102
енгізілген, Сондықтан кітаптың дерлік бүкіл мазмұны онда әртүрлі суреттер
мен математикалық жазулардың жәрдемімен беріледі. Бұл жазулар
балалардың сандар мен амалдар, тиісті цифрлар және белгілермен
таныстырылуына қарап жайлап енгізіледі және күрделеніп барылады.
Алдын арнаулы үйрену үлгісі болған цифрлар мен белігілер көрстеу
материалы болып қалады. Жазу амал орындау үшін тірек болып қалады.
Мысалы, қосуда сандардың ауыстыру тәсілі үйренілген соң оқулықта осы
көріністегі жазу ұсынылады:
4+6=10
6+4=10
Шешіліп жатқан мысалдың түбіне сызылған, ал оның астында
“жәрдемші” мысал беріліп, балалар бұл мысалды пайдаланып және
үйренілген тәсілді қолданып, бірінші мысалды шешеді.
4. Бастауыш мектепке арналған барлық математика оқулықтары сияқты
бақша-мектеп оқушыларының 1-сыныпқа арналған оқулық курсын мақсатқа
сай таңдалған мәселелер мен сұрақтар ашып береді. Оқытушы жаттығулар
жүйесінің барлығын түгелдей елестете алуы, олардың курстағы және әрбір
сабақтағы орнын көруі маңызды саналады. Бұл жаттығулардың ішінде
есептеу дағдылары ықшамдауға бағытталған жаттығулар орын алады.
Сонымен бірге есептеуге тиісті жаттығуларды таңдау салыстырулар,
бақылаулар өткізу, жалпылаулар жасау мүмкіндігін береді.
Мысалы: 9+1; 8-1; 3+2; 10-1; 8+1; 5-3.
а+3, а-3 көрінісіндегі қосу және азайту жағдайларын қарастыруда
балалардың білмдері жүйеге салынады және жалпыландырылады, мұнда
көрсету формасы оларды жүйелеу мүмкіндігін береді: жұмыстың сюжеті
суретке таянып орындалады, сосын жалпы абстаркт материалдарға (кубтарға,
дөңгелектерге) өту жүзеге асырылады. Бірнеше сабақтың барысында балалар
үш санын қосу (азайту) тәсілін үйренеді, содан соң жалпалаушы жұмыс
атқарылады. 3 санын қосу және азайтуға тиісті кесте түзіледі және
үйреніледі; кестедегі қосу және азайту мысалдардың қатарында шешіледі,
аралатып шешіледі, екеулеп шешеліеді, т.б.
5. Сабақта балалар мәтінді арифметикалық мәселелерді шешуге үйретуге
бағытталған барған сайын күрделеніп барылатын әртүрлі жаттығулардың
жүйесі үлкен орын иелейді. Бірақ бұл “мәтінді” мәселелер оқулықта алдымен
мәтінмен емес, (балалар оқуды әлі білмегені үшін), суреттермен де
өрнектелген. Оқыту табысты болуы үшін бұл суреттердің қызметі мен
олардың ерекшеліктерін жақсы елестету маңызды саналады. Осындай
қатынаста ең алдымен айта кеткен жөн, әртүрлі жағдайда да бірінші кезекте
суреттерден мәтінді оқытушының өзі айтатын мәселелерге тиіс суреттер
ретінде пайдалану тиіс. Бұл жағдай сурет балаларға мәселенің мазмұны
меңгеруге жәрдем береді және оны шешуде көрсету тірегі болады.
Балаларды
суреттерге қарап отырып, мәселелер түзуге
жұмылдыру оқытудың
кезектегі басқыштарында, балалардың дайындығы жеткілікті болғаннан соң
мүмкін болады. Оқулықтағы суреттер мәселелер үстінде істеудің белгілі
методикасын көрсетеді.