірге үйретіледі. Оны негізгі жиынның
сипаттамасы ретінде берілген. Номерлеу барысында 11-20, кейін 21-100
ішінде сандарды номерлеу қарастырылады. 1-, 2-, ... ондықтарды пайда ету,
бірге ондықтарды, яғни ондық санақ жүйесінің маңызы түсіндіріледі. Келесі
сабақтарда 100 ішінде, 1000 ішінде және көп таңбалы сандар ауызша немесе
жазбаша номерлеу, арифметикалық амалдар орындау, компоненттердің
аттарын үйрету жүзеге асырылады.
17-§. 10 ішінде номерлеу методикасы
“Ондық” тақырыбында сандарды номерлеу, дайындық кезеңі
Бірінші сыныпқа келген балалар түрлі жерлерден және түрлі
математикалық дайындыққа ие болады. Балалар бақшасында немесе кейбір
отбасылардағы дайындығы бар балалар 1-10-ға дейінгі сандарды оқу, санау,
теріс санау, жазу біліктіліктеріне ие болады. Кейде мүлдем дайындыққа ие
болмаған балалар да келеді. Сондықтан оқытушының міндеті 1-сыныпқа
келген балалардың дайындығын индивидуал анықтау болып табылады. Бұл
жұмыс оқу басталғанға дейін немесе оқудың бірінші аптасында жүзеге
асырылуы тиіс. Анықтауда төмендегідей тұжырымдық сұрақтар болуы
мүмкін:
1. Санауды білесің бе? Санап берші?
2.Дөңгелек, қалам, жалауларды санап берші.
3. Столда
қанша қарындаш болса, сонша жалау ал.
4. Қайсы шеңберлер көп? Қызылы ма, көгі ме?
5. Ретімен қойылған заттарды рет-ретімен сана.
6. 5-1, 8-2, 4-3 сияқты сұрақтар.
Әрбір оқушының білім денгейін есепке алу мақсатында оқытушы
төмендегі кестемен бекіту түзеді:
¹ Уақыт
ы
Аты-
жөні
... ға
дейін
санай
алады
Предеме
ттің
санағы
Қанша
болса,
сонша
Көзде
шамал
ап
Қайта
санау
Сал
ысы
тыр
у
О
ң
ы
на
н
со
лғ
а
қа
Ж
оғ
ар
ы
ға
Тө
мен
ге
99
18-§. 10 ішінде жаттығулар өткізу методикасының жалпы
мәселелері
I 1-сыныпта математикамен шұғылданудың негізгі оқу-тәрбиелік
қызметі
1-сыныптың бағдарламасы бұдан кейінгі білім негізделетін басты білім,
біліктіліктер мен дағдыларды құрауды көздейді. 1-сыныпта сан, санақ, қосу
және азайту амалдары туралы елестердің құралуы, сандардың реті саналы
меңгерілуі тиіс (балалар қатардағы әр санның қалай пайда болуын меңгеруі,
сандарды салыстыруды үйренуі керек). Қосу және азайту тәсілдерін саналы
меңгеруге жеке көңіл бөлінуі қажет.
1-сыныпта оқытудың нәтижесі 10 ішінде сандарды қосу кестесін, сол
сандар құрамының тиісті жағдайлары мен азайтуыды саналы түрде меңгеруді
сондай-ақ меңгеруді нәтижелі ең жоғары денгейіне жеткізуден тұратын
болуы тиіс. Балалар 3+6=9 екенін, 9 бұл 4 және 5 екенін, 9-6=3, өйткені 9 бұл
3 пен 6 екенін ауызша білуі қажет.
Бұдан тыс, балалар 20 ішінде предметтерді санай алатын, 0-ден 20-ға
дейінгі болған сандарды оқи алатын және жаза алатын, олардың ондықтар
мен бірліктерден тұратын құрамдарын білуі (12-бұл 1 ондық пен 2 бірліктен
тұратын екенін, 1 ондық және 7 бірлік бұл 17 екенін) білуі қажет. 20 ішінде
қосу және азайтуға тиісті мысалдарды (10+6, 13-3, 16-10) шеше алатын
болуы тиіс.
Бұдан тыс, балалар берілген санды бірнеше бірлік арттыру немесе
азайтуға тиісті мәселелерді шешуді үйреніуі қажет. Жыл барысында
балалардың кеңістік елестерін анықтау және кеңейтуге қатысты, олардың
“артық”, “аз”, “сонша” қатынастарының түсініктерін анықтау және кеңейтуге
тиісті, предеметтердің ұзындығын (алдын қалаған ұзындықтағы өлшеу
таспасы, сосын ұзындығы 1 сантиметр болған таспаның көмегінде)
өлшеумен
байланысты болған кесіндінің ұзындығын (бүтін сантиметрлерде)
сызғышпен өлшеу және берілген ұзындықтағы кесіндіні сызумен байланысты
болған практикалық дағдыларды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс
жүргізеді. Балалардың жалпы дамуына қол жеткізу үшін әр сабақта
мүкіндікке қарап, предметтердің тобын, кейбір предемттерді бақылау,
олардың
классификациясы,
балалар
қателерінің
жаттығуларымен
байланысты болған жұмыс өткізілуі тиіс. Мұнда балаларға есте сақтап
қазайтудың оңай тәсілдерін үйрету маңызды саналады. Мысалы, қосу
кестесін үйренуде бір түрлі сандарды қосу (4+4, 5+5 т.б.), нәтижелерін есте
сақтап қалу 4+5, 5+6 және басқа да қосу жағдайларын есте сақтап қалуға
мүмкіндік береді.
Көптеген
бақылаудың
нәтижесінде
жинақталған
есептеулерді
жеңілдетуге көмек беретін материалды оқытушы оқушылардың әлі жететін
жалпыландыруда пайдалану керек. Мысалы, балалар 4+5, 5+4 түріндегі
мысалдың жұптарын бақылап және салыстырып, қосынды сандардың қосылу
ретіне байланысты емес, деген қорытынды шығарады және қосындының бұл
қасиетінен кіші санға үлкен санды қосу жағдайларында пайдаланылады (2+7,
1+9 т.б.).